Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

Ұмытылған ұлт дәстүрлері
Семей қаласы, Жарқын ауылы
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі
Бейсенқызы Әсем физика пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: Ұмытылған ұлт дәстүрлері

Мақсаты:Оқушыларды Отанын, өз елін, жерін, салт-сана, әдет-ғұрыптарын құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлттық салт-дәстүр, ұлттық тағамдар туралы түсініктеме беру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.

Көрнекіліктер:Қазақтың дастарханы кітабы, суреттер, нақыл сөздер, оқулықтар.

Барысы: 1.Ұйымдастыру
2.Қазақтың салт-дәстүрлері
3.Жеті ата
4.Мақал-мәтелдер
5.Ұлттық тағамдар
6.Ұмытылған ұлт дәстүрлері
7.Ән «Қазақтың дастарханы»

Салт-дәстүрлер:
1. Жеті ата
2. Жиенқұрық
3. Жолдасу
4. Қонақасы
5. Қонақ кәде
6. Қолкесер
7. Сыйыну
8. Балаға ат қою
9. Шілдехана
10. Бесікке салу
11. Қырқынан шығару
12. Тұсау кесу

Жеті ата: Ата Әке Бала Немере Шөбере Шөпшек Немене

«Жеті ата» (ғұрып). «Жеты атасын білген ұл жұрттың қамын жер» (мәтел). Әр адам өзінің жеті атасын білуі- көргенділік пен білімділігін, ата көргендігін танытады. Білмесе «Жеті атасын білмейтін жетесіз» деп сөккен. Жеті атаны үйрету әр ата-ананың басты борышы.

«Жиенқұрық» (салт). Қыздан туған балалар жиен деп аталады. Халық дәстүрі бойынша жиен нағашыларынан қалаған затын, яғни «жиенқұрық» алуға тиіс. Нағашысы жиеннің бетін қайтармай үш рет беруге міндетті. Халық жиенді ренжітпей «жиен назары жаман» деп еркелетіп ұстаған. «Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды» деген де сөз бар.

«Жолдас» (жолын беру) (дәстүр). Үлкен мәжілістерде, бас қосуда бұрынғы адамдар ата салты-дәстүрі жолымен өзіне лайық орын алады. Сый-сыяпат жасағанда, бас табаққа кіруде немесе бата беруде де ата-баба жолы негіз болады. Мұндайда тек жасы ғана емес, жүз, ру, туыстық, іліктік жағы да
еске алынады. Мұны қазақ салты бойынша «жолдасу» немесе жолын алу
деп атайды.

«Қонақасы» (дәстүр). Қонақ келсе үйіне
Жалғыз қойын соятын
Барын алға қоятын
Біздің халық ер халық.
Халқымыздың тарихи, әлеуметтік, тұрмыстық жағдайындағы ерекше қымбат дәстүрі-қонақжайлылық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып қонақ асы беру-жомарттықтың, елдіктің, азаматтықтың белгісі. Қазақ семіз қойын, басқада жылы жұмсақ тағамдарын қонаққа әдейі сақтап, «қонақ келеді» деп күтіп отырған. «Құдайым би қылмасаң да, би түсетін үй қыл» деп
тілек тілеген қазақ үйіне қонақ түскенді мәртебе, бақыт санаған. Қазақтың әр үйінде «қонақтың ырыздығы, несібесі бар» деген ұғым қалыптасқан. Халық дәстүрінде қонақты үйге түсірмеу немесе дұрыс қонақасы бермеу айып болып саналады.

«Қонақкәде» (дәстүр). Үй иесінің қонағына «қонақкәде» айтыңыз деп өтініш жасауға хақы бар. Бұл «өлең айтыңыз, өнер көрсетіңіз» дегенді білдіреді.

«Қолкесер» (дәстүр). Біреудің соғымын сойысқан соғымшыға үй иесі «қол кесерің» деп сыбағалы етін береді.

«Сыйыну» (діни ұғым). Қазақтың қасиетті жерінде Қожа Ахмет Ясауи, Баба түкті Шашты Әзиз, Бекет ата, Райымбек батыр, Марал ишан, Оспан қожа, Жанқожа батыр сияқты әруақты, киелі әулиелер орындары көп. Міне, осы кісілерге сыйыну, басына тәу ету дәстүрі сыйыну деп аталады.

«Балаға ат қою». Бала дүниге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалдары ат қояды. Дін басы болғандықтан кейде молда қоятын болған.
«Шілдехана». Жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той. Оған көбінесе жастар жиналады. Шілдехана –баланы жын-шайтаннан қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр.

«Бесікке салу». Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен, қадірлі аналардың бірі әкеліп сыйға береді.баланы бесікке салу рәсімін бесік сыйлаған анаға тапсырады. Бесікке бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады, ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі, көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.
Тойға келгендер балаға батасын беріп, шашу шашады.

«Қырқынан шығару». Туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады. Қырық күн өткеннен кейін баланың өмірінде жаңа кезең басталады деп есептеледі. Қазақ халқының ұғымында қырық саны –қасиетті сандардың бірі. Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге, сақиналар салынған тегешкешомылдырады. әйелдердің үлкені «отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп, баланың үстіне қырық қасық су құяды. Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі.
Келесі кезекте баланың шашын, тырнағын алады. Шанын шүберекке түйіп, киімінің иығана қадайды. Тырнағын адам баспайтын жерге көмеді.

«Тұсау кесу». Сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Ала жіппен тұсауды кесудің негізінде «болашақта бала ешкімнің ала жібін аттамасын » деген тілек бар.

Мақал-мәтелдер
1. Саналы ел салтын сақтар.

2. Салт –сана, дәстүр-дәулет, әдет-ғұрып.

3. Ата жолы-адамдық, Ана жолы-адалдық

4. Ағадан-ақыл, данадан-нақыл.

5. Атадан-пейіл,
Анадан-мейір,
баладан-қайыр.

6. Көп біл, аз сөйле.
7. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

8. Ырыс-алды ынтымақ.
9. Ат болатын тай саяққа үйір,
Адам болатын бала қонаққа үйір.

10. Ата -бәйтерек
Бала-жапырақ.
11. Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ.
12. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

13. Өтірік сөз өрге баспас.

14. Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.

15.Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер.

16. Әке көрген оқ жанар,
Шеше көрген тон пішер.

Ұннан жасалатын тағамдар: Нан, Мыжыма, Қиықша, Шелпек, Таба нан, Бөртпе, Қазанжаппа, Жарма, Күлше, Төңкерме, Бүркеме, Бауысақ , Құймақ.

Сүт тағамдары:Сүт, қымыз, шұбат, құрт, құрткөже, ежігей, ірімшік, уыщ, қатық, айран, сүзбе, май, қаймақ, тосап, көже.

Ет тағамдары: Күздік, соғым, қазақша ет, бас тарту, мипалау, шұжық, қуырдақ, қазы-қарта, жал-жая, бұқпа, сірне, төстік, ақ сорпа, салма, шыж-мыж, ет ыстау, бүрме, әсіп палау.

Ұмытылған ұлт дәстүрлері.

1.«ҚЫЗ АЙТТЫРУ» (дәстүр)
Әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластырады, өзінің теңін іздейді. «Анасын көріп қызын ал » деген қағиданы қатаң ұстайды. Яғни, болашақ құдасын орынды жерден, жақсы кісілерден , аталы, іргелі ауылдардан қарайды. Тұқымында, тегінде ауыруы бар отбасының қыздарына сөз салмайды. Лайықты деген адамдарына әдейі барып, балаларының болашағы туралы әңгіме қозғайды, өздерінің құда болу ниетін білдіреді. Мұны «Қыз айттыру» дейді.

2.«ҚЫЗ КӨРУ» (салт)
Кейде қыз таңдау деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісінің балалары немесе өнерпаз, сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. Пәлен жерде жақсы қыз бар дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жарандарын ертіп қыз ауылына барады. Ондай жігіттерге ешкім наразылық білдіруге, тосқауыл қоюға хақылары жоқ. Керісінше ондай жігіттерді салтанатпен қарсы алған. Ауылдың бойжеткен ер мінезді, еркін қыздары мұндайда «қыз көретін жігітті біз көрелік» деп белсене шығып, жігіттермен өнер сынасқан. Жігітке оларда сын көзбен қарап, өз ойын ашық айтқан. Осындай жолда бір-бірін сынаған қыз –жігіттер айтысқада түскен. Осыдан кейін ұнатқан жастар сөз байласып, жігіт жағы құда жіберген.

3.«БЕС ЖАҚСЫ»(дәстүр)
«Бес жақсыға» мыналар жатады: 1. Қара нар 2.Жүйрік ат 3.Қалы кілем 4.Алмас қылыш 5.Бұлғын ішік.
Елдің аса құрметті, беделді адамдары аарсындағы достық, сыйластық қарым-қатынастарда сый-сияпат немесе құдалар арасындағы қалың мал, киіт орнына да жүрген. Бес жақсының бір түрінің өзі 4-5 жылқыға бағаланған.
Бес жақсы түріне, дәрежесіне қарай «бас жақсы», «орта жақсы», «аяқ жақсы»болып үшке бөлінеді.

4.«БЕЛКӨТЕРЕР» (салт)
Тоқсан көремін деген жасым ба еді, быламық ішейін деген асым ба еді, деп баяғы қариялар айтқандай жасы жеткен адамдар тісі болмаған соң тамақ жей алмайды. Ал, әлгі кісілерге жақсы тағамдар қажет. Мұндай жағдайда осындай адамдарға арнап «белкөтерер» деген тағам арнайы дайындалады. Бұл әрі жұмсақ, әрі дәмді, нәрі мол қазы, жент, сарымай, қымыз, ақ ірімшік, бал тағы сол сияқты тамақтардан әзірленеді. Мұны балалары, көрші-қолаңдары,сыйлас кісілер әдейі дайныдап әкеледі. Бұған өте риза болған қарттар батасын береді.

5.«АҚ ҮЙ АМАНАТ» (салт)
Қазақ тарихы мен аңыз әңгімелерінде «ақ үй аманат» берген екен деген сөз жиі кездеседі. 16-17 ғасырлардағы жаугершілік замандарда екі жақ мәмілеге келіп, іс бітімгершілікпен аяқталғанда осы салт сол үлкен жұмыстардың айғағы ретінде жүрген.
Мұндайда негізінен кінәлі жақ өзінің жеңілгендігін мойындап, бар сән-салтанат, дүние –жихаздарымен ақ орда, яғни «ақ үй аманат» әкеліп тапсырады. Бұл тек жеңілу ғана емес, сол елді мойындаудың, бұдан былай тату көршіліктің (елдіктің) кепілі ретіндегі орны бөлек құжат әрі сый-сиапат деседе болады.

6.«ОТАУ КӨТЕРУ» (салт)
Үйленді, жұпты болды деген мағынаны білдіреді. Әдетте ұлы үйленетін, қызы тұрмысқа шығатын ата-ана алдымен отау дайындайды. Қыз жасауына отау қосылып берілетін. Отау жас отбасының бақыт шаңырағы болып саналатындықтан оны барынша әсемдеп, толық жабдықтап әзірлеу керек. Оған көрші-қолаң, жақын –туыс, нағашы-жиендер тегіс араласады. Ыдыс-аяқтан бастап үй киізіне дейін әкеледі. Сөйтіп, бүкіл ауыл болып отау көтеру әрі қызық, әрі міндетті іс. Жас отау әке үйінің оң жағына тігіледі. Бұл үйге жасы үлкендер шақырусыз кірмейді. Жас келін ерте тұрып өз үйінің ғана емес, жанындағы іргелес үйлерінің де түңдігін ашуын оның әдептілігі мен мәдениеттілігін білдіреді.
7.«ШАҢЫРАҚ КӨТЕРУ»(салт).
Жас отаудың алғаш рет шаңырағын көтерудің өзі қазақ үшін тағы бір қызықты, ерекше сәт. Қазақта отаудың шаңырағын албаты адам көтермейді. Бұған баласы көп, кәрі күйеу керек. Оны қос атпен болса да алғызады. Ыңғайлы жер болып, отау өте үлкен болса кәрі күйеу шаңырақты аттың үстінде тұрып көтереді. Бұл еңбегіне ол не ат мінеді, не түйе жетектейді. Бұған малды отауды көтерткен жақ береді.

8.«АТБАЙЛАР»(салт).
Мұның да екі түрі бар.
1.Жас отаудың шаңырағы көтерілген соң ағайын-туыстар оған шашу шашып, «керегесі кең болсын», «босағы берік болсын» деген тілек айтады. Байғазы береді. Ет жақыны босағаға жылқы байлайды. Мұның аты атбайлар.
2.«Атбайлардың» екінші түрі кәде. Құда-құдағилар келгенде немесе күйеу қалыңдығын алуға келгшенде оларды жеңгелері алдынан шығып түсіріп алып, атын байлайды. Бұл «Атбайлар» деп аталатын той салты. Оған арнайы кәде беріледі. Ол кәдеден тағы бір әйел тәбәрік сұрайды.

Ән: «Қазақтың дастарханы»

Категория: Классному руководителю | Добавил: Альфия (2011-04-15)
Просмотров: 10455 | Рейтинг: 3.8/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 6:26 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru