Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Научная кафедра

ӨНЕГЕЛІ, ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР
Қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылысында өр тұлғалы қазақ қыздарының да үлесі зор болды. Қазақ қыздарының мінезіне тән ерекше бір қасиет оның қайтпас қайсарлығы, өжеттігі, тіпті керек кезде ел үшін Отан үшін отқа түсуге дейін баруға батылы жететіндігі дәлелденген. Тарихта ел намысын ерлерше қорғап, қайрат көрсеткен қазақ әйелдері де баршылық.
Осы тұрғыдан келгенде 20-30 жылдары қазақ қыздарының арасынан суырылап шыққан Алма Оразбаева, Нағима Арықова, Шолпан Иманбаева, Аққағаз Досжанова, Мәдина Бегалиева, Сара Есова сияқты қайраткерлердің еңбегі жүйелі түрде зерттеле беруге тиіс.
ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихында ерекше із қалдырған тұлға – Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова. Ағартушы, ұстаз, әлеумет қайраткері, журналист, жазушы, аудармашы Н.С. Құлжанованың тағдыр талайына Қазақстанның ХХ ғасыр басындағы аса күрделі қоғамдық – саяси істеріне араласу тиесілі болды. Қазақ тарихындағы қайшылықтар мен өзгерістерге толы дәуірде Н.Құлжанова өз жолын тапты.
Н. Құлжанова бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданында туған. Ол Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған мектепте оқып, кейін Қостанайдағы гимназияға түседі. Бұны бітірген соң Орынбордағы мұғалімдер семинариясында оқып, үздік бітіреді.
Нәзипа Құлжанова есімін бірінші рет қазақ мәдениеті тарихында елеулі орны бар Қазақ газетінінен кездестіреміз. 26-январда Семейде Народный домда жағрафия жамиғатының әдебиет кеші болды. «Бұл кеште халық аса көп болып үйге сыймағандықтан бірсыпыра адамдар кіре алмады. Барған халықтың көбі мұсылман еді, көбірегі қазақ» - деп жазды газет.
Осы газеттегі тағы бір мақала Мұхтар Саматовтікі, Потанин докладынан деп аталады. Төңкеріске дейін Омбы қаласында оқыған, кезінде газет-журналдарға үнемі хат-хабарлар жазып тұрған М. Саматов атақты этнограф, фольклорист Григорий Николаевич Потанинмен таныс болған. Сол мақалада: «Көп уақыттан бері қазақтың ертегісін, басқа нәрселерін жинамақ көңілімде еді. Өткен жаз Тоқырауын деген жерге барып 27 ертегі жинап қайттым»- деген Потанин дерегін келтіре отырып, қазақтар туралы пікірін сөзбе-сөз береді.
Ал Нәзипа Сегізбайқызымен Тоқырауында кездескен соң таңдануында шек болмаған. Қазақтың қай жерінде болса да ғылым сәулесі түсті. Былтыр Тоқырауыннан келе жатып бір ауылға қондым. Бұл ауылда Семейдегі семинарияның қазақша тіл мұғалімі Нұрғали Құлжанов жамиғаты Нәзипа ханым келіп жатыр екен. Сонда Нәзипа ханым әдебиет кешін жасады. Ойнаушылар: Нәзипа ханым, гимназист, 11 жасар қыз гимназистка hәм бір қыз-бәрі де нағыз қазақ. Оқылған өлеңдердің ішінде Некрасовтың өлеңдері де болды...
Осы ретте айта кету керек Нәзипа Құлжанова Қазақстан мәдениеті мен өнері тарихында елеулі із қалдырған Александр Викторивич Затевичпен де таныс болды. Ол: Нәзипа Құлжанова Семей губерниясынан, қазақ әйелдерінен шыққан интеллигент, оқу-ағарту ісінің көрнекті қайраткері деп баға берген Н.Құлжанова әнші болмаса да, қазақ әндерін нақышына келтіре орындайтын өнері болған. Ең маңыздысы - ол кісінің әншілігі емес, қазақ әндерінің нотаға түсуіне көмек көрсетуі. Ол кісі Затаевичке «Ғайни-ау, сәулем», «Қадыр зары» әндерін жаздырған.
Соңғы кеш туралы 1915 жылы «Айқап» журналы №5 санында «Біздің қазақта ұлтқа қызмет еткен әйелдің алды Нәзипа ханым болып шежіреде жазылуы тиіс» деп жариялады.
Қазақ газеті мен Айқап журналдарынан кейін Құлжанова қаламынан шыққан дүниелерге орын берген 1916 жылдың қарашасынан, 1917 жылдың ортасына шейін Ташкент қаласында шығып тұрған Алаш газеті болды. Онда «Алаш жолына, Қайран ақ текемет пен алашам-ай!» сынды мақалалары жарық көрді.
С. Сейфулин, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, С. Бегалин, С. Торай¬ғыров сынды ғалымдар, жазушылар Құлжановтардың қоғамдық жұмыстары, әдеби еңбектері жайлы реті келгенде еске түсіріп, өз шығармаларында айтып отырды.
Балаң шағында Семей қаласында Құлжанов¬тардың үйінде тұрып, оқыған, қазақтың үлкен жазушысы Сапарғали Бегалин да «Замана белестері» мемуарлық романында олардың қайраткерліктерін ерекше өрнектейді.
40 жылдай үзілістен кейін алғаш рет Нәзипа, Нұрғали Құлжановтардың есімін «Социалистік Қазақстан» газетінде жариялаған белгілі ақын Мәриям Хакімжанова екен. Онан кейін де «Семей таңы» және «Иртыш» газеттерінің № 96,97 сандарында (19 мамыр 1967жыл), «Сарғайған сурет сыры» атты К. Сәкиева мен С. Сырымбетовтардың бірігіп жазған, екі газетте бір мезгілде жарық көрген шағын мақала мен қоса екеуінің түскен суреттері шыққан.
Құлжанова өмірінің Семейдегі кезеңі ерекше шығармашылыққа толы болды. Ерлі-зайыпты Нәзипа, Нұрғали Құлжановтар Семей өңіріне шамамен 1904 жылдың аяғында ұлы Абай ақын дүниеден көшкен қаралы жылы қоныс теуіпті. Қос маман өздерінің ұстаздық жолдарын Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясында қазақ тілінен сабақ беруден бастайды.
Құлжановтардың Семейге келуін зерттеушілер екі түрлі жағдаймен түсіндіреді. Бірінші пікір – 1905 жылы Құлжановтардың патша сақшы-ларының «назарына ілігуімен» байланыстырылады. «Осыны сезген Нұрғали мен Нәзипа Торғай облысынан шеткері жатқан сахара төріне қарай – Семей қаласына кетеді», – дейді М.Ибраев. Екінші пікірде¬гілер – Нәзипаның ата-анасының ескі әдет¬пен біреуге атастырып, қызы үшін қалың мал алып қойғандығын тілдеріне тиек етеді. Санкт-Петербург қа-ласының мұрағаттар қорынан алынған деректе Нәзипа айттырып қойған адамына тұрмысқа шық¬қысы келмей, ал қалың малды қайтаруға мүмкін-діктері болмағандықтан облыстың әскери губернаторына осы жағдайдан құтқаруға өтініш жасап, со¬лардың көмегімен аулаққа – Семейге жөнел¬тіл-гендігі айтылады. Сайып келгенде, екі пікір де олар¬дың жолдарын ашу пиғылында екендігі дау туғыз¬байды.
Құлжановтар Семейдегі іргелі оқу орны болған Оқытушылар семинариясына мұғалімдік қызметке келгенде онда болашақтағы ұлт тұлғалары Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, сондай-ақ Әлкей Марғұлан-ның білім алғаны зор мақтанышпен айтылады.
Осы кезеңде қазақ әдебиеті тарихына өшпес із қалдырған ізденімпаздығы арқасында этнография тақырыбын зерттеп, мақалалар жазады. 1917 жылы Семей облыстық қазақ сьезіне қатысып, оның төралқасы құрамына енеді. 1920 жылы Қырғыз Қазақ АКСР Оқу ағарту комиссиаратының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен басапсөз істері жөніндегі комиссияның белді мүшесі болған. Осы қызметте жүріп, жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі Орталық комититеттің мүшелігіне енген.
Ұзақ жыл оқытушы болып жұмыс істеген Нәзипа қазақ мектептері үшін оқулықтар жазған. 1923 жылы Орынборда «Мектептен бұрынғы тәрбие», 1927 жылы Қызылордада « Ана мен бала тәрбиесі» атты әдістемелік кітаптары басылып шығады.
Сонымен қатар қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналистердің бірі. 1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің редакция алқасының мүшесі, 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан» (бүгінгі «Ақиқат» журналы) журналында жауапты хатшы, 1925-1929 жылы «Әйел теңдігі» журналында жауапты қызмет атқарады. «Айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарында оқу-ағарту мәселелері туралы мақалалар жариялаған.
Оның есімі педагог, қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист, этнограф, аудармашы ретінде қазақ тарихында мәңгілік қалды. Мысалы, Б.Лавреневтің «Қырық бірінші» (1928), А.Куприннің «Лапылдап жанған крейсері» (1927), А.Скиталецтің «Дала соты» (1923), В.Коро¬ленконың «Күн тұтылғандасы» (1923) сынды аудармалары оның қаламының ұшқыр, қарымды бол¬ғанын дәлелдейді.
Кейде қазақшадан орысшаға да аударды (Ы.Алтынсарин – «Көктем»).
Нәзипа қазақ және орыс халқы арасында Абайдың поэтикалық шығармашылығын алғаш насихаттаушы болды. Ол Абайдың «Махаббат туралы», «Желсіз түнде жарық ай» («Безветренная ночная луна») өлеңдерін орысшаға аударды. Соңғысының аудармасы 1915 жылы «Сибирский студент» журналында басып шығарылған болатын.
Нәзипа Сегізбайқызы күнделікті мұғалімдік қыз¬метпен шектелмей, қазақ халқының ауыз әде¬биеті үлгілерін жинақтау, музыкалық фольклорына көңіл бөлу, қала өміріндегі маңызды мәдени-ағар¬ту¬шылық шаралардың жүзеге асуына ұйытқы болу жағына баса назар аударады. Нәзипа Сегіз¬бай¬қызы мен Нұрғали Құлжанұлының Орыс Геог¬рафия¬лық қоғамының Семей бөлімшесіне қызмет¬кер-мүше (член-сотрудник – Г.К.) болып 1913 жы묬дың 25 қыркүйегінде жалпы жиналыстың шеші¬мімен сайлануы – сөзімізге толық дәлел. Әсіресе, Импера¬тор¬лық Орыс География қоғамы Батыс Сібір бөлі¬мінің Семей бөлімшесінің есебіне қарағанда 1914 жылдың 1 қаңтарында барлығы 137 мүше болған. Оның төртеуі құрметті мүше, 113-і толық мүше, 20-сы қызметкер-мүше, соның ішіндегі көптеген ұлт өкіл¬дерінен бірде-бір әйел болмаған. Ал жалғыз қа-зақ қызы Нәзипаның сол құрамда болуы – оның қай¬раткерлік биікке көтеріле бастағанын аңғар¬тады.
Нәзипа Сегізбайқызының Им¬ператорлық Орыс География қоғамы Батыс Сібір бө¬лімінің Семей бөлімшесіне мүше тұңғыш әрі бір¬ден-бір әйел екендігімен қоса, сондағы пре¬зи¬диумның тоғыз мүшесінің бірі болған. Және де Нәзипа Құлжанованың қазақ мәдениеті та¬рихындағы есімін әйгілей түскен екі кеш – сол кездегі тарихи-мәдени құбылыс саналды. Оның бірі 1914 жылы Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына байланысты Семейде үлкен еске алу кеші өтеді. Бұл ақын бабамыз қайтыс болғаннан бергі мерзім ішінде тұңғыш атаулы шара болатын. Сол кезде «Айқап» журналы «Абайды қазақтардың көбі әлі толық білмейді екен. Ол кісіні бір қазаққа емес, барша Семей жұртшылығына кеңінен таныстырған Нәзипа Құлжанова» деп жазды. Нәзипа еске алу кешіне көп дайындалды. Рұқсат сұрап, губернаторға хат жазды. Оны үш ай тосады. Ақырында алғашқы кеш Семей қаласында 1914 жылдың 26 қаңтарында өтті. Ол Императорлық Орыс Геог¬ра¬фиялық қоғамы Семей бөлімшесінің этногра-фия¬л¬ық, әдеби-музыкалық, вокальдық кеші еді.
Алдын ала кештің бағдарламасы жасалып, кеш¬ке кім қатысып, қандай өнер көрсететіндігі анық¬талып, тынымсыз дайындық жұмыстары жүргізілген. Атал¬мыш жиын қазақтың ұлы ақыны Абай Құнан¬байұлының қайтыс болғанына он жыл толуына әдейі арналып ұйымдастырылған.
Кештің бірінші бөлімі тұтас Абайдың өмірі мен қыз¬метіне арналған. «Қазақ ақыны Ибрагим (Абай) Құ¬нанбаев және қазақ поэзиясы» деген тақырыпта баяндаманы қазақ және орыс тіл¬де¬рінде жасаған Нәзипа Сегіз-байқызы Құл¬жанова болды.
Кеште Абайдың әндері мен күйлері орындалады. Орыс көрермендері Нәзипа ханымның таза орыс тілінде сөз сөй¬леуіне таң-тама¬ша қалған. Абайдың өмірбаяны мен твор¬честволық мұрасы хақында тартымды әңгіме өрбіп, онан Пушкин, Лермонтов сияқты ақындардың шы¬ғар¬маларын қазақша сөйлеткендігі жөнінде қилы салыстырулар келтіріп, ақырында Татьяна мен Оне¬гиннің сүйіспен¬шілік хикаяларын тарамдай баян¬даған.
Екінші бөлімде орыс ақындары мен компо¬зи¬торларының шығармалары орындалса, үшінші бө¬лім¬де Г.И.Павловтың «Шамандық туралы» баяндамасы назарға ұсынылады.
Кеште қазақ халқының әдет-ғұрпына, салт-дәс¬түріне байланысты сахналандырылған этног¬ра¬фия¬лық этюдтер көрермендер көңілінен шыққан. Әрі қа¬зақтың ұлттық киімдерінің үлгілерінен көрме ұйым-дастырылған.
Берер тағлымы мол осынау кештің ойдағыдай өтуі¬не Нұрғали мырза Құлжановтың, Абай балалары Кәкітай мен Тұрағұл Құнанбаевтардың, ақынның інісі, ірі қаламгер Шәкәрім қажы Құдайбердиевтің лайық¬ты үлес қосқандықтары айдан анық еді.
Н. Құлжанова ұйымдастырған, екінші кеш 1915 жылдың 13 ақпанында өткен. Кештен түскен қаржы Петроградтағы мұсылман соғыс ауруханасы (лазарет) мен тұрмысы нашар қазақ шәкірттерінің мұқта¬жын өтеуге тең бөлініп жұмсалған.
Жалпы қазақ өнері хақында сөз сөйлеп, әсі¬ресе, «Біржан-Сара» айтысының тарихын көпке біл¬дірген Нұрғали Құлжановтың ойлары да көптің көкейінен шыққан.
Соңғы кешке жаңа орындаушылар, әсіресе, талапты жастар көптеп тартылған. Семей Оқытушы¬лар семинариясының шәкірттері Жүсіпбек Аймауытов пен Қаныш Сәтбаев, Тайыр Жомартбаев пен Мұстақым Малдыбаев, медресе тәмамдаған азаматтар, ұстаз, ақын, журналистер, Абайдың жанында жүретін заманындағы белгілі скрипкашы Мұқа Әділханұлы өнер көрсеткен.
«Онан соң Орал, Торғай, Жетісу, Семей облыс¬та¬рының жас келіншектері ұлттық киім үлгілерін көрсе¬тті. Ең ақырында қыз-келіншек, бозбала айнала отырып өлең айтысып, әдебиет кеші осымен сағат 12 жарымда тарқады», – деп жазды Міржақып Дула¬тов.
Сонымен, сөзімізді түйіндесек, тарихшы Кәрібжанова Гүлжан Арапқызы айтқандай: «Нәзипа Сегізбай¬қызы Құлжанова көп қырлы талант деуге әбден лайық. Ол – ұстаз, ағартушы, қайраткер, журналист, жазушы, аудармашы. Ол – қазақ мәдениеті тарихынан өз орнын ойып алуға тиіс ірі тұлға».

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Кәрібжанова Г.А. Н.С.Құлжанованың өмірі және қоғамдық-ағартушылық қызметі (1887-1934) [Мәтін] : Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Алматы : Б.ж., 2003. - 36 б.
2. Б.Ж.Әбжаппарова. П.Құлжанованың мәдени ағартушылық қызыметі
// Арқалық, 2001 ж. 19-21 бет
3. Мағауина З. Қазақтың ардақты қызы // Семей таңы.-2007.-24 мамыр.-3 б.\
4. Ахметова Л. Нәзипа Құлжанова // Алғашқы қарлығаштар. Құраст. Д.Дәуренбекова.-Алматы: Қазақстан, 1993.-17-29
5. Байжұманова Н. Ұлы ақынды ұлықтаған Нәзипа // Семей таңы.-2007.-30 тамыз.
Категория: Научная кафедра | Добавил: Мака (2016-02-12) E
Просмотров: 1353 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 5:20 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru