Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души

Қарттарым-асыл қазынам
03.10.17ж. Цемент кенті кітапхана-бөлімшесінің оқу залында №32 мектептің
5-сынып оқушыларының қатысуымен 1 қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағаты болып өтті.
Мақсаты:Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Кітапханашы мерекелік шараның барысында қарияларды мерекелерімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Бұл мереке кітапханада жыл сайын дәутүрлі түрде аталып өтілуде.
Шара барысында 5-сынып оқушылары Кажимова Аян, Қуаныш Сәуірбек, Жұмағалиев Мұстафа, өлеңдер оқыды және жас бишілеріміз Жасталапова Гүлзина мен Есенова Мадина өз өнерлерін көрсетіп, қарияларымызды бір сергітіп тастады.
Қарттар өз кезегінде концерттік бағдарламадан алған әсерлерімен бөлісіп, кітапхана ұжымына және балаларға деген тілектерін білдіріп, баталарын берді.
Кеш соңында қариялар мерекелік дастарханда бас қосып, кітапханашылар ұсынған дәмнен ауыз тиді.

Қарттарым – асыл қазынам
Мақсаты:Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, нақыл сөздер.
Барысы:
І.Кіріспе сөз:
А) Келген қонақтарды қарсы алу.
ІІ. Негізгі бөлім:
Ә) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;
Б) Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;
В) Аталарымыздың оқушыларға берер ақыл кеңестері, оқушылардың сұрақтары;
С) Концерттік бағдарлама.
ІІІ. Қорытынды.
1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар,ақ жаулықты аналар мен асқар таудай әкелер!
«Қарттарым – асыл қазынам» атты бүгінгі мерекемізді ашуға рұқсат етіңіздер.
Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір-бір дастан.
Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер.
2- жүргізуші: Алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
1- жүргізуші:  Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше тақпақтар бөліміне құлақ түрелік.
1-оқушы. Көп жасаған қария-
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
2-оқушы. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,  егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық  жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
3-оқушы:  Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
4-оқушы. Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
5-оқушы. Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
6-оқушы. Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем
7-оқушы. Атам менің әманда,
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
8-оқушы. Атам менің әманда
Әділетті бол деген,
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
9-оқушы: Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.
10-оқушы.
Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті мол! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.
11-оқушы.Аталар – асқар таудай қорғанымыз,
Аналар – саясы мол орманымыз.
Қызығын ұрпағыңның көре берші
Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.
12-оқушы.Ақылгөйім, асқар тауым ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса құлама.
Ер жетсем де еркелігім қалмайды
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана.
13-оқушы.
Тербетіп ақ бесікте аяладың,
Бойдағы ізгілікті аямадың.
Анашым өзіңсің ғой сүйенерім,
Анашым өзіңсің ғой сая бағым.
14-оқушы. 
Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады.Қарттар – кісіліктің төресі.
15-оқушы. «Бала өсіргің келсе, дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті»,- деп Әбу Насыр әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді баларларға халықтың асыл қазынасы саналатын қарттарымыз жас ұрпақтарға үйретіп, айтып, санасына сіңірейік.
16-оқушы. Мейірімі мол ананың
Жүрегі жылы қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы жолы кең.
2-Жүгізуші: Көрініс «карт пен немере»
Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.
Әке-шешесі:
-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы.
 «Атаңа не қылсаң,  алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен.     Қарттары бар ел-бақытты ел.
1- Жүгізуші: Әкелер!
Мәңгі өшпейтін атақ-даңқың,
Жүрегімнің лаулатып отын жақты.
Ерлігіңді жалғастырам, бақыттымын,
Сендер ғой маған берген осы бақты.
2-Жүгізуші: Аналар!
Қарыздармын өзіңе мен,
Қайыспай қиындыққа төзе білген.
Жүздеріңді әжімдер басқанымен
Баяғы бәз жүзіңдерің өзгермеген.
Категория: Воспитание души | Добавил: bitibaeva69 (2018-02-10) E
Просмотров: 612 | Теги: Қарттар күні, құрмет, мереке | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 9:23 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru