Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык

САБАҚ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - мұғалімнің еліміздегі жүргізіліп жатқан білім беру саясатындағы және әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың заманауи құралдарын өз тәжірибесінде ықпалдастыру арқылы оқыту сапасын арттыруға бағдарланғаны. Қазіргі таңда әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделу қабілеті бар, өз жолын дұрыс таңдай білетін және оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр. Білім беру саласында қол жеткізген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды.
Соңғы жылдары мемлекетте жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы және оны білім беру саласында енгізу оқушы тұлғасының дамуына да қатты әсер етті. Мектеп қоғамның бір бөлшегі болғандықтан , бүкіл елде болып жатқан өзгерістер мектепте де орын алуда. Сол себептен мектептегі оқыту үдерісін оқушы қызығушылығын , белсенділігін арттырып , өз еңбегінің жемісін көретіндей етіп ұйымдастыру керек. Осы мақсаттың шешімінде мұғалімге оқытудың дәстүрлі әдістері мен заманауи ақпараттық , соның ішінде инновациялық және ақпараттық – коммуникациялық технологияларды сабақ үдерісінде тиімді пайдалану өзекті мәселелердің бірі болды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жәй ғана иеленіп ғана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып отыр.
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.
Білім ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда. Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістері:
1.Ақпараттық коммуникациялық технологиялар.
2.Ақпараттық мәдениет орталығы.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияға интернет, теледидар, электрондық почта, радионы жатқызуға болады. Мұғалім ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы оқушылармен байланысын жеке-дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндік алады. Мультимедия кабинетінде электрондық оқулықпен сабақ берудің тиімділігі көп:
1. Мұғалім оқушы білімін бағалауды компьютерге жүктейді. Бұл бағалау көрсеткіштерінің нақты, дәл болуын қамтамасыз етеді.
2. Оқушы жеке жұмыс жасайды.
3. Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын толық көріп, әрбір оқушының қабілетіне қарай онымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі ашылады.
Сонымен қатар пәндерді оқыту әдістемесіне интернет жүйесін қосу сапалы білімнің қайнар көзі болар еді. Интернет жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардың мұндай қабілеттерін ашып, танымдық іс-әрекетін қалыптастыратын әрине, мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде мұғалім тек басшылық жасайды әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналды. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын
жалпыұғым.
Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Қазақстанның білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында электронды оқытудың «е-learning» мақсаты «...білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздіксіз білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету» , - деп атап көрсеткен. 2012-2013 оқу жылынан бастап мектеп «Электронды оқыту жүйесіне» бойынша қала мектептерінің арасында пилоттық тәжірибісіне енді. Оқу жылында мектепте 1 компьютерлік класс, мобильді класс , барлығы 101 компьютермен қамтамасыз етілген. Жалпы мектепте 30 оқу кабинеті бар, оқу үрдісінде қолданылатын 47 компьютер, оның ішінде 33 интернетке қатынай алады, интерактивті тактамен жабдықталған кабинеттердің саны 9 , мультимедиялық кабинет 1.
Халықаралық зерттеулер нәтижесінде мектеп оқушыларының негізгі білімдері болғанымен, логикалық ойлауға машықтанбаған, сыни тұрғыдан ақпаратты бағалау қабілеттері, талдау мен салыстыруларда өз көзқарастарын дәлелдеп көрсете алу қабілеттері де нашар қалыптасқан, өз білімдерін өмірде қолдана алмайды деген шешімге келді .
ҚР білім беру ісін дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында біліктілікті арттыру мәселесі көтерілді , осы бағытта Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж Университетінің Білім беру Факультетімен және Халықаралық емтихан Кеңесімен бірлесе әзірлеген бағдарламасында күтілетін нәтижелер оқушылар қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияны жетік меңгерген оқушы ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету деп танылды.
Сондықтанда , Дьюидің «Белсенді сабақтарды жүргізу, қарапайым бейнелеме және ауызша сабақтардан арылу және оларды екінші жоспарға ауыстыру: мектепте жағымды психологиялық атмосфераны орнату, оқушылар мен мұғалімдерге келетін болсақ-тәртіпті өзгерту, өте белсенді факторларды, дәлдікті және өзін-өзі басқаруды енгізу» деген ой-тұжырымын мектебімізде іске асыру болды.
Мақсатымыз:
1. Мұғалімдердің қоғамдастығын құра отырып, мектептегі әріптестердің кәсіби дамуына ықпал ету;
2. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін оқушылардың білімін жақсартуда пайдалану және игеруге әдістемелік көмек беру;
3. Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы мұғалім мен оқушының шығармашылық әлеуетін арттыру.
Мектептің бастапқы мүмкіндіктерін зерттеу деректерінің нәтижесі бойынша дамыту жоспарына сәйкес оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы топтық жұмыста оқушылардың бір-бірін оқыту дағдыларын қалыптастырса, тәлімгерлік ету, коучинг жүйесін енгізу арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал еткені анықталды .
Мектеп мұғалімдері аталымыш оқу жылында 15% пәндік курстарға қамтылса, деңгейлік курстар 10% . Жоғарыда көрсетілгендей мұғалімдердің біліктілік арттыру курстарын ұйымдастыру жұмыстарының әлсіздігі байқалды, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру оқыту сапасын жақасартудың кепілі екені белгілі, сондықтан да мұғалімдеріміздің кәсіби біліктілігін арттыруға мектепшілік коучингтер, семинарлар , тәлімгерлік жүргізу арқылы ықпал ету болды. Мектебіміз қай жағынан өзгереді? Мұғалімдерімнің бойынан қандай кәсіби өзгеріс күтіледі? Алдымдағы оқушым қалай өзгереді? деген сауалдарға жауап алуда шығармашыл мұғалімдермен біріге отырып мектептің бүгінгі таңдағы басым жақтары мен әлсіз тұстарын айқындауда мұғалімдерден , ата-аналардан, оқушылардан сауалнамалар алынып, сұқпат жүргізіп төмендегідей қорытындыға келдік
Ата-аналардың 65% мектептің баласы үшін білім алуға икемді, қауіпсіздігі қамтамасыз етілген оқу тәрбие ортасы болуын қалайтынын , мектеп ұжымына сенетіні анықталса, 35% ата-аналар мектеп кез-келген күш көрсету, зорлық белгілеріне тосқауыл бола алмайды, яғни ата-аналардың мүдделері мен мүмкіндіктеріне бағытталатын жұмыстар, яғни тығыз байланыс орнату қажет екені байқалды. Сауалнамаға қатысқан 147 оқушы. Мұғалімге тән белгілер мектепте әлі де болса мұғалімдер мен оқушылар арасында сенімділіктің жоқтығы, сынып туралы оқушылар арасында бір-біріне деген қолдаудың әлсіздігі, оқушылар өз мұғалімдерінен адамгершілік қасиеттері мен жоғары кәсіби шеберліктерінің болуын қалайды, сабақтың мазмұнын қызықтыра өтсе, яғни мектепте оқушы сұранысы әліде болса толық қанағаттандырыл-майтындығы байқалды. Сауалнама алу барысында бастауыш буынмен салыстырғанда әсіресе негізгі, орта буындарда жоғарыдағы айтылған тұжырымдар айқын көрініс тапты. Мұғалімдердің алынған сауалнаманың қорытындысы (қатысты: 54) бойынша ұжым мектептің даму бағыттарын айқын түсінеді , бірақ бірлесіп талдау жұмыстары әлсіз , маңызды деп саналатын мәселелерге, шешімдер қабылдауға сирек қатысатыны, мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізер алдында оқушылардың, ата- аналардың пікірін біліп алу маңыздылығы басым көрінді.
Сауалнама нәтижесін бойынша шыққан даму басымдылықтары :
 оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас ;
 оқушылардың сабаққа ынтасын,қызығушылығын,
белсенділігін арттыру ;
 оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу;
 кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал ету;
 оқушы – мұғалім - ата-ана арасындағы тығыз байланыс;
 көшбасшылықта сенімді қарым – қатынас орнату;
Мұғалімнің басты міндеті күнделікті сабаққа жаңаша леппен, дайындықпен, нақты мақсатпен келсе ғана, оқушысы табысты оқушыға айналатыны белгілі. Әрине ол үшін мұғалім күнделікті сабақ жоспармен тыңғылықты дайындалып келу пайдалы болмақ. Осы орайда әрбір жеке мұғалім әр жеке сынып сабақтарын егжей-тегжейлі жоспарлау үшін орта мерзімдік жоспарды пайдаланады. Сондықтан әрбір деңгейлік курсты бітіріп келген мұғалімнің орта мерзімді жоспарларының талаптарға сай болуы үшін мектеп оқу –әдістемелік ісі жөніндегі директордың орынбасарлары мен бірінші, екінші деңгей оқыған мұғалімдер назарда ұстады, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларды құра білу мен оны іске асыруда көмектер көрсетіліп отырды. Мектебіміздегі деңгейлік сертификатталған мұғалімдер өз қарамағына алған тәлім алушыларына көмектер көрсетіп, сабақтарына қатынасып, өзара кәсіби сабақтастықты қалыптастырды. Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда мектебіміздің ұстаздары төмендегідей нәтижеге жетті:
 1.Диалогтык оқыту 61%
 2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету 12%
 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау 10%
 4. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу 12%
 5.Дарынды және талантты балаларды оқыту 23%
 6.Оқытуды басқару және көшбасшылық 28%
 7.Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану 43% деп көрсетті

Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011– 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
2. Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлігі орталығының баспасы, 2013ж. – 95 бет
3. ПШО үлестірмелі материалдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлігі орталығының баспасы, 2013. – 337 бет
4. Мұғалімге арналған нұсқаулық бірінші (ілгері) деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлігі орталығының баспасы, 2013 ж. – 78 бет1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
5. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.
Категория: Английский язык | Добавил: Жанка (2016-02-28) | Автор: Тынынбаева Карлыгаш Темирбековна E
Просмотров: 1684 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 8:27 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru