Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

Жердің пайда болуы. Жер планетасының пішіні, өлшемі. қозғалысы.
Пәні: Жаратылыстану 5
Тақырыбы: Жердің пайда болуы. Жер планетасының пішіні, өлшемі. қозғалысы.
Оқу – тәрбие істерінің мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты: Жердің пайда болуы мен Жер планетасның мөлшері туралы білім қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік: Жердің орбита бойымен қозғалысы және Жердің Күн жүйесінде алатын орны мен пішіні, мөлшері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушыларды тақырыпты өз сөзімен айтып беруге дағдыландыру. Оқушылардың ой өрісін дамыту. Сабаққа қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Құрал – жабдықтар: Суреттер, жаратылыстану атласы, жұмыс дәптер.СТО
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу. 2. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Ой қозғау». § 8 мазмұндау. «Төбеміздегі аспан» тарауы бойынша өздік жұмысын орындау.
3.Жаңа білімдерді қалыптастыру. «Мағынаны тану» Жер – Күн жүйесіндегі, Күннен есептесек үшінші ғаламшар. Шамамен 4,5 – 4,6 млрд жыл бұрын пайда болған.
Жер туралы қысқаша мәліметтер
• Күннен қашықтығы — 150 млн км.
• Орбитадағы айналу жылдамдығы — 29,8 км/с.
• Орташа тығыздығы — 5,5 • 103 кг/м3.
• Күнді айналу ұзақтығы — 365 тәул. 6 caғ.
• Табиғи серігі — Ай.
• Массасы — 6 • 1024 т.
• Радиусының орташа ұзындығы — 6371 км.
• Экваторының ұзындығы — 40075,7 км.
• Меридианының ұзындығы — 40008,5 км.
• Жер бетінің жалпы ауданы — 510 млн км2.
Жер мен Күн арасындағы орташа қашықтық — 149,58×106 км. Бұл қашықтық қалыпты «астрономиялық бірлік»боп табылады. Жер бетінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Жердің ең енді жерін экватор сызығы алып жатыр. Жердің экваторлық радиусы 6378 км, ал полярлық радиусы 6357 км деп есептеледі.
Жерді айналып шыққан саяхаты туралы картамен жұмыс істеу барысында келтіре отырып, оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын тудырамын. Күн жүйесінің ішінде Жер планетасы да шар тәріздес пішінге ие. Жердің шар тәріздес екендігі туралы алғаш айтқандар қатарында грек ойшылы Пифагор болды. Ал Аристотель Айдың тұтылуына бақылау жасау арқылы Жер көлеңкесінің Айға түсуінен қорытынды шығарған, яғни Жер шар тәріздес деп айтқан. Келе-келе бұл ойлар, болжамдар, есептеулер арқылы да дәлелдәнген. XVII ғасырда И.Ньютон мынадай жобалау жасаған : Жер өз білігінен айналуына байланысты полюсте арақашықтық кішірейіп, сығылады. Сөйтіп, ғалым Жер шар тәріздес пішінде деп қорытынды шығарған. XVІІІ ғасырдың ортасында полюс пен экваторға жақын жатқанмеридиандарды өлшеуде бірдей еместігін дәлелдеген. Онда экваторлық радиус полюстік радиустан 21 км-ге ұзын екендігі анықталған. Бұдан біздің Жер дәл шарға емес, эллипстік түрге ие екендігін көреміз. Ертедегі саяхатшылар да Жер шарын айналу саяхаттарында Жер шар тәріздес деген ойлар айта бастаған. Олар оны теңіздің жағасынан алыстаған сайын көкжиектің алыстан көрінуімен байланыстырады. Жердің шар тәріздігінғылыми түрде космостан түсірген суреттер, Жер бетін геодезиялық өлшеулер, Ай тұтулары дәлелдеген. Әр түрлі тәсілдермен өлшеу Жердің негізгі мынадай өлшемдерін нақтылап берді:
Жер ғаламшарының қозғалыстары Жердiң айналуы Күн жүйесінің барлық басқа ғаламшарлары тәрізді Жер де Күнді эллипстік орбита бойымен айналады. Сондықтан Күнге дейінгі қашықтық тұрақты емес. Афелий— орбитадағы Күннен ең қашық нүкте (152 млн км), Жер ол нүктеден 5 шілдеде өтеді; ал перигелийден — ең жақын нүктеден (147 млн км) 3 каңтарда өтеді. Орбитаның жалпы ұзындығы — 940 млн км, оның бойымен Жер түрліше жылдамдықпен қозғалады. Орташа қозғалу жылдамдығы — 29,8 км, сонда Жер өз орбитасын 365 тәулік 6 сағ 9 мин 9,6 с-та бір рет айналып шығады. Осы уақыт аралығын жұлдыздың жыл деп атайды. Ал бізге мәлім 365 күндік календарлық жыл қайдан шықты? Қалған 6 сағат пен минуттарды 4 жылда бір тәулікке жинақтап, ең қысқа ай — ақпанға апарып қосады да, ол жылды кібісе жылы (високосный год) деп атайды. Бұл — күнтізбе жасауды жеңілдету үшін қолданылған шара.Жер шары өз білігінен сағат тіліне қарсы бағытта батыстан шығысқа қарай 24 сағатта бір рет айналып шығады. Бұл қозғалыс нәтижесінде күн мен түн алмасуы жүреді. Жердің өз білігшен айналуы кезінде оның бетіндегі барлық денелер қозғалысында ауытқу пайда болады. Бұл ауытқуды тудырушы құбылыс — Кориолис күші (француз ғалымы Г. Кориолис есімі бойынша) деп аталады. Кориолис күші әсерінен солтүстік жарты шардағы жер бетімен қозғалатын барлық денелер оңға, ал оңтүстік жарты шардағы денелер солға бұрылады. Өсіресе бұл қозғалыстар желдер мен беткі ағыстардан айқын байқалады.
Экватор бойында Кориолис күші өлсіз, керісінше полюстерге карай күшейеді. Кориолис күшінің ықпалын есепке алу өсіресе жел бағытын анықтауда ерекше маңызды, себебі өте күшті дауылдар туғызатын тропиктік циклондар қозғалысын білудің қашан да маңызы зор.
Күн мен түннің алмасуы табиғаттағы тәуліктік ырғақтылықты туғызады, ол жарық пен жылудың өзгерісіне байланысты жүзеге асады. Адамның әлеуметтік өмірі де тәуліктік ырғақтылыққа сәйкес келеді.
4.Жаңа білімді бекіту. «Ой толғаныс». Жұмыс дәптерден 3- тапсырманы орындау.
«ПОЛИГЛОТ» бұл сайыста үш топқа жұмбақ беріліп, онда шыққан жауаптарға үш тілде(қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) жауап беру.) Қазақша жауап -10 балл, орысша жауап- 20 балл, ағылшынша жауап 30 балл.
1.Жылт-жылт еткен, Жылғадан өткен (Су)
2.Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады (Күн)
3.Теңізді, тауларды, халықты, Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер)
4.Азықсыз, көліксіз, сусынсыз, серіксіз. Әлемді шарлайсыз жиһангез болып сіз. (Глобус)
5.Өркеш-өркеш түйемнің
Өркештерін ақ шалған
Арасынан өркештің
Тағылатын бау салған (Тау)
6.Орақ болып туады,
Табақ болып тұрады (Ай)
Қорытынды: Блумның «Мен» әдісі арқылы оқушылар сабақты өздері қорытындылайды.
Үй тапсырмасын беру. § 9. Жұмыс дәптерден № 1-2 тапсырмаларды орындау.
Категория: Биология | Добавил: ajnurgabdullina (2016-01-07) | Автор: Габдуллина Айнур Берикказыевна E
Просмотров: 3640 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 6:12 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru