Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Научная кафедра

Тауыс құстарынын жер сіңіру санының динамикасы
Тауыс құстарынын жер сіңіру санының динамикасы

Құс шаруашылықтарында аса маңызды биотехниялық шаралардың бірі аңдар мен құстарды жерсіндіру немесе қайта жерсіндіру.
Бүгінгі таңда бағалы кәсіптік құстар түрлерін басқа аудандарға жерсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіледі. Оның мақсаты – құс шаруашылықтың өнімін жоғарлату, қорын молайту. Құстарды жерсіндіру жұмыстарымен тек қана орталық және Облыстық шаруашылықтар ғана айналыспай, жеке құс шаруашылықтары да жұмыс жасай алады. Құстарды тек қана бір әкімшілік аудан немесе Облыс ішінде, көлемінде жерсіндірмей, үлкен ара қашықтықты құрайды. Кейбір жағдайда жерсіндірілетін құс түрлерін еліміздің бір бөлігінен ұстап, арасы бірнеше мың километрді құрайтын екінші бөлігінде жерсіндіріледі. Құстарды тасымалдау үшін барлық көлік түрлері қолданылады. Жерсіндіру орындарының климаттық, қоректік жағдайлары әртүрлі болуына байланысты олармен үлкен жұмыс жүргізіледі. Олардың биологиялық ерекшеліктері ескерілмесе, жерсіндіру жұмыстарымен құстардың биологиясын жақсы білмейтін адамдар айналысса бұл шаралар жағымсыз нәтижеге әкеліп соғады.
Құстарды жерсіндіру барысында келесі негізгі қателіктер кездеседі:
1. Жерсіндіру ауданының, құстарды жіберу орнын сәтсіз таңдалуы – қолайсыз климаттық жағдайлар, қоректік базасының жеткіліксіз болуы.
2. Құстарды аулау, ұстау ауданының дұрыс таңдалмағаны – санының аздығы, популяция тығыздығының төмендігі, ұсталған популяцияның географиялық биологиялық сапасы төмен болуы, осы ауданның темір жолдан, автокөлік жолдарынан алыс орналасуы, тәжірибелі аңшылардың болмауы.
3. Құстарды ұстау жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылмауы, қажетті әдістерді қолданбау – толығымен құрал-сайманмен жабдықталмау, тасымалдауға арналған жәшіктердің, торлардың жетіспеушілігі, құстарды ауыр жарақаттайтын құралдарды қолдану, тіршілік жағдайын, ортасын бұзатын, зақымдайтын әдістерді қолдану.
4. Қабылдау орынында құстарды бақылауға, көмек көрсету үшін тәжірибесіз немесе өз міндетін салақ атқаратын жұмысшыларды алу.
5. Қабылдау пункттерінде құстарды тар торларда, үйшіктерде ұзақ уақыт ұстау, жерсіндіру орынына тасымалдау кезінде тежеліп қалу.
6. Ұсталған құстар түрлерін қолайсыз жағдайға, мезгілде жіберу (жергілікті құстар арасында орнитоздар жүру кезінде, жерсіндірілетін құс түрінің негізгі қорек қоры азая түскенде және т.б.)
7. Сапасыз асыл тұқымды материалды қолдану – ауру, әлсіз құстардың, ұзақ жолдың салдарынан күйі кеткен, ұстау кезінде жарақаттанған, жас, әлі өздігінен тіршілік ете алмайтын балапандарды жіберу.
8. Бір пунктте құстардың ірі партиясын әлде керісінше аз мөлшерде жіберілуі, олардың биологиялық ерекшеліктері ескерілмей, тіршілікке қолайлы ауданды, қоректік қорды, табиғи тарауға мүмкіндігін есептемей қалған жағдайлар.
9. Жіберілген құстардың жүйелі түрде бақылауға алынбауы.
Осындай ескерілмеген шарттар мен қателіктер кәсіптік құстарды жерсіндіру кезінде келесі себептерге әкеледі:
1) ұстау кезінде, қабылдау орындарында немесе жолда көптеген құстардың өлуі, алқаптарға жіберілгеннен кейін популяцияның толық құрып кетуі;
2) жіберілген құстардың көбею қабілетінің төмендеуі, популяция санын жоғарлауының тежелуі;
3) жерсіндіру жұмыстарының қысқартылуы;
4) жерсіндірілген құстардың қорын пайдалануды дер кезінде басталмауы; 5) жерсіндіру жұмыстарының жүргізу барысында қымбатқа түсуі;
6) жаңадан жерсіндірілген құстардың жіберудің сәтсіз аяқталған тәжірибелерді ескермеу, олардың себептерін қарастырып, талдамау.
Құстарды жерсіндіру барысында жүргізілетін ұйымдастыру шаралары.
Қоныстандыру орындарын таңдау. Құстарды жерсіндіру жұмыстарының нәтижелері ең алдымен жіберу аудандарын таңдауға байланысты. Сондықтан бұл шараларды өткізу үшін жерсіндірілетін құстардың биологиясын жақсы білетін мамандардың көмегі қажет. Жерсіндірілетін ауданның табиғи жағдайлары қоныстандырылатын құс түрінің мекен ету ортасына ұқсас болуы тиіс, сол кезде жұмыс сәтті аяқталады.
Жұмысты алдында қажетті әдебиеттермен танысу керек, белгіленген ауданның табиғи жағдайлары жайлы мәліметтер жиналады. Кейбір құстарға осы аймақтағы бұрынғы жылдары таралуы туралы анықтау қажет. Анықталған ақпаратқа сүйеніп нақты жіберу орындары қарастырылады. Қарастырып анықталған аудан жайлы келесі түрде есеп беріледі:
1. Ауданның географиялық орналасуы.
2. Жергілікті тұрғынадыр, экономикалық, географиялық сипаттамасы.
3. Ауданның климаттық жағдайлары (орта айлық, жылдық, минималды, максималды температура, қар түсуі, өсімдіктердің өніп-өсу кезеңдерінің ұзақтығы және т.б.)
4. Жіберілетін құстар түрлеріне жарамдылық тұрғысынан алқаптардың сипаттамасы беріледі (аумағы, қоректік және қорғаныс жағдайлары, жаулары мен конкуренттері, табиғи таралу мүмкіндіктері).
5. Кәсіптік фаунаның түрлік құрамы
6. Территорияны ауыл, орман, су және құс шаруашылықтарымен меңгеру дәрежелері.
7. Құс шаруашылығын немесе қорықша құру мүмкіндігі.
8. Жіберілуге арналған құстардың саны, оларды жеткізу жолдары мен тәсілдері.
9. Территорияны жақсартып құру туралы ұсыныстар.
Тіршілігі сумен тығыз байланысты құстар үшін суаттардың көлемін, тереңдігін, ағын жылдамдығын, беті қатып және ашылатын уақыттар, деңгейінің жылдық, мезгілдік өзгерістерін көрсету қажет. Есепке зерттелген аймақтың картасы қосылады, онда тауыстардың жіберілетін орындары белгіленеді, алқаптардың фотосүреттері көрсетіледі.
Қоныс аударуды ұйымдастыру. Қоныс аударудың алдында қажетті ауданды толық зерттеп ұсталатын тауыс құстардың орнын дайындайды. Алынған мәліметтерге сүйеніп қоныс аударуылатын тауыс құстардың аудару мерзімін белгілейді.
Бір ай бұрын қоныс аударатын тауыс құстарының құсшылар бригадалары құрылады, немесе жеке құсшы шақырылады. Тауыстарды қоныс аудару үшін арнайы рұқсат қағаздар беріледі. Құсшылар ескертулермен танысып, көлік және қоныс аудару құралдарымен толық жабдықталуы тиіс. Осы жұмыстармен қоныс аударылған тауыс құстарымен уақытша асырайтын базалар ұйымдастырылады, мүмкіндігінше оларды ауданның шет жағында құруға тырысады. Базада қора немесе басқа да ғимараттармен бірге жануарларды тасымалдауға арналған торлар, науалармен оттықтар, суға керек шелек әлде басқа сауыттар мен ыдыстары болуы тиіс, балта, балға, сым, пышақ, тазартуға арналған құралдар, шамдар және дәрі қобдишасымен жабдықталады. Базада күрке және ауру құстарға изолятор болу керек. Тауыс құстарды базада ұстау кезінде оларды желден, күн сәулелерінен, жаңбырдан сақтау керек.
ШҚО Семей қаласындағы Облыстық биологиялық балалар орталық жағдайындағы тауыс құстарының қоныс аударғанан кейінгі 2011-2012, 2012-2013 өсу динамикасын құсшылардың жыл сайынғы сынақтарынан алып жүргізілді. Ал, 2014-2016 жылдың сәуір айына дейінгі өсу динамикасын көбею кезіндегі санақ арқылы жүргізілді. Төмендегі кестеден тауыс санақ жұмыстарын жүргізу тәжірибесі көрсеткендей, бұл құсты есептеу кезі көктемгі уақытты қамыту тиіс (қораздарының белсеңді мезгілі) және күзгі уақытта (балапандарды есептеу). Көктемгі санақ қыстан сәтті әлде сәтсіз шыққан тауыс популяциясын бағалауға көмектеседі, көбеюге қатысатын даралар санын анықтайды. Ал, күзгі санақтар балапандар қорын анықтап, тауыстардың санын тиімді пайдалануға көмегін тигізеді. Көктемгі және күзгі есептеулер тауыстардың санын белгілі бір мөлшерін анықтауға көмектеседі.
Көктемгі тауыстардың санақтарын (қораздардың ойнақ дауыстарын тіркеу) өткізу мерзімі 10 күннен аспағаны қажет.
Күзгі есептеу жұмыстары көбею кезеңі аяқталып, жас құстар ересектерінің 2/3 дене көлеміне жеткен соң жүреді, бұл уақытта қораздарын мекеиндерінен жеңіл ажыратуға болады. Санақты жүргізгенде көктем кезіндегі аталықтарын есептеген маршруттар (маршрутты жолақтар ) қолданыла алады. Бірақ санақ жолының жіңішке болуы қосымша маршруттар құрауына ықпал етеді. Көктемгі санақтарда қораздардың белсеңділігі пайдаланып жүргізілетін болса, оған қарағанда күзгі есептеу жұмыстары ұзақ мерзімде өтеді. Олардың ұзақтығы 1,5 ай мөлшерніне дейін жетеді (тамыз айынан қыркүйектің аяғына дейін).
3 диаграмма


3 диаграмма Семей қаласындағы Облыстық биологиялық балалар орталығындағы тауыс құстарынын жер сіңіру санының динамикасы

Есептеужұмыстарын жүргізу тәжірибесі тауыс қораздарының ең жоғарғы тәуліктік белсеңділігі күн шығар кезде екендігін көрсетеді (1,5 сағат ішінде әтештердің 50 пайыз дауыстары осы кезеңде тіркеледі). Екінші белмеңділік шыңы күн батарда болады, алайда ол таңғысынан екі есе қысқа болады. Күндізгі уақытта тауыстардың ойнағы әлсіз жүреді. Тауыстардың ойнағы жерде, көбінесе шөп шөмелесінде өтеді. Өте сирек жағдайда тауыс қораздарының дауысын түнде естуге болады. Тауыс дауысын есептегенде ауа райы жағдайын ескеру қажет, өйткені жел соғып тұрғанда тауыс құстардың дыбыстары екі есе аз қашықтыққа естілсе, күн ала бұлтты болғанда ойнақ уақыты жылжып кетеді де, тауыстардың белсеңділігі төмендейді. Есеп өткізуге ең қолайлы көктемгі тәулік уақыты – ашық, желсіз күннің күн шығысына дейін және соңынан 45 минут мерзімде.
Күз мезгілінде ауа райы жағдайы тауыс құстарының мінез-құлқына үлкен әсерін тигізбейді. Тауыс балапандарын санауды таңғы немесе кешкі салқын кезде жүргізеді. Санау жұмысының ұзақтығы мен қозғалу жылдамдығы есеп жетекшісімен белгіленеді.
Жоғарыда көрсетілген Семей қаласындағы Облыстық биологиялық балалар орталық жағдайындағы тауыс құстарының жерсіңдіру динамикасы көрсетілген. Осы зерттеу кезінде тауыс құстарының мінез-құлықтарын, дауыстарын, ойнақ уақыттарын, көктем, қыс, жаз, күз мезгілдеріндегі ойнақ кездерімен балапан сандарының жыл сайынғы арту динамикасын зерттедік. Яғни 2014-2016 жылдар аралығындағы өсу динамикасын нақты жұмыстар санақ арқылы жүргізілді. Осы кезде 2012-2013 жылдардағы тауыс құстарының өсу динамикасы жоғары болғандығын байқауға болады. Ал, 2013-2014 жылдары өсу динамикасы бірден 10%-ға төмендегін көруге болады. Төмендеу себебі ауа райының қолайсыз жағдайларын байланысты екендігі бақылау жүргізіліу арқылы анықталды. 2015-2016 жылдары өсу динамикасы 26%-ға артқандығын байқауға болады. Зерттеу қорытындысы бойынша жыл сайынғы тауыс құстарының өсу динамикасы әр түрлі көрсеткіштерді беретіндігі анықталды. Егер балапандарына дұрыс күтім жасалмаған жағдайда, тауыс құстарының өсу динамикасы төмендейтіні анықталды.
Категория: Научная кафедра | Добавил: нургуль (2016-05-10) | Автор: Султаева Нургуль Нурбековна E
Просмотров: 825 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 10:11 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru