Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души

«Рәміздерім – елдігімнің белгісі»
«№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат»КММ
Тәрбиеші: Жапықова.Г.О.
«Рәміздерім – елдігімнің белгісі»
Мақсаты:
Білімділік:ҚР –ның Мемлекеттік рәміздері оның құрылу тарихын,мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету, авторларын таныстыру;
Дамытушылық:Оқушылардың бойындағы патриоттық сезімдерін қалыптастыру. жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамыту, талдау, салыстыра ой қорыта білу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: қоғамның рухани бірлігі мен сабақтастығын нығайту, азаматтық, елжандылық, Қазақстанға сүйіспеншілікке, рәміздерін қастерлеу рухына тәрбиелеу.
Коррекциялық:Көзге арналған жаттығу жасау, сергіту сәті.
Көрнекілігі: слайд, плакат, ҚР-ның картасы
Әдісі: тәрбие сағаты
Тәрбиелік шараның барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1.Кіріспе
2.«Айтқанды ұғамыз, білуге құштармыз!».
3.Мемлекеттік рәміздердің саяси мәртебесі.
4..«Жұмбақ жылдар» сайысы.
5.«Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында»
6. Қорытынды
1.Кіріспе
Тәрбиеші:Оқушылар, сендер білесіңдер, әр елдің өз рәміздері болады. Біздің Республикамыздың рәміздері, олар: Әнұран, Елтаңба, Ту. Біз бүгін рәміздер еліне саяхатқа шығамыз.
Қазақстан Республикасы бүгінде тәуелсіз мемлекет, егеменді ел. Бірақ ол мұндай дәрежеге оп - оңай жете қалған жоқ. Еліміз талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Қазақстан ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін алуға тырысты. Аңсаған арман жолында ата – бабаларымыз қаншама тер төгіп, қажыр - қайрат көрсетті. Ұлан байтақ жеріміз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен жаулардан қорғап, болашақ ұрпақ үшін көздің қарашығындай сақтады. Басқа да халықтармен бейбітшілікте және келісімде өмір сүруге ынталы болуының арқасында Қазақстан төл мемлекеттілігін қалпына келтіре алды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң жарыққа шықты. Осылайша, әрбір тәуелсіз мемлекеттегі сияқты, біздің елімізде де өз мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды.
Рәміздер – бұл адамдар топтары үшін ерекше мән - мағынасы бар суреттер, белгілер немесе сөздер.
Рәміздер көне замандардан бері бар. Ту, таңба, эмблемалар ру - тайпалардың айырым белгілері ретінде қызмет атқарған. Мемлекеттері пайда болған кезде олардың әрқайсысы үшін өздерінің айырым белгілерін жасау қажеттігі туындады. Ту мен елтаңбаны басты ғимараттарда, қала қақпаларына орналастырды. Ал гимнді мерекелер мен мемлекеттік маңызы бар оқиғалар кезінде орындады. Жиырмасыншы ғасырда әр елде заңмен бекітілген өз мемлекеттік рәміздерін міндетті түрде қабылдау дәстүрі орнады.
2.«Айтқанды ұғамыз, білуге құштармыз!». Бұл бөлімде оқушылар мен сендерге сұрақтар қоямын.
1.Отаның қалай аталады?
2. Мемлекетінің президенті кім?
3. Мемлекетіңнің астанасы қалай аталады?
4. Ата Заңдарың бар ма? Ол қашан қабылданды?
5. Мемлекетіңнің тұңғыш ғарышкері кім?
6. Мемлекетіңнің неше астанасы болды, аттарын ата.
3. Мемлекеттік рәміздердің саяси мәртебесі.
Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған Тәуелсіз мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы, өз президенті, өз рәміздері болады.
Рәміз дегеніміз – түрлі заттар мен ұғымдардың бірлесуі. Қандай да бір мемлекет болмасын оның алғашқы қадамы өз Туы, Елтаңбасы, Әнұранынан басталуы керек. Бұл олардың ел Тәуелсіздігі мен егемендігінің белгісі болып табылады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің жаңа рәміздерін қабылдауға ерекше мән беруі де осыған байланысты.
Біздің елімізде Мемлекеттік Әнұран ретінде «Менің Қазақстаным» әні қабылданған. Бұл әнді ақын Жұмекен Нәжімеденов пен сазгер Шәмші Қалдаяқов 1959 жылы жазған. Ол кезде олар консерваторияның студенттері болатын.Әнді алғаш орындаған – Жамал Омарова. Әнде халықтың патриоттық сезімі берілген. Бұл ән әр үйде, әрбір мекемеде шырқалатын. 1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандықты аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
«Әнге ресми мәртебе беретін уақыт жетті!» - деді 2006 жылы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президенттің қатысуымен жазылған Әнұранның жаңа мәтіні қазақ халқының асқақ рухын, асыл мұраттарға деген құлшынысын, қазақ жерінің молшылығы мен байлығының артатынын көрсетеді.
Әнұранның сөзін жазған – Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнінжазған – Шәмші Қалдаяқов.
4..«Жұмбақ жылдар» сайысы.
1.1990 жыл 25 қазан (Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Заңы қабылданды)
2.1992ж. 4 маусым (Қазақстан Республикасының Мемекеттік рәміздері қабылданды)
3.1993 28 қаңтар (Тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш Конституция қабылданды)
4.1993 15 қараша (Қазақстан Республикасының халықаралық ұлттық валютасы
теңге енгізілді).
5.1997 («Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңы қабылданды)
6.1997 (Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы)
4.«Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында» сайысы.
Бұл бөлімде оқушыларға сөзжұмбақ беріледі. Дұрыс жауабын тапқан топ жеңімпаз атанады.
1 Т
2 Ә
3 У
4 Е
5 Л
6 С
7 І
8 З
9 Қ
10 А
11 З
12 А
13 Қ
14 С
15 Т
16 А
17 Н

Сұрақтар:
1. Мемлекеттік нышан (Ту)
2. Қазақтың батыр қызы (Мәншүк)
3. Қазақстан қай құрлықта орналасқан (Еуразия)
4. Үш арыс (Бейімбет)
5. Үш арсыз (күлкі)
6. Мұсылман діні (Ислам)
7. Қазақстанның рухани астанасы (Түркістан)
8. Адам үндес музыкалық аспап (қобыз)
9. Киіз үй жабдығы. Ол уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз (туырлық)
10. Қазақстан неге бай? (мұнай)
11. Қамбарға ғашық болған бай қызы (назым)
12. Оңтүстік астана (Алматы)
13. Әр түрлі бұйым салуға арналып ағаштан не металдан жасалатын күйіз үй жиһазы (сандық)
14. Ұлы жүздің алғашқы ханы (Жолбарыс)
15. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. (кітап)
16. Отбасының тірегі (ана)
17. Исламның қасиетті кітабы (құран)
Қорытынды: Қазақстанның білімді ұрпақтары көп болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Еліміздің егемендігі берік болып, көк туымыз биікке самғай берсін деген ақ тілекпен аяқтаймыз.
Категория: Воспитание души | Добавил: aksuat65 (2016-10-04) | Автор: «Рәміздерім – елдігімнің белгісі»
Просмотров: 1040 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 4:24 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru