Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум

Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «Үргенішбаев атындағы орта мектеп»мм Информатика пәнінің мұғалімі Әбдіғалиева Тұрсынай
Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың
міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьтердің
негізгі құрылғылары –процессормен, ЖЖҚ-мен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау
қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқышыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық,
тапсырмалар, POWER POINT бағдарламасында дайындалған слайд.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, қауіпсіздік ережені ескерте отырып назарларын сабаққа аудару.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Өткен сабақты сұрақтар қою арқылы сұрау.
1) Операциялық жүйе дегеніміз не?
2) Операциялық жүйе не үшін керек?
3) Интерфейс дегеніміз не?
4) Компьютерлерде қатынасудың неше тәсілі бар?
5) Қолданбалы бағдарламалар неше топқа бөлінеді?
6) Оларға мысал келтір
7) Информатика дегеніміз не?
8) Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал?
3. Жаңа түсініктер:
Электронды оқулықтан тындалады.
Компьютер “сөзі” есептеуіш” дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы.компьютер-деректерді бағдарламалап өңлдеуге арналған электрондар құрылғы.Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер,дыбыстар, графика және т.б.) ақпаратты өндейді, әр түрлі технологиялық процесттерді, деректер базасын және басқаларды басқарады.Бұл типті компьтерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады.Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК-сі. Бірақ.ДК-лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу және адаммен қарым-қатынас жасауының негізгі принціптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоклардан тұрады.
Блоктардың номенклатуруасы әр түрлі болуы мүмкін,бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады.Оларға принтер, ыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, маус, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі-жүйелік блок. ДК жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т.б. аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контролер ажыратпалар орналастырылған.
ДҚ (дербес компьютер деп аталуының – бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.
Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус.
Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта.
Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады.Олар: монитор, пернетақта,принтер,маус,модем.Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.
Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.
Процессор- компьютердің ең басты бөлігі.Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады.Процесор жадпен жұмыс істейді.Жад микросхемасынан процесор өзіне қажетті ақпаратты алады.
Жедел жад-бұл компьютердің ішкі жады.Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді.Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше.Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар:тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ) – ақпартты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус,джойстик,өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы – принтер, диспей, графопроектор.
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромды болады.
Монитор-ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі бойынша жіктеуге болады.
Бейнелеу түсі бойынша Шығаратын ақпараты бойынша
Монохромдық (қара, ақ, градияциясы сұр) Символдық, (тек мәтіндік ақпаратты бейнелейді)
Түрлі түсті Графикалық (графиктерді, суреттерді шығаруға мүмкіндік береді)
Пернетақта (Клавиатура)
Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.
Тышқан. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан (маус) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол-сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы.
Джойстик. Джойстик деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор.
Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды , суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады.

Принтер. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік.
Матрицалық принтерлер – бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болады.
Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді. Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді. Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде айда болады.
Сиябүріккіш принтерлер түрлі түсті баспадан кеңінен қолданылады
Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды , суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады.
4. Тапсырмалар:
1. Компьютердің құрамына кіретін құрылғыларды жазыңыз.
2. Электронды оқулықтан 9-тапсырма,
Анықтамаға сәйкес келетін құрылғыны көрсетіңіз.
3. Жүйелік блок құрамына кіретін құрылғыларды жазыңыз.
4. Негізгі және қосымша құрылғыларды өз жәшіктеріне орналастырыңдар
5. Пернетақта тренажерімен жұмыс істеу.
6. Семантикалық картамен жұмыс
Компьютер құрылғыларының әрқайсысын қолдануы мүмкін жерге “+” таңбасын қой

5. Сабақты бекіту.
Графикалық тест
1. Негізгі құрылғыларды тап.
А) принтер, модем, колонка, сканер, микрафон,терте
Ә) монитор, пернетақта, жүйелік блок, тышқан
Б) пернетақта, модем, принтер, терте
2. Қосымша құрылғыларды тап.
А) принтер, модем, колонка, сканер, микрафон, терте
Ә) монитор, пернетақта, жүйелік болк, тышқан
Б) пернетақта, модем, принтер, терте
3. Негізгі енгізу құрылғысы
А) принтер, сканер Ә) монитор Б) тышқан, пернетақта
4. Қосымша шығару құрылғысы
А) сканер Ә) принтер Б) модем
5. Дербес компьютердің ең басты “миы”
А) процессор Ә) монитор Б) жүйелік блок
6. Әріптік –сандық ақпараттарды енгізуге арналған құрылғы
А) сканер Ә) тышқан Б) пернетақта
7. Мәтіндік және сызбалық ақпараттардың сандық көшірмесін әзірлейтін құрылғы
А) сканер Ә) тышқан Б) пернетақта
8. Принтердің неше түрі бар
А) 3 Ә) 2 Б) 1

Өзіңді-өзің тексер

6. Үйге тапсырма: Дербес компьютермен. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы. Сөзжұмбақ, ребус құрып келу.
7. Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
Категория: Компьютер-бум | Добавил: Айару9167 (2015-02-03) | Автор: Кунжамила E
Просмотров: 2204 | Комментарии: 4 | Теги: Әбдіғалиева | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 2:16 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru