Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души

Сыныптан тыс іс-шараның әзірлемесі: «Сен үшін және өзің туралы»
ҚМКК «Балалар мен жасөспірімдер сарайы»
Турсынбаева Жанар Даулетияровна – қосымша білім беру ұстазы, «Мәнерлеп оқу» үйірмесінің жетекшісі
100600, Жезқазған қаласы, Сейфуллин көшесі, 55
Тел. 8 (7102) 76- 58 55, 8 (7102) 76 32 34 (факс)
Gu_ddiyu@mail.ru

Тақырыбы: «Сен үшін және өзің туралы»
(7-ші сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс жұмыс)

Мақсаты: оқушыларды дер кезінде өздерінің бойындағы күшті және осал қасиеттерін бағалауға дәріптеу; жеке басының ерекшелігін байқауға үйрету; жақсы қасиеттерді дамытып, жағымсыз мінездерді жоюға бағыт беру; мәдениетті, салауатты нормаларға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекілік: плакатта жазылған тақырып атауы, гүл тәріздес суретте жазылған сабақ бөлімнің тақырыптары, плакатта жазылған эпиграф, афоризм сөздер, плакатта «9 дұшпан» тақырыбына арналған нақыл сөздер, «Тәуліктің қай мерзімінде сіздің жұмыс қаблетіңіз қандай?» атты тестің мәтіні және плакатта жазылған осы тестің қорытындысы, «Автопортрет» деген бөлімге арналған сұрақ-карточкасы, «Этикет» бөліміне арналған конверттегі тапсырмалар, музыкалық аппаратура, дискілер.

Сабақ барысы:
Мұғалім: Саламатсыздар ма, кұрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі тәрбиелік сабағымыздың тақырыбы «Сен үшін және өзің туралы». Бүгінгі сабақта, балалар, өздерің үшін өмірге керекті ережелерден мағлұмат аласыздар. Ендеше үй тапсырмасына кірісейік, яғни жазба түрде қысқаша «Мен нені қалаймын, нені қажет етемін?» деген сұраққа жауап жазып келу болатын. Менің көмекшілерім сіздердің жауаптарыңызды жинап алып өңдеу жүргізеді және сабақ соңында қорытындысын жариялайды.
Сабағымыздың бірінші бөлімі «Біздің автопортрет». (Гүл тәріздес суретте жазылған сабақ бөлімнің 1-ші бөлімі ашылады). Сіздермен мына шарық жіпті пайдалана отырып ойын ұйымдастырамыз. Алдарыңызға карточка таратылады, осы карточкадағы сұраққа жіпті бір-бірлеріңізге кезекпен бере отырып, жауап бересіздер. Жауап қысқа, ңақты болу керек. (балалар екеу-екеуден сапқа тұрады, жауап берген балалар орнына орналасады)
Сұрақтар:
1. Сенің аты-жөнің кім, есімің нені білдіреді?
2. Өзіңнің бойыңдағы 3 жақсы қасиеттерді ата?
3. Сенің сүйікті пәнің? Неге?
4. Сыныпта қандай міндетті атқарасың?
5. Сенің арманың қандай?
6. Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?
7. Қандай спорт түрімен шұғылданасың?
8. Жанұяңда неше адам бар? Олар қандай жандар?
9. Сенің сүйікті талебағдарламаң?
10. Адам бойында қандай қасиеттерді қастерлейсің?
Мұғалім: Міне өздерің көріп отырсыңдар: барлықтарыңда оқушы, жас бала деген тән қасиеттер бар болса, сонымен қатар ерекше, дара қасиеттер бар екенін де білдіңіздер. Әрбіреулеріңіздің қалауларыңыз әр-түрлі. Енді осы ойыннан қорытынды шығарайық. «Барлығымыз адамбыз, баламыз, бірақ көзқарасымыз әр-түрлі» (плакатта жазылған афоризм көрсетіледі)
Мұғалім: Ал енді кіші «Дискуссия» бөліміне көшейік. (Гүл тәріздес суретте жазылған сабақ бөлімнің 2-ші бөлімі ашылады) Мына сұрақтарға қалай жауап бере аласыздар? Адам үшін не қымбат? Ал бақытты болу үшін не керек? (оқушылардың жауаптарын тыңдау)
Кіші «Дискуссия» бөлімінің тұжырымы: «Адам жанын түсіну». (плакатта жазылған афоризм көрсетіледі)
Мұғалім: Егер сіздер басқа адамның жанын, оның өмірге көзқарасын түсінсіңдер, олар да сенің жаныңды түсінуге әрекет жасаса бұдан қымбат және бақытты болу негіздері осы болып саналады.
Мұғалім: Сабағымыздың келесі бөлімі «Сезім» деп аталады. (Гүл тәріздес суретте жазылған сабақ бөлімнің 3-ші бөлімі ашылады) Балалар, адам бойында қандай сезімдер бар? (күрсіну, қуану, ашу, қайғы т.с.с.). Осындай сезімдерді бастарыңыздан өткіздіңіздер ме? Ал басқа адамның жүріс-тұрысынан, бет-пішінінен қандай күйде болатынын сезесіздер ме? Ендеше, осы әңгімеге байланысты кішігірім эксперимент жүргізейік. Қағаз парағын 9 торға бөліңіздер, әр торды 1-ден 9-ға дейін нөмерлеңіздер. Мен адам сезіміне байланысты бірнеше суреттер көрсетемін, сіздер 1-ші тор көзіненен бастап бірінен соң бірін, өздеріңіздің ойыңызша, суреттегі көрсетілген сезімді жазба түрде жазып қоясыздар. ( әр-түрлі күйде, сезімде жүрген адамдардың 9 суреті көрсетіледі). Жұмыс аяқталғаннан кейін мұғалім тағы да әр суретті көрсетіп, дұрыс жауабын жариялайды, ал оқушылар торға сәйкес келген дұрыс жауапты белгілеп отырады.
Ұпай саны бойынша:
1-3 сәйкесті дұрыс жауап – адам жанын түсінбеуінің белгісі
4-6 сәйкесті дұрыс жауап – орташа түсіну
7-9 сәйкесті дұрыс жауап – адам жанын жақсы түсіну
«Сезім» бөлімінің қорытындысы: «Басқа адамның көңіл-күйін түсінуге тырыс!». (плакатта жазылған афоризм көрсетіледі)
Мұғалім: Адам баласы әр-түрлі көңіл-күйде, әр-түрлі сезімде болады. Біреулеріңіз шаршап, екіншілеріңіз сергек болып, ал үшіншілеріңіз өз-өздеріңізге көңілдеріңіздің толмай жүрген сәттер де болады. Осы көңіл-күйлердің өмір сүрулеріңізге (оқуға, адамдармен қарым-қатынас жасауда...) ыкпалы бар ма? Бар болса, «Тәуліктің қай мерзімінде сіздің жұмыс қаблетіңіз қандай?» деген тақырыпта ақыл-кеңес тестін өткіземіз. (тест сұрақтары оқушыларға таратылады, орындау уақыты 3 минут). Әр сұраққа тиісті ұпай сандарын қосып, тест сұрағына жауап аласыздар.
«Тәуліктің қай мерзімінде сіздің жұмыс қаблетіңіз қандай?» тесті
1. Таңертең ерте тұру сізге қиын ба?
а) Иә, ылғи да – 3 ұпай
б) Кейбір кезде – 2 ұпай
в) Сирек – 1 ұпай
г) Өте сирек – 0 ұпай
2. Сіз қай уақытта ұйықтағанды қалайсыз?
а) Түнгі 01-ден кейін – 3 ұпай
б) Түнгі 23.30-бен 01.00-дің аралығында – 2 ұпай
в) 22.00 мен 23.30-дың аралығында – 1 ұпай г) 22.00-ге дейін – 0 ұпай
3. Ұйқыдан тұрғаннан кейін 1 сағаттан соң қандай таңертеңгі асты қалайсыз?
а) Тойып тамақтанғанды – 3 ұпай
б) Орташа тамақтанғанды – 2 ұпай
в) Қайнатылған жұмыртқа немесе бутербродпен шектелемін - 1 ұпай
г) 1 кесе шай немесе кофе жеткілікті – 0 ұпай
4. Сабақта немесе үйдегі соңғы келіспеушілікті еске түсіріңіз, олар көбінесе қай уақытта болады?
а) тәуліктің бірінші жартысында – 1 ұпай
б) тәуліктің екінші жартысында – 0 ұпай
5. Сіз неден жеңіл бас тарта алатын едіңіз?
а) таңертеңгі шай мен кофеден – 2 ұпай
б) кешкі шайдан – 0 ұпай
6. Каникул немесе демалыс уақытында сіз қаншалықты, жеңіл, әдеттегі тамақ әзірін қабылдаудан бас тарта аласыз?
а) Өте жеңіл бас тарта аламын -0 ұпай
б) Біршама жеңіл бас тарта аламын- 0 ұпай
в) Қиын- 2 ұпай
г) Өзгеріссіз қалады – 3 ұпай
7. Таңертең сіздің маңызды шаруаларыңыз бар. Әдеттегіден ұйқыға неше сағат бұрын жатасыз?
а) 2 сағат бұрын – 3 ұпай
б) 1-2 сағат бұрын
в) 1 сағатқа жетпей – 1 ұпай
г) Әдеттегідей – 0 ұпай
8. Бір минут өлшемін сіз дәл таба аласыз ба? Ол үшін жаныңызда отырған адамнан көмек сұраңыз. Біреуі уақыттың басталғаны туралы хабарлап, екіншісі ішінен 60 секунд санау керек.
а) Бір минуттан аз – 0 ұпай
б) 1 минуттан көп – 2 ұпай
0 - 7 ұпайға дейін жинағандар «Бозторғай» - яғни, тәуліктің таңертеңгі мезгілінде жұмыс істеу қаблеті жоғары
8 – 13 ұпайға жейін жинағандар «Аритмик» - қандай уақытқа болса да бейімделе береді
14 – 20 ұпайға дейін жинағандар «Үкі» - тәуліктің кешкі мезгілінде жұмыс істеу қаблеті жоғары
Бұл тестен алатын тұжырым: «Адам баласы физиологиялық, әлеуметтік және басқа да жағдайлардан тыс емес, сондықтан да өз күшіңіді, каблетіңді мүмкіндігіңе байланысты қолдана біл!» Болашақ Қазақстанға өмір ағымына бейімделе алатын азаматтар өте қажет» (плакатта жазылған афоризм көрсетіледі)
Мұғалім: Сабағымыздың келесі бөлімі «Этикет» деп аталады. Мәдениетті азамат қайда болса да жарасымды қылығымен, парасаттылығымен, істеген жұмысымен көз тойдырып тамсандырады. Біз сіздермен кішігірім жарыс өткізбекпіз. Әр қатар конверттен тапсырмаларды алып «Көше этикеті», «Театр этикеті», «Мектеп этикеті» тақырыптарына байланысты ережелерді айтып беру керек. Қай қатардың ережелері көп, толығырақ, мазмұнды болса сол қатарға сыйлықтарымыз бар. (дайындыққа 3 минут) Енді, оқушылардың жауабын тыңдайық!
Мұғалім: Бұл тестен алатын тұжырымың: «Этикет ережелерін қайда болса сақтасаң, өмірде ұтасың!» (плакатта жазылған афоризм көрсетіледі)
Мұғалім: Өмірдің ағымы мен тасуы, сіздерді жағалаудың жақсы бетіне ғана емес, сонымен қатар жаман, кедергіге толы жағасына да апаруы мүмкін. Талай-талай: дұрыс-бұрыс, дос-жау, жақсы-жаман – деген ойлы сұрақтарды өмірлеріңізде тудырады. Абай атамыз айтқандай «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол!» - деген сөздері біздің сабағымыздың келесі бөлімі. «Ойын-түйін» атты тапсырмасы сіздердің пікірлеріңізді білуге арналып отыр. Мына нақыл сөздерді оқып, мағынасына қарай адам баласына тән қандай жат қасиет жасырынғанын айтыңыздар. (плакатта «9 дұшпан» тақырыбына арналған нақыл сөздер ілінген, жат қасиеттер ақ парақпен жабылып, жауабы табылғаннан кейін ашылып отырады) Тақтада «9 дұшпан» тақырыбына арналған сөздер жазылған, олардың кайсысы мағнасына қарай сәйкес келетінін балалар табу керек: жалқаулық, аңғалдық, корқақтық, ұяңдық, өтірік, өсек, мақтаншақтық, жағымпаздық, тәккапарлық)
1. Басты жауың – жалқаулық,
адам бойын аздырар.
2. Аңғалдық – осал жерің,
одан үнемі опық жейсің.
3. Егер қорқақ болсаң,
барыңнан айрыласың.
4. Ұяңдық – аузыңа келіп тұрған
балдан құр қалдырады.
5. Өтірік айтсаң ар-ұятыңнан
жұрдай боласың.
6. Ал, өсек, абырой-беделден
жұрдай етер.
7. Түкке тұрмайтын барыңмен
мақтанба!
8. Жағымпазданғанмен,
жақсы болмайсың!
9. Тәккапарлық досыңнан айырар.
Мұғалім: Енді бір оқушы барлық нақыл сөздерді оқып шықсын. Осы бөлімге қорытынды жасайық! «Жақсыдан – үйрен, жаманнан – жирен!» - деген екен дана халқымыз. (плакатта жазылған афоризм көрсетіледі)
Мұғалім: Ал енді үй тапсырмаларыңыздың қорытындысын айту үшін көмекшілерді ортаға шақырайық. (Көмекшілер балалардың жауабымен танысып, оны топтастырып шешімін оқиды). 7 сынып оқушыларының «Мен нені қалаймын, нені қажет етемін?» деген сұраққа жауаптары:
1. Мен мәнді өмір сүруді қалаймын – 15 бала
2. Маған сапалы білім қажет – 19 бала
3. Мен ата-анамның, бауырларымның, туған туыстарымның амандығы мен саулығын қалаймын – 24 бала
4. Маған мықты денсаулық қажет – 23 бала
5. Маған достарымның қасымда болғанын қажет етемін – 16 бала
6. Мен бейбітшілік, соғыссыз өмірді қалаймын - 15 бала
7. Мен спортпен щұғылданғанды, үйірмеге қатысқанды қалаймын – 16 бала
8. Маған жан-жақты білімді, қарулы болу қажет – 9 бала
9. Маған ұстаздардың, ата-анамның, достарымның мені түсінуі қажет – 21 бала
10. Мен әр-түрлі іс-шараларға қатысуды қалаймын – 17 бала

Мұғалім: Корытынды: міне, қаншама ойларың бар екен. Біздің бүгінгі сабақтағы алған білімдеріңіз осы армандарыңыздың орындалуына септігін тигізеді деген сенімдемін.
Мұғалім: Бүгінгі сабақта айтылған ережелерді өмірде қолданып, тұлға, Қазақстан Республикасының азаматы атану, мәдениетті, салауатты, білімді болу, сіздердің қолдарыңызда! Осымен тәрбие сабағымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға үлкен рахмет! Лебіздеріңіз болса ортаға шығып, өз ойларыңызды айтуға болады.
Категория: Воспитание души | Добавил: 555 (2016-02-08)
Просмотров: 1148 | Теги: Жанар, Жезказган, Даулетяровна, Турсынбаева | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 10:24 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru