Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Семья и школа

Ата-аналар жиналысы
Қош келдіңіздер құрметті ата- аналар!

Бүгінгі жиналысымыз балалардың ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттері туралы болмақ. «ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру жаңа стандарты» бойынша балалардың тәрбие мен білім алуы бірнеше салаларға бөлінген. Олар: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта». Білім беру мазмұны білім беру саласы арқылы жүзеге асырылады. Яғни әр салаға байланысты оқу іс -әрекеттері ұйымдастырылған.
Қазір барлығымыз шеңбер құрып тұрайық: «Шаттық шеңбері».
Барлық ата- аналардың қолына бір - бір гүл таратып беремін. Мен өз гүлімді сол жақта тұрған адамға беріп, жылы лебіз айтамын. Менің гүлімді алған ата- ана, келесі адамға жылы лебіз айтып, өз гүлін қосып береді. Шеңбер солай жалғасып аяғында бір үлкен шоқ гүл тәрбиешіге қайтып оралады.
- Міне, құрметті ата- аналар, мен бір кісіге, бір ғана гүл беріп едім, енді ол маған көп гүл болып қайтты. Мен де, сіздер де, балаларымызға осы кезде, осындай кішкентай ғана білім, тәрбие, мейірім сыйласақ, ол ертең өзімізге үлкен сый болып оралады. Осы өткізген «Қуаныш шеңбері», өзін -өзі тану пәнінен үзінді. Енді орнымызға барып тұрайық.
Бүгінгі жиналысымыз өзгеше болғалы отыр. Сіздер бүгін «бала» рөлін ойнайсыздар. Сондықтан мен сідердің рұқсаттарыңызбен, сіздерге «Балалар» деп сөйлеймін.
- Мен енді сіздерге күнделікті «Амандасу» әрекетін көрсетейін. Бәріміз бірге айтайық.
Амансың ба, алтын күн? (Оң қолдарын жоғары көтеру)
Амансың ба, көк аспан? (Сол қолдарын жоғары көтеру)
Амансың ба, жан досым? (Екі бала бір –бірін құшақтау)
Міне менің қолым, (Бір –біріне қолдарын беру, жымию)
Жылуыма жылу қос!
- Тәрбиеші: Қайырлы күн, балалар!
- Қайырлы күн !(балалардың сәлемі)
- Отырыңыздар.
Ескерту: Осы арада Балабақша психологына, дене тәрбиесі, музыка жетекшісіне сөз беріліп, әрі қарай жалғастырылады)
Міне балалар, біз ән айтып көңіл- күйімізді көтеріп келдік. Отырып жайғасыңдар.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (күз)
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар? ( толық жауап алу)
- Кім маған жыл мезгілдерді атап береді ( күз, қыс, көктем, жаз)
- Бір жылда неше ай бар? (бір жылда он екі ай бар)
- Кім маған ай аттарын атап береді? (Атайды)
- Бір айда неше апта бар? ( толық жауап алу)
- Бір аптада неше күн бар? ( толық жауап алу, атап беру)
- Жарайсыңдар!
- Балалар, осы бізді не қоршап тұр? (Табиғат)
- Дұрыс, ал табиғатқа нелер жатады? (адамдар, жануарлар, өсімдіктер...)
( Жыл бойы олардың аталуын, табиғатпен байланысын, пайдасы мен
зияны туралы айтылады)
- Міне, осының бәрін оқытатын «Қоршаған ортамен танысу», «Экология» пәні болып табылады.
Мектепке даярлау үрдісінің маңызды іс - әрекеттерінің бірі – «Сауат ашу және жазу» болып табылады. Балалар дыбыстар әлемін үйреніп, дауысты, дауыссыз дыбыстарды айырып, оларды әріп өткен сайын таңбалауды үйренеді. Сөйтіп буын құрап оқуды да меңгереді. Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында, мен өз тәжірибемде, оқуды ойын түрінде, «Әліпби» мультфильм қолданып немесе қызықты әңгіме ретінде ұғындырамын. Мысалы: (үзінді көрсету)
- Балалар бүгін біз «Н» дыбысы және әрпімен танысамыз. Кәне, әріптер туралы мультфильмді көрейік ( мұқият қарап, қайталап отырады)
- «Н» дыбысынан келетін қандай сөздер бар екен? (қол көтеріп кезекпен айтамыз)
- Нан, нар, наубайхана т.б.
Енді балалар әліппе – дәптерімізді ашайық. Ондағы суреттерді кім атап береді? Бірінші сөзге дыбыстық талдау жасау, мысалы: НАР деген сөзде бірінші дыбыс қандай?
- Н – оны айтқанда аузымызда кедергі болып әндете алмайды екенбіз, демек ол дауысты ма, дауыссыз дыбыс па?
- Дұрыс, дауыссыз дыбыс. (Есімізге түсірейік дауысты дыбысты қызыл түспен, ал дауыссыз дыбысты көк түспен белгілейміз), таныс әріптерді жазамыз. Балалар суреттің астындағы торкөзді толтырады.
- Енді кішкене кітапшаның тапсырмасын орындайық. Барлығың менімен бірге оқыңдар:
«Н» келе жатып, «А» - ға кездесті. Кел екеуміз дос болайық, - деді де, екі әріп қосылып бір буын құрды На, на, на, на;
«А» келіп: «Мен де сендермен дос болайыншы» - деп, олардың алдына тұра қалды да, өздігінен буын құрды. А – на, а – на ...
- Алақай, біз оқи аламыз!
Қазіргі заманның ағымы байқайсыздар ма, өте динамикалық заман, жылдамдықты, тез шешім қабылдауды талап ететін заман. Балалардың ой - өрісін, логикасын дамытатын «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» атты пәніміз бар. Балалар сандар қатарын құрып, цифрларды атайды. Тура және кері санау, сандардың көршілерін атау, реттік санау, кеңістікті, жазықтықты бағдарлау, геометриялық пішіндерді танып, олардан әр түрлі композиция құруды, жазбаша логика тапсырмаларын орындап, ауызша есеп құрып оның шешімін табуды үйрететін іс -әрекет. Балалар түстерді естерінде сақтап, сан құрамын жеңіл үйрену үшін, (ал сандар құрамын білген бала жылдам есептей алатын болады) биыл «Кюизенер таяқшаларын» қолдануды ұйғардым. (Ата – аналарға Кюизенер таяқшаларын көрсетіп, онымен жұмыс істеу әдісімен таныстыру )
Бала тілі – бал демекші, баланың айтқан тақпақтары, әңгімелеуі бізді сүйсіндіреді. Бірақ өкінішке орай, кейбір балалардың байланыстыра сөйлеуі, тақпақты тұрақты есте сақтай алмауы кездеседі. Бірақ қай бала болмасын сурет салғанды жақсы көреді. Сондықтан біздің «тіл дамыту және көркем әдебиет» деген пәндерімізді оқытқанда, мен өз тәжірибемде схемалық суреттерді қолданамын. Бұл әдістің балалар оқығанды есте сақтауына көптен – көп көмегі бар. Қазір сіздерге кеңес ретінде мастер – класс өткізгім келеді. Бүгін біз «Күз» тақырыбына кішкентай жұмбақ-тақпақ жаттаймыз. (Әдетте алдымен оқып беремін, одан кейін балалармен талдаймыз) Одан кейін схемалық суретін саламыз да, жаттаймыз.
1- ші мысал: Жапырақтар сарғайып,
Күн бұлтты болады.
Жаңбыр жиі жауады,
Құстар ұшып барады. (Бұл қай кезде болады?)

1 сурет

2. Мысал: Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін оқып беру.
Ата- аналармен бірге суретін салу, мазмұнын айту.
Сурет салу, ермексазбен мүсіндеу, қағаз қиып жапсыру немесе оригами (қағазды бүктеу арқылы әр түрлі заттар жасау) – осының барлығы баланың саусақ моторикасын дамытып, ой- өрісін арттырады. Музыка пәнін қосқанда осы іс -әрекеттер «Шығармашылық» саласын құрайды. Осы салаға байланысты кішкентай ғана үзінді көрсетейін. Бұл сурет салудың жапон әдісі, әдетте балаларға өте ұнайды. Алдымыздағы жапырақтарды үстел үстіне гүл шоғы тәрізді орналастырамыз, үстін ақ қағазбен жабамыз. Енді оның үстін түрлі түсті майлы қарындашты(восковые мелки) көлденеңін ұстап бояймыз. Жапырақтың бейнесі ақ қағазға сол қалпы түседі. Балалар оған қуанады. Енді жапырақтарымызды қиып алайық. Осы суреттеріңіздің артқы бетіне бүгінгі жиналыстан алған пікірлеріңіз бен тілектеріңізді жазып білдірулеріңізді өтінемін. Оны мына ағаш бұтағына жапсырайық. (плакатта жапырақтары жоқ ағаш суреті салынып тұрады). Міне, «Көп тілегі – көл» дегендей жапырақсыз, көңілсіз күйде тұрған ағашқа жан бітіп әдемі күзгі тоғай болды.
Сіздерге көп рахмет. Кездескенше хош, сау болыңыздар.
Категория: Семья и школа | Добавил: Гулистан (2012-01-19) | Автор: Гульнара Байсалбаева E
Просмотров: 11012 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-17, 6:18 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru