Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души

Өзегін өзгертіп,өресін биіктету қажет
Өзегін өзгертіп,өресін биіктету қажет
Социалистік педагогика немесе ғылыми педагогика былай дейді: «Адамгер- шілік білімі-қоғамдық білімдердің басты және бастапқы бөлігі, оның базасы болып табылады. Қоғамдық білімдерге жататын саяси, құқықтық, эстетикалық, философиялық, діни білімдердің барлығы да адамгершілік білімдерге, яғни кез келген саясат, эстетикалық идеал, құқықтық нормалар, діни наным - сенімдер адамдарда және қоғамда қалыптасқан адамгершілік идеяларға, нұсқамаларға, мақсаттарға тәуелді және онымен тығыз байланысты болып келеді. Өйткені адамгершілік білімі адамдардың дүниетанымын, олардың қызметін және мінез -құлқын, істері мен әрекеттерін анықтайды.Бұл білім берудің алтын ережесі,алтын қазығы».Кәзіргі таңда Қазақстан Республиқасындағы күллі білім беру жүйесі осы алтын ережеге сүйеніп құрылған.Бұл ұғым былай қарасаңыз;айбынды да,дана,асқақ та,өрелі сезіледі.Тұлға қалыптастыруда тұғырлы түсінік екенініне ешкім де күмән келтірмейді. Адамгершілік - Адамға қойылатын басты талап-асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам -өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты.Сондықтан да,жас ұрпаққа адамгершілік білім беру үшін,барымызды салдық,ерекше талпынып,күшімізді аямай жұмсадық. Адамгершілік білім игерту үшін нелер әдіс амалдар қолданып,жаңа пәндер түзіліп,тәрбиелік сағаттар мен сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырдық. Ал,шынайы өмірге келсеңіз,жас ұрпақ тәрбиесі біз ойлаған дәрежеге жетпеді.Біздің жүргізіп жатқан тәрбие жұмыстарымыздың алдын орап,не сияқты сорақылықтар көрініс берді,адамгершілік-рухани білім беріп жанталасып жүргеніміз «желге кетіп,құмға сіңгендей» болып,жігеріміз жаси бастады,көңіліміз күпті болды.Жібек мінез,биязы әдеп,жан жылуы деген қазақи болмысымыздың қаймағы бұзылып, тұнығы лайлана бастады.Әдепсіздерді әдейі әзірлегендей,көргенсіздер көбейіп кетті.Қазақ халқына рухани жаңаруды ұсынған мына дәуір,аталған тығырықтан алып шығатын ең төте де,ұтымды жол табуды талап етті.Ол біздің ойымызша,Қазақстан Республикасында білім беру,тәрбиелеу ісі-«Кісі» қалып-тастыру қазақ іліміне негізделіп жүрілу қажет!Осы ілімге сүйеніп,білім беру,тәрбиелеудің бір- екілі мәселесіне тоқталайық.Тәрбиелеу қазақ ілімі бойынша:білім беру тәрбиелеудің бір жолы ғана.
Кәзіргі таңда,жұмыр жерде жарты миллиардқа таяу балалар мен жеткіншектер білім ала алмай,сауатсыз күн кешуде.Алайда,тәрбие көрмей отырған бір жан жоқ.Отбасынан,ата-ана,ағайын туысынан болса да,әр жұрттың,қауымның тәрбиесін алып,өмірге дайындалып жатыр.Қолдары жеткен,ұрпақ тәрбиесін жоғары деңгейде алып қарастырған елдер,әлемді қамтыған,жастарды жаңылыстыруға бейімді мінез-құлық әрекеттерімен дәйекті күресу арқасында,кейбір елдер мысалы,Қытай ,Үнді т.б. жұрттар дәстүрлі бағытынан тайған жоқ,Япония,Корея,Финландия,Англия т.б.елдер өзіндік бет-бейнесін қалыптастырып үлгерді.Ал,мұсылман жұрты, көзқарастарында аздаған алалық болғанымен имандылықтан ажыраған жоқ.
Ал,адамгершілік тәрбиесі туралы білім беру жағынан еш елден қалыс қалған жеріміз жоқ.Демек,тәрбиелеу жеке ғана білім берумен шешілмейді екен.Бар қатеміз-тәрбиелеу ісін «білім берумен»алмастырып,жат жұрттың педагогикасына шексіз иек сүйеп,оның таптаурын болған қағидасын қатаң ұстап қалғанымыздың кесірі еді.
«Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады». Мәлік Ғабдуллин Дәлірек айтқанда тәрбие жат жұрттан әкеліп жаба салатын жабу емес! Тәрбие біреудің екіншіге сыйға тартар мұрасы да емес,көзсіз қабылдар сүйекке сіңірер уыты да емес, тәрбиешінің еңбегін ақтар жемісі бар, тәрбиеленушінің арымен ақталар қайырымы бар, саналы жолмен жас өспірім бойына жұғысқан ырыс,басына қонған бақыт.Сондықтан,тәрбие мейірімділік алақанында әлпештеніп, жүрек жылуы бесігіне бөленіп,жүрек қылына тербеліп, рухтан үндестік табатын рухани нәзік құбылыс,жан сезімінің жайдарлану,рахат табу,адам талғамына сәйкестіктігін көрсететін асыл мұраттың орындалуы.Тәрбие ісінде,мұрат мақсатың орындалса,одан асқан қуаныш болмайды. «Басына бақ қонатын қазақтың ұлы құлықты, қызы қылықты келеді» деп неге айтты дейсің. Тәрбие хәкімі М.Мағжан:«Әрбір ұлттың бала тарбия қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар.Ұлт тарбиясы баяғыдан бері сыналып,көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан,әрбір тарбияшы,сөз жоқ,ұлт тарбиясымен таныс болуға тиісті.Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, ұстаз баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»-дейді Ал,тәрбиелеу дегеніміз, Фараби данамызша:«Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал тәрбие-білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа белгілі қимыл-әрекет дағдысын егеді...»Қорқыт Ата бойынша: «Тәрбиелеу дегеніміз үлгі өнеге көрсету, әдеп, өнер ұқтыру. Өнердің алды –әскери өнер және музыкалық өнері»-дейді.Баласағұн бабамыз: «Тәрбиелеу дегеніміз-адамдарды адамгершілік мектебінде оқыту»-деген.
«Тәрбие»-жеке тұлғаның қалыптасуына бағытталған процесс. Бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өз-ара басқарылатын және бақыланатын арнайы ұйымдас-тырылған,соңында қоғамға қажетті және керекті жеке тұлғаның қалыптасуын өзінің мақсатында қолданатын іс-әрекеті»Ал, ұрпаққа берілетін тәлім-тәрбие сөзінің мағынасы қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мынадай мағына береді:Тәлім - үлгі, -өнеге, тҽрбие. Тәрбие -отбасы,мектеп, қоршаған ортада қалыптасқан адамның қоғамдық және жеке өмірде байқалатын тәртіп пен мінез-құлық дағдысы.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы -өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу . Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, т.б.- да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ дайындау. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзі бізге бағыт-бағдар болады.Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, iрiктеп алған озық тәжiрибесi мен iзгi қасиеттерiн ұрпақ бо¬йына сiңiру, өмiрге деген көзқарасын және соған сай мiнез-құлқын қалып¬тастыру.Олай болса,адамгершілік-рухани білім берумен тәрбиелеуді шектеп қоюға әсте болмайды.Жібек мінез,биязы әдеп машық дағдысын игертіп,жан жылуын жүректе ұялатып,жас ұрпақтың көкірек көзін ашу үшін социалистік педагогикаға негізделген тәрбие ісіміздің өзегін өзгертіп,тәрбиелеу қазақ ілімін өз орнына қою керек.Бұл рухани жаңарудың ,прадигмасымен сәйкес келеді.«Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.»Н.Назарбаев.
Жас ұрпаққа жібез мінез ,биязы әдеп,асыл қасиетті игертіп,»иманды ұл,ибалы қыз», «құлықты ұл,қылықты қыз»тәрбиелудің ғылыми негізі-тәрбиелеу қазақ ілімінде толық айқындалып,тұрақтанған.Сондай-ақ,оның әдіс айласы,игерту жолы жан-жақты қаралып,шешімін тапқан,бізге дайын білім тұрпатында мирас болып жеткен.Фараби бабабамыз жастарды тәрбиелеу жүйесіндеву,бірінші орынға шынайы бақытқа жетуге кепіл болатын мінез-құлық тәрбиесін қояды. «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші-бұлар адамгершілік қасиеттер болып табылады.Егер осы екеуі бірдей болып келсе,біз өз бойымыздан және өз әрекетімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті қайрымды адам боламыз,біздің өмір бейнеміз қайырымды,ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады.Адамның белгілі бір мінез-құлыққа ие болуына немесе жақын жұғысудың арқасында бір мінез- құлықтан басқа бір мінез құлыққа ауысуына себепші болатын нәрсе-әдет болады,ал,әдет деп мен белгілің бір әрекеттің жиі-жиі және ұзақ уақыт қайталануын айтамын.Мінез-кұлықтың қалыптасу жолдары өнерді үйрену жолдары сияқты. Мысалы, жазу өнеріне шебер жазғышқа тән әрекеттерді сол адамның орындап машықтануы арқылы жетеді...Абзал әрекет жөнінде де істің жайы осылай сияқты ол адам жақсы мінез-құлыққа жетілгенге дейін оның өзінің табиғатына біткен әлеуметке сай келетін мүмкіндіктерді іске асыру қажет.Адамда белгілі бір мінез-құлық қалыптасуы үшін осыған сай келетін әдеттер берік орын алулары керек».Фараби «Философияны үйрену үшін алдын-ала нені білу қажет?» деген еңбегінде ол ғылым мен философияны жетік меңгеру үшін бірінші алғы шарт етіп адамның жан тазалығын, ар тазалығын, әдеп-тәрбиелігін қояды.
Абай жан-жақты, кемел тәрбиелі адам ғана «толық адам» санатына қосылады деп есептейді. Ал кемелдікке жетудің тура жолы-адам бойында имандылық қасиеттердің туындауынан басталады. Адамгершілік, ақыл-ой, еңбек сияқты тәрбиенің бәрі де осындай мұсылмандылыққа ден қойған жастың бойына тез үйіріледі деп пайымдайды.Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің он тоғызыншы қара сөзінде “Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді”,-деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай “сүтпен біткен мінез сүйекпен бірге кетеді” дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған әлеуметтік орта әсерінен өзгеріске енеді, ол іс-әрекет арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді.Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты,тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты т.б. жаман мінез деп есептейді.Абайдың көрнекті шәкірттерінің бірі Жүсіпбек адамның хайуаннан айырмашылығы жайында әңгіме қозғай отырып, адам бойындағы ұнамсыз мінез-құлықтарының барлығы тәрбиенің кемдігінен деп қорытынды жасайды. Оның айтуынша, адам табиғаттың емес, тәрбиенің құлы болуы керек. Адам өміріндегі тәрбиенің рөлін зор бағалаған ол тарихтағы ірі құбылыстардың бәрін тәрбиемен байланыстыра отырып, былай деп жазады: "Алғашқы екі ғасырдай афиняндар мәдениетті, ғылымды күшті жұрт болған, неге? Данышпан Салонның жасаған ережесімен тәрбиеленгендіктен. Рум халқын атақты, күшті қылған кім? Тәрбие. Ескендірді данышпан хакім қылған кім? Аристотельдің тәрбиесі. Неронды залым қылған кім? Философ Сенеканың қате тәрбиесі".Тәрбиешіге қоғамда өте үлкен маңыз берген ғалым оны дәрігермен ғана салыстырады, тіпті, одан да жоғары қояды: "Адамдық көзбен тереңнен тексерсе, дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады", - дейді. Тәрбие мәселесін мемлекеттік дәрежеге көтеру қажеттігін жете түсініп: "Тәрбиешіге Отанның келешек өмірін тапсыруға болады, себебі, тәрбие нәтижесінде ақылды адам көбейсе - Отанның күзетшісі, қорғаны", - деп атап өтеді.Болашақ ұрпақты озық жетістіктерге тәрбиелеу, оларға білім беру процесін сол халықтың мінез-құлқы мен тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын еске ала отырып жүргізудің қажеттігіне Жүсіпбек аса зор көңіл бөледі.Жүсіпбек түзген түйіндер нақты қағидаға, белгілі заңдылыққа айнала бастаған ұстанымдар секілді. Мәселен, ол тән қуаты ажарлы болады дейді. Енді бірде «нашар жаннан, осал мінездер туады» десе, «жалынды сөз- жалынды жүректен шығады», «баланың іспен емес, сөзбен, ақылмен үйреткен адам сорлы»дейді. «Адамның денесі қандай мысқалдап өсетін, жетілетін болса,пікірі де сондай бірте-бірте жетіліп, өркендейді». Ерлік, қайрат үнемі ірі жұмыста көріне бермей, күнделікті уақ-түйек жұмыста да көрінуі керек, тағы басқасы секілді толып жатқан ой-пікірлер мен тұжырымдар «қысқа да болса, нұсқа» дегендей, қазақы құлаққа бірден ұялайды
Матриархатта пайда болып,тұрақтанған дін,тұнғыш рет өнегелік-парасаттық қалыптарды,наным-сенімдік әдептерді (діни этканы) жасап шығарды.Қазақ халқы бірнеше наным-сенімді басынан кешіре отырып,ислам дінін қабылдау нәтижесінде ислами әдепті алға шығарып,дәстүрлі әдебіне тиянақ етті.Пайғампарымыз(с.ғ.с.)хадисінде:«Ешбір әке баласына көркем әдептен артық сыйлық берген емес» Тирмизи,33),«біреулердің баласына әдеп үйретуі оған әрбір (күні садақа бергеннен артық»- дейді. (Жәбр ибн- Сумрадан.) Қазақтың әдептік қалыптарын адамның табиғатпен қатынасу негізінде туып,өмірге келген және адамдар арасындағы қатынасқа сай қалыптасқан деп екіге топтауға болады.Табиғат және адам қатынас әрекеті негізінде туындаған әдептерді:-наным-сенім сырлы әлем денелері мен табиғат таңғажайыптарына байланысты туындаған әдептер;- үй жануарлары мен қолға ұстаған құс, аң және жәндіктерге қатысты қалыптасқан әдептер;- қоршаған ортаны қадір тұту, табиғатты аялауға байланысты әдептер деп саралаймыз.Ал адамдар арасындағы қатынастарды реттеу үшін туындаған қазақ әдептерін:-алашты ардақтау, адамды қадір тұтуға қажетті әдептер;-кішіні тәрбиелеу,жасты жаттықтыруға арналған деп жіктеуге бола-ды.Қазақ ұғымында;«Бағасы жоқ қазына-алтыннан артық әдеп бар!».«Киім суықтан сақтайды,әдептілік ұяттан сақтайды»,«Әдептілік-әдемілік»,«Әдептілік, ар-ұят адамдықың белгісі.Тұрпайылық, жат мінез надандықтың белгісі», «Әдепсіз өскен адамнан, тәртіпті өскен тал артық», «Әдепсіз бала,ауыздықсыз атпен тең.Әдепті бала-арлы бала,әдепсіз бала-сорлы бала.» «Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма!» деген сияқты терең мағыналы өмірден жасалған түйіндер ,қорытындылар бар.«Сіз» деген-әдеп, «Біз»-деген-көмек.» «Көргендіде үйренетін әдеп бар. Көргенсізде жиренетін әдет бар.»
«Мейрімділікті анадан үйрен. Әдептілікті данадан үйрен».«Әдептің не екенін, әдепсізді көргенде ұғарсың», «Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар.», «Ардагер аға алдыңда тұрсын, әдепті іні артыңда тұрсын». «Әдепсіз әйелдің қолында, әдепті қыз өспейді.» Осылай жаман әдеттен жирену, жақсы әдепті үйрену, игеру жолдары сараланумен қатар әдеп сақтау, ар-ұят, намыс абырой туралы мол мағлұмат береді. Ал игерту әдісіне келсек; сөзбен жетектеп, сүйегіне сіңіріп, көкейіне құйып ұғындыру.Қазақ түсінігі бойынша,адамдар арасындағы қатынас негізінде туындаған әдептер адамгершілік деп есептеліп, кісілік қасиеттер оның көрінісі ретінде ұғынылған.Бір ғана мысал келтірілелік. Ән айту әр қазаққа үлкен қуаныш, тамаша табыс, терең құрмет. Алайда, аузыңа түскенді, ойыңа келгенді, есіңде қалғанды кез - келген жерде, жасыңның, жынысыңның ерекшелігіне сай орындамасаң, мұның өзі -әдепсіздік.Сондай-ақ, төсек,жүк үстінде, есік алдында, керегеге сүйеніп ән орындалмайды. Қазақта ауқаттану, сусын ішу, тамақтану әдебі бар. Осы негізде қонақкәде, сый-сыбаға қатарлы ғұрыптар мен әдептер қалыптасқан. Айталық, ешкі етін жеген соң суық су ішуге,қоңыр аң етін жеген соң қымыз ішуге немесе сорпаны сорып, айранды жұтып, көжені сіміріп, сүтті сораптап ішпейді. Асты алақ-бұлақ жеп, сасқалақтап шайнамайды, тамақты тойымсыз алмайды, аузынан шыққанша құнығып жемейді Киімді де, жас мөлшері мен жыныс ерекшелігіне, дене тұрқына сай киінген. Қызылды-жасыл, әлем-жәлем киім жасқа жарасымды болғанымен қарттар ақ, қоңыр, қара өңді бір түсті киімдерді тұтынған. Мүның бәрін айтып отырған себебім, қазақ, сөйлеуде ғана жүйелілікті ұстанып қоймай, іс-қимыл әрекетте де реттілік пен жүйелілікті ерекше ескерген. Міне, осыларды қалай айтып, қалай істеп орындауды ұқтыру-қазақ әдебін игерту болмақ.Осы жүйелілік пен реттіліктің шоғырланған, тұрмыс-салтқа сіңіскен ережелер мен тәмсілдер жиынтығы қазақ әдебі делінеді.Қазақ тәлім-тәрбиесі дегеніміз-қазақ әдебін жас ұрпаққа игерту амалы,жол-жобасы болса; әдептілік жеке бастың оны орындай алу,игеру дәрежесі,кісілік өресі болмақ. Қандай бір салт пен ғұрып,өзінің әдебі арқылы бекем ғұмыр кеше алады.Ешбір ережеге симайтын салт та жоқ, ғұрып та жоқ.Әдептің жазылмаған заң түрінде болуына болады,заң әдепке негізделмей шығарылмайды. Мысалы,«Жеті жарғы»-тұрмыстық-әдептік заң. Жазылмаған кейбір заңдар, үкіметтен қолдау тапқан, жазылған заңдардан күшті болады деген қағида да бар. Айталық. шариғат кесімдері, хадис шарифтер әуелі ауызша таралғанымен,ешбір ереже, заңдардан кем емес.Кәзіргі шақта фиқһ үкімі кеңінен жайылып,асқақтаған мерзімде оның қуаты толыса түсуде.
Имандылықты,әдептілікті,жібек мінезді жас ұрпақ тек арнаулы үлгі-өнеге көру арқылы,ұзақ уақыт жаттығып, дағыланып,машықтану арқылы игере алады. Сондықтан барлық сатыдағы мектептерде,әулетте,балабақшада жүріліп жатқан тәлім-тәрбиелік іс-өнегелерді,оқытылып жатқан сабақтарды,пәндердің өзегін өзгертіп,тәрбиелеу қазақ іліміне негіздеу керек.Адамгершілік-рухани тәрбиені білім берумен шектемей,жібек мінез,биязы әдеп,асыл қасиеттің машық-дағдысын игерту үшін олардың өресін биіктету қажет.Бұлар уақыт оздырмай қолға алатын өзекті де,тиісті міндет болып табылады.

Әдебиеттер
1.Ұлы даланың ұлық ұстаздары Қарағанды 2016
2.Қ.Қабдыразақұлы Тәрбиелеу қазақ ілімі Қарағанды 2017
3.Әулет мектебі Астана 2015


Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы)
18.04.2017
Категория: Воспитание души | Добавил: superchabdrazakh2017 (2017-04-20) | Автор: Қобдабай Қабдыразақұлы E
Просмотров: 708 | Комментарии: 1 | Теги: Мағжан, Жүнісбек, Абай, тәрбие, ілім | Рейтинг: 4.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 4:32 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru