Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт

Заманауи кітапханашы: жаңа шешімдер мен көкжиектер
Заманауи кітапханашы: жаңа шешімдер мен көкжиектер

Шабажанова Салтанат Калиаскаровна, «Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, аға оқытушы, urker_pvl@mail.ru
Әлем жаңару, жаңғыру үрдістерін бастан кешіріп отыр. Таптауырын көзқарастар, стандартты шешімдер бүгінгі күн талабын қанағаттандыра алмайды. Заманауи өзгерістер қамтыған қызметтің бір түрі - мектеп кітапханасы. Мектеп кітапханасындағы өзгерістер кітапханашыны да шет қалдырмады. Кітапханашы бүгінгі күндегі әмбебап мамандықтардың біріне айналды. Мектеп кітапханашысының негізгі міндеті әдеттегі біз білетіндей, оқулықпен қамтамасыз ету емес, әдеби дәстүрлер мен заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы тұлғаның жан-жақты, интеллектуалдық және рухани дамуына жағдай тудыру болып табылады. Кітапхананы басқаша айтатын болсақ, мектептің оқу-тәрбие үдерісінің діңі, негізі деп айтуға толық болады. Қазақстандық білім беру мазмұнының жаңаруы мектеп кітапханасының да оқу-тәрбие үдерісіне белсенді қатынасуын талап етеді. Бүгінгі мектеп кітапханасы қоғамның ақпараттық орталығына айналып отыр. Қазіргі уақытта кітап оқудың төмендеп, мектеп кітапханасына деген таптауырын көзқарастың қалыптасып отырғаны ешкімге де жасырын емес. Мектеп кітапханасына оқушылардың тек ақпарат алу мақсатында ғана жүгінетіні де ащы шындық. Бұл мектеп кітапханасының, мектеп кітапханашысының имиджін көтеру қажеттілігін көрсетіп отыр. Мектеп кітапханашысының имиджі дегеніміз не? Оны қалай қалыптастыруға болады? Мектеп кітапханашысы имиджін кімдер қалыптастыруы керек? Осы маңызды сұрақтар бүгінгі күндегі аса өзекті мәселелердің қатарына жатады.
Имидж дегеніміз – адамның, мамандықтың келбеті, болмысы, бейнесі, көпшіліктің қабылдауы. Әлеуметтік желілерде жүргізілген кітапханашы қызметі туралы сауалнама нәтижелері бүгінгі күні мектеп кітапханашасының имиджін қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың қарқынды жүргізілу қажеттілігін көрсетіп отыр. Сауалнама барысында бірқатар сұрақтар қойылған. Солардың ішінде мектеп кітапханашысы қандай мамандық деген сауалнамаға, қатысушылардың басым көпшілігі кең таралмаған, мәртебесі төмен қызмет түрі деп жауап берген. Сауалнама нәтижелері мектеп кітапханашасы тек әйел азаматтарға ғана тән қызмет түрі екенін көрсеткен. Мектеп кітапханашыларының жас ерекшелік тұрғысынан алып қарағанда, бұл қызметте қазір аға буын өкілдерінің басым екені көрсетіледі. Бұл мамандықтың кең таралмағандығын, жастар арасында сұранысқа ие болмағандығын айғақтайды. Соңғы уақыттарда мектеп кітапханашысы қызметіне мұғалімдік мамандықты аяқтаған мамандардың тартылып жатқаны да байқалады. Ең күрделісі, жүрек қалауымен емес, сағаттың жоқтығынан осы қызметті атқарып отырғандығы байқалады. Сондықтан да мектеп кітапханашысы қызметінің мәртебесін арттырудың өзектілігі мен маңыздылығы арта түседі.
Кітапханашы имиджі туралы бірқатар зерттеулер 1990 жылдардан бастап жүргізіліп келе жатыр. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі кітапханашы имиджінің көбінесе, физикалық көзқарастарға сәйкес қалыптасатындығын көрсеткен. Мектеп кітапханашысын білімді адам ретінде қабылдағанымен, бірақ кітап қоймасының иесі ретінде қабылдайтын көзқарастар әлі де қалмаған. Бұған қоса мектеп кітапханашысының жалақысы да сын көтермейтіндей жағдайда. Сондықтан да бүгінгі күні білім мазмұны өзгеріп, қоғам түбегейлі жаңарысқа бет алған кезеңде мектеп кітапханашысының да имиджін қалыптастыру маңыздылығы жаңа белеске көтеріледі. Мектеп кітапханашысының кәсіби құзырет аясын таразылайтын болсақ, ең алдымен, оның коммуникативтік құзыреттілігі туралы сөз қозғау керек. Мектеп кітапханашысы - педагог пен оқушының арасындағы бар кедергіні дәнекерлеуші, сол барьерді жоюшы, қарым-қатынастың жалғастырушысы. Бұл мектеп оқушыларының кітапханадан өзіне қажеттісін табуда ғана емес, тұлға ретінде жан-жақты ашылып, дамуына да ықпал етеді. Мектеп кітапханашысының тағы бір құзыреті – менеджерлік бағдар. Менеджерлік жұмысты ұйымдастырып, үйлестіре білу мектеп кітапханашысының қызметін оң жолға ғана қоймай, мектеп кітапханасының ақпараттық орталыққа айналуына мүмкіндік береді. Соңғы технологиялардың тілін жетік білу, оны жұмыста тиімді пайдалана білу - кітапханашы қызметінің жарнамасы ғана емес, кітапхана арқылы жас ұрпақты тәрбиелеудің таптырмас құралы. Мектеп кітапханашысының имиджін қалыптастыруда құзыреттіліктермен қатар, мектепішілік іс-шараларды ұйымдастырып өткізу де айтарлықтай рөл атқарады. Мектепішілік іс-шараларды ұйымдастыруда кітапханашының атқаратын қызметі ұлан-ғайыр. Өткізілетін шараларды науқанға айналдырмай, оны мұқият зерттеп, зерделеп, жаңа серпін бере отырып өткізу кітапханашыдан асқан шеберлік пен көп ізденісті талап етеді. Соңғы уақытта кітап оқушылардың санының азайып кетуіне тікелей мектеп кітапханашысы да жауапты. Жауыр болған кітаптар көрмесінен басқа, кітапты насихаттайтын, оқырмандарды тартатын, ынталандыратын шаралардың тым аз өтетіндігі жасырын емес. Оқушылардың оқырмандық талғамын қалыптастыруда, оқырман мәдениетін дамытуда бір реттік шаралар аздық етеді. Осы бағыттағы жұмыстарды мектеп кітапханашысы жүйелі түрде үздіксіз жүргізіп отыру керек. Оқырмандық мәдениет пен талғамды қалыптастырудың перспективалы жоспарлары жасалып, заманауи технологияларды қолдана отырып өткізу көпшіліктің қызығушылығын тудырары сөзсіз. «Түнгі кітапхана», «үнсіз кітап», «отбасылық кітапхана», «кел, сырласайық», «кітаптар шеруі», «кітап оқу сағатын» өткізу кітап оқушылардың санын арттыруға септігін тигізетіні анық. Мұндай іс-шаралар кітапхана қызметін жандандырып қана қоймай, оның имиджін қалыптастыруға да негіз болады. Мектеп кітапханашысының үздіксіз біліктілік арттырып, соңғы жаңалықтармен таныс болуы да сондай маңызды. Бұл бағытта облысымызда ПМПИ, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханасында, «Өрлеу» БАҰО АҚФ болып жататын маңызды семинарлар мен конференцияларға қатысу кітапханашы қызметіне тың серпін беретіні сөзсіз. Мектеп кітапханашысының қызметінде өзара тәжірибе алмасудың тамаша бір тәсілі ретінде корпоративті оқытудың мүмкіндіктерін айтуға болады. Корпоративті оқыту арқылы мектеп кітапханашысының кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің, арттырудың маңызы зор. Бұл соңғы жаңалықтар мен өзгерістерден тыс қалмауға, солардан хабардар болуға, тәлімгерлік жасауға, өздігінен оқуға, бір-бірін оқытуға мүмкіндік береді. Бұл кітапхана менеджментін қалыптастыруға, дамытуға да ықпалын тигізеді. Кітапханашы имиджін қалыптастырудың маңызды бір факторы ретінде білім саласындағы болып жатқан өзгерістерді айтуға болады. Бұл өзгерістермен қоса, кітапханашы мәртебесі де өзгеруі тиіс.
Бүгінгі күні кітапханашысының жаңа имиджі, образы ретінде педагог кітапханашыны айтуға болады. Бұл - кітапханашының жаңа мәртебесі ғана емес, әлеуметтің сұранысы, талабы. Себебі білім саласындағы өзгерістердің алдында мектеп кітапханашысы тұруы керек. Мектеп кітапханасы бүкіл өзгерістердің негізі, діңіне айналуы тиіс. Пән мұғалімі бұл өзгерістерді тек өз пәні тұрғысынан көретін болса, мектеп кітапханашысы өзгерістерді әр қырынан көре алады. Сол себепті де пәндік интеграция кезінде де мектеп кітапханашысы пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, тұлғаны жан-жақты дамыта алады. Мектеп кітапханасы «өмір бойы оқу» парадигмасының негізін салушыға айналуы керек. Мектеп кітапханасы мен социумның әріптеске, өзара ынтымақтас серіктестерге айналуы да маңызды болып табылады. Бұл тұлғаның мектеп кітапханасы арқылы өмірлік дағдыларды қалыптастыруына, табысты өмір сүруіне негіз болады. Білім - болашақтың энергиясы, негізі. Бүгінгі күні сол білімнің негізін мектеп кітапханасында қалыптастырудың мол мүмкіндіктері бар. Мектеп кітапханасы – оқушының еркін даму аумағы, ол баға қоймайды, ештеңеге мәжбүрлемейді, ертеректе айтқандай тұлғаның «рухани жедел жәрдемі», рухани жан-дүниесінің емшісі. Ендеше, мектеп кітапханасының жұмысын осы бағытта ұйымдастырып, жүргізу де маңызды. Сондықтан да бізге тек кітапханашы емес, педагог кітапханашы кәсіби шебері қажет. Соңғы уақытта елімізде осындай педагог кітапханашылар санының артуы байқалады. Бұл әрине, тығырықтан шығар жол ретінде қабылданып отырғанымен, бүгінгі күні осындай педагог кітапханашысының кәсіби құзыреттін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуі керек. Мектеп кітапханасы медиотека, библиотека ғана емес, өмірдің мән, маңызын ұқтыратын мағыналы «текаға» айналу жауапкершілігін алып тұр. Мектеп кітапханашысы имиджі - қоғамның қарқынды дамуы алға шығарған бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Мектеп кітапханасындағы өзекті мәселелердің тағы бірі – бүгінгі күні етек алып отырған кітап оқуға деген салғырт көзқарас.
Бүгінгі қоғамда экономикалық дамумен қатар халықтың мәдениеті мен білім деңгейі стратегиялық маңызға ие. Ақпараттық технология дамыған сайын адамға қоятын талаптар да күшейіп барады. Өзгермелі қоғам жағдайында адам өмір бойы оқуға мәжбүр. Өмір бойы оқу арқылы ғана адам өзіне табысты өмір жасай алады. Ол үшін түйінді құзыреттіліктерді игеру қажет. Ақпаратты қоғамда табысты өмір сүрудің кілті әрине, оқумен байланысты. Бүгінгі күні қоғам кітап оқу дағдарысын бастан өткеріп отыр. Оған басты себептердің бірі ретінде технологияның қарқынды дамуы мен адами құндылықтарға деген көзқарастардың алмасуын айтуға болады. Бұл жағдай өз кезегінде Ұлттың дамуына, мемлекеттің экономикалық, геосаяси жағдайларға кірігуіне кедергі келтіреді. Әлемдегі дамыған мемлекеттердің барлығы дерлік кітап оқуға байланысты ұлттық саясат ұстанады. Мәселен, Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде мемлекеттік деңгейдегі арнайы кітап қорлары, агенттіктері жұмыс жасаса, 90-жылдардың соңында Ұлыбритания 3 жылға кітап оқудың Ұлттық жылы жобасын жариялаған. Кітап оқу бүгінгі күні әлемдік мәселеге айналып отыр. Біздің елімізде де «Бір ел-бір кітап», «Балалар оқуының қазақстандық картасы», «100 кітап», т.б. жобалар республика көлемінде жүзеге асырылуда. Әлеуметтанушы С.Н.Плотников кітап оқитын адам мен кітап оқымайтын адамның басты айырмашылығы олардың интеллектісінің дамуында екендігін көрсеткен. Кітап оқу арқылы тұлғада функционалдық сауаттылықтың негізін құрайтын түйіндік құзыреттіліктер қалыптасып жетіледі. Соңғы уақытта жүргізіліп жатқан халықаралық зерттеулер нәтижелері жасөспірімдердің оқу сауаттылығында бірқатар кемшіліктердің бар екендігін айғақтап отыр. Солардың қатарында функционалдық оқу сауаттылығы деп атап жүрген ақпаратты іріктеу, мәтінді өзектен өткізіп пайымдау, тұжырым жасау, қайта қорытып, оны өз пайдасына жарата білу сияқты дағдыларды айтуға болады. Бұл зерттеулер біздің қазақстандық жасөспірімдердің өз қатарластарынан едәуір кейіндеп қалғанын көрсетіп отыр. Әлеуметтік зерттеулер мектеп оқушыларының бастауыш сыныпта кітап оқуға деген қызығушылық деңгейінің жоғары екендігін, бірақ өсе келе олардың кітап оқу қарқынының төмендейтінін көрсеткен. Мұндай үдерістің қалыптасып отырғандығын мектеп кітапханашылары да растайды. Бұл үрдістің етек алып бара жатуының бірқатар себептері бар. Ең алдымен, сыртқы ақпараттың көптігі мен күштілігін айтуға болады, екіншіден, отбасылық кітап оқу құндылықтары қалыптаспаған, ата-ананың кітап оқуға деген қолдау көрсетуі жоқтың қасы, мектептегі кітап оқу мақсатсыз, жүйесіз жүргізіледі.
Бұл жүйесіздік әлеуметтік бейімделуге, табысты өмір сүруге кепіл болатын функционалдық оқу сауаттылық дағдыларының қалыптасуына кедергі келтіреді.
Функционалдық сауаттылық бүгінгі өзгермелі қоғамда адамның әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық үдерістерге белсенді қатысуын қамтамасыз ететін базалық факторлардың бірі болып табылады.
Оқу сауаттылығы тәрбие, білім беру мен мәдени дамудың базалық компоненті болып табылады. Кітап оқу - ұрпақтар арасындағы байланыс, сабақтастың алтын көпірі іспеттес, адами құндылықтардың негізі, өзегі. Кітап оқу арқылы тұлғаның ой-санасы жетіледі, сыни ойлау дағдысы қалыптасады, ақпаратпен өздігінен жұмыс істеу, талқылау, жүйелеу, жинақтау дағдылары қалыптасады. Кітап оқу – адам танымының белсенді қызметі, шығармашылықтың негізі болып табылады. Сол арқылы тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени ой-дүниесі, талғамы, көзқарасы қалыптасып дамиды. Адам кітап оқығанда 3 түрлі үдерісті жүзеге асырады:
1. Шығарманы қабылдау.
2. Мазмұнды түсіну.
3. Оқығанын бағалауы[1].
Кітап оқу үдерісінің негізін оқырмандық қызығушылық құрайды. Оқырмандық қызығушылықтың көрсеткіштері:
- кітап оқуға деген оң көзқарастың болуы;
- нақты бір кітапқа деген қызығушылық;
- кітап оқумен айналысу;
- оқыған кітабы туралы өзгелермен бөлісуге деген құлшыныс[4].
Оқырмандық қызығушылық арқылы оқырмандық құзыреттілік қалыптасады. Оқырмандық құзыреттілік дегеніміз – кітап оқу арқылы тұлғаның қоғамда табысты әлеуметтенуі үшін қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер. Г.М.Первованың пікірінше, оқырмандық құзыреттілік шығармашылық оқу қабілетін, оны тұтас қабылдай білуін, «автор-оқырман» диалогіне түсуін, басты кейіпкерлермен бірге толқу, тебіреністерді бастан кешіруін, әдебиетті ұлттық мәдениеттің бөлінбес бөлшегі ретінде қабылдауын, әдебиеттің даму кезеңін, көркем шығарма тілін еркін бағамдауы жатады[3]. Оқырмандық қызығушылық оқырмандық мәдениет пен талғамды қалыптастырады.
Оқырмандық мәдениет біріншіден, кітап оқушының қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне қарай кітапты іздеу, талдау, іріктеу үдерістерін түзеді.
Екіншіден, оқығанды есте сақтау үшін тілдік құралдар мен тәсілдерді таңдауы (сөз сөйлеуі, пайым, баяндама жасауы, жоспар, тезис, конспект, шығарма, аңдатпа, т.б.)
Үшіншіден, кейіпкерлердің іс-әрекетін пайымдау арқылы оқырмандық тәжірибені қалыптастыру(уайымдау, жақтасу, ойлау, тебірену, риза болу, қуану, т.б.) [2].
Оқырмандық мәдениет, оқырмандық құзыреттілік интеллектілік және жеке бас қасиеттерін қалыптастырудағы адамдық тұлғалық қасиеттердің жиынтығын құрайды.
Кітап оқу – тұлғаның рухани және ақыл-ой дамуының негізі. Сапалы білім алуға қол жеткізудің басты кепілі оқу сауаттылығы болып таыблады. Оқу сауаттылығы барлық ғылым саласын игеруге негіз болады. Оқу сауаттылығы қалыптасқан қоғамда табыстың деңгейі жоғары, адамдардың бақуатты өмір сүруі қарқында өседі. Кітап оқу арқылы қоғам өзін-өзі тәрбиелеп, басқарып, дамытып үйренеді.
Кітап оқитын қоғам құрудың басты идеясы – адами құндылықтардан ажырамау. Кітап оқитын ұрпақ – ұлт болашағының кепілі.

Қолданылған әдебиеттер:
1.Казахстанская карта детского чтения в аспекте формирования
функциональной грамотности школьников. Методическое пособие. – Астана:
Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. – 81 с.
2.Матвеева Е.И. Читательская культура современного человека
3. http://www.iro.yar.ru/fileadmin/iro/konf/2013/7-11-2013/CHitatelskaja_kultura.pdf
4..Первова Г.М. Чтение как универсальная деятельность младшего
школьника // Начальная школа : науч.-метод. журн. – 2013. – №1. – С. 11 -16.
5.Колганова Н. Е. Сущностные характеристики формирования основ
читательской компетентности младших школьников [Текст]/Н.Е. Колганова//
Теория и практика образования в современном мире: материалы II междунар.
науч. конф. (г. Санкт-Петербург, ноябрь 2012 г.). — СПб.: Реноме, 2012. –
С. 5-8.
6. Мектеп кітапханасы журналы
7. Т. И. Иванова «Имидж библиотечной профессии».
8. Школьная библиотека и школьный библиотекарь сегодня http://mirknigsch.ucoz.ru/publ/shkolnaja
9. Школьная библиотека http://u12.edu35.ru/attachments/ №9-10 2011

Источник: http://1.Казахстанская карта детского чтения в аспекте формирования функциональной грамотности школьников. Методическое пособие
Категория: Опыт | Добавил: shabazhanova (2016-03-01) | Автор: Шабажанова Салтанат Калиаскаровна E W
Просмотров: 3302 | Теги: мектеп кітапханашылары | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 3:40 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru