Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия

«Химия еліне саяхат»
«Химия еліне саяхат» тақырыбында өткізілетін ойын-сайыс сабағының бағдарламасы
Мектепшілік танымдық ойын сабағына әр сыныптан іріктеліп шыққан білімді, алғыр оқушылар қатысты.
Ойын барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші кіріспе сөзінде жарпатылыстану пәндерінің апталығы аясында өткізіліп жатқан бүгінгі сабақтың мақсаты мен мазмұнына тоқтала келе еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жиырма жылда жеткен химия ғылымының жетістіктері мен шикізатты химиялық өңдеу өндірісінің даму қарқынымен таныстырған баяндама жасады. Ойын- сайыстың әр кезеңінде жүргізуші бөлімнің тақырыбына сәйкес шағын әңгіме өткізіп, оқушылардың біліміне байланысты деңгейлік тапсырма берді.
Оқушылар ІІ топқа бөлініп сайысты. Берілген тапсырманың әр дұрыс жауабына 2-ұпай беріледі.
Танымдық ойын сабағы мынадай бөлімдерден тұрды:
1. Химияның маңызы және химия өнеркәсібі
2. Салауаттылық- Химия сабағында
3. Химия және салт-дәстүр
4. Химия өндірісінің дамуы мемлекеттің экономикалық даму қарқынының өлшемі (оқушылардың алдын-ала дайындаған баяндамасы)
5. Жер-Ана- химиялық құбылыстар айнасы.
І бөлім. Химияның маңызы және химия өнеркәсібі.
Жүргізушінің баяндамасы:
Химияны таңғажайып өзгерулердің индустриясы деп атауға болады. Ол табиғатта болмайтын материалды синтездеп, оларды әр алуан машиналар мен құралдар жасауға қолданып, тұрғын үй салуға, халық тұтынатын бұйымдар өндеуге мүмкіндік береді. Химия өнеркәсібі синтетикалық каучук, пластикалық массалар, жасанды талшық, жасанды отын, бояулар, дәрі-дәрмек, басқа да көптеген нәрселер өндіреді. Негізгі химия өнеркәсібінің өнімдері-қышқылдар, сілтілер, тұздар көптеген мөлшерде шығарылады.
Химияның мүмкіншіліктерінде шек жоқ. Бір ғана мұнайдан 20 мыңнан астам ал тас көмірден одан да көп органикалық заттар алуға болады. Халық тұтынатын бұйымдардың түрлерін кеңейтіп, әр алуан етіп шығаруда оны шексіз қолданады. Сонымен, химия ғылымын оқып- үйрену біздің табиғат жөніндегі білімімізді кеңейтеді. Заттардың өзара байланысын айқындап, жай-бейорганикалық заттардың- ағза денесін құрайтын ең күрделі заттарға айналу процесін ашып көрсете отырып, ғылым бізге табиғаттың даму жолын ашып береді, табиғатта болып жататын процестерді және оның негізіне байланысты заңдылықтарды терең түсінуге жәрдемдеседі. Химия сонымен бірге біздің ғылыми- материалистік көзқарасымызға айтарлықтай ықпал етуде.
І. Топқа берілген тапсырма:
1. Массасы 320 т FeO-нің 80%- ы, СО мен тотықсызданса, реакцияға қанша л (қ.ж) СО түскен.
2. 0,25 моль темірде қанша атом бар.
3. Оксидтердің формуласын құраңыз:
А) сутегі Б) магний В) күкірт Г) фосфор
4. Электролиттерге жатады:
А) ерімейтін негіздер В) металдар С) қант
Д) бейметалдар Е) ерігіш тұздар
5. Көміртегі диоксидіндегі оттектің массалық үлесі(%):
А) 73 В) 50 С) 30 Д) 25 Е)20
ІІ- топтың тапсырмасы:
1. 49 г натрий гидроксидімен 49г күкірт қышқылының ерітінділерін араластырғанда түзілетін натрий сульфатының массасы.
2. Айналымды жүзеге асыр:
FeS2→SO2→SO3→H2SO4
3. Сl2 молекуласындағы химиялық байланыс:
А) иондық В) металдық С) ковалентті полюсті
Д) ковалентті полюссіз Е) сутектік
4. 10 моль газдың көлемі нешеге тең:
А) 1л В) 10л С)22,4л Д)224л
5. 230г этил спиртінен натрий ығыстыратын (қ.ж) сутектің көлемі:
А) 56л В)44,8л С) 60л Д)12л Е)22,4л
ІІ -болім Салауаттылық -химия сабағында
Жүргізушінің баяндамасы:
Темекі түтінін жетілдірілген физика- химиялық әдістермен
зерттеген ғалымдар оның құрамында адам ағзасына зиянды көптеген улы заттардын бар екені дәлелденген.Ол заттар темекі шегу кезіндегі температура әсерінен химиялық заттарға айналу арқылы темекі түтінінің улылығын күшейте түседі.Темекі түтінінен СН;С Н; N H;C H; C H және азоттың монооксидтері
Оксидтері және қанықпаған көмірсутектер табылған.Қандағы оттегіні тасымалдайтын зат гемоглобин құрамындағы темір екенін темір тіркеп әкеле жатқан оттегін <<Иіс газы>> өзіне тартып алатынын,себебі СО күшті тотықсыздандырғыш екенін реакция теңдеуі арқылы көрсетейік
FO + CO=Fe + CO2
Темекі шегетін адам осы реакция нәтижесінде өте әлсіз болады.
2.Спирт қанға жылдам өте отырып,жасушааралық сұйықтықта еріп,ағзанын барлық жасушаларына енеді.Бауырда көптеген улы заттар зиянсыздандырылады,әсіресе этанолды 90%.
Бауырда этил спиртінің тотығу жүзеге асады.
1)Көлемі 100л этил спирті (C2 H5 O H)
2)Аиналымды жүзеге асыр:
N H3 – NO-NO2-HNO3
Ауамен қоспасы жарылыс беретін қосылысты атаңыз :
а)метан ә)бутан б) октан в)гексан
4 Калий карбонатын гидролиздеңгенде түзілетін ерітінді ортасың;
a) бесторан в) қышқыл с) әлсіз қышқыл д) сілтілік
5 Ауаның құрамындағы көмір қышқыл (СО2) газының көлемі;
а) 0,05% в) 0,01% с) 0,03% д) 21%
I топтын тапсырмасы:
1)Ауа бойынша тығыздығы 1,59-ға тең 9,2г зат жаңғанда 17,6г СО2 мен 10,8г су түзілді.Осы заттың формуласын тап.
2)Спирттер артық мөлшерде алынғанда түзіледі;
а) дегидаттар ә) ангидриттер б) жалі эфирлер
3)Газ тәрізді отын ретінде көбінесе қолданылатын қосылыс;
а) бутан в) пропан с) метан д) гексан
4)Айналымды жүзеге асыр СаО → СаС2 → С2Н2 → СО2
5)Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі;
а) графит в) оксид с) алмаз д) озон е) су
III-бөлім. Химия және салт-дәстүр
Жүргізушінің баяндамасы:
Көшпелілер мәдениеті өзінің 3мың жылдық ғұмырында рухани біртектілікте шыңдала отырып,ұдайы сапалық жетілуін тоқтатпаған.Сан ғасырға созылған көшпелілер мал жаюдың тәсілдермен бірге күнделікті тұтынатын бұйымдары мен құралдарын,әшекей заттарды және елін жауынан қорғау үшін қажет соғыс құралдарын жасады.Ертедегі кеншілеріміз кезінде құйма жасаудың тамаша үлгісін көрсетті.Олар қоланы мыс пен қалайы қоспасынан алса,жезді мыс пен мырыштан алды.Мысалы,қола үшін мыстын 10бөлігіне қалайының 1 бөлігін,үстеме ретінде қорғасын,мырыш,т.б. металдарды қосқан.Ертедегі қазақ халқы өмір сүру барысында табиғатта металдарды,химиялық қосылыстарды және химиялық құбылыстарды игерді.
Олардың заттың құрамы туралы
білім;жай(алтын,күміс,мыс,темір),күрделі заттардан (су,тұз,сірке),құймалардан(жез,қола)тұрды.Ал заттардын қасиеті деген кезде олардың күйі(сұйық,қатты,бу),түсі(сары,ақ,қара,көк),иісі(мүсәтір) дәмі(қышқыл ,тәтті,ащы),қатуы(мұз), қайнауы(су) және ерігіштігі(тұз,қант)болатынын аңғарды және бұл қасиеттерін күндклікті тұрмыста практика жүзінде пайдалана білді.
Метал өндіруге байланысты тілімізде күні бүгінге дейін сақталған сөздердің де айтары,аңғартары мол.Кен,кеніш,кенші,кен оғашы,кен шоқы, қалайы,қалайышы,қалайылау,қола,қолба,мырыш,мыршын, қорғасын,жез,мыс,бақыр міне,осы сияқты атаулар көне кәсіптің қазіргі таңдағы айғағы,жаңғырығы.
Ертедегі кеншілер пайдаланған металл алу үрдістері
Кенді тауып алу→Оны ұстау→Ұнтақтау →Тазалау→Еріту→ Қыздыру→Сүзу→Су алту→Құрғату→Металды↓бөліп алу→Қалған қалдықтар,қож. Зат
Қазақстан аймағындағы кен өндіретін металургияның дамуы ежелгі түркілерде әскери істің дамуына себеп болды.Темір өндіру ісінің дамуы түркі хандықтарының қалың әскерін қайта қаруландырып,суытты салт әскерден пәрменді бөлімдер құрып, ер қаруы – мүйіз садақтар көк сауыттар,найза, 0ылыш пен металл құйылған шоқпарларды дүниеге әкелді. Металл өндіруді басқа халықтарға қарағанда ерте игергендігінің арқасында Қазақстан аймағында ертедегі ата-бабаларымыз-сақтар өз жеріне жауды кіргізбеді.Көрші Қытайдың қорған соғып қорғануға мәжбүр етті және бүкіл Еуропаны жаулап алды.
І –топтың тапсырмасы:
1. Химиялық жұмбақ:
1) Исі, дәмі де жоқ ұсталмайды. Ол болмаса, тіршілікте, өмір де жоқ, ол болмаса, отында тұтанбайды (.....)
2) Сыныптан бір шықпайды
Тимесең жұқпайды
Жәрдемісіз бұл заттың
Оқушы сабақ ұқпайды, (….)
3) (….) қайнауда шынығады.
Батыр майданда шығынады
4) Сыйлап берсең (…) да тәтті.
5) Қазақта бесікке сәбиді саларда және жаңа үйді ыстағанда осы затты жағып, үйді түтіндеткен. Осы зат жанып газ түзілген. Өткір иісті түссіз газ. Ол көптеген органикалық бояуларды түссіздендіреді және микроағзаларды өлтіреді, шіру үрдісіне жол бермейді. Ол газ қандай газ (….)

ІІ – топқа тапсырма
Химиялық жұмбақ
1) Күмістегі түсі жылтыр, өзі сұйық Буланбас Қайнатсаң да отты жағып көрсететін сұйықты, жылуды анық құрап жасайды оны құйып (....) .

2) Ел іші (:….) бесік
3) (….) ді қызған кезінде соқ
4) Үйдің сәні қызбенен
Астың дәмі (…..)
5) Қорғасын кеенін қазып алып оны жылқының тезегіне қойып, қойдың шайып құйып, содан кейін арнайы жер ошақ пешке салып қорытқан. Күкіртті көмірмен араластырып , селитра есебінен (KNO3) ескі беит топырағын қосып оны қазанға салып қайнатады. Қайнау кезінде бұлардың жарылып кетпеуін қадағалап, қоспаға ауық- ауық су бүркіреді. Қоспаны тарының аумағындай майда деңгелек қорғасын оқ-дәрі болғанға дейін араластырады: Реакция теңдеуін жаз.
5- бөлім. Жер-Ана-химиялық құбылыстар зертханасы
Жүргізушінің баяндамасы:
Кейінгі кезде адамзат алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі-қоршаған ортаны қорғау болып табылады. Шайынды суды тазалау, су мен атмосфераның тазалығын бақылау, қалдықсыз өнеркәсіптерді жасау тәрізді мәселерді шешуде химия ғылымымен өнеркәсібінің үлкен ролі бар. Қазіргі күнгі экологиялық проблемалардың бірі-қышқыл жамбырлар. Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары-күкірт диоксиді және азот оксидтеріатмосфераға еніп, ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдары түзіледі. Нәтижесінде жерге жауатын жамбыр мен қар қышқылданады. Күкірт пен азот оксидтері металлургия өндірісіне және көмір, мұнай және әртүрлі газдар жанған кезде түзіліп, атмосфера құрамына кіреді. Көмірді және мұнайды жаққан кезде түзілген күкірт диоксидігазы атмосферада күкірт триоксидіне дейін тотығады. Тузілген оксид ауадағы су буымен әсерлесіп, күкірт қышқылы түзіледі. Жамбыр тамшыларында еріген күкірт қышқылы атмосферада тұман түзіп, адамдардың аллергия және де басқа аурулармен ауруына алып келеді. Табиғатағы топырақтағы бактериялар әсерінен нитраттар азот оксидіне айналып отырады. Биомассалардың жануы кезінде де ауаға жылына 12млн.т азот оксиді енеді. Табиғатта қосылыстан бос күйдегі молекулалық оттегі бөліп шығаратын бір ғана реакция белгілі. Ол фотосинтез процесі. Өсімдік жапырағы жарықта хлорофилл әсерінен қоректену процесін жүзеге асырады. Осы кезде су мен көмір қышқыл газдан глюкоза синтезделеді және оттек газы бөлінеді. Тіршілікті қуаттаумен қатар оттектің бүлдіргіш қасиеті де бар. Мыс: металдың таттануы, өсімдік және жануар қалдығының шіруі. Қазақстандағы жауын-шашынның құрамындағы қышқылдардың,әр түрлі элементтердің, олардың қосылыстарының ағзаға, өсімдік- жануарға, адам денсаулығына әсерін жан-жақты зерттеу, биосфераның ластануына мүмкіндік бермеу-бүгінгі күннің кезек күттірмей шешімін табуы қажет негізгі мәселердің бірі.
Соңғы бөлімде оқушыларға тікелей ауызша сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындыладым
Категория: Химия | Добавил: hurman_1972 (2015-02-17) | Автор: Хурман Бақболат E W
Просмотров: 1301 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 1:51 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru