Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Мастер-класс

мастер класс
Автор разработки: учитель истории Тайбурова К.Г.

« Дала аристакратиясы өкілі - билердің дау өнері»
Мастер класс
Кіріспе.
Қайырлы күн. Шебер класс тақырыбы: « Дала аристакратиясы өкілі -билердің дау өнері».
Бұл тақырыпты алу себебім біздер, ұстаздар өз кәсібімізді тиімді атқару мақсатында сөз өнерін жетік меңгеруіміз қажет деп білемін. Бүгінгі күнгі зиялы қауым өкілдері: саясаткерлер, дипломаттар, мәжілісмендер мемлекетіміздің мәртебесін көтеру үшін, елшілік қызметінде ел намысын қорғау жолында шешендік өнер иелері болуы керек.
Қазақстан тәуелсіз, зайырлы мемлекет. Ел өркениеттілігінің негізгі көрсеткіші – демократия.
Саясаткер Масариктің айтуынша « Демократия дегеніміз- еркін пікір алмасу үрдісі».
Шебер класс өткізудегі негізгі мақсатымыз: еркін пікір алмасу үрдісін жүзеге асыру, яғни саясаткер айтқандай демократиялық қарым- қатынас жасау арқылы топтық жұмыс атқару.
Дау деген сөзді талас деп ұғып, айтысып- тартысу, дауласу деп түйіндеушілер көптеп кездеседі.
Дауласа білу- қып- қызыл өнер. Дау дегеніміз – пікір таласы, пікір сайысы, ой талқысы.
Әдетте, шешендік өнер айтыс- тартыста дамиды. Сондықтан ердің құны, елдің тағдыры талқыланатын парламент сарайлары мен сот залдары шешендік өнердің ежелгі мектебі болған. Мысалы, атам замандағы Афина шешені Демосфен мен Рим шешені Цицерон әуелі адвокат, кейін парламент мүшелері, басшылары болған. Афинада грек елі азаматтары заң қандай болуы керектігі жөнінде кездесіп, пікір таласқан.
Қазақ халқының дау өнері ерте заманнан бастап орын алған. Қазақ шешендері Төле би, Қазбек би, Датұлы Сырым, Досбол би т.б. қауым ішіндегі дау- дамайды реттеуден бастап, елшілік- мәмлегерлік қызметтерімен белгілі болған адамдар.

Назарларыңызға ұсынылып отырған бес тармақты жұлдыз сұлбасындағы түйінді сөз «Дау»

«Дау» өнерін берілген бес сала бойынша қарастыруға болады
Дау жер дауы, жесір дауы, мал дауы, құн дауы, ел дауы болып жіктеледі.



«Қысқа да нұсқа» келтірілген осы ақпарат сіздердің қазіргі атқаратын жұмыстарыңызға негіз болмақ.

Тапсырмаларды орындау үшін құрметті ұстаздар сіздерді 3 топқа бөлеміз, өзара бірігіп пікірлесулеріңіз шарт.
Бірінші топ сіздерге 15 жасар Қазбектің қалмақ қонтайшысына айтқан сөзі беріледі. Сіздерге екінші топ « Бота дауы» беріледі. Ал үшінші топ сіздер Берілген мәтінді сараптау негізінде қазақ халқының құқықтық мәдениетіндегі басты тұлға би екендігін дәлелдеу.

1- топқа тапсырма: Баршаңызға белгілі 15 жасар Қазбектің қалмақ қонтайшысына айтқан сөзі беріледі.

1. Мәнерлеп оқу.
2. Қазақ халқының дәстүрлі дауларының қайсына жатады?
3. Сараптама жасау.

15 жасар Қазбектің қалмақ қонтайшысына айтқан сөзі:
Сен темір мен көмір
Еріткелі келгенмін.
Екі еліктің баласын
Теліткелі келгенмін.
Егесетін ер шықса
Иілткелі келгемін
Тұтқыр сары желіммен
Жабысқалы келгенмін
Қазақ, Қалмақ баласы-
Табысқалы келгенмін
Табысуға келмесен,
Тұрысатын жерінді айт,
Сен қабылан, мен арыстан
Алысқалы келгенмін- дейді Қазыбек.

«Екі еліктің баласын теліткелі келгенмін» деп бейнелеу арқылы «қазақ, қалмақ табысуын» тілейтіндігін білдіреді. Бірақ елдің өкілі- елші бейбітшілікті жалынып- жалбыранып сұрамайды, халықтың ар намысын, абыройын жоғары ұстайды. Жат елде, жау алдынды қара басы қатерде тұрса да, бірақ ойлан, « сен қабылан болсан, мен арыстанмын» деп елінің күшін ескере сөйлейді.
Сөйтіп, шешендік даулар екі кісі арасындағы мал- мүлік болатын дау- шарадан бастап екі ел арасындағы мемлекеттік бітім сөздерге дейін қамтиды.

2- топқа тапсырма: «Бота дауынан» бір мысалына көңіл аударсақ 13 жасар баланың әділеттік жайлы айтқан сөзіне таң қаласын. Сынды туған әкесіне айтады. Ауқатты Айдабол бидің бір баласының көп түйесіне кедей жігіттің жалғыз буаз інгені қосылып жүріпті. Бір күні жігіт көруге келсе түйе боталаған екен. Екі інгенді кезек еміп бір бота тұр. Өлген бота кімдікі екені беймәлім.
Төрелікке Айдабол бидің өзіне барыпты.

1. Қазақ халқының дәстүрлі дауларының қайсына жатады?
2. Сараптама жасау.

Ауқатты Айдабол бидің бір баласының көп түйесіне кедей жігіттің жалғыз буаз інгені қосылып жүріпті. Бір күні жігіт көруге келсе түйе боталаған екен. Екі інгенді кезек еміп бір бота тұр. Өлген бота кімдікі екені беймәлім.
Төрелікке Айдабол бидің өзіне барыпты.
Кедей жігіт: «Түйеме бұрын бота ембеуші еді, боталары өле беруші еді», - деп расын айтыпты. Сонда Айдабол: «Е, шырағым, онда өлген бота сенікі», - депті.
Осыны естіген 13 жасар Тайкелтір әкесіне:
Шашыңның мына ағында,
Өлерінің шағында,
Етсеңіз әділ төрелік,
Халқың сіздің жағында.

Әділеттіліктен кетсеңіз,
Басқа билер қағынды,
Би қағынса көпшілік,
Қағады бастан бағынды.

Қисық берген төреңе
Шыдамай дәтім тарылды.
Төрелік бердің балаңа,
Жігіт саған не қылды?

Осы «бота дауында» әкесі ашуланып: «мен қисық төрелік етсем түзет, ал түзеу бере алмасаң, өзің жазаланасың» дегенде, бала ойланбастан жалғыз ботаны алдырып, оның санына қыл бұрау салдырыпты. Бота шыңғырғанда кедей жігіттің түйесі боздан келіп ботаны бауырына басады. Ал екінші інген тұрған жерінен қозғалмапты.

Жоғарыда келтірілген «Бота дауында»

Шашыңның мына ағында,
Өлерінің шағында,
Етсеңіз әділ төрелік,
Халқың сіздің жағында...
Билердің халық қалаулысы, яғни әлеуметтік тұлға екенін, қызметтерінің өкілеті екенін, көпшілікке ұнаса, әділ болса лауазымы сақталып, ал беделі төмендесе атақ – абыройынан айыртатынын осы бір мысалдың өзі –ақ айтып тұр.

3-топқа тапсырма:
Берілген мәтінді сараптау негізінде қазақ халқының құқықтық мәдениетіндегі басты тұлға би екендігін дәлелдеу.

Қазақ қоғамындағы билер айрықша құқықтық артықшылықтарға ие болушы топ өкілдері. Ақсүйек тұқымы болып есептелетін сұлтандармен салыстырғанда, билер- көшпелі қауымның өз ортасынан шыққан ру- тайпа игі –жақсылары.
Сайып келгенде қазақ қоғамына тән дау- дамай, талас- тартыстардың барлыға екі мәселе- «Жер дауы» мен «Жесір дауы» төңірегінен өрбіп отырғанын есте ұстар болсақ, олардын әдет- ғұрып негізінен келіп туындайтыны айдан анық. Екеуінің де шешімі тек билер институты арқылы шешлуі ғана мүмкін еді. Билер институты үшін «Жер дауы» - отан қорғау, ал «Жесір дауы» қоғам өмірінің ішкі өміріне тән кең мағынаны білдірген. «Жер дауы»- атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа қалдырылып келе жатқан рухани құндылықтарды қорғау мәселесә болып табылған.

Сөйтіп билердің әлеуметтік мәртебесінің қырларын атасақ:
• Би – дала аристократиясының өкілі;
• Би – әкімшілік тұлға;
• Би- төреші;

Билердің саяси салмағы едәуір болғаны соншалық олармен ханның өзі де есептескен.
Мәселен 1748 жылдың тамыз айында Барақ сұлтан Кіші жүздің ханы Әбілқайырды өлтіріп, қолына қарайтын елмен Орта жүзге қарай көшкенде, орта жолдан Қаз дауысты Қазбек көлденең тұрып: «... ханды қарадай өлтірсең, халқыңды қынадай қырарсың... сылтауратып сытыла алмайсың, бұлталақтап құтыла алмайсың», деп Қазбек би ханға да қарсы сын айтқан.

Қорытынды сөз:
Сонымен әдеби құны, әлеуметтік мәні бар шешендік сөздер белгілі – бір оқиғаға байланысты тапқырлықпен, көркемтілмен, айтылатын ұтымды ойлар, үлгілі тұжырымдар. Ауыздан- ауызға көше жүріп іріктеліп, сұрыпталып бүкіл халық қазынасына айналып кеткен.
« Дәстүрлі шешендік сөздерді алғаш тудырушы жеке адамдар болғанымен оны кейін өндеуші де, сақтаушы да халық» деген ғалым Б.Адамбаев шешендік сөздерді дау, сын, нақыл, арнау, толғау, билік, өсиет, өнер деп сараптайды.
Сонымен шешендік дау өнері жайлы пікір алмасып, демократиялық тұрғыдан қарым- қатынас жасауға жаттықтыру аркылы атқарған жұмысымыздың соңында айтарым оқушы- ата- ана – мұғалім- әріптестер арасындағы қарым- қатынас құралы- әрине сөз. Педагогикалық- психологиялық талаптарга орай ұлы мәртебелі СӨЗ арқылы тиімді қарым- қатынас жасау ұстаз- парызы. Рахмет.

1-топ тапсырмасы

1. Мәнерлеп оқу.
2. Қазақ халқының дәстүрлі дауларының қайсына жатады?
3. Сараптама жасау.

15 жасар Қазбектің қалмақ қонтайшысына айтқан сөзі:
Сен темір мен көмір
Еріткелі келгенмін.
Екі еліктің баласын
Теліткелі келгенмін.
Егесетін ер шықса
Иілткелі келгемін
Тұтқыр сары желіммен
Жабысқалы келгенмін
Қазақ, Қалмақ баласы-
Табысқалы келгенмін
Табысуға келмесен,
Тұрысатын жерінді айт,
Сен қабылан, мен арыстан
Алысқалы келгенмін- дейді Қазыбек.

2-топ тапсырмасы
1. Қазақ халқының дәстүрлі дауларының қайсына жатады?
2. Сараптама жасау.

Ауқатты Айдабол бидің бір баласының көп түйесіне кедей жігіттің жалғыз буаз інгені қосылып жүріпті. Бір күні жігіт көруге келсе түйе боталаған екен. Екі інгенді кезек еміп бір бота тұр. Өлген бота кімдікі екені беймәлім.
Төрелікке Айдабол бидің өзіне барыпты.
Кедей жігіт: «Түйеме бұрын бота ембеуші еді, боталары өле беруші еді», - деп расын айтыпты. Сонда Айдабол: «Е, шырағым, онда өлген бота сенікі», - депті.
Осыны естіген 13 жасар Тайкелтір әкесіне:
Шашыңның мына ағында,
Өлерінің шағында,
Етсеңіз әділ төрелік,
Халқың сіздің жағында
Әділеттіліктен кетсеңіз,
Басқа билер қағынды,
Би қағынса көпшілік,
Қағады бастан бағынды.
Қисық берген төреңе
Шыдамай дәтім тарылды.
Төрелік бердің балаңа,
Жігіт саған не қылды?
Осы «бота дауында» әкесі ашуланып: «мен қисық төрелік етсем түзет, ал түзеу бере алмасаң, өзің жазаланасың» дегенде, бала ойланбастан жалғыз ботаны алдырып, оның санына қыл бұрау салдырыпты. Бота шыңғырғанда кедей жігіттің түйесі боздан келіп ботаны бауырына басады. Ал екінші інген тұрған жерінен қозғалмапты.

3-топ тапсырмасы

Берілген мәтінді сараптау негізінде қазақ халқының құқықтық мәдениетіндегі басты тұлға би екендігін дәлелдеу.

Қазақ қоғамындағы билер айрықша құқықтық артықшылықтарға ие болушы топ өкілдері. Ақсүйек тұқымы болып есептелетін сұлтандармен салыстырғанда, билер- көшпелі қауымның өз ортасынан шыққан ру- тайпа игі –жақсылары.
Сайып келгенде қазақ қоғамына тән дау- дамай, талас- тартыстардың барлыға екі мәселе- «Жер дауы» мен «Жесір дауы» төңірегінен өрбіп отырғанын есте ұстар болсақ, олардын әдет- ғұрып негізінен келіп туындайтыны айдан анық. Екеуінің де шешімі тек билер институты арқылы шешлуі ғана мүмкін еді. Билер институты үшін «Жер дауы» - отан қорғау, ал «Жесір дауы» қоғам өмірінің ішкі өміріне тән кең мағынаны білдірген. «Жер дауы»- атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа қалдырылып келе жатқан рухани құндылықтарды қорғау мәселесә болып табылған.
Категория: Мастер-класс | Добавил: nensi (2012-02-28) | Автор: Куралай E
Просмотров: 3375 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-04-29, 3:09 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru