Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Думаем, размышляем, спорим

«СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДЕ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
«Құзірет» ұғымы энциклопедиялық сөздікте латын тілінен аударғанда (competenia- дегеніне жету, дәл келем, лайықпын)- белгілі бір саладағы білімі мен тәжірибесі деген мағынаны білдіреді.
Құзіреттілік- білімге негізделген адамның әлеуметтік- кәсіби өмір әрекетіндегі жеке және интеллектуалдық іс-тәжірибесі(И.А.Зимняя, Н.Хомский)
Мектеп педагогы, оның ішінде қоғамдық пәндер мұғалімі оқушыларда жоғары деңгейдегі тұлға қалыптастырудың бірнеше құзіреттілігін игеруге міндетті.
Құзіреттілік (оқушы) - оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі.
«Сыни тұрғыда ойлау жобасы» алған білімін өмірде қолдана алатын, өзін таныта, дамыта білетін жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын технология болғандықтан, оқу үрдісінде оқушы бойында құзіреттілік қалыптастыпуда рөлі өте жоғары. Бұл технологияда проблеманы ойлау, пайымдау, дәлелдеу, еркін, ашық пікір білдіру мүмкіндігіне ие болады. Бұл әдіс – тәсілдердің қоғамдық пәндерде толықтай орындалуы мұғалім іскерлігіне және шеберлігіне де байланысты.
Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» -деп нақты көрсетілген.[3]
Жалпыұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты да тұжырымдамаға сәйкес төмендегідей: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау.
12 жылдық мемлекеттік білім беру стандарттарының жобасында үш түйінді құзіреттілік қарастырылған:
• Проблемаларды шешу
• Ақпараттық
• Коммуникативтік
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында» (2007 ж., 28 ақпан): «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажет» деп көрсетілген.[3]
Осыған орай білім ошақтарында оқушы құзіреттілігін қалыптастыруға аса көңіл аударылып отыр. Әрбір пән мұғалімдері өз жұмыс жоспарларын осы бағытқа негіздеп жасауда. Қоғамдық пәндердің оқу үрдісінде орнының ерекше болуы, күнделікті қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланыстылығында. Бұл жерде «Сыни тұрғыда ойлау жобасының» оқушы бойында коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыруындағы рөлі жоғары. Ұжымдаса еңбектене отырып оқушы өзгелер пікірімен санасады және өз ойын ортаға ашық айтуға дағдыланады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген. [1] Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.
Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тәрбелеу мәселесін қойып отыр.
Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады. Осы ойларды жүйелей келгенде «Оқушы құзіреттілігі сыни ойлау жобасы арқылы қоғамдық пәндерде қалай қалыптасады?»-деген сауалдың туындауы заңдылық. (Бұл жерде қоғамдық пәндерді өзге пәндерден бөліп қарастырмай-ақ қоюға да болады)
Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарламаның құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш фазадан тұрады. Олар өздерінің қызметтеріне байланысты аталады:
1) қызығушылықты ояту;
2) мағынаны ажырату;
3) ой толғаныс.
Қызығушылықты ояту оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам. Бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізулеріне күш алуларына және орындалуы керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмек-теседі. Сонымен қатар оқушының жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын – болмайтындықтарын шешуі де алғашқы кезеңде іске асады. Қызығушылықты ояту ұзақ, әрі мағыналы оқытудың қажетті психологиялық негізін салады.
Мағынаны тану(ажырату) кезеңі оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, бейнетаспа, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қайсысы болмасын осы кезде іске асады. Оқушылар жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып және ақпараттың жаңа мазмұнға қолданбалылығы мен қолайлылығын қарастыра отырып, белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабыл-даулары қажет. Оқушылар жаңа идеяны қабылдайды, ескі мен жаңаны ұштас-тырады, ойлау қабілетін кеңейтіп, не түсінгенін анықтайды.
Ой толғаныс – үйрену процесінің соңғы кезеңі болады да, бұл кезде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Саналы талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе бір зерттеуді бастаумен айғақталады. Бұл процесс арқылы оқушылар өздерінің ойын нақтылайды, қатарластары мен мұғаліммен кері байланыса отырып мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді. Яғни, іштей ойлануға үйренеді, ой алмасады. Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді. Бұл ең ұзақ та, маңызды кезең. Осы кезеңдер әртүрлі стратегиялар, яғни әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Тұлғалық бағдарлы көзқарас тұрғысынан қарастыратын болса, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, түсіндіруден түсінуге, монологтан диалогқа, әлеуметтік бақылаудан дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу болып табылады. Мұғалімнің негізгі міндеті – оқушымен қарым-қатынас, оқушылардың өзара түсінуі, оларға шығармашылық үшін жағдай жасау, еркіндік беру.
Сыни ойлау философиясындағы басты мақсат: оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйренуі керек. Білім алу оқушы тұрғысынан белсенді процесс болуы қажет, тек белсенді түрде жұмыс жасай отырып, ол қандай да болмасын білімді игереді. Сын тұрғысынан ойлау әрбір оқушыны терең ойланып, философиялық тұжырым жасауға бағыт-тайды. Өмірде ең керекті білік пен дағды – қоғамда қарым – қатынас құра білу, басқа адамдармен тіл табысу екендігін ескере отырып, әр сабақта оқушы оқытудың басқа да қатысушыларымен (оқушылар мен ұстаздар) араласып коммуникативтік қарым – қатынас процесінің белсенді мүшесіне айналады, әрі ұжымда, қоғамда, әлеуметте қалайша өзара байланыс құру мәселесі төңірегінде ойланады.[5]
Ақпараттық құзіреттілігін тест және жеке тұлғаның ақпаратпен өздігінен жұмыс істеп, талдай алу қабілетін тексеру барысында төмендегілер анықталады. Проблемаларды шешу құзіреттілігі байқау, бақылау, сауал-сұрақ әдістері, ата-анамен байланыс жұмыстары арқылы белгіленіп алынады. Коммуникативтік құзіреттілігін оқушылардың жазбаша жұмыстары мен құжаттарды тексеру, сұхбаттасу әдісі арқылы жоғары, орта, төмен деңгейдегі оқушыларды анықтауға болады.
Оқушылардың құзіреттілік қалыптасуы қорытындысын ескере отырып, құзіреттіліктерін дамыту мақсатында жұмыс жүргізу жоспарлануы мүмкін.
«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасын сабақтарда және тәрбие үрдісінде жүйелі түрде қолданып, төмендегі шаралардың орындалуын ескеру қажет:
Үш қатарда екі-екіден тізіліп отыратын өзгермейтін отыру қалпы мұнда жоқ, оның орнына
- жұппен жұмыс;
- топпен жұмыс;
- 3,4 тен отыру;
- әркім өз көзқарасын қорғау үшін бұрыштарға бөлініп тұру;
- қабырғаға қарап тұру.
Сынып бөлмесіндегі өзгерістер:
- қағидалар
- идеялар тақтасы
- ең үздік сұрақтар тақтасы
- пікір бұрышы
- үздік шығармашылық жұмыстар тобы.
«Сыни тұрғыда ойлау жобасы» арқылы қоғамдық пәндерде оқушы құзіреттілігі қалай қалыптасады?
Бұл сауалға оқушылардың оқу үрдісі барысындағы іс-әрекеттерін үш бағытта бөле қарастыруға болады:
Сабақта:
«Сыни тұрғыда ойлау жобасы» арқылы оқушының білімді өзі игеруіне жағдай жасау (мұғалім сабақ үрдісінде тек бағыттаушы);
Тақырыптар бойынша қосымша материалдар қолдану, оларды табуға нұсқау беру (мысалы: монғол шапқыншылығы тақырыбын өткенде Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының ел билеудегі ерекшелігіне байланысты немесе қылмыстық құқық тақырыбында жасөспірімдердің құқық бұзушылығына қатысты мәліметтер):
Топтық, жұптық жұмыс түрлерін қолдану (оқушылардың қарым – қатынастарының қалыптасуына ықпал етеді);
Сабақта ауызша және жазбаша қарым – қатынасқа көңіл бөледі (ойларын тек қағаз бетінде ғана емес ауызша да жүйелі жеткізуге дағдыланады);
Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану (оқушының заман талабына сай ақпараттық технологияларды жетік білуіне жол ашылады және көру арқылы есте сақтауы дамиды);
Сабақ барысында берілген оқу мазмұнының өмірмен сабақтастығына көңіл бөлу (мысалы: Құқық пәнінде өз құқығына қатысты ақпараттарды біледі, жауапкершілігі қалыптасады);
Сабақтан тыс уақытта:
Сабақтан тыс уақытта оқушыны зертеумен айналыстыру (өзіндік зерттеу тақырыптарына байланысты дарынды оқушыларды ғылыми конференцияларға қатыстыру арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, дамыту);
Қосымша ақпараттар іздестіру (мәліметтер іздеу арқылы жекелеген пәндер мен тақырыптарға деген қызығушылығы артады. Тапсырмаларды жұптап және топтап беруге болады. Осы арқылы ұжым алдындағы жауапкершіліктерін арттыруға болады);
Сыныптан тыс уақытта ақпараттық технологиялармен жұмыс барысына көңіл бөлу
Портфолио жинақтау, қорғау (өзін - өзі дамытатын, іс - әрекетіне жүйелілікпен сараптама жасай алатын тұлға қалыптасады);
Мектептен тыс уақытта:
Қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас;
Қоғамдық орындарда өзін - өзі ұстауға үйрету, өз көзқарасын қорғай алатындай шараларын жүргізу.

Сонымен, құзіреттілік оқушыларға өзін-өзі, басқаны, қоршаған ортаны- өзі өмір сүріп отырған қоғамын ұғуға, күнделікті өмірдегі жағдайларды шеше білуге, бірлесіп әрекет етуге, өзара әңгімелесуге, өз ойын жеткізе алуға көмектеседі.[4] Ал, субъектік тұрғыдан алғанда қоғамдық пәндердің күнделікті өмірмен байланысын ажырата отырып, тақырыптарды өз беттерінше меңгереді, қорытындылайды, жүйелейді, сараптама жасайды.
Категория: Думаем, размышляем, спорим | Добавил: molli (2013-04-27)
Просмотров: 4388 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-03, 4:12 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru