Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт

Заманға сай техникалық құралдарды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану – мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол.
Заманға сай техникалық құралдарды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану – мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол.

Тусупова Разия Ахмедиевна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, № 85 ЖББОМ, Қарағанды қаласы

Қазақ тілі- мемлекеттік тіл. Сондықтан да орыс тілді мектептерде жүйелі оқыту үрдісін қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым – қатынас біліктілігін қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда қазақ тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істің бастамасы.
Қазір білім саласында оқытудың жаңа технологиясы кеңінен қолданылуда. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте – мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, электронды оқыту әдіс – тәсілдерін мектеп өміріне енгізу – жаңа білім берудің бірден – бір шарты.
Оқыту технологиясы – бұл, бір жағынан, оқу – ақпаратын дайындау, өңдеу, әдіс - тәсілдерінің жиынтығы, екінші жағынан, ұстаздың шәкіртіне оқыту үрдісінде қажетті технологиялық және ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып ықпал ету тәсілдері. Оқытудың мазмұны мен оқыту әдістері өзара тығыз байланыста болу керек. Ұстаздың педагогтік шеберлігі оның керекті мазмұнды, бағдарламадағы материалды іріктей алуымен және оны оқытудың озық әдістерін пайдалана отырып қолданумен белгіленеді.
Қазақ тілін оқыту – ең маңызды іс. Әрі жиырма бірінші ғасыр есігін ашқан қазіргі таңда мектепке, мұғалімдерге үлкен талаптар жүктеліп отыр.
Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н.Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады» деп атап көрсетті. Әр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс – тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы керек. Соның бірі – ақпараттық технология.
Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық – технологиялық құралдардың жиынтығы.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 – бап, 7 – тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған.
Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары:
1. Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді.
2. Әр сабақта сөйлеу әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым.
3. Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:
а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас;
ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.
4. Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.
5. Оқушымен жекелей жұмысты іске асырады.
6. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады.
Мектебімізде ақпараттық технология кеңінен қолданылады. Ең бастысы әр мұғалім мониторинг жүргізу негіздерін білуі керек.
Мониторинг – маңызды аспектілер бойынша мәліметтер жинаудың жүйелі және реттелген процедурасы.
Педагогикалық мониторинг – педагогикалық жүйенің қызметін бақылап отыру үшін қажетті ақпараттарды жинау, сақтау, және өңдеуді ұйымдастырудың түрі.
Мониторингті өткізу уақыт кезеңдері:
• Айлық бақылау (тест, диктанттар, бақылау жұмыстары, шығарма, мазмұндама);
• Тоқсандық бақылау;
• Сыныптың орташа ұпайын анықтау;
• Мәліметтер негізінде мониторинг графигін жасау;
• Мұғалімдердің мониторинг нәтижесін талдау және ӘБ отырысында нақты шешімдер қабылдау.

Үлгі ретінде мониторинг түрін ұсынамын:

Салыстыруға болады:
1. Бір мұғалімнің әр параллельдегі жұмысының нәтижелілігі.
2. Бір сыныптағы оқушылардың білім деңгейінің өсуі.
3. 7 А және 7 Б сыныптарындағы білім деңгейінің өсуі.
4. 7 А және 7 Б сыныптарындағы білім сапасы дәрежесін салыстыру.
Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне мониторингті пайдалану не береді?
1. Біз кез келген кезеңде кез келген сыныпта оқу процесінің барысы туралы нақты мәліметті біле аламыз.
2. Салыстырмалы мониторинг оқу жылы бойында білім сапасының өзгеруіне ықпал ететін шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
3. Мұғалім үшін оқу әрекетіне диагностика жасап отыру нормаға айналады: өз жұмысының жыл бойындағы тиімділігіне және әріптестерінің жетістіктерімен салыстырғандағы тиімділігіне.
4. Өзін - өзі жетілдіруге, сабақ үрдісін ұйымдастырудың тиімді түрлерін іздеуге деген қажеттілік туады.
Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары тұлғада жекеленген пәндік білімдерді емес, интеграцияланған білімдерді қалыптастыруға бейім. Сондай нәтижеге жетудің бір әдісі – интеграциялық оқыту. Ал тіл пәндерінің рөлі елімізде күннен – күнге артып келеді
Интеграция – бірнеше бөлшектердің бірігуі деген ұғым. Яғни интеграциялап оқытуда – барлық тіл пәндері бір ортақ, бүтін зат ретінде саналып, базалық оқытудың бөлінбес бір компоненті болып қаралуы керек. Өйткені оқыту мақсаты бір:
1. Өнімді көптілділікті қалыптастыру;
2. Түрлі тілдерді меңгеруде ортақ әдіс, ортақ тақырып, ортақ міндет, ортақ принциптің
болуы.
Осы тіл блогының бірлігі оқушының сөйлеу қабілетін дамытады. Тілдерді салыстыра оқытқанда оған тірек болатын тіл – ана тілі. Барлық тілдерді оқығандағы ортақ әрекет – мәтінді оқу, түсініп, тыңдап айтып беру, сөздікпен жұмыс істей алу, тезис, конспект құрастыру. Осы жағдайда тыңдап – түсіну, көріп – байқау құралдарының орны ерекше.
Тыңдап – түсіну, көріп – байқау құралдарының ерекшелігі және артықшылығы неде? Ол:
- үйрету кезеңдерінде табиғи тілдік ортаны қалыптастыру;
- үйретуде көрнекіліктің дидактикалық принциптерін жүзеге асыру;
- оқушылардың барлығын бірдей қамтамасыз ету;
- оқушылардың мүмкіншілігін жоғары деңгейде пайдалану;
- ауызекі сөйлеуге дағдыландыратын сөйлеудің қызметін жүзеге асырады.
Тыңдап – түсіну, көріп – байқау құралдарының концепциясында оқыту былайша орналасады: тыңдау – сөйлеу – оқу – жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау
( тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады.
Тыңдап – түсіну , көріп – байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі – аудио құралдар, радио мен теледидардың хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б.
Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады: біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді, үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының тілін дамытады. Тіл үйренудегі тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады.
Мысалы, орта буында оқушылардың аудиомәтіннің жалпы мазмұнын түсінгендіктерін тексеру үшін мынадай жұмыстар жүргіземін:
а) Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақ беремін, әр сұраққа екі жауап ұсынамын;
ә) Бірнеше сөйлем беремін, солардың біреуі ғана аудиомәтіннің мазмұнына сәйкес келеді.
Ал, видеосабақтар ең алдымен арнайы даярланған сөйлеу үлгісіндегі материалдарды енжар қабылдамай, керісінше өз бетінше ізденуге үйретеді және мұғалімнің көмегі арқылы сөйлеу бағытындағы әрекетін қалыптастырады. Видеосабақтарды оқу материалына тиімді енгізу сабақтың сапасын арттырады. Бұған әсер ететін жағдайлар мынандай:
- есту және көзбен байқау арқылы қабылдаудың әр түрлі жолдарында оқушының түсінігіне
жан - жақты мүмкіндік беру;
- оқушының дербес қабылдау мүмкіншілігін ескеру видеосабақты жүргізудің нәтижесінде қамтылады;
- оқушының қызығушылығын арттыру, эстетикалық және эмоционалдық сипаттарды тудыру.
Тек видео көріністерді көрсетуде есте сақтауды қажет ететін негіздер:
- видео көріністер оқушының жасына, қабылдауына қарай сұрыпталуы керек;
- Видео көріністер бағдарлама бойынша өтілетін тақырыппен мазмұндас болуы шарт.
Орыс сыныптарында оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Оның бірі – түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрастыру, жеке дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс оқуы. Екіншіден, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды ( ы, і, ә, ө, ү, ұ, ң ) меңгермейінше, қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор. Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор. 7 сыныпта өзім қолданған ойынның ең қарапайым түрін мысалға келтірейін.
Дисплей экранында 10 сөз – тапсырма жазылады. Сөздің керекті жеріне к немесе қ жазу керек. Әрбір дұрыс жауап – 1 ұпай, қате жауап 0 ұпай. Бұл жұмысты орындауға экран бетіндегі курсор көмектеседі. Ол жауап жазатын орынға ауысып отырады. Ойын басында экран мына түрде болады:

к немесе қ жаз
ба...ша биі... қара...ат
ме...теп оқулы... желто..сан

Сабақ арасында мұндай ойын элементтерін тиімді пайдалану олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түседі, әрі баланың бойындағы қабілеттерді, ойлау мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқытудың техникалық құралдары үшін қолданылатын құралдар көп. Тек тиістісін таңдай біліп, орнымен қолдана білген жөн. Мектебімізде осындай техникалық құралдарды пайдалану үшін толық жағдай жасалған. Ол үшін арнайы лингафон, мультимедиа, компьютер кабинеттері жабдықталды, интерактивтік тақталар орнатылды, Интернетке шығу жолы бар. Қазақ тілі сабақтары мүмкіндігінше мультимедиа кабинетінде өткізіледі. Мектептің арнайы сайты бар, қамтығыш компьютерлік желі құрылған. Арнайы дәрісханаларда бес интерактивті тақта орналасқан. Жаңадан жабдықталған компьютер сыныбында мультимедиялық мүмкіндіктер, интернет торабымен байланыс жүзеге асырылады. Барлық пән мұғалімдерінің сабақ кестесіне сай өз сабақтарын компьютер сыныптарында өткізулеріне толық мүмкіндіктері бар. Осы орайда мектебімізде жоғары жетістіктерге жетіп, оң нәтиже көрсетіп жүрген мұғалімдер де баршылық екенін атап өткен жөн.
Осы арқылы өз жұмысында компьютерді қолданған мұғалім өзінің өткізетін сабағының сапасын арттырып, оқушылардың танымдылық қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргізетініне тағы бір көз жеткіземіз. Бұл жағдайда қазақ тілі пәні мұғалімінің міндеті оқушыларға әр түрлі жаттығуларды орындауда компьютер көмегі мен мүмкіндігін көрсету, өз бетімен компьютерді қолдануды және белгілі бір үлгідегі жаттығулар жиынтығын игеруде арнаулы қолданбалы пакеттерді пайдалануды үйрету болып табылады. Сол сияқты қазақ тілін игеру барысында білімнің, дағдының маңыздылығын, ал компьютер тек қолдану барысындағы көрнекі құрал екенін оқушылар санасына жеткізе білу де басты мақсаттың бірі болуы қажет.
Оқыту жүйесінде компьютерді енгізбеген оқу орындары көп ұзамай заман талабына ілесе алмайтыны сөзсіз. Сондықтан теориялық дәрісті компьютерде көрсету – ұсыну тәсілімен ұштастыруды өз тәжірибемде кеңінен қолданамын. Сабақта ауызша өз мәнінде меңгертілуі қиын ұғымдарды компьютер көмегімен ұғындырамын. Осы сатыда алдын – ала дайындаған сурет, график және қозғалыстағы көріністер арқылы білім игертуді жүзеге асыра аламын.
Оқушыға тез есте сақтау, сөйлемді ойда сақтау дағдысын қалыптастыру үшін мынадай жұмыс түрлерін пайдаланамын. Компьютер экранына бір сөйлем жазылады. Ол сөйлем белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз компьютерге енгізсе, онда ойлану уақыты екі есеге азайтылады. Егер дұрыс жауап берілмесе, ойлану уақыты ұзартылады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың сөйлем мағынасын түсіну , ойда сақтау дағдыларын қалыптастырады. Нәтижесінде, тапсырманы қандай дәрежеде орындағандығына байланысты ұпай санын көрсету оқушының өз білім дәрежесін сезінуге мүмкіндік береді.
Қатемен жұмыс барысында да компьютер көмегін орынды пайдалануға тырысамын. Мысалы, қателер сипатын мультимедиялық экран арқылы көрсетемін:

Қателер сипаты
№ Оқушының
аты – жөні Орфоэп.
қателер Сөздің
лек.мағ. Емле
қатесі Тыныс
белгісі Үнд.
заңы Бағасы
1. Смоленкова Е. + + 4
2. Ускембаев Т. + 5
3. Шлёпкин А. + + 4

Халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынов «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» дегендей, өзім де ұйымдастыруда нәтижелі болатын әдістерді сұрыптап пайдаланамын. Озық тәжірибелермен танысып, пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасуға тырысамын. Өйткені, сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді дұрыс қолдана білу бізден, яғни бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді.
Қорыта айтқанда, ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл – ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қ.Қадашева «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы, 2002ж.
2. Н.Қ.Мухамадиева, Н.Ә.Үстемір «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы, 2002ж.
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы, 2000 – 2006ж.ж.

Категория: Опыт | Добавил: Разия (2010-02-11) | Автор: Тусупова Разия Ахмедиевна E
Просмотров: 13923 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-03, 8:16 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru