Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык

Ағылшын тілі сабағында ақпараттық коммуникативтік технологияны қолдану
Ағылшын тілі сабағында ақпараттық - коммуникативтік технологияны қолдану
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі.Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым қатынасына ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі уақытта арнайы бағыттағы ақпараттық коммуникативті технолгияның құралдарын құру үрдісінде көптеген білім беру бағыттары мен оқу пәндері бойынша мультимедиялық энциклопедиялар жасалған. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігін беретін ойындық ситуациялық тренажерлар және мультимедиалық оқыту жүйелері құрастырылған.Ағылшын тілі - қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Сол себепті де ағылшын тілін білудің маңызы зор. Ағылшын тілін оқытуда АКТ-ны қолдану тілді оқытудың тиімді жолдарының бірі десем қателеспеспін. Ақпараттық технология – бұл компьютерлер арқылы жан – жақты ақпаратты – бағдарлама жүйесінде оқыту. Оқытудағы ақпараттық технология дегеніміз не? Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Ағлшын тілі сабағында АКТ-ны қолдану мақсатым: Ақпараттандыру жағдайында білім беру саласында компьютерлік техниканы,ғаламтор, компьютерлік желі,электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Міндетім: Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеуді қалыптастыру , түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда: оқушылардың сөйлеу ырғағын дамытады, аз уақытта оқушы көп ақпарат алып, уақытты үнемдейді, лексиканы оқып үйретеді, оқытушы оқушыға үйретуге тиісті ақпараттар мен білім қорын жүйелі түрде көрсете біледі, диалог, монолог және рөлдік ойындар, аудио кассеталар мен CD дискке ,флэшкаға қажетті материалдарын көшіріп жазып алады, грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі, ҰБТ,ОЖСБ-ға онлайн тест арқылы өздігінен дайындалуға мүмкіндік береді .
Жаңа ақпараттық технологияны ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер: үлгерімі төмен оқушыларды ынталандырады, оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады; сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады; оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады, грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі; оқушылардың шығармашылығын арттырады; білім сапасын арттырады. Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі комьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор. Интернет арқылы оқушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттерімен жұмыс істей алады.
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері:
• Әрбір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;
• Білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге;
• Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
• Электрондық білім беру пайдалану арқылы даралап оқытуға.
• Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдану (музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация ,бейне-клиптер, слайд-шоу).
• Жүйенің басқару құрылымы-оқытушы өз ойын, көзқарасы, өз кезегіндегі материалдық ұсынылымын, әр түрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алады.
• Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.
Қазақстан Республикасының мемлекет аралық тілі- ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен- күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық –коммуникативтік технология арқылы оқыту тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
• лексиканы оқып үйретеді;
• сөйлеу ырғағын;
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды («A visit to the doctor», “At the taxi”, “Farmer” )
• хат жазуға үйретеді; (“Having pen-friends” тақырыбы бойынша электронды есептеу машинасының операторы тобына сабақ)
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.
Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. Ал бұл іс-әрекеттерді сауатты да дұрыс жүзеге асыру үшін грамматикалық жұмыс жүргізілуі керек.Грамматикалық, лексикалық тапсырмаларды презентация арқылы балаларға түсіндіру өте тиімді.
Сонымен бірге ағылшын тілі сабақтарында электрондық оқулықты пайдаланудың маңызы зор. Электрондық оқу құралы-бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы , анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға және т.б білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі,пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға , дербес жұмыстарын ұйымдастыруға өте маңызды.Интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдар-презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер-сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты –терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген , жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз жаңа технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркениетті елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдардың қолданып отырмыз. Бұл-біздің Қазақстанның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады. Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда ақпараттық коммуникациялық технологиялар. Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады.
Ақпараттық технологияны шетел тілі сабақтарында пайдалану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.
• Сөзжұмбақ, кестелерді құру арқылы сабақты қызықты өткізу
• Грамматикалық тақырыпты және лексиканы презентация арқылы уйрету
• Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді уйретеді.
• Дербес компьютерді және ғаламторды пайдалану арқылы оқушылардың білімін кеңейту.
• Ғаламтор желісін пайдалану арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы оқушылар хат-хабарлама алмасу,өзінің ойын еркін жеткізу.
• Кез-келген грамматикалық тақырыпта онлайн тесттер шешу
• ҰБТ және ОЖСБ-ға онлайн тест арқылы дайындалу
Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екеніне көзіміз жетті. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Бүгінде компьютер, телекоммуникациялық құралдарды сонымен қатар ағылшын тілін меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі арта түсуде. Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа заманға сай мамандарды дайындай білуіміз керек. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.
2. А. Иманбаева, Оқу - тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000
3. Ағылшын тілі мектепте. 2009 №5. 2010 №1. 3.
4.А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000
5. Дмитриева Е.И. Основная методическая проблема дистанционного обучения иностранным языкам через компьютерные телекоммуникационные сети Интернет //М., ИЯШ, 1998, №1, с. 27-32.
6. Маткин В.А. Обоснование ценностно-синергетического подхода к подготовкам специалиста-профессионала //М., Вестник высшей школы, 1999, №6, с. 63-67.
7. Полат Е.С. Метод проектов на уроках иностранного языка //М., ИЯШ 2000, №3, с.

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп

Ағылшын тілі сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану

Ағылшын тілі пәні мұғалімі: А.С.Темербекова
Категория: Английский язык | Добавил: Алиюш (2015-04-01) | Автор: Темербекова Алия Советбековна E
Просмотров: 2593 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 5:41 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru