Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика

ООШ № 134 г. Караганды." Математика сабағында ойын технологияларын қолдану"(Әдістемелік күрал )
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министірлігі
№134 Жалпы білім беретін негізгі мектеп



МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
(әдістемелік құрал)

Құрастырушы-автор:
Смагулова Айгуль Жексенбиевна
Математика пәнінің мұғалімі





Қарағанды 2011

Пікір жазғандар: М.Р.Жунусова, МББҚБА және ҚДИ, ЖМББ, доценті
Қ.Ж. Жетпісов, Е.А. Бөкетов атындағы Қар МУ-дың проф. Т.Ғ.Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия кафедрасының менгерушісі ф.м.ғ.к., доцент

Құрастырушы-автор: А.Ж Смагулова ЖББНМ №134 математика пәні мұғалімі

Математика сабағында ойын технологияларын қолдану. / Оқу –әдістемелік құрал/.Аймақтық оқу-баспа орталығы, 2010

Құралда ойын технологиясының негіздері және олардың психикалық-педагогикалық ерекшеліктері қарастырылған. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту мақсатында , мұғалімнің ойын технологиясын қолдану тәжірибесі,дидактикалық материалдар және қосымша енгізілген. Оқу-әдістемелік құрал пән мұғалімдеріне, практикант-студенттерге арналған.





Кіріспе

Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл–күйі ,баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады.Физика, химия, тарих т.б. пәндерімен байланысып білім – білік дағдылары артып, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез- келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі керек. Негізгі рөл оқушының ойынға қатысуындағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен сипатталады.Ойын кезіндегі көтеріңкі көңіл-күй, өзара түсіністік, достық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға қатысушының мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек.Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижесі анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс.Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік-дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күнделікті әсерлі шешімдер қабылдауға,өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді.
Оқушылардың математикалық ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту математикадағы басты проблеманың бірі. Әр сабақ-мұғалім ізденісісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі.Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабылеті дамиды.[11]
Тақырыпты тандау мәселем:
- оқушылардың математика пәніне қызығушылығының, танымдық белсенділігінің төмендеуі.
- ойын технологиясын оқу процесінде жүйелі қолданбаудан оқушы құзыреттілігі айқындалмайды, жан-жақты оқушы қасиеттері анықталмағаннан қарама-қайшылықтар туындайды.
- математика сағаттарының қысқаруы
Мақсаты: Математика сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеттері:
-математика сабақтарында ойын элементтерімен танысу;
-математика бағдарламасына сараптама жасап, ойын сәттерін енгізетін тақырыптарды анықтау;
-оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолдануына, қалыптасуына жағдай туғызу;
-өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтыру;
-оқушылардың пәнге деген қызуғушылығының денгейін сезінуге, оны игеруде, өз мүмкіндігін болашақта бағалай білуіне көмек көрсету;
-оқушылардың қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру.
Егер математика сабағында
- ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
- уақытты тиімді пайдаланса;
- тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе,
онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады
Күтілетін нәтиже:
-сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады.
-оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады.
-ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді.
-оқушылардың математикалық қабілеттері айқындалады.

І. Ойын технологиясының теориялық негіздері
1.1. Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері
Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару - оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекемелерінің алдында күрделі міндет тұр. Ол - оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.[4]
Қазіргі кезеңде математиканы оқыту әдістемесі ғылымында ізденістер, жаңалықтар болып жатыр. Түрлі әдістемелік жүйе, әдістер мен тәсілдер мектепте математика пәнін оқыту үрдісіне енуде. Мысалы: Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», В.В Давыдовтың «Дамыта оқыту технологияларының элементтері» , «Блум таксономиясы» т.б[7]
Қазіргі білім саласының алдына қойылған талаптар - оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтардан да көруімізге болады. Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады? Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану
- бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы. Сыныптардағы математика сабақтарын ойын әдісімен оқыту жұмыстары мынадай бірнеше маңызды мәселелерді шешеді: біріншіден, оқушылар ойын кезінде бір-бірімен тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, бір-бірімен қарым-қатынастары артып, ұнамдық қасиеттері дамиды, бұл оқушылардың логикалық ойлары дамитыны сөзсіз; екіншіден оқулықта берілген материалдарды қызығып, ынта-жігермен оқиды, бұл оқушылардың білімді сапалы меңгеруін қамтамасыз етеді, үшіншіден, оқушылардың арасында жарыс пайда болады, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, төртіншіден, оқушылар шығармашыл ойлауға дағдыланады.
Сондықтан сабақты ойын тәсілімен өткізу – математиканы сапалы оқытудың маңызды мәселелерінің бірі.
Ойын - күрделі математикалық, психологиялық, педагогикалық ұғым.
Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің пікірінше "ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды.[14]
К.Г.Исулов ойынды адам санасының қоршаған ортамен араласуындағы эвристикалық іс-әрекеті деп қарастырды. Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:
Қажеттілік - мотив –мақсат- ойын іс-әрекеті - нәтиже.
Демек, психологиялық тұрғыдан ойын:
а) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады:
ә) Танымдық мотивтің дамуына әкеледі;
б) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;
в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.
Педагог ғылымдар ойынның оқыту процесінде оң әсерін тигізетініне келісе отырып, мынандай пікір айтады.
Белгілі педагог Ю.К.Бабанский ойынды "как мощное средство стимулирования познавательного интереса учащихся" - деп көрсетсе, педагогтардың арасында ойын іс-әрекетін педагогикалық құбылыстардың қай түріне жатқызу жөнінде бір пікір жоқ. А.С.Гуревич, А.В.Килиниюктер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса, Н.Н.Скатова,
Р.И.Половникова, В.К.Роман оқытудың ойын әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырады. Біз ойынды әдіс деп қарастырамыз. Себебі әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес, стратегияны анықтайды. Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді.
Ойын элементтері ойынның біртұтас құрылысын береді. Ойын құрылысында алдымен оқытудың мақсаты тұрады.
Ойын - өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі. Адам әрекетіндегі ойын құрылымының кезеңдері:
1) мақсат қою;
2) жоспарлау;
3) мақсатты жүзеге асыру;
4) адамның өзін субъект деп табуын қорытындылау болып бөлінеді.
С.А.Шмаковтың пікірінше, ойын - бұл тәртібіне өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекет түрі. Көптеген ойындар келесі түрлерімен ерекшеленеді:
1) еркін дамыйтын әрекет;
2) шығармашылық әрекет;
3) тікелей немесе жанама ережелер.
Ойынның дидактикалық үрдісте атқаратын көптеген функциялары бар. Олар:
1. Әлеуметтену.
2. Ұлтаралық араласушылық функциясы.
3. Ойында өзін ұстай алу функциясы.
4. Ойынның коммуникативті функциясы.
5. Ойынның диагностикалық функциясы.
6. Терапевтік функциясы.
7. Жөндеу функциясы.
8. Сауықтық-ойын функциясы. [12]

1.2 Ойын технологиясының негіздері

Ойын-бұл да әрекеттін бір түрі оны қолдану барысында оқу міндеттері ашылады.Ептілік пен дағды, білімнің жоғары сатыға қамтамасыз ету шешімі, оқу жағдайы немесе мұғалімнің құрастырған жағдайы белгілі мәселе қою арқылы оқу тапсырмаларында түсіндіріледі.
Ойын- әрекеттің қажетті түрі арқылы оқушының жинақталған өмірлік тәжірибесі көрінеді, қоршаған ортаға деген көзқарастары терендейді және бекітіледі, оларға қажетті табысты еңбек әрекеттері мен дағдылану, ұйымдастырушылық қабілет тәрбиеленеді.
Ойын-мұғалім әрекеті тарапынан , бақылау мен бағалаудан тыс еркін тәртіп ережелерінен тұратын қызмет түрі.
Әрбір ойында жарыс элементтері бар. Жарыста оқушының жеңіске деген құштарлығы, белсенділігі туындайды. Жарыс элементтері эмоциялық қызығуды арттырады, оқушының өзін-өзі бағалау әрекетін жандандырады. Оқушы жарыста өз еңбегінің нәтижесін сыныптастарының нәтижесімен салыстырып өзінің көрсеткіштерін жақсартуға тырысады.[6]
Ойын мектептегі білімнің жеке бағыт алу негізі болып табылады. Ойынның атқаратын міндеттері:
-психологиялық; эмоциялық дәрежесінің мүмкіндігін арттырады және шаршағанды басып, сергітеді.
-психотерапиялық; баланың өзіне және басқаларға деген қатынасы өзгереді, психологиялық көңіл-күйі, қатынас тәсілдерін өзгертуге көмектеседі.
-технологиялық; тиімді ойлау өрісінен біртіндеп шығаруға рұқсат ете отырып қиал өрісіне шынайы әрекетті қайта енгізу.
Оқушы ойнағанда өзін қауіпсіз, қолайлы және дамуына қажетті психологиялық еркіндікті сезінеді
Ойын технологиясының мүмкіндіктерін талдау кезінде жалпы көрсеткіштерге бөлуге болады: танымдық әрекетке белсенді қатысуға деген оқушы ұмтылысы; әрекет субьектісі ретінде өзінің жеке қайталанбас тұлға , өте сиректігін жете түсіну; оның әрекетті түрлерін тандау мүмкіндіктерін қабылдау
Ойын технологияларының белгілері: ойын үлгісінің бар болуы; ойын қойылымдары; рольдікпозициялар; альтернативалық шешімнің мүмкіндіктері;жобаланған нәтижелер; бағалау критерилері; сезім әрекетінің серпілуінің бар болуы. Ойынды топтастырудың әр түрлі ыңғайы бар: өңделген үлгіленген жағдайдың мінезделуіне қарай; ойын процесінің мінезіне қарай; ақпаратты өңдеу және тарату тәсілдеріне қарай, танымдық, қызықты театрланған, рөлдік,имитациялық еліктеу және т.б. ойындар қолданылады.
Педагогикалық процесс мінезіне қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:
1. Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту
2. Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық
3. Репродуктивті, продуктивті , шығармашылық
4. Коммуникативті (қатынас), диагностикалық хабардар ету және т.б
Сабақта дидактикалық тапсырмалар арқылы ойынды оқыту, бақылау және талдап қорыту деп бөлген дұрыс.
Оқыту ойыны- бұл ойында оқушылар жаңа білім, ептілік пен дағдыны алады (үйренеді). Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі емес оқу формасына жол береді, сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде аз қолданылады.
Бақылау ойыны- бұл ойын өтілген білімді тексеру және бекіту, қайталау кезінде дидактикалық мақсатта құрылған. Пысықтауға арналған ойындар интеграциялық білімді талап етеді, пәнаралық байланысты анықтауға мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларда епті әрекет етуге бағытталған.
Сабақта ойын технологиясымен оқыту шеңберін жүзеге асыруға негізделген негізгі міндеттер:
-өздік жұмыстың дағдысын дамыту мен бекіту
-жағымды ойлай білу ептілігі
-өзара әрекет етуді ұйымдастыру
- шешімді қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру
Ойын технологиясының оқытудың сатылары:
1. Ойынға кіріспе: берілген ойынның мазмұнын анықтау, алынған ақпаратты талдау, ойын топтарын құру, рөлдерді бөлу
2. Баяндалған дайын обектіні құрастыру: топтардағы рөлдік қатынас, форматтық баяндалған объектіні оқып білу
3. Топ жобаларын бағалау:ұсынылған жобаларды талқыға салу
4. Ұсынылған жобаларды экспериментальды жүзеге асыру: ойыншы әрекеттері мен жобаларды бағалау, ойындарды талдау.[6]

ІІ. Математика сабағында ойын технологиясының пайдаланылуы
2.1 Ойын технологиясының маңызы
Ойын оқушының негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын оқушының даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.[1]
Ойын өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы үңдемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді болады. Өйткені ойын кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Мұғалім балалар ерекшеліктерін - мінез, темперамент, ұжымшылдық, тәртіп, ерік т.б. жағдайларын ескеріп ұйымдастыруы қажет және ойынның мақсаты, міндеттері, мазмұны мен жүрісін анықтау керек. Мұғалім ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі, балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі,сонымен бірге ойын барысында олардың жолдасы бола алады.[14]
Мұғалімнің міндеті- ойын барысында балалар арасында адамгершілік қарым-қатынастарды талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен басқару, балалардың достығын қолдау. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ықыласпен тыңдап, жемісті меңгеруіне әсер етеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.
Ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтады. Ойынды қолдану сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, материалды қажетті деңгейде игеруіне ықпал етеді. Ойындар мазмұны баланы қызықтыра алатындай құнды болуы керек. Ойын әрекеті сабақта игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып оқушылардың өзіне және басқаға сын көзбен қарап, тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Ең бастысы әлеуметтік психологиялық талаптардың бірі - шынайы қарым-қатынас практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің болуы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.[4]
Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.[1] Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «Ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі.
Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптары оқушыларының ой-өрісін дамытатын «Сақина тастау» ойыны. Дидактикалық мақсаты: берілген мысалды тақтаға шығарып, сақинаны өзі қалаған оқушыға салады. Ойын осылайша жылдам түрде жалғасады. Ойынды басқара жүріп, мұғалім оқушының жеке басының ерекшелігіне, оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды.
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал. [1]
Ойын - оқушылардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында оқушыныңның жеке басының қасиеттері қалыптасады. Мысалы: кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.
2.2 Дидактикалық ойындар
Мектеп оқушыларының мектепке келгенге дейінгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетіне бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында қолданылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аударуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп: ойын сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары.
Сабақта ойын элементерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу үдерісіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездеріне нұсқан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.[9]
Оқушылардың қызығушылығын арттырудың бір көзі–математикалық ойын элементтерін қолдану деп ойлаймын. Меңің ойымша, математикалық ойындар–сыныпта жүргізілген жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да балаларды өзіне тартады. Мен сабақта қолданған әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның тәрбиелік маңызын түсінуге тырысамын. Оқушыларға сұрақты қысқа, түсінікті етіп қоямын, ойын үдерісінде мүмкіндігінше ойынның бірнеше түрлерін кезектестіріп отырамын.
Математика сабақтарында халық ойындарын дидактикалық материал ретінде қолданып сабақ өткізу өте пайдалы.
Мысалы: «Көрші-көрші» ойынының мақсаты оң және теріс сандардың ретін меңгеру. Яғни, мұғалім бір санды атайды, «-4» дейді -4 саны тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады. Сонаң соң мұғалім бұл санның көршілері қатарына тұрыңдар дейді. -3,-2,-1 сандарын құрады. Одан соң -3 және -2 сандары салыстырылады. Одан соң -2,-1 т.с.с.
Алайда, ойын арқылы есептер мен тапсырмаларды орындау ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттарына жету үшін пайдалану орынды. Оқушыныңның қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі оқушыныңның психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, еркі қасиеті, қабілеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі оқушының жан-дүниесіне әсер етіп, оның рухани адамгершілік сезімінің дамуына ықпалын тигізеді.
Сыныптарда мынадай дидактикалық ойындарды көп пайдаланамын: математикалық эстафеталар, викториналар, кроссвордтар, ребустар, жұмбақтар. «Квадрат теңдеулер» тақырыбына мынадай ойын түрлерін өткіздім.
Ойынның түрі: «Жарыс сабақ»
1.Сынып оқушыларын «Квадрат» және «Тендеу» болып екі топқа бөлініп жарысатындығын түіндірдім.
2. «Ақсүйек- көксерек» ойыны. Әр топ бір-біріне сұрақтар қойып, жауап алады.
3. Бұрыш ойыны.
1. 7х2+3х=1=0 (731) 1. 5х2+2х+2=0 (522)
2.5х2+9х+6=0 ( ) 2. 7х2+6х+1=0 ( )
3. 5х2+9х+6=0 ( ) 3. 7х2+6х+1=0 ( )
4. 12х=-4х2 ( ) 4. 13х=-7х2 ( )
5. 3х2=-7 ( ) 5. 4х2=-9 ( )
4. «Бәйге» ойыны. Екі топқа да, әр оқушыға жеке-жеке есептер беріліеді. Қай топ дұрыс, әрі бірінші шешеді?
1. 2х2+5х-3=0 6х2+13х+5=0
2.х2+2х+1=0 3х2-5х+2=0
3. 3х2+х-4=0 5х2+5х+2=0
4. 2х2+7х+3=0 5х2+х+2=0
5. p2+p+9=0 5/2у2-4у-1=0
5. «Ақсүйек» ойыны. Мұнда екі топқа үш-үштен есептер беріледі. Сол арқылы жасырынған квадрат теңдеуді табу керек.
1. х1=2+√3 х2=2-√3 х3=2 х4=3
Жауабы: х2-4х+1=0 х2-5х+6=0
2. х1=3 х2=4 х3=-3 х4=-2
Жауабы: х2-х-12=0 х2+5х+6=0
3. х1=5 х2=-4 х3=0 х4√=6
Жауабы: х2-х-20=0 х2-6х=0
4. «Қазақша күрес» ойыны.
Бұл жерде екі топтың ең мықты екі оқушысы шығып тақтада мәселе есептер шығарады. Қай топ бірінші болса, женіс сонда.
1 топ: Ұзындығы 64м шенбер бойымен бір-біріне кері қозғалған екі дене әрбір 4 сек сайын кездеседі. Бір бағытта қозғалғанжағдайда бірінші дене екінщісінен әрбір 32 сек. сайын қуып жетеді. Осы денелердің сызықтық жылдамдығын табыңдар.
Шешуі:
1 дене х} деп жылдамдықты белгілейміз.
2 дене у
64/4=4 } х+у=64/4 } х+у=16} х=16-у 2у=14
64/х-у=32 х-у=64/32 х-у=2 16-у=2 у=7
х=16-7 х=9
Жауабы: Сызықтық жылдамдыгы 7м/с, 9м/с
2 топ: Автомобиль әр минут сайын велосипедшіге қарағанда 1500м артық жүреді, сондықтан ұзындығы 50 км жолға 4,5 сағ кем уақыт жібереді. Олардың әрқайсысының жылдамдықтарын тап.
Шешуі: автомобиль жылдамдығы х км/сағ=60 мин 60*1500м=90000=90км/саг
Велосипед (х-90)км/саг
50/(х-90)-50/х=4,5 50х+50х+5090=4,9х (х-90)
4500=4,5х2-405х 4,5х2-405х-4500=0 D=164025+810000=245024=4952
Х1=405-495/2*4,5=-90/9=-10
Х2=405+495/9=900/9=100км/саг автомобиль
100-90=10км/саг велосипед
5. «Көрші-көрші» ойыны кітаппен жұмыс. Мұнда екі топ өздері үйде дайындаған есептерін бір-бірімен алмасып шығарады.
Бхаскара есебі: Үнгірге жасырынған маймылдар саны олардың жалпы санының бестен бірінен 3-і кем болған үлесінің квадратындай болып, тек ағаштың басына мініп кеткен біреуі көрініп тұр еді. Барлығы неше маймыл болған?
Шешуі: х-(х/5-3)2=1
х = х2/25+6х/5-9-1=0
х2/25+х-6х/5+10=0 х2-25х-30х+250=0 х2-55х+250=0
D=3025-1000=2025=452 х1=55+45/2=50 х2=55-45/2=5
Жауабы: 50 маймыл
Бхаскара есебі: Екі топқа бөлініп маймылдар ойнап жүр екен.
Сегізден бірінің квадраты,
Жүр еді ойнап жырада.
Қиқу салып он екісі,
Ойнап жүрді жағада.
Барлығы қанша санап көр,
Маймылдардың тобында?
Шешуі: (х/8)2 +12=х х2/64+х+12=0
х2-64х+768=0 D=1024-768=256=162 х1=32+16=48 х2=32-16=16
Жауабы: 48 және 16 [11]
Квадрат теңсіздіктер тақырыбын өткен кезде келесі ойын түрін ұйымдастыруға болады.
Сыныптар қатар бойынша екі топқа бөлінеді және екі жетекші сайлап алынады. Ойынға 10 үлестірме жасалынды. Әр үлестірмеде квадрат тенсіздіктерді шешуге әртүрлі тапсырмалар жазылды. Топқа берілетін үлестірмелер бөлек тұрды. Тақтаны екіге бөліп, «Жазуға кірісіңдер» деген белгі берілгенде, әр топтан бір оқушы шығып, үлестірмедегі жазуларды жазып, орнына отырады. Сөйтіп, келесі оқушы шығады. Ал үш оқушы әр топтың жауаптарын мұғалімнің алдын-ала жазылған жауаптары бойынша тексеріп отырады. Соңында қатесі аз және бұрын бітірген топ жеңіске жетеді.
Мұндай ойынды әр түрлі тақырыптарда өткізуге болады, өткізу арқылы қай оқушының тақырыпты меңгере алмағанын және қай жерден үнемі қате жіберетінін оңай аңғаруға болады. Сондай-ақ үзіліс кезінде білмейтін оқушыларға білетін оқушылардың түсіндіріп, үйретіп жатқанын көруге болады.
Ерте, ерте, ертеде
Ешкі жүні бөртеде
Теңдеу деген бай болыпты,
Жүйе деген баласы болыпты
деп, «Тендеулер жүйесін ауыстыру тәсілімен шешу» тақырыбына берілген ертегі сабақты көңілді есептеулерден бастаймыз.
Міне, балалар осындай мәтінмен басталатын ауыз әдебиетінің қандай түрі?
- Ертегі.
Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз ертегі сабақ. Ертегі сабағымыз ертегі есептерді шығаруға арналады ( Осы кезде есік қағылып, Қожанасыр келеді).
Қожанасыр:
- Қүрметті балалар, сендер Тендеу байды жан-жақты білгілерін келсе, мына қоржыннан көмек сұрандар.
Мұғалім:
- Балалар. Теңдеу байды кімде - кім жақсы білгісі келсе, оның Жүйе деген баласымен достасқысы келсе, қоржынға жақындап. ішіне зер салып көрейік. Оның кандай байлығы бар екен?
1 - карточка. Қаздың түлкіге айтқан есебі.
Аң біткеннің патшасы арыстан ауырып жатқанда, мүләйімсіп түлкі келіп, тамырын ұстайды.
- Тақсып, ауруыңыз астан екен, тамақты талғап ішініз. Көжек пен құс балапанының жұмсақ еті мың да бір дауа, - деп бұлғандайды.
Арыстанның көжек пен құс балапанын маған жеткіз, - деген бұйрығын орындауға келген түлкіге, қаздиған қалпын бұзбаған қаз былай дейді.
- Арыстанға азық етіп беретін артық төліміз жоқ. Егер оған барып, жағынам десең:
Түлкісін аярлыққа бермейтін дес,
Көрейік қанша сенде ақыл мен ес,
Балапан, көжек санын өзің тапшы.
Аяқтары тоқсан төрт, басы отыз бес, -дейді де, үнгірге еніп, есігін таспен бекітіп алады. Түлкі «Қаз осылай есеп айтып еді, мен шеше алмадым?» - деп, арыстанның алдына баруға дәті шыдамады. Сонда неше балапан, неше көжек болғанын сендер қалай табар едіңдер?
Шешуі: Балапандар -х} 35 Балапан аяқ-2х} 94
Көжектер - у Көжек аяқ-4
Сонда тендеулер жүйесі:

х + у = 35
2х + 4у = 94 }

У =35-х
2х + 4(35 -х) = 94}

у = 35-х
-2х = 94-140

у = 35-х
2х + 4у = 94

у = 35-х
2х+140-4х=94

у = 35-х
-2х = -46

у = 35-х
х=-46/-2

у=12
х=23
у = 35-х
х = 23




Жауабы: 12 көжек, 23 балапан
-Ал енді балалар осы есепті өздерің қарапайым тендеу құру арқылы шығарып көріндерші. Бірінші шығарған оқушыға «Тендеу» байдың сыйлығы бар.
2 - карточка. Ат пен қашыр
- Ауыр жүк ат пен қашыр келе жатады. Ат өзінің шамадан тыс ауыр жүгін айтып зорланган.
- Неге сен зорланасың? - деп қашыр үн қатады, - егер мен сенен бір қап алатым болсам, менің жүігім сенікінен екі есе ауыр болады, ал егер де сен менің арқамнан бір қап алсаң, сенің жүгің менікімен тең болар еді. Сонда ат қанша қап, ал қашыр қанша қап жүк әкеле жатқан?
Шешуі: Ат жүігі - х
Қашыр жуігі - у

у = 1-2(х-1) у+1=2(х-1)
у-1=х+1 У- х = 2

у+ 1=2(х-1) 2 + х+ 1 = 2 х-2
у =2+х у=2+х

х-2х =-2-1-2 -х = –5
у=2+х у =2+2

х= 5; у= 7 Жауабы: ат 6 қап, ал қашыр 7 қап жүк әкеле жатқан
3- КАРТОЧКА. ЕКІ ДОСТЫҢ БАЙЛЫҚ ТАЛАСТЫРУЫ.
- Бір адам өзінің досына: - Мен 100 қой бер, сонда мен сенен 2 есе бай боламын. Сонда досы:
- Сен маған тек 10 қой берсең, мен сенен 6 есе бай боламын,- деп жауап беріпті. Әркайсында қанша қой болған.
Шешуі: I дос –х қой.
II дос – у қой
Х+100=2(У-100) Х+100=2(У-100)
6(Х-10)=У+10 6Х-60=У+10

Х+10=2У-200 Х+10=2У-200
6Х-У=70 У=6Х-70

Х+100=2(6Х-70)-200 Х+100=12Х-140-200
У=6Х-70 У=6Х-70

Х-12=-140-200-100 -11Х=-440
У=6Х-70 У=6Х-70

Х=40 Х=40
У=6Х-70 У=170
ЖАУАБЫ: 1-40 ҚОЙ , 2- 170 ҚО


Міне, балалар, сендер «Тендеу» байдың сендерге жіберген ертегі есептерін шығарып, өз білімдерінді көрсеттіңдер. Сендерге көп - көп рахмет. (Қоржын түбіндегі байлықты оқушыларға тарату)
-Көрдіңдер ме біздің ата-бабаларымыз оқымаған, сауатсыз болса да осындай ой-өрісті дамытатын есептерді де ойластыражәне шығара білген екен. Сондықтан біз тек оқулықпен шектелмей, газет - журнал, басқа кітаптардан әйтпесе үйдегі үлкен кісілерден сүрастырып, осындай есептерді шығарсак, бізге көп пайдасы тиер еді. [14]

Сабақтағы мұндай ойын сәттері оқушылардың есептеу қабілетін жетілдіреді,ой-өрісін дамытады, есте сақтау түйсіктерін қалыптастырады, өз халқының ауыз әдебиетін құрметтеуге тәрбиелейді.
Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылар әрбір жаңа тақырыптан кейін «Сен – маған, мен – саған» ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл ойында оқушы өзі дайындап келген сұрағын жолдасына қояды, егер жолдасы дұрыс жауап бере алмаса жауабын өзі айтып, қосымша ұпай алады.
Сонымен бірге математика сабағында «Домино» ойынын пайдаланамын. Қағаз екіге бөлініп, біреуіне сұрақ, екіншісіне басқа сұрақтың жауабы жазылады. Оқушылар сұраққа дұрыс жауап тауып, құрастыруы керек. Егер тапсырма дұрыс орындалса, қағаздың екінші жағында белгілі бір сурет немесе мақал-мәтел шығады.
Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударып отырамын. Сабақта алған білім дағдысын ойлау барысында қолдану мүмкіндігі оқушылардың зор ынтасын тудырады, білгенін тереңдетіп, жаңа іс-қимылға жетелейді. Белсенді емес оқушылар жолдастарын кейін тартпау үшін жанын салады. Жалпы, ойындарды қайталау сабақтарында, сынақ сабақтарында ұйымдастырамын.
Оқушылардың математика сабағына қызығушылығын арттырып, белсенді жұмыс істеуін, тез ойлау қабілетін арттыруда дидактикалық ойындар, логикалық ойындар, қазақтың ұлттық ойындарының орны ерекше. Математиканың сан-алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын ойын элементтерімен өрнектеген сабақ қызықты, әрі ұтымды сабақ деп ойлаймын.
Сабақта ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасауға тырысамын. Сонда сабақ білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі кезінде оқушылардың бір-бірімен сөйлесу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімі оянады, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.
Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар сөйлескен жағдайда ол тәртіпті бұзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ал ойын жағдайында балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлар алмасады, ақылдасады, бір-біріне дәлелдейді, белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға байланысты, оның топтық түрде өтуіне байланысты. Осындай «Брейн-ринг» оқыта үйрену ойыны деңгейлік тапсырмаларды орындағанда ойнатуға болады. Сынып әр топта 2-3 баладан болатындай, 3-4 топқа бөлінеді. Ойынға 3-4 секторға бөлінген дөңгелек керек. Әр секторға бірінің үстіне бірі келесі тәртіппен үлестірмелер қойылады: ең астына 3-деңгейлі (күрделі), ортада 2-деңгей, ең үстінде 1-деңгей (жеңіл). Ойын тәртібі: әр оқушының өз нөмірі болады. 1-турда кезектесіп өз нөмірі бойынша үлестірмені алып, бірден жауап беру керек, 2-турда бәрі бір уақытта үлестірме алып, уақыт беріледі, ойынды топ басшысы жүргізеді. Топтар бір-біріне тәуелді болмайды.[10]
Менің өз тәжірибем бойынша шағын топтардың топ жетекшілерін пайдаланған тиімді екеніне көзім жетті.Себебі, бір жағынан ол оқушылар өз беттерімен тапсырмалар дайындап, оны өз топтарындағы үлгерімі төмендеу оқушыларға орындаттырады. Сол уақытта ол оқушының сабаққа қызығушылығы артуымен қатар өзіне үлкен сенім жүктелгенін түсінеді.
Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын, ақыл-ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Алғашқы кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда математика сабағына ынталы қатысатын болды. Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда ойынға қатыса отырып неғұрлым аз шаршайды, өз қызметінен жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.
Оқу тәрбие процесіне кіргізілетін ойындардың жалпы ерекшіліктері:
1. Ойын оқушылардың қызметіндегі психикалық процесті (сезіну, қабылдау, ойлау, елестету, ес, ықыласын, тілін) активтендіреді.
2. Ойын ерікті түрде құрылады.
3. Ойын шығармашылық қабілетті дамыту үшін барынша мүмкін жағдай жасайды.
4. Ойын барысында оқушылар терең қанағатанарлық, қуаныш алады.
5. Ойын кез келген оқу материалын еліктіретіндей, қызықтыратындай жағдайға әкелуге көмектеседі
Көрнекті нидерланд оқымыстысы Йохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дүние жүзіне кең тараған еңбегінде: «Ойын адамзат әрекетінің жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің әмбебап категориясы», «Ойын өмір сүру тәсілі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі» және «Ақылды адам дегеніміз ең әуелі ойнайтын адам» деген екен.[1]
Жалпы қорытындылай келе, мектеп оқушыларына математика сабағында ойын - тиімді тәсіл екендігіне көз жеткіздік. Ойын - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол болады деген сенімдемім.
2.3 Іскерлік ойындар
«Қарлы кесек» іскерлік ойыны
1 нұсқа. Сынып оқушылары 5 адамнан бес топқа бөлінеді(4 топ 4 адамнан) Әр үстелдің белгісі бар: А, В, С, Д ,Е .Әр топ осы үстелдердің біріне жайғасады. Ойынға қатысушы әр оқушының жеке нөмірі болады. А үстелінің қатысушылары А1 А2 А3 А4 А5 В үстелінің қатысушылары В1 В2 В3 В4 В5 және т.б. кете береді.
Ойынның 1-ші сатысы- топпен жұмыс жасау: Әр топқа тапсырма беріледі оны алдын-ала белгіленген уақыт бойынша барлығы бірге орындайды.
Ойынның 2-ші сатысы-ұжымдық жұмыс жасау: Үстелдерден А,В;С,Д,Е белгілері алынып тасталынады, орнына сәйкесінше 1,2,3,4,5 нөмірлері қойылады. Қатысушылар келесі тәтіппен отырады: 1-ші үстелге барлық 1-ші нөмірлі қатысушылар А1 В1 С1 Д1 Е1 2-ші үстөлге барлық 2-ші нөмірлі т.с.с. жайғасады. Қайтадан 5 адамнан әр үстелге отырғызғаннан кейін, әрбіреуінде өзінің оқылған 5 әртүрлі тақырып бойынша сұрақтары болады. Өзара оқу басталады, әрбір оқушы 1 рет мұғалім 4 рет оқушы болады. Ұжымдық жұмысқа белгілі бір уақыт беріледі(уақыт алдын ала келісіледі).
Ойынның 3-ші сатысы-фронтальды (қарсы,маңдай алды) жұмыс жасау. А В С Д Е нөмірлері қалпына келтіріледі, оқушылар өздерінің алғашқы орындарына оралады. Мұғалім сұрауды бастайды № 1-ші тақырыпты сұрағанда кез келген топтың қатысушылары жауап бере алады, өйткені олар үстел сарапшылармен берілген тақырып бойынша кеңесіп, сондай-ақ жауаптардын дұрыстығын бағалайды
4-ші саты: Сабақтың қорытындысы және рефлексия
2 нұсқа
«Қарлы кесек»ойынын өз бетімен оқу материалдарында қолдануға болады (егер бір тақырыпқа енген бөлім өз бетімен жұмыс жасау туралы болса). Алынған ақпаратты бекіту кезінде (практикалық жұмыстардын орындалуы), жобаларды дайындау кезінде және т.б[6]
Рөлдік ойын «Аквариум техникасы»
Сынып 4-5 топқа бөлінеді де шеңбер немесе квадрат бойынша орналасады. Мұғалім жалпы бір мәселені ұсынады, оны әр топ талқылайды. Әр топ өзара пікірлескеннен кейін, сыныптың ортасында әрбір команда уәкілдері жиналып өз топтарының пікірін айтып және қорғап, сұрақтарға жауап береді.
Топ мүшелері өздерінің уәкілдеріне хаттың көмегімен нұсқау берулеріне болады. Өте қиын жағдайда уәкіл тайм-аут (қорытынды бағалау кезінде олардың бағасы айып бағасымен есептеледі) ала алады, сосын өзінің тобына келіп кеңесуіне болады, бұған мұғалімдерді, басқа сынып оқушыларын немесе алдын ала осы сыныптан сарапшы топ құрып (әр топтан бір-бірден) қатыстыруға болады.
1 нұсқа.
Дөңгелек үстел формасында өткізіледі, сарапшы, комиссия мәжілісі, форум және т.б. түрінде өткізіледі. Сынып 4-6 баладан топқа бөлініп, әрқайсысы рөлдер: Реалистер, Оптимистер, Пессиместер, Аналитиктар, Сыншылар және бақылаушылар алады. Әр топта жүргізуші тағайындалады. Мұғалім мәселе қойып және тек өз рөлдері тұрғысынан қарап шығуына ұсыныс білдіреді. Белгілі бір дайындық уақыттан кейін (10-15 мин), әр топ өздерінің рөлдік көзқарастарын дәлелдеп, кестелермен, суреттермен, есеп беру, шағын жобалар арқылы нақтылап айтып береді. Алғашқы, негізгі 3 топ шыққаннан кейін сыншы тобы сөз алады, әлсіз тұстарын сынап, 3 топқа сұрақтар қояды, ал Аналитиктар әр топтың дәлелдеген дәрежелерін жүйелеп, талдайды. Бақылаушы топ барлық топтардың әрекеттері бойынша қорытынды жасап, белсенді қатысушыларды айқындап, бағалау бланктерін толтырады.
2 нұсқа
Осы сияқты рөлдік ойын тек екі бақталасушы команда шыққанда құрастыруға болады, 3-ші команда бақылаушы (3 адамнан) 4-ші аналитиктер (3 адамнан). Мұндай жағдайда әр жақ уәкілдері шығып сөйлегеннен кейін «бақылаушы» командаларға сұрақ қояды, ал «аналитиктер» барлық үш топты бағалайды.
«Бақытты сәт ойыны»
Құрал-жабдықтар:1. Шарлары бар кеспек немесе қап 2.секундомер 3. Жалпы бағалау парағы 4. Фишкалар 5.Үйге берілген сұрақтар ( әр командаға 2 ден) 6. Сайыс үшін тапсырмалар 7 жауап үлгілер
Ойын барысы:
Сынып екі командаға бөлінеді, әр команданың капитаны мен аттары болады.
1 гейм. «Сергіту».
Әр командаға 10 -10-нан сұрақтан қойылып, пікірлесулеріне 5 мин беріледі. Команда уәкілі жауап береді,ал қарсы команда жауап үлгілерінің дұрыстығын қадағалайды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген және сандық көрсеткіштері көп команда жеңіске жетеді.
2 гейм «Кеспектегі қатырмалар»
Команда қатысушылары кеспектен нөмірленген шарларды алады. Жүргізуші әр нөмірге жұмбақ жасырады немесе сұрақ қояды. Пікірлескеннен кейін капитан командалары жауап береді.
3 гейм «Бәйге»
Жүргізушінің сұрағына жылдам (тез) жауап берген команда женіске жетеді. Егер жауап дайын болса, команда ту немесе қолдарын көтеріп белгі береді.
4 гейм « Сен маған, мен-саған»
Командалар бір-біріне екі-екіден сұрақтан қояды. (үй тапсырмасы)
5 гейм «Көш басшысымен жарыс»
Қатысушылардын барлығы сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапты көп берген команда жеңіске жетеді. Балалардың арасынан дұрыс жауапты көп жинаған (4-7) командаға қосымша балл 4-5 жауап «4 балл» 6-7 жауап «5» баллдан ала алады.
2,3,4,5 гейімнің тапсырмаларын орындауға 1 минут беріледі. Егер жауап толық болса, онда осы үнемделген минутты команда басқа басқа сұрақты талқылауға қолдана алады. Әрбір дұрыс жауапқа команда фишка немесе бір балл алады.[6]
Ойланудын алты қалпағы
Белгілі психолог Эдвард де Бано ойды дамытудын «алты қалпақты» метаферасын практикаға енгізген. Осы айналымды ұтып алған автор ойланып-толғанудың алты тәсілін ұсынады. Ойлаудың алты қалпағы қандай да құбылысқа жан-жақты талдау жасау үшін және талдап қорыту тәжірибесі бойынша оқуды өткізу үшін (іс-шараларға қатысу, экскурсиялар, педагогикалық практикалар, қандай да бір курсты оқыту, көлемді тақырыптарды өткенде және т.с.с.) қолданылады.
Оқушылардан құрылған топтар 6 топқа бөлінеді. Әр топқа 6 қалпақтың бірі сеніп тапсырылады. Тіпті кейбір сыныптарда нағыз әртүсті қалпақтар қолданылады (қағаздан жасауға болады). Әр топқа қалпақтың түсінен өз ойы мен әсерін, өз тәжірибесін көрсете отырып қорытынды шығаруға ұсыныс жасалынады.
Ақ қалпақ. Әсерсіз, субективті бағалаусыз тек сандардан, фактілерден, ойлардан тұрады. Тек фактілер !!! Біреудің субъективті көзқарасынан , бірақ әділетті цитата алуға болады .
Сары қалпақ. Позитивті ойлау. Қарастырылып отырған құбылыстан позитивті жағын бөліп алып және неліктен позитивті екенін дәлелдеу керек. Нақты не нәрсе жақсы, пайдалы, тиімді, конструкторлық екенін айтып қана қоймай түсіндіру қажет.
Қара қалпақ. Сары қалпаққа қарама-қайшы.Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенің анықтап және себебін түсіндіреді. Үйлеспеушілікті бөліп қана қарамай, жетіспеушіліктің себебін қайта талдап мағынасын ашу.
Қызыл қалпақ. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көніл-күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады. Осындай немесе өзге көңіл –күй қандай сәттермен байланысқан. Сіз осындай немесе өзге жағдайды (қайғы, қуаныш, қызығушылық,тітіркену, таң қалу т.б.) не себепті бастан өткізгендігіңізді түсіндіру қажет емес.
Жасыл қалпақ. Бұл шығармашылық ойлау қалпағы. Жаңа тақырыпты өткен кезде келесі сұрақтар: «Жаңа жағдайда жаңа әдіс, факт немесе басқа әдіс-тәсілдерді қалай қолдануға болады?» «Өзгеше болу үшін не істеу керек?»,
«Осындай немесе басқа аспектіні, жаңалықты енгізу үшін не істеу керек?» қою арқылы жаңа жетістіктер тауып қолдануға мүмкіндік береді.
Көк қалпақ. Бұл философиялық , пысықтау қалпағы. Көк арнадағылар өзге қалпақтардың айтқандарын талдап, пысықтап, қорытынды шығарады.Көк қалпақты таңдаған топ міндетті түрде барлық жұмыс уақыттарын әр түрлі екі бөлікке бөлулері керек: біріншіден- басқа топтарды аралап, олардың көзқарасын қабылдап , екішіден- өз топына қайта оралып , жинаған материалды пысықтайды, қорытады. Олар соңғы сөзді айтады.
«Алты қалпақты» рефлексия тек топта ғана емес жеке дара да жүзеге асыруға болады. Бұл әдіс оқушыларды оқытылатын әр түрлі , әр түсті бағаға және бастан өткерген жағдайға бірден-бір керекті ойшыл - сыншы сипаттамасы болып табылады. Бұл бағалар өздігінен бағалы болуы мүмкін немесе қорытынды эссе жазғанда қолданылуы мүмкін.

Қорытынды
Педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел әрі сапапы меңгертуге бағытталған.
Бұл әдістемелік құралда оқу ойындары (іскерлік ойындар) формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша-оқу, ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан түрін тек толықтыру болып табылатынына көз жеткіздік.
Оқу ойыны-бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Зерттеулер
көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда,оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.
Бүгінгі таңда оқушы біліміне қойылатын талап өте жоғары. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін бағдарлама бойынша тиісті білімді беру жеткіліксіз. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелуде, білімдерін нығайтуға математикалық ойындардың атқарар рөлі өте зор.Өйткені математиканы оқып үйренуге деген қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыруда, алған білімдерін қолдана білуге, қабілеттерін дамытуға мәні зор екенін көрсетеді.
Ойын арқылы оқыту технологиясы ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін артырып, тиімді нәтижеге жетуге көмектеседі.
Сонымен математика сабағындағы ойынның ерекше екендігіне көз жеткізе отырып, мынандай қорытындыға келдік:
1. Математика сабағындағы ойын технологиясының пайдасы қазіргі кездегі математиканы терең меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.
2. Қызықты тапсырмалар мен жаттығулар түрлері білімді меңгерумен қатар, оқушылардың танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін арттырады.
3. Оқушылардың ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді. Соның әсерінен ойлау жүйесін дамытады.
4. Оқушылардың алған білімдерін тереңдетеді, сабақтың сапасын жақсартады.
5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады.


Қосымша

«Қарлы кесек» оқыта үйрену сабағы

Сабақтың тақырыбы: «Арифметикалық және геометриялық прогрессияның n мүшесінің қосындысы» тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Ойын технологиялары арқылы пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есепті өздері шешуіне, формулаларды тиімді пайдалана білуге, өз ойларын ашық айтуға, білімдерін жан-жақты дамыта отыруға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке, өз достарына көмектесуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың түрі: Ойын сабағы
Сабақтың көрнекілігі:
1. Бағыттаушы парақтар
2. Қатысушылардың нөмері жазылған жетондар
3. Үстелдерді белгілеуге арналған сілтемелер
4. жалпы бағалау парағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сабақтың мақсатын қою.
ІІІ. «Қарлы кесек» оқыта үйрену ойыны
Ойынның барысы:
Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өзінің тапсырмаларын алады.
І үстел. І тапсырма
1. а) Қандай сан тізбегін арифметикалық прогрессия деп атайды?
Б) Арифметикалық прогрессияның айырмасы деп қандай санды айтады?
В) Арифметикалық прогрессияның n мүшесінің формуласын жаз.
2. Арифметикалық прогрессия, а1 =3; а5= -1 болса, d=?
3. Геометриялық прогрессия ,в3= 54, q = 3 болса, вn= ?
2 үстел. ІІ тапсырма
1. а) Қандай сан тізбегін геометриялық прогрессия деп атайды?
Б) Геометриялық прогрессияның еселігі деген не?
В) Геометриялық прогрессияның n мүшесінің формуласын жаз.
2. 1, 4, 7........ арифметикалық прогрессия. Алғашқы 20 мүшесінің қосындысын табыңдар.
3. Геометриялық прогрессияда в1= 3, q= 2, вn= 192 болса, n=?
3 үстел ІІІ тапсырма.
1. а) Арифметикалық және геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын жаз.
Б) Мына прогрессиялардың қайсысы арифметикалық, қайсысы геметриялық прогрессия болады: 1, 5, 9, 13........., 1, 2¹, 2², 2³..........
2. Арифметикалық прогрессияның алғашқы 10 мүшесінің қосындысын табыңдар, Мұндағы : a2=7, a4=11
3. Егер q=2 және S7=635 болса, геометриялық прогрессияда b1 неге тең?

Әр топ оқулықтың және дәптерлеріндегі шығарылған есептердің көмегімен 10-15 минут дайындалады. Дайындыққа берілген уақыт аяқталған соң, І тур жарияланады.

І тур (10 минут)
Оқушылар орындарынан тұрып, әрқайсысы өзінің бағалау парағы бойынша жаңа орынға отырады. Үстелдің сілтеуішін өзгертеміз: яғни А әрпінің орнын №1 деп өзгертеміз. Алдымен жетонында «А» әрпі бар ойыншы, содан кейін кезегімен «Ә», «Б» әрпі бар оқушылар сөйлейді. Жаңа топ өздеріне берілген тапсырмаларды 3 минут айтады. Осы уақытта тақтада №2 үстелдің оқушылары өздерінің тапсырмаларын орындайды. Оқушылардың жауаптары бағалау парағына қойылып отырады.

ІІ тур (10 минут)
Оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта отырады. Ал тақтадағы оқушылар өздерінің шығарған есептерін түсіндіреді. Қандай формуланың көмегімен шығарылғанын айтып түсіндіреді. Қалған оқушылар тыңдайды және дұрыс айтылуын бақылап отырады.
ІІІ тур. Қорытындылау. Балдарды қою. Бағалау парағындағы балдарды есептеу.
5. Үйге тапсырма беру.




«Қарлы кесек» оқыта үйрену сабағы

Сабақтың тақырыбы: «Процент. Берілген санның процентін табу» тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Ойын технологиялары арқылы пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін жинақтау, ойлау, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыту .
Тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Экономикалық мазмұндағы есептер шығарту арқылы экономикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: білім,іскерлік, дағдыны жетілдіру, жинақтау.
Сабақтың түрі: Ойын сабағы
Сабақтың көрнекілігі:
1. Бағыттаушы парақтар
2. Қатысушылардың нөмері жазылған жетондар
3. Үстелдерді белгілеуге арналған сілтемелер
4. жалпы бағалау парағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сабақтың мақсатын қою.
ІІІ. «Қарлы кесек» оқыта үйрену ойыны
Ойынның барысы:
Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өзінің тапсырмаларын алады.
І үстел. І тапсырма
1. а) Процент ұғымы қандай мағынаны білдіреді?
Б) Натурал санды немесе бөлшекті процентпен жазу үшін не істейміз?
2. Айлық табыстың 5% табыс салығына ұсталады. Айлық табыс 30000 тенге болса, неше тенге ұсталады?
3. Сыныпта ұл балалар қыз балалардан 20% артық. Сыныптағы оқушылардың неше процентті ұл балаларды, неше проентті қыз балаларды құрайды?
2 үстел. ІІ тапсырма
1. а) Процентті бөлшекке қалай айналдырамыз?
Б) Берілген санның процентін қалай табамыз?
2. Балмұздақтың құрамы 60% судан, 19% қаймақтан және қалған бөлігі қанттан тұрады. 2,5 кг балмұздақ дайындау үшін қанша грамм қант қажет?
3.Теледидардың құны 15%-ке арзандатылды . Егер алғашқы бағасы 1) 38000тг; 2) 42000тг; 3) 50000тг болса, қазіргі бағасы қанша?

3 үстел ІІІ тапсырма.
1. а)Процент бойынша санды қалай табамыз?
б) Бірінші сан ,екінші санның қанша процентінң құрайтының қалай білеміз?
2. Жинақ кассасына 6% жылдық өсіммен 100 000тенге салынды. Осы ақша бір жылдан соң неше тенге болады?
3.Ақшаның 25% бала дәптер сатып алуға, 15% қалам алуға қалғаның оқулыққа жұмсалды. Оқулыққа қанша процент ақша жұмсалды?

Әр топ оқулықтың және дәптерлеріндегі шығарылған есептердің көмегімен 10-15 минут дайындалады. Дайындыққа берілген уақыт аяқталған соң, І тур жарияланады.

І тур (10 минут)
Оқушылар орындарынан тұрып, әрқайсысы өзінің бағалау парағы бойынша жаңа орынға отырады. Үстелдің сілтеуішін өзгертеміз: яғни А әрпінің орнын №1 деп өзгертеміз. Алдымен жетонында «А» әрпі бар ойыншы, содан кейін кезегімен «Ә», «Б» әрпі бар оқушылар сөйлейді. Жаңа топ өздеріне берілген тапсырмаларды 3 минут айтады. Осы уақытта тақтада №2 үстелдің оқушылары өздерінің тапсырмаларын орындайды. Оқушылардың жауаптары бағалау парағына қойылып отырады.

ІІ тур (10 минут)
Оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта отырады. Ал тақтадағы оқушылар өздерінің шығарған есептерін түсіндіреді. Қандай формуланың көмегімен шығарылғанын айтып түсіндіреді. Қалған оқушылар тыңдайды және дұрыс айтылуын бақылап отырады.
ІІІ тур. Қорытындылау. Балдарды қою. Бағалау парағындағы балдарды есептеу.
4. Үйге тапсырма: Берілген сурет бойынша берілген санның процентін тап және оны шығар.



Глоссарий
Баға – бағалау процесі натижесінің шарты – формальды (белгілік) көрінісі; оқушылардың оқу жетістіктері бағасының сандар мен ұпайлар түріндегі сандық көрінісі.
Бағалау – бұл оқушының шынайы қол жеткізген іс-әрекет нәтижелерін жоспарланған мақсаттармен салыстыру процесі.
Бейіндік оқыту – білім беру процесінің мазмұнындағы құрылымдағы және ұйымдастыруындағы өзгерістер есебінен оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін неғұрлым толық ескеруге мүмкіндік беретін оқытуды саралау мен даралау құралы.
Білім беру процесінің мониторингі – білім беру ұйымдарында білім беру процесін жүзеге асыру жағдайларын және нәтижелер өзгерісі мен жай-күйін жүйелі бақылау, талдау, бағалау және болжау.
Диагностика – оқу процесінің жағдайларын обьективті және жан-жақты зерттеуді қамтамассыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі;
танымдық процесте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі.
Зерттеу – жаңа білім алу процесі және танымдық әрекет түрлерінің бірі.
Құзырет – қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындық, білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырысты құрайды.
Құзыреттілік- оқушылардың іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Мемлекеттік білім беру стандарты – білім беру саласындағы біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізуге септігін тигізетін, мақсаттар мен міндеттердің жиынтығын, базалық білім мазмұнын, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқу процесін ұйымдастырудың және білім беру салалары мен жекелеген оқу пәндері бойынша білім сапасын бағалаудың негізгі қағидаттарын , білім, білік, дағдылар мен қалыптасқан негізгі құзыреттіліктер түрінде күтілетін білім нәтижелерін, білім сапасын мемлекеттік бақылау ережелері мен рәсімдерін анықтайтын нормативтік құжат.
Оқу бағдарламасы-әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуі тиіс білім, білік, дағдылар мен іс-әрекет тәсілдерінің мазмұны мен көлемін, сондай-ақ бөлімдер мен тақырыптардың оқу жылы бойынша бөлінген мазмұнын анықтайтын құжат.
Оқытуды саралау – тұлғаның жеке типологиялық ерекшеліктері ескерілетін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі.
Өлшеуіштер – оқушылардың деңгейлік оқу дайындығын алдын-ала берілген сандық және сапалық сипаттамаларының көрсеткіштері бойынша айқындау құралдары мен тәсілдері.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Ахметов Н.К Игра как процесс обучения Алматы 1985
2. Абылкасымова А, Бекбоев И Алгебра 9 Алматы «Мектеп»2009
3.Алдаммуратова Т.А Байшоланов Е.С, Математика 5 Алматы «Атамұра»2010
4. «Бастауыш мектеп» № 3 2009ж.
5. Беспалько В.П Слагаемые педагогической технологий М 1989
6. Жунусова М.Р Активные методы обучения Караганда 2009
7. Жунусова М.Р. Ғылыми зерттеуге кіріспе. Қарағанды 2009
8.Жунусова М.Р. Жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту Қарағанды 2008
9. В.Г Коваленко «Дидактические игры на уроках математики» М 1990
10. «Математитка және физика» №1 2009ж, №5 2007ж.
11. «Математика Қазақстан мектебінде» №1 2006ж, № 4 2008ж, №1 2010ж
12. Сопецкая Е.С Дидактические игры как средство организации обучения учащихся и активизации их позновательной деятельности.
14.Эльконин Д.Б Психология игры М. Педагогика 1978

Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................................3


I. Ойын технологиясының теориялық негіздері
1.1 Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері.......................................................................................................5
1.2 Ойын технологиясының негіздері................................................7
II. Математика сабағында ойын технологиясының пайдалануы
2.1 Ойын технологиясының маңызы...................................................9
2.2 Дидактикалық ойындар................................................................11
2.3 Іскерлік ойындар...........................................................................17

Қорытынды.............................................................................................22
V.Қосымша..................................................................................................23
VІ.Глоссарий .................................................................................................27
VIІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі .............................................................29
Категория: Математика | Добавил: tatyana_tsaft (2011-09-16)
Просмотров: 30084 | Рейтинг: 3.8/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-10, 8:18 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru