Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

Баяндама: "Жаңа заман ұстазының ғылыми – әдістемелік қалыптасуы"
Алматы облысы,
Іле ауданы
Ы.Ноғайбаев атындағы
№18 орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі:
Тұрманова Роза Таубайқызы

Жаңа заман ұстазының ғылыми-әдістемелік қалыптасуы
Ғылыми-әдістемелік жұмысты басқарудың стратегиялық қызметі тікелей мақсатты-бағдарлықпен байланысты.
Жаңадан келген ұстаздың нағыз шеберге дейінгі жолды өтуі оңай емес. Кәсіпке кіріскеннен бастап өзінің авторлық әдістемелік жүйесін құруға дейін ұстаз қандай кәсіби жетілу кезеңдерінен өтуі қажет? Шеберлік қалай келеді? Кәсіби даму жасымен байланысты ма және қай жаста дағдарыстар мен тоқырау болады? Ұстаздың дамуында басқа факторлардың ішінде, жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейінгі оқулар, әсіресе ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүйесі қандай рөл атқарады? Ғылыми-әдістемелік жүйе құрылымында ұстаздардың кәсіби стратегиялық дамуын дұрыс құру үшін басшылардың осы сұрақтардың бәріне жауаптары дайын болу керек.

Кәсіби шеберлік, құзырлық, біліктілік түсініктері
Кәсіби шебердің еңбектегі іс-әрекетін сипаттағанда, әдетте, «құзырлық», «кәсіби шеберлік», «біліктілік» деген ұғымдарды қолданады. Бұл ұғымдарға әркім өзінше мән бере алады. Жетік білушілік, немесе құзырлық кейбіравторлардың пікірінше, кәсіби шеберлікке қарағанда мағынасы жағынан тарлау, себебі кәсіби шеберлік адамның жұмыстағы іс-әрекетін толығымен қамтиды, ал жетік білушілік – оның белгілі аймақтарын қамтиды. Сондықтан, мысалы, тұлғалық, даралық, арнайы компетенттілік жөнінде айтуға болады. Біліктілік «кәсіби шеберлікке» ең жақын ұғым және оны синонимі ретінде қолдануға болады. Бұл ұғымдар қалыптылық мәнде қолданылады(жұмыс жоғары кәсіби шеберлікті немесе нағыз маман болуды талап етеді) немесе нақты адамның іс- әрекетін сипаттау үшін қолданылады(мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіби шеберлік иесі немесе жоғары деңгейдегі білікті маман). Бірінші жағдайда жеке адамға деген оның кәсіби білімі мен білігіне яғни құзырлығына маман екеніне қалыпқа сай кәсіптік талаптар айтылады. Екінші жағдайда – мамандық иесінің осыларды қаншалықты игеруі айтылады.
Кәсібилік деңгейлері
Берілген ұңымдарды пайдалана отырып А.К.Маркова кәсібиліктің бес деңгейін ұсынады:
Кәсібилікке дейін;
Кәсібилік;
Жоғарғы кәсібилік;
Кәсібиліктен соң;
Кәсібилік емес.
1) Кәсібилікке дейінгі үш кезеңді қамтиды:
І – кәсіппен алғаш танысу;
ІІ – кәсіпте бейімделу;
ІІІ – өзін –өзі өзектеу: өзі-өзін дара тұлға ретінде сезіну өзі-өзін диагностикалау қабілетінің дамуын, мүмкіндігін және мамандығына өзінің тағайындалуын анықтау. Бірінші деңгейде – кәсібилікті жетілдіру кезеңінде өзінің кәсіби жетілуінің деңгейіне талдау жасауға аса қажет,негізгі кәсіби мәселелерді шешудің жолдарын игеру, өзіндік кәсіби қолтаңбасы мен педагогтық іс-әрекетінің стилін жасап шығару, маман ретіндегі өзінің әлсіз және мықты жақтарын сезіне білу жүзеге асады.
2) Кәсібилік – мамандықты еркін меңгеру, шеберлік, өзіндік әдістемелік жүйесі негізі етіп алынған оқытудың жеке-дара моделін оңтайлауға көмектеседі.
3) Жоғары кәсібилік педагогикалық іс-әрекетті жасап шығарушы, жан-жақты және соңында өзіндік жоба жасауға қабілетті кәсіби шебер, солай болғандықтан, кәсіби өзіндік жетілудің жоғарғы деңгейі боп табылатын әдістемелік жүйе технологияларының авторлық бағдарламаларын жобалауға қабілетті шебер.
4) Кәсіби шеберліктен кейінгі кезең – бұл кәсіби іс-әрекетті аяқтау кезеңі, мұнда педагог кеңесшінің, сарапшының, тәлімгердің қызметін атқарады: дара, авторлық бағдарламаларды, әр түрлі педагогикалық технологияларды, әдістемелік және педагогикалық жүйелерді құрылымдауға басқаларды үйретуші.
5) Бұларды басқа, ерекше топқа еңбек өтіліне байланыссыз, жұмысты өзінің басқа біреудің кәсіби бұрмаланған қалыбымен атқаратын, мамандығына сай емес ұстаздарды атап көрсетеді.

Ұстаздың маман ретіндегі бағыты
Әрбір кәсіпте маманның орындайтын түрлі бағыттары болады: ұстаздың, оқытушының, әдіскердің, зерттеушінің, тәрбиешінің, әлеуметтік ұстаздың, кәсіби топ жетекшісінің, әдістемелік бірлестіктің және т.б., өзін кәсіби жетілдіретін субьектінің рөлін атқарады. Ұстаздың өз кәсібінің қыр- сырын меңгеруінде белгілі бір заңдылық бар. Ұстазға кәсіби қызметінің алғашқы басталуында, әдеттегідей, оқытушылық рөл басым болады, себебі кәсіби маман болу кезеңінде ұстаз оқыту барысына, оны жетілдірудің әдістері мен түрлеріне көбірек көңіл бөле бастайды. Шеберлікпен бірге өз қызметіне талдау жасап, мәнін түсіндіруге, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың нәтижесіне тереңірек баға беруге қажеттілік пайда болады. Бұл ерекшеліктерді жетекші – әдіскер ғылыми- әдістемелік жұмыстар жүйесінде ұстаздың кәсіби өсу стратегиясын жасауда ескеруі тиіс.

Ұстаздың кәсіби даму үрдісінің ерекшеліктері
Ұстаздың кәсіби даму жолы – өздігінен білім алған, дилетант – ұстаздан өзінің әдістемелік жүйесінің авторы, кәсіби қызметтің субьектісі ретінде нағыз жасампаздыққа дейін біртіндеп, күрделі өрлеу (үнемі тура сызыұты болмайды).
Кемел жаста Мен – нақтылық пен Мен – мұраттылық арасында сәйкес келмеушілік шиелінеседі, осыған байланысты, бұдан ертеректегі кезеңдердегідей, жасқа байланысты қарама- қайшылық қана емес, жасқа байланысты дағдарыс та болуы мүмкін. Әрі, өмірдің орта кезеңінде кереғар нәрселермен қатар, ұстаздың кәсіби жеке тұлғалық өзіндік жетілуі, кәсіптегі дербестік пен даралық та болуы мүмкін, мұның ұстаздық кәсіби тұлғалық өзін-өзі дамыту үрдісінде маңызы зор.
Кәсіби шеберлік, сөзсіз, жай ғана тәжірибемен келмейді ол көптеген басқа нәрселерге тәуелді, олар: ұстаздың дәлелдеуі, дара және жалпы әдістемелік жұмыстың мазмұны, іске деген қызығушылық, жеке қабілеттері мен жеке қасиеттері. Тек ғылыми- әдістемелік жұмыстың құралдарымен әдістемелік оқыту арқылы дилетант- педагогтан жоғары кәсіби шебер жасауға болады деп есептеу дұрыс емес. Дегенмен, ғылыми- әдістемелік жұмыс жүйедегі мақсатты бағытты, оңтайлы ұйымдастырылған әдістемелік оқыту кәсіби шебер ұстаздың қалыптасуына көп көмегін тигізеді.

Кәсіби өзіндік сана –сезім – ұстаздың тұлғалық дамуының көрсеткіші
Алғашқы маңызды қадам – ұстаздың өзін –өзі тексеруге және өз жұмысына өзі баға алуға қабілеттігін анықтау, өйткені ұстаздық шеберліктің өсуі, өз атына бағытталған сынға қатынасы, өз жұмысына талап қоя білуі, кәсіби дамуының нақты деңгейіне тең баға беру – осыған байланысты.
В.П.Баспалько жан-жүйелік тұрғысынан өзін-өзі рефлексиялау, өзін-өзі тексеру мен өзін-өзі бағалау үрдісін толық суреттеді. Ол бұл үрдісті педагогикалық шеберліктің және ұстаздың кәсіби дамуы өлшемінің ажырамас бөлшегі болып табылатын кәсіби өзіндік сана-сезім арқылы ашты.
Автор кәсіби өзіндік сана –сезімнің төрт негізгі құрамдас бөлігін атап көрсетеді:
• Көкейкесті МЕН - ұстаз өзін қазір қандаймын деп ойлайды
• Ретроспективті МЕН – ол өз жұмысының алғаш басталған кезінде өзінің қандай болғанын көреді, бағалайды
• Тамаша МЕН – ұстаздың көзқарасы бойынша, оны білім беру орындарының басшылары, әріптестері,балалар мен ата-аналар қалай анықтап,бағалайды.
«Көкейкесті МЕН» ұстаздың кәсіби өзіндік сана –сезімінің орталық элементі болып табылады және қалған үшеуіне негізделеді. «Ретроспективті Менге» деген қатынаста жеке кәсіби тәжірибе мен жетістіктерді бағалаудың өлшем жүйесі маңызды. « Тамаша Мен» жеке тұлғаның болашағын береді және кәсіби ортада өзіндік жетілуіне жағдай туғызады. «Рефлексиялы МЕН» ұстаздың кәсіби қызметіндегі ортаның шкаласы болып табылады және өзі – өзіне баға беруде әділдікті қамтамасыз етеді.

Ұстаздың кәсіби өзі-өзін дамытуға ынтасын қалыптастыру
Өзі-өзін жетілдіруге оң әсерін тигізетін ынтаның маңызын атап көрсете отырып, Беспалько В.П осындай ынталануды қалыптастыру барлық төрт құрамның өзара әрекетесуін талдау бойынша өзін –өзі тану жетілдіруге ынтасын қалыптастыру үшін қажеттілер: біріншіден, өзі-өзіне барабар баға беруді білу, екіншіден, педагогикалық іс- әрекет туралы қалыпты немесе идаелды түрде ойдың қалыптасуы, үшіншіден, ұстаздың өзінің іс-әрекетін үлгілермен салыстыруы. Беспалько В.П өз жұмыстарында өзі-өзіне диагностика жасаудың өте толық және логикалық құрылымы мен кезеңдерін береді: өзін-өзі байқау,өзін-өзі тексеру,өзін-өзі бағалау,өзін-өзі түзету – бұлар тұйықталған айналым құрайды.
Кәсіби өзін-өзі дамытуда жеке жоспардың рөлі
Кез келген ұстаздың келесі маңызды іскерлігі – кәсіби өзі-өзін жетілдірудің жеке жоспарын жасауы. Жоспар жазу – бұл шығармашылық жұмыс, бірақ бірден дұрыс болып шығуы, көбінесе, бірлестік жетекшілеріне байланысты болады.
Кәсіби өзіндік білім көтеру жоспарын өз бетінше сапалы жазу, өз мәселелерін жаұсы сезінетін және кәсіби кемелденуге ұмтылатын жетілген ұстаздың ғана қолынан келеді. Сондықтан ұстаздарға өзінің кәсіби шеберліктерін жетілдіру үшін нені пайдалануға болатынын айтып, кеңес беру керек, жекелей өзіндік жоспарлардың оңтайлы нұсқасын таңдап алуға және жасауына көмектесу керек. Жекелей жоспарлардың жасалуы бюрократтық сипат алмай, жалған жасалмауына көңіл аударған жөн. Жетекшінің міндеті – кәсіби даму жоспарларын жасау біртіндеп міндетке айналмай, ішкі қажеттілікке айналуын, жеткен жетістігіне тоқмейілсімей, алға басуына көмектесетіндей болуын қадағалау.
Жеке жоспардың жалпы жоспардан айырмашылығы – онда ұстаздың жеке басының білім алуға деген керексінуі толығынан көрінеді, өз білімін көтеруге және арттыруға көбірек орын беріледі, яғни ұстаз кәсіби дамуда қалыптасқан субьект ретінде көрінеді.
Ұстаздың кәсіби өзін –өзі дамыту үрдісіндегі инновациялық әрекеттердің орны мен маңызы
Ұстаздың кәсіби өзі-өзін дамыту барысында жаңашылдық іс-әрекеті ерекше рөл атқарады. Сондықтан ұстаздың инновациялыққа дайын болуы тап осы үрдісте өзгертуші бетбұрыс, оның кәсіби жетілуінің маңызды деңгейі болып табылады.
Егер дәстүрлі жүйеде жұмыс істейтін ұстазға педагогикалық техниканы меңгеру, яғни кәсіби деңгейде оқу – тәрбие жұмысын жүзеге асыру және табысты оқытуға мүмкіндік беретін білім беру іскерлігінің жүйесін игеру, сондай-ақ ұстаздық шеберлікке үйрену, яғни білім беру үрдісінде жоғары нәтижелікті қамтамасыз ететін психология-педагогикалық теорияның тәсілдері мен әдістерін қолданудың ерекше өңделуін көрсететін педагогикалық кәсіби дамудың екі базалық деңгейі, инновациялық режимге өту үшін ұстаздың оған дайын екендігін анықтайды.
Заман ұстазының кәсіби дамуы және инновациялық жұмыстарының нәтижелері
Жетекшілер мен әдіскерлер үшін ең маңызды сұрақ: ұстаздың жаңашылдық іс-әрекеті мен кәсіби жетілуінің нәтижесі не болуы мүмкін? Мұндай нәтижелерге жататындар: педагогикалық іс-әректінің жеке дара стилі,авторлық бағдарламалар,әдістемелер,технологиялар: педагогтің әдістемелік,зерттеу,педагогикалық,технологиялық мәдениеті, ең бастысы авторлық педагогикалық – дидактикалық, тәрбиелік, әдістемелік жүйе.
Ұстаздың өзі –өзін кәсіби дамыту кезеңдері
Бірінші қадам – өзінің бағытын іздеу, өйткені оның іс-әрекетінің нәтижелілігі жеке өзінің шешімдерін жемісті іске асыруына тәуелді болады.
Содан кейін – екінші кезең ішкі және сыртқы кәсіби диалогтің өзінше жүруі қойылған педагогикалық міндеттерді шешудің нұсқаларына сыни талдау.
Келесі қадам – басымдылықты таңдау, ұстаздың интерактивті ойын-әрекеті түоіндегі әдістемелік сабақтарының барысында , мүмкін болған жаңашыд үлгілерді дәстүрлі педагогикалық әрекеттің сызбалармен салыстыру негізінде өзінің авторлық оқыту нұсқасын құруы.
Соңғы кезең « тұрақтыдан бас тарту жағдайы» - өз тәжірибесін рефлексиялау, негіздеу және өзінің авторлық педагогикалық әдістемелік жүйесін мақұлдау.
Қорытынды
Болашақ мектеп – бұл жеке оқушы даралығына және өзі-өзін анықтауда педагогикалық қолдауды қамтамасыз ете алатын, тұлғаға бағдарлы, ұлттық мәдениеттер кіріктірілген,мәдени үйлесімді, иннновациялық, өзін-өзі дамыту мен білім берудің ізгілік технологияларын меңгеруші, технологиялық білім ошағы.
Мектептің осы бейнесіне сәйкес ХХІ ғасыр мұғаліміне, оның педагогикалық мәдениетіне қойылатын талаптар да өзгереді. Дамушы ұлттық мектептің жаңа үлгісіне өту кезеңінде мектептке, білімге, оқушыға, мәдениетке, шығармашылыққа құндылық қатынас көрсететін кәсіби шебер ұстаздың қажеттілігі ерекше.
Оқу – тәрбие мазмұнымен жұмыс істей алатын, алдыңғы қатарлы технологияны меңгерген, оқушының дамуы үшін қолайлы орта жасай алатын яғни оқушылармен, ата-аналарымен қарым-қатынаста педагогикалық әдептің принциптерінің мәніне шынайы сәйкес ұстаз – Қазақстан Республикасындағы білім беру талаптарын жүзеге асырады.
Бүгінгі мұғалім педагогика-психологиядан білімдерін үнемі толықтырып, оқу-тәрбие үрдісіндегі әдістер мен технологияны жете меңгереді.
«Адам өзінің шығармашылық-өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор, жеке тұлға болып қалыптасу үшін көп білу,көп оұу, тоқу керек.Интернеттің жүйесін де меңгеруі тиіс» - деп психологиялық заңдылықтарда айтылғандай ұстаздың ойлау қабілеттері ғылыми түрде қалыптасуы міндетті.
Әдістемелік құралда нормативтиі құжаттарда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыратын заман ұстазын қалыптастырудың негізгі методологиялық бағыттары ұсынылды; ұстаздың тұлғалық рөлі, қызметі, кәсіби құзырлығы, ғылыми-әдістемелік жетілуі және педагогикалық кәсіби дамуындағы теориялық негіздер жүйелі мазмұндалады.
Аталған бағыттарды құраушы құрылымдарға түсінік беріледі.
Әдістемелік құралда 24.11.2008 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің on-line режиміндегі кеңейтілген педагогикалық кеңесте «Оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудағы ең маңызды компонент- педагогикалық әдеп» тақырыбында айтылған мәселелерді шешу жолдары қарастырылады.
Білімділік деңгейі жоғары, үнемі дамуда, жан дүиесін терең, адамгершілігі мол, әдепті, өзінің кәсіби педагогикалық шеберлігін үздіксіз жетілдіру үстіндегі ұстаздарға сыйластық пен талап қоя отырып, еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші – оқушыларға сапалы білім беруді қамтамасыз ету.
Ұстаздық қасиеттің бірі – оның абырой-беделін шәкіртінің мойындауы, әсерленуі және оған еліктеуінде. Мұндай ұстаздың оқушысы оны ерекше сыйлайды,мақтан тұтады. А.Дистервергтің: « Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді»,- деген пікірі бұған дәлел.
Қазіргі ұстаздың негізгі мақсаты- оқушысын өз деңгейіне жеткізу емес, өзінен озып ілгерілеуіне негіз қалауы керек., « шәкірт ұстаздан озса игі»,- деген халық сөзі осыған орай орынды айтылғандай.
Бауыржан Момышұлының: « Ұстаздық ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді...
Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасаң, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» - деп берген бағасына лайықты ұстаз болу үшін осы баяндамамның мазмұнының пайдасы болады деп сенемін.
Категория: Биология | Добавил: roza_turmanova (2015-09-05) | Автор: Тұрманова Роза Таубайқызы E
Просмотров: 1603 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 7:05 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru