Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

Сүйектің құрылысы, құрамы, өсуі, байланысы. Буындар
Сабақтың тақырыбы:Сүйектің құрылысы, құрамы, өсуі, байланысы. Буындар.
Сабақтың мақсаты:Сүйектің құрылысы, құрамы, байланысы туралы мағлұмат беру.
№5 зертханалық жұмысты орындау арқылы сүйектің құрамындағы органикалық және минералды заттардың қасиеттеріне көз жеткізу.
Экологияның әсерінен пайда болған сүйек аурулары туралы түсінік.
Пәнаралық байланыс: химия, дене шынықтыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу жұмыс.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын сұрау
Ауызша сұрақтар:
1. Тірек-қимыл жүйесіне не жатады?
2. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы қандай?
3. Сүйектер пішіні, мөлшері бойынша қандай топтарға бөлінеді?
4. Ұзын сүйектерге қандай сүйектер жатады?
5. Қысқа сүйектерге қандай сүйектер жатады?
6. Жалпақ сүйектерге қандай сүйектер жатады?
7. Адам қаңқасы неше бөлімнен тұрады және оларды ата?
Жазбаша тапсырма:
Сүйектерді адам қаңқасының бөлімдері бойына орналастыр:
1. Астыңғы жақ
2. Қабырғалар
3. Білезік
4. Көз шарасы
5. Кәрі жілік пен шынтақ сүйегі
6. Самай
7. Жамбас
8. Толарсақ
9. Мұрын
10. Тоқпан жілік
11. Жауырын
12. Маңдай
13. Табан
14. Шүйде
15. Бақай сүектері
16. Төссүйектері
17. Ортан жілік
18. Омыртқалар
19. Үстіңгі жақ
20. Саусақ сүйектері
21. Бет сүйектері
22. Төбе
23. Алақан
24. Бұғана
25.Астынғы жілік пен шыбық сүйек
Бассүйек:
Тұлға:
Иық белдеу мен қол сүйектері:
Жамбас белдеу мен аяқ сүйектері:
III. Жаңа сабақ.
Сүйектің құрылысы,құрамы, өсуі,
байланысы. Буындар
Сүйектер тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпаларынан түзіледі.Сүйектің сырты-тығыз ұлпа,ішкі бөлімі-борпылдақ ұлпадан құралады.Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйек қабы болады.Сүйек қабының астыңғы бетінің жасушалары бөлініп сүйек затын түзеді.Сондықтан сүйек қабы арқылы сүйектер жуандап өседі.Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп,қайта қалпына келуі де сүйек қабына тікелей байланысты. Сүйек қабында қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі.Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі.Қаңқаның толық сүйектенуі 20-25 жасқа дейін жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның сүйегінің үштен екі бөлігін бейорганикалық, ал қалғанын органикалық заттар құрайды. Органикалық заттар иілгіштік, серпінділік, ал бейорганикалық заттар мықтылық қасиет береді.
Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% нәурыз тектес органикалық зат оссеин (жұмсақ, серпінд органикалық зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), ал 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш болатындықтан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде органикалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып морт сыңғыш келеді.
Сүйектердің байланысы. Сүйектердің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін әр түрлі сайшалар(борозда), төмпешіктер, қантамырлары мен жүйкелер өтетін тесіктер болады. Қанқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Атқаратын қызметіне қарай байланыстар: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы және қозғалмалы деп бөлінеді.
Қозғалмайтын байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз жатады. Бұлар бір-бірімен тұтасып қозғалмайтындай болып байланысқан.
Жартылай қозғалмалы – шеміршектер арқылы омыртқалар бір-бірімен байланысқан.
Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады.
Буындар. Адам денесінде 230-дан астам буындар бар. Буын деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Әрбір буынның сыртқы тығыз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпен қапталған. Оны буын қапшығы дейді. Буын қапшығында қабырғаларынан бөлінетін буын сұйықтығы болады. Сұйықтық үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Сонымен буында буын беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын қапшығы болады.
Сүйектің бір-бірімен байланысатын шеті жылтыр, тегіс шеміршекпен қапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып, оқыс соққыны (толчок) әлсіретеді.
№5 зертханалық жұмыс.
Сүйектің химиялық құрамын анықтау.

Мақсаты: Сүйектің құрамында органикалық және бейорганикалық заттардың болатындығына көз жеткізу.
Құрал-жабдықтар:Тауықтың жіліктері, қойдың қабырғалары, 10% тұз қышқылы (HCL), су, сіріңке, пинцет.
Жұмыстың барысы:
• Кәдімгі қалыпты сүйекті зерттеу
• Бір-екі күн бұрын 10% (HCL) тұз қышқылына қой қабырғаларын,тауық жіліктерін салып қою.
• Сүйекті пинцетпен алып, суық сумен жуу.
Бақылау: Сүйектерді иіп көріп, құрамын анықтау.
• Кепкен сүйектерді күйдіру.
Бақылау: күйдірілген сүйектердің құрамын анықтау.

Зертханалық жұмыстың нәтижесі:

Сүйектер Сүйектің қасиеті Құрамындағы заттар
Кәдімгі қалыпты сүйек
Кальцийсіз-дендірілген сүйек
Күйдірілген сүйек

Зертханалық жұмыстың қорытынды:

ІV. Жаңа сабақты қорытындылау.
1. Сүйектің құрылысын түсіндіріңдер.
2. Сүйектің жуандап және ұзарып өсуін түсіндіріңдер.
3. Сүйектің байланысы нешеге бөлінеді, жеке-жеке сипаттаңдар.
4. Буын дегеніміз не, құрылысы, орналасуы, қызметі қандай? Буын қапшығының ерекшелігі неде?
5. Сүйектің құрамында қандай заттар болады? Әрқайсысын жеке-жеке сипаттаңдар.
V. Үйге тапсырма.
§ 23.
Кестені толтыру.
Сүйектердің байланысуы

Сүйектердің қандай байланысын білесіңдер? Біздің организміміздің қай жерінде кездеседі?

Категория: Биология | Добавил: саулешка (2010-05-22) | Автор: Кажекенова Эльмира Асемхановна E
Просмотров: 27327 | Рейтинг: 2.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 5:45 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru