Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Семья и школа

«Адамдық борышың... »
«Адамдық борышың... »

Мақсаты:
1.Ш.Құдайбердиевтің өмір жолымен таныстыру.
2.Ақынның шығармашылығын насихаттап,өлеңдеріне, шығармаларына қызығушылық туғызу.
3.Мәнерлеп оқуға, түсініп қабылдауға жетелеу, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Ақынның портреті,туған туысқандарының суреттері, Шәкәрім туралы оқулықтар жинағы,трек сызбалар,плакаттар т.б.

Өту әдісі: әңгімелесу, көрнекілік, әдеби - монтаж.

Барысы: 1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Кіріспе

Мұғалім:Балалар мына портретте кімді көріп тұрсыңдар?
- Иә, Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Ол кісі кім болған ?
- Дұрыс айтасындар: ақын, ойшыл, аудармашы, қажы т.б.
Олай болса бүгінгі кешіміз - қазақтың аса көрнекті ақыны,Абайдың шәкірті - Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолына, шығармашылығына арналады.
Кешіміз 2 бөлімнен тұрады
1 бөлім: Шәкәрімнің өмір жолы және шығармалары, әдеби монтаж.
2 бөлім: Ақынның өлеңдеріне 3-4 сынып оқушылары мәнерлеп оқудан жарысады.
Олай болса кезекті оқушыларға берейік.
1 оқушы: Шәкәрім Құдайбердіұлы ақын, аудармашы, ойшыл, тарихшы, философ,қажы болған.Ол 1958 жылы 24 шілдеде Семей облысы,Абай ауданында дүниеге келген.Бала кезінен ұлы Абайдан тәрбие алған.
2 оқушы:Шәкәрім атаның руы-Тобықты,әкесі Құдайберді,атасы Құнанбай,арғы атасы Өскенбай,бабасы-Ырғызбай болған.
3 оқушы:Ақын өздігінен білім қуып,Абайдың ықпалымен 16-17 жасында өлең жаза бастаған.

4 оқушы: «Бостандық таңы атты» өлеңі
Бостандық таңы атты
Қазағым, көріңдер
Арғы ие басшының
Соңынан еріңдер
Күн артынан ақиқат, күн шығады
Еріншек, жалқаулық, әдеттен безіңдер.
Арамдық, арызы
Түбімен жойындар
Өтірік, өсекті
Біржола қойыңдар!

Хор: «Көтеремін артымда сөз, әнім қалар!»

5 оқушы: Шәкәрімнің бозбала жастық шағы іздену,үйренумен өнерлі ортада өтті. Ұлы Абайдың шәкірті болып, сөз өнері, музыка өнеріне көңілі ауды.

6 оқушы: «Адамдық борышың» өлеңі

Адамдық борыш, ар үшін
Барша адамзат қамы үшін.
Серт бергем еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін
Сертіме жету- арманым,
Көтерем тағдыр салғанын.
Өлгенімше ізденем,
Толтырар кемін қалғаным.

7 оқушы: Жиырма жасқа толар-толмастан Шәкәрім ел басқару жұмысына араласып, болыс болып сайланды.Ал 40-тан кейінгі өмірін әдебиетке, тарихқа, жағырафияға зерттеуге арнады.

8 оқушы: «Насихат» өлеңі
Сен ғылымға болсаң ынтық, бұл сөзімді әбден ұқ,
Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер.
Білген ердің бол шәкірті, білмегенді қыл шәкірт,
Үйренуге қылма намыс, үйретуге болма кер.

9 оқушы: Шәкәрім Құдайбердіұлы 1905 жылы Меккеге қажылыққа барды.Ол Түркияда,Францияда болған.Лев Толстоймен хат жазысқан.Жастарды білімге шақырған.

10 оқушы: «Жастарға» өлеңі
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам ойла, зарлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берелік,
Бір білімді данышпан жан табалық.

11 оқушы: Шәкәрімда ақындықпен қатар ән де шығару өнері болған, домбыра, скрипка тартып, ән салған.

12 оқушы: «Ашу мен ынсап» өлеңі
Білмегенімді жазушы ем,
Бекем буып белімді.
Мініп айтып қызушы ем,
Түзетпек боп елімді
Бұлдарлық ой менде жоқ,
Бұған шыққан терімді
Ұқтырарлық пенде жоқ
Қате басқан жерімді.

13 оқушы: «Қазақ» өлеңі
Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,
Қазақ жүр құмарланып құр шаттыққа.
«Анау-қу, мынау-пысық,мен-батыр» деп
Айналды бірін-бірі құрытпаққа

14 оқушы: 1931 жылы 2-ші қазанда аяулы ақын жазықсыз жалаға ұшырап, қаза болды.Мен кетемін, келеді тағы өмірге мендей,олар мінді көреді, қисық жерін жөндей-деп соңғы өлеңін осылай жырлаған

Хор: «Атамекен»

Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар, бүгінгі кештің қонақтары, оқушылардың дайындаған әдеби монтажы аяқталды.Енді 2 бөлімге кезек берейік.

2 бөлім:Мәнерлеп оқудан сайыс
Қатысатын: 3- 4 сынып оқушылары

Категория: Семья и школа | Добавил: Дауапа (2010-08-16) | Автор: Максутова Куралай Тезекбаевна E
Просмотров: 6129 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-04-29, 11:53 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru