Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык

Грамматиканы оқытуда қолданылатын ойын жаттығулары.
Автор: Асылбекова Баян Мухаметбековна
Назарбаев Интеллектуальная школа
Физико-математического направления

Грамматиканы оқытуда қолданылатын ойын жаттығулары.
Тілді меңгеруде грамматиканы оқытудың маңызы зор. Өйткені грамматикасыз сөйлемнің мағынасын түсіну қиынға соғады. Кез келген тілдің грамматикасын оқып-үйрену – оқушылар үшін күрделі де қызықсыз тарау болып табылады. Оқулықта әр тақырыптан кейін берілетін жаттығулар қоры жеткіліксіз болады және бірыңғай жаттығуларды орындаудан оқушылар шаршайды. Осыдан келіп оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығы төмендейді. Жалпы грамматикалық жаттығуларды 2 топқа бөліп қарастыруға болады: мағыналы және мағынасыз жаттығулар. Мағынасыз жаттығулар деп, оқушылардың автоматты түрде формулаға қарай отырып орындайтын жаттығуларын айтамыз. Осындай жаттығуларды орындағанда балалар көп ойланбайды, олар ессіз көшіреді. Мағыналы жаттығулар оқушылардың ойын қажет ететін, еске сақтау қабілетін, логикасын дамытатын сапалы жаттығулар. Мысалы: «What do you prefer an apple or a banana?» деген сұрақ - мағынасыз сұрақ, себебі оқушылар оған ойланбай жауап бере алады. Егерде осы сұраққа «Why?» деген сұрақты қоссақ, ол жаттығу мағыналы сұраққа айналады. Сөйтіп біз кез келген жаттығудың немесе тапсырманың мағынасын арттыра аламыз.
Грамматиканы оқытуда сонымен қатар ойын жаттығуларын қолдана аламыз. Ойын – балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ең ежелгі жолдарының бірі болып табылады. Ол әрқашан адам өмірінде негізгі орынды алады. Ол - адамның сәтті түрде жеке тұлға болып қалыптасуына және қабілетінің дамуына жағдай жасайды. Ойын – адамың тек ой әрекетін емес, сонымен қатар эмоционалды қиналысын талап ететін ерекше ұйымдасқан әрекет. Сабақты жоспарлағанда оқушыларға тек жаңа сөздерді немесе қандайда бір құрылымды жаттату ғана емес, сонымен қатар әр оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына қажет болатын жағдайлар жасау керек. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығушылығын жоғалтпас үшін оқушыларды жұмыс жасаудың қандай жолдары қызықтыратынын түсіну маңызды. Бұл жерде сабақтың сапасын және тиімділігін арттыратын бірден-бір жол, ол – ойын. Ойынды қолдану жақсы нәтиже береді. Оқушылардың біріншіден, пәнге қызығушылығы артады, зейіні оянады, оқытудың негізі – сөйлеу іскерлігін меңгереді, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды, өз-өздерін жақсы қырынан көрсетуге тырысады. Ойын оқушылардың шығармашыл дара болып қалыптасуына, кез-келген жұмысты шығармашылықпен істей алуға көмектеседі. Жұмысқа шығармашыл болу – оны сапалы орындау, яғни жоғарғы деңгейде орындау деген сөз. Шығармашылық бұл – әрдайым жоғарылау, даму, прогресс жасау. Бірге орындалатын шығармашылық ойындар ересек адамдар мен оқушыларды біріктіреді. Бұнда дұрыс бағытта тәрбиелеудің басты принципі жатыр. Бала ойнау арқылы артқа емес, алдыға жылжиды. Ойында оқушылар барлығын бірге жасайды: олардың ойы, ішкі ойы , қиялы бірге жұмыс істейді. Ойын арқылы мұғалім оқушыға диагноз қойып, баланы тани алады. Ол арқылы баланы сергітуге, қолдау көрсетуге болады. Ойын арқылы балалардың негізгі психикалық қасиеттерін дұрыстауға, жақсартуға және дамытуға болады. Ойын қалай әрекет ету, не айту және қалай жеңу керек сияқты шешімдерді қабылдауға жетелейді. Осынадай сұрақтарды шешуге ұмтылу оқушылардың ойлау әрекетін тездетеді. Тілдік материал еріксіз меңгеріледі, және балаларда қанағаттану сезімі пайда болады. Бірақ та ойынның тартымдылығы мен тиімділігіне қарамастан, шектеу қою қажет. Кері жағдайда ойын оқушыларды шаршатады, және эмоционалды әсерін жоғалтады.
Ойын арқылы сөздің айтылуы, лексикалық және грамматикалық материал белсенді түрде меңгеріледі, тыңдап түсіну (аудирование) және ауызша сөйлеу дағдылары дамиды. Сонымен қатар ойын арқылы баланың шығармашылық және ойлау қабілеттері дамиды. Оқушылардың байқампаздық қабілетін ашады, сабақты тірілтеді, шет тілін уйренуге деген қызығушылығын оятады. Теңдікті сезіну, сабаққа қызыға қатысу - оқушыларға ұялшақтықты, жасықтықты жеңе алуға, тілдік барьерден өте алуға және шаршауды баса алуға мүмкіндік береді.
Енді, сабақта өзім қолданып жүрген грамматикалық жаттығуларды өздеріңізге ұсынайын деп отырмын:
1. «What’s this?» (“to be” етістігін жаттықтыру ойыны)
Мұғалім открытканы балаларға көрсетіп, «Guess what is this?»- деп сұрайды, оқушылар «Is this a girl?». Мұғалім «No, it isn’t» немесе «Yes, it is» деп жауап береді. Мұғалім кез- келген затты көрсетіп, сол сұрақты қоюына болады.
2. «Questions» (“to be” етістігін жаттықтыру ойыны)
Жүргізуші “А” әрпінен басталатын бір сөзді ойлап, былай дейді : “I spy with my little eye something beginning with A”. Оқушылар сол сөзді табу үшін: “Is it an apple?”, “Is it an apricot?” сияқты сұрақтарды қою арқылы мұғалімнің ойлаған затын табулары тиіс.
3. «Hide-and-seek in a picture». (“Prepositions” арналған ойын)
Тығылатын адамды санамақ арқылы анықтайды. Оқушылар көздерін жұмады, тығылатын оқушы ойша үлкен суреттегі қай заттың артына тығылатынын қағазға жазып, мұғалімге береді. Қалған оқушылар сол уақытта:
Bushel of wheat, bushel of clover
All not hid, can’t hide over
All eyes open! Here I come
Оқушылар көздерін ашып, «іздей» бастайды:
P1: Are you behind the wardrobe?
P2: Are you under the bed?
P3: Are you in the wardrobe?
Тапқан оқушы тығылуға мүмкіндік алады.

4. «Where was …?» (“Prepositions”, “to be” арналған ойын)
Мұғалім үстел үстіне ағылшын тілінде атаулары белгілі заттарды қояды: қалам, қарындаш, пенал, кітап және т.б. Қаламды үстел үстіне қойып, қаламды кітаптың ішіне салып, пеналды үстелдің астына тығып қояды. Оқушыларға заттардың қайда тұрғандығын естеріне сақтауға 1-2 минут береді. Одан кейін заттарды қайта орнына үстелдің үстіне жайып, мынадай сұрақтар қояды:
Teacher: Where was the book?
Pupil: The book was on the table.
Teacher: Where was the pen? Where was the pencil-box? etc.

5. «Funny trip» (“Past Indefinite” арналған ойын )
Сынып Past Indefinite етістік формаларын оқыған. Мұғалім оқушылардан қайда барғандықтарын сұрайды: “You went on a trip. What did you take with you?”
Pupils: I took a book to read
I took a dictionary
I took a note book etc. (т.б)
Әр оқушы бір-бір заттан айту керек.
Teacher: Very good. But I know very well that was the only thing you took. Yes, don’t be surprised. That was a very unusual trip. So every body took only one thing. Aizhan took a book, Bekzhan took a dictionary and so on.
What did you eat? Remember you took only one thing with you.
Aizhan: I ate a book
Bekzhan: I ate a dictionary.
Teacher: What did you put on your head? What did you put on your feet? What transport did you go in?
6. «There is …»
Сынып 2 топқа бөлінеді. Мұғалім қорапқа сыныпқа таныс заттарды салады. Топ мүшелері кезек-кезек сол заттарды айтады: “There is a book in the box. There is an eraser in the box ” etc.
7. « In the zoo» (“Present Indefinite”, “can” арналған ойын)
1) Сыныпқа зообақта қандай жануарларды көретіндігіңді айт.
Pupil: “I can see a tiger in the zoo”

2) Қандай жануарлар зообақта жоқ.
Pupil: “Cows don’t live in the zoo. There is no cow in the zoo”

3) Ауылда қандай жануарларды көретіндігіңді айт.
Pupil: “I can see a horse in the village”
8. «My room» (“Present Indefinite” арналған ойын)
Мұғалім сыныпты екі топқа бөледі. Одан кейін бірінші топқа бөлменің суретін береді. Оқушылар суретке 2-3 минут мұқият қарайды. Сол суретті екінші топтың мүшелеріне береді, олар кезек-кезек сурет бойынша сұрақтар қояды. Мысалы:
How many desks are there in the classroom?
Where is the table (chair, book, television )?
What things do you see on the desk?
Екінші топ бірінші топтың жауаптарын қадағалайды. Сурет қайта ілініп, екінші топтың мүшелері оны суреттеп береді.

9. «Interpreters» (“All grammar themes” арналған ойын)
Сынып екі топқа бөлінеді. Мұғалім қазақша сөйлем береді, оқушылар оның аудармасын берілген текстен іздейді. Қай топ бірінші табады, сол топқа ұпай беріледі. Ойын осылайша жалғасады.

10. «Detectives» (“All grammar themes” арналған ойын)
Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Мұғалім әр топқа тапсырма береді. Тапсырма бойынша оқушылар текстен сөз таптарын іздейді: 1-топ “Noun”, 2-топ “Adjective”, 3-топ “Adverb”, 4- топ“Verb”. Уақыт біткеннен кейін әр топтың оқушылары кезек- кезек оқиды.

Категория: Английский язык | Добавил: asylbekbayan (2011-05-21) | Автор: Асылбекова Баян Мухаметбековна E
Просмотров: 6994 | Рейтинг: 3.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-05, 5:27 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru