Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

Бақыт дегеніміз не?
Сабақтың жоспары
Поурочный план
The plan of the lesson
Күні/Дата/Date:29.10.16
Топ/Группа/Group:М-41
Пән/Предмет/Subgekt: Кураторлық сағат
Сабақтың тақырыбы/Тема занятия/Them: «Бақыт дегеніміз не?»
Сабақтың үлгісі/Тип занятия/Ture of the lesson:жаңа білімді беру сабағы
Сабақтың түрі/Вид занятия/kind of the lesson:аралас, практикалық
Мақсаты/Цели занятий/Obgectives
Білімділік/образовательная/educational. студенттерге «бақыт» құндылығының маңызын ашу, бұл ұғымның кең екендігін, бақытты бола білудің жолдарын ұғындыру, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру.
Дамытушылық/развивающая/developing: студенттердің сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын ой ұшқырлықтарын берілген мағлұматтар арқылы дамыту.
Тәрбиелік/воспитательная/bringin-up :бақытты бола білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар/оборудование/resources:бейнебаян, презентация,суреттер.
Сабақтың барысы/ План занятия/Plan:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Негізгі бөлім.
III. Қорытындылау. (Сұрақ-жауап әдісі арқылы)

Әдебиеттер/Литературы/Leterature
Сыныптан тыс журналдар
Бастауыш сынып мұғалімі журналы
Тәрбие жұмысының әдітемесі. Астана 2007.
«Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалықтехнологиялары» 2-кітап Алматы,2007ж «Педагогика» Құрманалина.

Сабақ барысы/Ход урока
I.Ұйымдастыру кезеңі. (Фанфары-әуен қосылады)
1 слайд (Айтуға оңай) фото
1 жүргізуші: Әр заманның өз қиыншылығы, өз кереметі болатыны анық, бірақ соған қарамастан, өмірде өз бақыттырын тауып жатқан адамдар аз емес. Біреуге бақыт деген отбасының амандығы, біреуге мансапқа жету, біреуге материалдық жетістік болып табылады.
2 жүргізуші: Жалпы бақыт деген не? Біз бақытты таптық па? Әлде оған жету мүмкін емес пе? Бұл сұрақтардың жауабын бірге іздестіретін боламыз. Қайырлы ккүн , сіздермен «Айтуға оңай» бағдарламасы және мен Жумашова Саяжан, топ жетекшім Боханова Айымгүл Балтабаевна.
ІІ. Негізгі бөлім.
1 жүргізуші: Саяжан, Әл Фараби айтқандай Бақыттың мәні – парасаттылықта әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында. (2 Слайд)
2 жүргізуші::Ия, Айымгуль Балтабаевна Максим Горький да «Бақыт» дегенді «Адамға шаттық әкеліп, бақытқа бөлейтін нәрсе - өзінің жақындарына керек екендігін сезіну» деп айтқан.. 2 слайд
1 жүргізуші -Қостанай педагогикалық колледжінде 800ден астам студенттер оқиды.Оған қоса 50-60 шақты ұстаздар бар.
2 жүргізуші - Олардың өмірлері де, ұстанымдары да, өмірге деген көзқарастары да әртүрлі.Оларға бақыт деген нені білдіреді? Сюжетке назар аударайық.
(Бейне-сұрақ)
1 жүргізуші - Саяжан, Бүгін біздің студиямызға әртүрлі маман иелері,көптеген қонақтар келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып кетсек.
2 жүргізуші - Қуана, қуана таныстырамын. Бүгін біздің студиямызда қонақта Денсаулық сақтау Министрлігінен келген маман Айым Болатқызы. Жас әнші-Нурдуллаева Мақпал. Психология ғылымының докторы Еркегүл Сабыржанқызы. Әнші, тамаша өнер иесі-Исмаилова Азиза. Жас ақын-Касымова Инкар және №24 мектеп мұғалімі Муздакбаева Нұрия.
1 жүргізуші: Студиямызға қош келдіңіздер! Сіздер, бақыт дегенді қалай түсінесіздер?
1 жүргізуші -Қазіргі кезде қоғамдық жағдайлармен басылып қалған, өмірден күдерін үзген жандар аз емес.Олардың бұл әрекеттерін қалай түсінуге болады?
2 жүргізуші -Бір сәттік қиындық үшін өзіңді бақытсызбын деп санауға бола ма? Мүмкін бізге бақыт емес, байлық немесе ақыл қажет шығар. Бұл сұрақтардың жауабын бірге іздестірейік. Сахнаға назар аударыңыздыр.
(КӨРІНІС)
1 жүргізуші -Көрініс туралы көрермендер және студияға келіп отырған қонақтар сіздердің ойларыңызды сұраймыз? Сұрақ-жауап әдісі арқылы ( топ студенттері, М-21, М-11)
2 жүргізуші -Өмір тек пессимист әлсіз адамдардан ғана тұрмайды, қиынышылықтарға төзе білетін,ары қарай алға басатын адамдар да баршылық.
1 жүргізуші -Ол адамдар нағыз ержүрек, өмірдің қадірін білетін, бақыттың не екенің түсінген адамдар. Олар жайлы сюжеттен тамашалайық.
(Мықты адамдар туралы бейнебаян)
1 жүргізуші -Керемет бұл бейнебаяндағы адамдарға таң қалмау, қол соқпау мүмкін емес.
2 жүргізуші -Иа, өте әсерлі бейнебаян екен. Бірақ бір өкініштісі осындай жағдайларға душар болған кезде өмірден түңіліп өзіне қол жұмсайтын адамдар да бар. Бұл жайлы студияда отырған қонақтарымыз не ойлайды екен? Өздерінен сұрап көрейік? ( Таңсулу, Диана, т.б)
1 жүргізуші -Осы мәселе жайлы бізге кеңінен айтуға, студиямызға, денсаулық сақтау министрлігінен маман келіп отыр екен. – Айым Болатқызы Сәлеметсіз бе?! Сөз кезегі өзіңізде.
(Дәрігер-Айым)
2 жүргізуші - Студиямызға келген қонақтардың тағы бірі кпк-жұлдызы Нурдуллаева Макпал.Сәлеметсіз бе?! Мақпал ханым –Бақыт деген сөзді қалай түсінесіз? жалпы сіздің өмірге деген көзқарасыңыз қандай. Оптимистсыз ба, песимистсіз бе?
1 жүргізуші -Жауабыңызға рахмет! Ал еңді тамаша әніңізбен сахнаға шақырамыз.
(НУРДУЛЛАЕВА МАҚПАЛ-АЙТА БЕРСІН)
2 жүргізуші -Еліміздің болашағы-бұл жастар. Өкінішке орай қазіргі жастарды көбісі бақыт деген құндылықты дұрыс түсінбейді.
1 жүргізуші -Не себепті? Бұл қандай жағдайлардан туындап жатыр. Экранға назар аударыңыздар.
(Видео-НЕУДАЧИ В ЖИЗНИ)
2 жүргізуші -Жалпы адамның өмірге деген көзқарасы өте құбылмалы нәрсе және ол әртүрлі жағдайларға байланысты өзгеріп тұруы мүмкін.
1 жүргізуші - Мұның бәрін бір сөзбен адам психологиясы деп айтуға болады. Толығырақ студиямызға келген психолог-маман Еркегүл Сабыржан қызынан білейік.
(ПСИХОЛОГ-ЕРКЕГҮЛ)
2 жүргізуші -Осы жағдайларға байланысты студиямызға келген студенттер не ойлайды екен, өздерінен сұрап көрейік.
(сұраққа жауап береді Нұржан Алина,Асел)
1 жүргізуші - «Жетім көрсең жебей жүр» деген қазақта жақсы сөз бар. Адам өміріндегі басты бақыт көзі-ол саби сүю. Бірақ мұндай бақыт бәріне бірдей беріле бермейді, өкінішке орай балаларын бағаламайтын,оларды балалар үйіне тастап кетіп жатқан, балаларын өлімге қиып жатқан ата-аналар бар. Бұл әрине өте өкінішті жағдай. Себебі бала сүйе алмай, бір балаға зәру болып отырған, бақытсыз жандар да бар гой. Ары қарай әңгімемізді жалғастырмас бұрын сюжетке назар аударайық.
(видео-Сәби бақыты)
2 жүргізуші -Өте керемет ән, кімнің болмасын жүрегін тебірентетіндей. Бұл бейнебаян жайлы қонақтарымыз не ойлайды екен? (студиямен әңгіме)
1 жүргізуші - айтуға оңайға қонаққа келіп отырған тағы бірі жас әнші Исмаилова Азиза.
2 жүргізуші -Сәлеметсіз бе?! Сіздің өнер жолында жүргеніңізге біраз болғанын білеміз. Жалпы осы өнер жолында қиыншылықтар кездесті ме? Оларды қалай жеңе білдіңіз. Сіз оптимист сіз бе? Пессимист сіз бе?
1 жүргізуші -Тамаша, әсем әнмен Исмаилова Азизаны қарсы алыңыздар.
(АЗИЗА-Бақыт деген)

2 жүргізуші - «Бақыт деген сенің бала Күндерің», «үш бақытым» деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай, жырлайтын ақындар қазір де баршылық. Солардың бірі жас ақын Қасымова Инкар.
1 жүргізуші -Қайырлы күн! Осындай тақырыпқа арналаған өлеңдеріңіз көп пе? Бұл өлеңдерді шатбытыңыз келегенде жазасыз ба? Әлде арнайы отырып шығара бересіз бе?
-Қошеметпен Касымова Инкарды сахна төріне шақырамыз.
(инкар-стих)
М.Мақатаев
Бақыт деген не өзі?
Бақыт деген не өзі?
Бақыт деген не өзі деп бастады топ таласты,
Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген барлық, байлық емес пе?
Керегінше киіп- ішсең бақыттысың емес пе?!
Бірі айтады: Жоқ, бақыт деген қолың жетпес маңсап қой,
Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой.
Бірі айтады: бақыт деген, бақыт деген жүйрік мініп, той тойлау
Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса қарт ойнау.
Бірі айтады: Бақыт деген адал жар мен перзент қой,
Ынтымаққа ырыс келген, ол да соған келмек қой.
Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым,
Бақыт адам баласына келмес оңай, соны ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,
Маңсап жетпес бар адамға, үлестіріп алғанда.
Үміт үзбей зейітұлар таңдап сол бір жақұпты,
Оны алыстан іздемегің,
Жүректен тап бақытты.

2 жүргізуші -«Ел болам десең,бесігінді түзе» деген жақсы сөз бар. Бүгініміз бен ертеңіміздің айнасы, болашағымыздың жарқын болуы-мектептен басталады. Демек мектептерімізде оқушыларға жақсы тәрбие, білім берілуің, мұғалімнің білікті болуын қадағалау керекпіз.
1 жүргізуші - Мектептерде тәрбие жұмысы қалай жүріп жатыр? Кішкентай бүлдіршіңдеріміз бақыт деп нені ойлайды екен.Өздеріңнен сұрап білейік. Қошеметпен ортаға 24 бастауыш мектеп-гимназиясының ұстазы мен оқушыларын шақырамыз. –Балалар сендер үшін бақыт деген не? (Балалардың жауабы)

2 жүргізуші -Рахмет балалар.. Нұрия Тайжанқызыда бізге құр қол келмепті,ол кісі бізге тренинг өткізбекші.Ендеше сөз кезегі өзіңізде.
Мектеп мұғалімі: Ы. Алтынсариннің айтуы бойынша: «Бақыт – адам өмірінің арқауы». Осыған орай бүлдіршіндеріміздің де бақыт жайлы түсінігін тыңдап өттік. Бүлдіршіндердің түсінігі бойынша Бақыт ол – достық, ата- ана, туған туысқандар, жақсы ой және жай ғана жақсы көңіл-күйде болудың өзі бақыт болып саналынады.
Балаларға бақыт ұғымын түсіндіру үшін құзыреттілік сөзінің мағынасын ашып алуымыз керек. Құзыреттілік – білім, дағды, іскерлік, ерік- жігер. Ал осы қасиеттерді бүлдіршіндердің бойына сіңіру – біз ұстаздардың басты міндеті. Рахмет!
1 жүргізуші -Бақыт тек материалдық жеткіліктік немесе махаббат қана емес. Бақыт- ол еліміздің тыныштығы, өркендеуі. Бұл жайлы қонақтарымыз не ойлайды екен? (Ақнұр,Аяжан)
(БИ-қазақша)
ІІІ. Қорытынды бөлім.
2 жүргізуші -Осымен бүгінгі бағдарламамыздың мәресі де жақындап қалды. Бүгін біраз адам туралы айттық, біраз өзекті мәселелер қозғалды. Сонымен ең басты құндылық адам өмірі, оның бақыты екенің түсіндік. Қандай қиыншылықтар болсада мойымай, алға қойған мақсаттарға жету керек. Біз сіздерге бақыт тілей отырып, Көңілді көтерудің және бақыт деңгейін биіктетудің 11 қағидасын ұсынамыз.
Музыка ( 11 студент шығады) өлең айтатындар.
2 жүргізуші -Тоқсан ауыз сөздің толықтай түйіні, өмірде ештенге берілмей, оптимист болып, барлығына жақсы көзбен қарау. Бақыттың кілті өз қолдарыңызда екенің ұмытпағайсыздар. Келесі кездескенше қош-сау болыңыздар!
Аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тиыш болсын! (ӨЛЕҢ)
Категория: Классному руководителю | Добавил: aim_92kz (2016-12-19) | Автор: Бақыт дегеніміз не? E
Просмотров: 945 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 7:52 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru