Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души

Туған елдің көгінде, жұлдыз болып жанамын
Тақырыбы: Туған елдің көгінде жұлдыз болып жанамын.
Мақсаты: оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейтіп, тамаша табиғатын дәріптеуге баулу. Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының рәміздерімен жақын таныстыру. Өскенде өз елінің көрнекті азаматы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында суреттер, слайдтар, нақыл сөздер.

Пай, пай пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүрілдеп төккен жер,
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,
Сарылып сал - сері кеткен жер,
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер.
Үлкен жүректі, ұлы сезімді, шалқар шабытты ақын Мұқағали жырына арқау болған, біздің атамекеніміз, қазақ даласы бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұрасы. Талай -талай қас батырлар жанын қиып қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай тіршілік иесі нәр алып жаралған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәсі болған қасиетті отанымыз - Қазақстан!
Ең бірінші, еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы айта кетейік.
Мемлекеттік рәміздер ту, елтаңба, әнұран. Мемлекеттік ту маусымда қабылданды. Тудың түсі көк. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген.Көк түс аспанымыз әрдайым ашық болсын деген мақсатта көк түспен бейнеленген.Ал, қыран ерліктің белгісі. Сары түс байлықтың белгісі.
Біздің елтаңба әлемде сирек кездесетін елтаңба. Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтарын шын ниетімен қосыла танытқан елшілес ел жұр қа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
Әнұранды бәріміз жатқа білеміз. Сабағымыздың басында бәріміз бірге айтып кетейік.
Ал енді туған өлкеміз Қазақстан туралы слайдтар тамашалайық.
Көрдіңдер ме, балалар біздің өлкеміз қандай керемет. Осындай сұлулықты көре тұра өлең жолдарын айтпай кету жөн болмас. Балаларымыздың арнайы жаттаған тақпақтарын тыңдап кетейік.
Батырхан:
Қазақ осы дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы «Өнер алды тіл» дейтін
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін.
Қазақ осы ашық жарқын қабағы
Қонақ келсе, шабылып бір қалады,
Байқа да тұр, саған да ол кетерде,
Ат мінгізіп жібек шапан жабады.
Аман:
О, Отаным! Құлыныңмын мойныңда,
Өзіңменен өмірім, өзіңде балаң ойыңда.
Болашағың күлімдеген ертеңгі,
Отан Ана, мына менің мойнымда.
Ернұр:
Отаным менің кең байтақ Қазақстан,
Аман өткен талай дүлей азаттан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар кәне артық дейтін қазақтан.
Аруна:
Тәуелсіздік жемісін ала келді,
Көрінер көк жиектен далам енді.
Кім танымас айтсаңшы, айтыңдаршы,
Қазақстандай егемен байтақ елді.
Бекзат:
Тау шыңы
Теңіз айдыны
Қырларың, әнші құстарың,
Бақытым менің барлығы,
Барлығы Қазақстаным!
Қазақ десе қозатын делебесі
Сіз бен біздер тәуелсіз ел егесі.
Биік болып әрдайым шаңырағы,
Кеңейе берсін әр кез керегесі.
Алинұр:
Қазақстан тәуелсіздік аңсап келді,
Телегей теңіз аңсаған мансап келді.
Қазақтың бой тұмары ана тілін,
Ту етіп, айғақ етіп, жар сап келді.
Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұнан ыстық жалын от бар ма, сірә,
Отан әнмен жүрегім тербеледі.
Жантөре:
Қазір елім достықтың гүлстаны,
Қуаныштың бақыттың ырыс бағы
Мейрамдарын елімнің бірге тойлап,
Мұнда сан ұлт қосылып туыстаған.
Отан деген әрбір жүрек дірілі,
Отан үшін болып келем үлгілі.
Арайлым:
Менің, сенің үмітіміз ертеңгі,
Қазақстан келешектің мекені.
Дархан далам сенің, менің қуатым,
Ата бабам сақтаған жез қанатым.
Салт дәстүр, дініміз бен тіліміз,
Бола бермек мәңгі менің жалауым
Аян:
Арайлап таңым, асқақтап тауым.
Ән ойнап көңіл, күй тартты бүгін
Қол жетті міне, аңсаған күйге
Жасай бер жаса, қазағым менің!
Ал, енді дархан даланың түлектері «Жас дәуірдің түлектері» әнін орындайық.
Категория: Воспитание души | Добавил: Aiaulim (2012-03-28) | Автор: Баян E
Просмотров: 2586 | Комментарии: 3 | Теги: Туған жер | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-19, 6:32 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru