Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Атамекен" қазақ тілі үйірмесінің бағдарламасы
«АТАМЕКЕН»

(ақыл – ойы шектеулі оқушыларға арналған қазақ тілі үйірмесінің этнопедагогикалық оқу –тәрбиелік авторлық бағдарламасы)

Авторы: Мақұлбаева Н.Д.
ШҚО Семей қаласы, Спартак көш, 3.
«Қосалқы мектеп-интернаты» КММ
қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Авторлық бағдарламада мүмкіндігі шектеулі қосалқы мектеп-интернатында қазақ тілі пәні бойынша жүргізілетін үйірме сабағының жылдық үлгілік жоспары ұсынылған. Берілген бағдарлама қосалқы мектеп-интернатында қазақ этнопедагогикасы арқылы орыс тілінде оқитын оқушыларды ұлттық дәстүрде тәрбиелеуге арналған. Бағдарлама Семей «Қосалқы мектеп-интернатының» әдістемелік –гуманитарлық бірлестігінде бекітілген.
«Атамекен» бағдарламасы коррекциялық мектептерінің мұғалімдеріне, тәрбиешілеріне арналған.
Кіріспе
Ғасырлар бойы қалыптасқан ата-бабамыздың салты, сыйластық, жомарттық, азаматтық, батырлық сияқты қасиеттері бүгінгі өскелең ұрпаққа ауадай қажет. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген өнегелі сөзінен бала тәрбиесі жөніндегі халқымыздың өзіндік ерекшелігі, өнегелі үлгілері барлығы баршамызға белгілі.
Бала мінезінің қалыптасуына салт-дәстүріміздің тигізетін әсері көп. Мектеп ұстазы бала мектепке келген күннен бастап, оған халқымыздың әдеп-ғұрпын, салт-санасын, кәсіби шаруашылығын құлағына құя отырып, ақылды, еңбексүйгіш, адамгершілігі мол, мәдениетті, ел намысын қорғайтын, ел азаматы болып өсуін қалап, осы қасиеттерді баланың бойына дамытуды міндет етеді. Балаларды қазақтың халық ертегілері мен аңыздар, мақал-мәтелдерімен таныстырады. Салт-дәстүрді баланың жас ерекшеліктеріне байланыстыра отырып, жекелеген түрлерімен жергілікті қалалардың, ауылдардың жер-су, көше атауларымен, ұлы адамдар туралы деректермен, ұлттық этнографиялық музыка аспаптарының түрлерімен, жергілікті ақын, композиторлар, жазушылардың шығармаларымен, өлең-жырларымен таныстыратыны белгілі. Олай болса, баланың бойына ұлттық сезімдерді қазақ тілі пәнімен бірге қосымша сабақтар: факультативтер, үйірмелер, сабақтан тыс іс-шаралар арқылы жеткізіліп, әсіресе орыс тілді мектептерде мемлекеттік тілде дұрыс сөйлеуге тәрбиелейді. Ұсынылып отырған «Атамекен» авторлық бағдарламасы орыс тілді мектептерде мүмкіндіктері (ақыл-ойлары) шектеулі балаларға қазақ тілі үйірмесінде этнопедагогиканы қолдануды көрсетеді, енді үйірмеге қойылатын негізгі талаптарды келесі кестеден көруге болады:

Талаптары Мазмұны
Үйірме мақсаты орыс тілді мектептерде мүмкіншілігі (ақыл-ойы) шектеулі балаларды
этнопедагогика арқылы тәрбиелеу
Үйірме міндеттері - мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге үйрету;
- қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетіне таныстыру;
- отан сүйгіштікке тәрбиелеу;
- қазақ тілінде еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту;
- шығармашылық қабілеттерін дамыту
Үйірменің негізгі принциптері - оқытудың жүйелілігі;
- реттілігі;
- пәнаралық байланыс;
- белсенділік;
- қалауы;
- жас ерекшелігін ескеру;
- жеке ерекшеліктерін ескеру.
Үйірменің негізгі тараулары - Қазақ халқының салт –дәстүрлері;
- Қазақ халқының ауыз әдебиеті;
- Қазақ халқының қоғам қайраткерлері;
- Қазақ халқының мәдениеті;
- Қазақ халқының тарихы.
Үйірмені өткізу формалары - ойын технологиясы;
- сахналық қойылым;
- мерекелік іс-шаралар;
- экскурсиялық жұмыстар;
- қуыршақ театры;
- сайыстар өткізу;
- көрмелер өткізу
Үйірмені өткізу уақыты және ұзақтығы Аптасына 2 рет, 2 сағат
Үйірмеден күтілетін нәтиже мемлекеттік тілде еркін сөйлеу және ойын жеткізе білу;
талдау, салыстыра білу;
шығармашылыққа жетелеу;
жеке жұмыс істей білу;
білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдана білу


«АТАМЕКЕН» (Қазақ тілі үйірмесінің этнопедагогикалық оқу –тәрбиелік авторлық бағдарламасы)
5-6 сыныптар
I тоқсан
№ р/с Тақырыбы Мақсаты Сағат саны Мезгілі
1 Қазақ халқының ойындары («Асық». «Сақина салу») Қазақ халқының ойындарымен таныстыру, мәнін білу,
оның баланың дамуындағы маңызын ашып көрсету, қазақ
халқы ойындарының бала ойының дамуындағы алатын
орны мен халықтың тұрмыстық ерекшелігімен
байланыстылығын көрсету
2 Сәлем –сөздің атасы Халқымыздың үлкенді сыйлау, құрметтеу қасиеттерін
меңгеру, амандасудың түрлерін білу, амандық сөзінің
маңызы, халықаралық ынтымақтастықтағы амандасудың
ролі, басқа ұлттардың амандасу салтымен салыстыру
3 Қазақ халқының тұрмысымен танысу («Киіз үй». «Ыдыс») Оқушыларды киіз үйдің құрылысы мен құрал-
жабдықтарымен, түрлерімен таныстыру, қолданатын ыдыс-
аяқтарының ерекшеліктері мен түрлеріне тоқталу)
4 Қазақтың ою-өрнектері Ою-өрнектердің мәні, қолданылатын жерлері және оларды
сала отырып, оя білуге тәрбиелеу
5 Қазақтың ауыз әдебиеті («Жұмбақтар». «Ертегілер».
«Өлеңдер») Қазақ халқының бай мұрасы ауыз әдебиетінің
алғышарттарымен таныстыру, оларға деген
қызығушылығын ояту, есте сақтау қабілетін дамыту
6 Ұлыстың ұлы күні-Наурыз! Қазақтың Наурыз кезінде қолданылатын салттары, Жаңа
жыл мерекесін тойлау ерекшеліктерін үйрету
7 Ойна да, ойла! (Сиқырлы сандар) 1 -100 сандары аралығында қазақша санай алу, сандарды
салыстыру және айыра білу, санамақтармен жұмыс

ІІ тоқсан
№ р/с Тақырыбы Мақсаты Сағат саны Мезгілі
1 «Он екі ай» Оқушыларды ай аттарымен таныстырып, реттілігін,
мағынасын білу, оларға байланысты аңыз- әңгімелермен
таныстыру
2 Сәлем беру Халқымыздың сәлем беру салтымен таныстыру
жұмысымен жалғастыру
3 Қазақтың ұлттық киімдері («Шапан». «Тон». «Етік») Оқушыларға ұлттық киімдер туралы мәлімет беру. Ұлттық
киімдердің маусымдық ерекшеліктерін, түрлерін түсіндіру
4 Ат қою «Ат қою» қазақ халқының салт -дәстүрімен таныстыру.
Адам атының маңызын атап көрсету, өз аттарына назар
аудару
5 Қазақ халқының ойындары («Арқан тарту») Халқымыздың «Арқан тарту» ойынының мәнін ашу, ойын
ережелерін білу, ұйымдастырушылық, бірлік, достық,
адамгершілікке тәрбиелеу
6 Қазақтың ұлттық аспабы - Домбыра Домбыраның жасалу ерекшелігі, құрылымы, қолданылу
аясы, түрлері, домбыраға байланысты аңыз-әңгімелерді
білу, домбыраға деген қызығушылығын арттыру, домбыра
үнін ажырата білу
7 Халық ауыз әдебиеті «Ертегі». «Қуыршақ театрының»
қойылымы Ертегілер тыңдай білу, есте сақтау және шығармашылық
қабілеттін дамыту, «Қуыршақ театры» арқылы
кейіпкерлерді сомдай білу, мемлекеттік тілді дұрыс
қолдана білу

ІII тоқсан
№ р/с Тақырыбы Мақсаты Сағат саны Мезгілі
1 Қазақстан Республикасының рәміздері
(«Әнұран». «Ту». «Елтаңба») Мемлекеттік рәміздермен таныстыру, оның мәнін,
мағынасын, авторларын, тарихын айта отырып, ежелгі қазақ
хандықтарындағы рәміздерін таныстыру.
2 Отбасылық тәрбие Қазақ халқының отбасындағы балаларға ата -тегі,
туыстарын біліп өсу, туыстардың ара-жігін ажырата білу
туралы түсініктер беру, ағайынды адамдардың
сыйласымдығы, «Ата -ана» тақырыбына байланысты мақал
мәтелдерді пайдалана отырып, ана тіліне сүйіспеншілігін
дамыту, өзара сыйластыққа баулу
3 Киіз үйдің құрал-жабдықтары («Жиһаз». «Ыдыс».
«Безендіру құралдары») Қиіз үйдің қажеті, оны құру, ішіндегі тұрмыстық жиһаз,
безендіру, ыдыстар түрлерін білу, ажырата білу, дұрыс айта
отырып, сөздік қорын дамыту
4 Музыкалық аспаптармен танысуды жалғастыру
(«Сырнай». «Сыбызғы») Берілген аспаптардың тартылу ерекшеліктерін айту, үнін
ажырата білу, жасалу жолдарын білу, музыкалық
мәдениетін жетілдіру
5 Әйелдердің ұлттық киімдерімен таныстыру («Сәукеле».
«Кимешек». «Тақия». «Камзол». «Мәсі») Әйелдердің киім кию ерекшеліктерін көрсету, тігу
ерекшеліктері, маусымдық киім түрлері, жас ерекшелігі мен
мерекелік шараларда киетін киімдеріне тоқталу, ажырата
білу, сөздік қорын дамыту
6 Ұлттық ойындар («Көкпар». «Бәйге». «Теңге алу») Ойындардың ерекшелігін, шығу тарихын, баланы
шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу
7 «Ел болам десең, бесігіңді түзе». Салт-дәстүрлер
(«Бесікке салу». «Тұсау кесу») Салт-дәстүрлеріміздің ерекшелігін білу, жол-
жоралғыларымен таныстыру, беcіктің құрылымымен
таныстыру, көшпенді халықтың бесігінің қасиетін көрсету
8 Ауыз әдебиеті («Төрт түлік туралы» ертегілер, аңыздар,
жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар) Қазақ халқында «Төрт түліктің» мәнін, маңызын көрсету,
ерекшеліктерін айту, сөздік қорын дамыту, адамгершілік
қасиеттерін дамыту

IV тоқсан
№ р/с Тақырыбы Мақсаты Сағат саны Мезгілі
1 Қазақтың салт-дәстүрлері («Сүйінші». «Атқа міну».
«Тоқым қағу») Салт-дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктерін көрсету, мәні мен
маңызын айту, сөздік қорын байыту, қасиеттерін тәрбиелеу
2 Халық ауыз әдебиеті («Жан-жануарлар» туралы ертегілер,
мақалдар, аңыздар, өлеңдер, жаңылтпаштар) Жан-жануарлардың қазақ халқының тіршілігінде алатын
орны, оларға байланысты шығарылған өлеңдер мен
ертегілердің, аңыздардың, мақалдардың мәнін көрсету
, сөздік қорын байыту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін
арттыру, адамгершілік қасиеттерін дамыту, оқушылармен
коррекциялық жұмыс жүргізу
3 Қазақ халқының музыкалық мәдениеті («Айтыс») Айтыс өнерінің мәні, шығу тарихы, атақты айтыскерлермен
таныстыру, олардың қозғайтын тақырыптарымен таныстыру
4 Ұлттық ойындар («Қыз қуу». «Жорға». «Күрес») Ұлттық ойындардың мәні, ерекшелігі, ойнау тәртібімен
таныстыру. Ептілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
5 «Табиғат-алтын бесігім» (Шығыс Қазақстан
облысы бойынша) Табиғатты аялау, оның ерекшеліктері, маусымдық
ауысымы, күн ұзақтығын дәріптеу
6 Ер адамдардың киімдері («Тымақ». «Тақия».
«Ішік». «Саптама етік» т.б.) Ерлердің киім кию ерекшеліктерін көрсету, тігу
ерекшеліктері, маусымдық киім түрлері, жас ерекшелігі
мен мерекелік шараларда киетін киімдеріне тоқталу,
ажырата білу, сөздік қорын кеңейту.
7 Қазақ халқының жеті қазынасы («Ит». «Ат») Ит пен аттың адам өміріндегі пайдасы, тигізер көмегі,
оларға байланысты шығарылған өлең-жырлары мен мақал-
мәтелдері

7-9 сыныптар
I тоқсан
№ р/с Тақырыбы Мақсаты Сағат саны Мезгілі
1 Қазақтардың зергерлік өнері («Ат әбзелдері») Қазақ халқының жылқыны баптауы, сондай-ақ оған
байланысты жасалған ер-тұрмандары
2 Көшпенділердің маусымдық тұрмысы және ауа-райын
болжау («Жайлау». «Қыстау». «Күзек») Қазақ халқының көшпенді өмірін сипаттау, мал бағу
мақсатында жыл мезгілдеріне байланысты көшуі және
ауа-райын болжауы
3 Ас-адамның арқауы («Сүттен жасалған тағамдар») Қазақ халқының ұлттық тағамдарымен таныстыру, сүттен
жасалған тағамдарды даярлауды, сақтауды айту және
емдік мақсаттағы пайдасын айту
4 Салт-дәстүрлер («Бұйымтай». «Қонақ күту») Қазақ халқының қонақ күту дәстүрімен, қонақтардың
түрлерімен таныстыру және келген адамнан жөн сұрау
салтымен таныстыру
5 Музыкалық аспаптар («Дауылпаз». «Аса таяқ») Аспаптардың ерекшелігі, жасалу жолдары, даму тарихын
сипаттау, балалардың музыкаға бейімділігін дамыту
6 Халық ауыз әдебиеті («Алпамыс батыр» жыры.
«Қобыланды» батыр жыры) Батырлардың қазақ халқының елін, жерін қорғауы, оларға
байланысты аңыздар мен жырлардың тарихы және
батырларды дәріптеу арқылы батылдыққа тәрбиелеу
7 Ұлттық жылнама («Ұлықбек» күнтізбесі) Жылнаманың пайда болу ерекшелігі, маңызы, мәні,
ежелгі шығыс зерттеушілері, «Жан-жануарлардың жыл
басына таласуы туралы» ертегінің қойылымы

II тоқсан
№ р/с Тақырыбы Мақсаты Сағат саны Мезгілі
1 Ұлттық мерекелер («Наурыз». «Айт». «Сабан той») Ұлттық мерекелердің мәнін, тойлануын, адамдардың
жақсылық тілеп, келешек өмірге бата жасау
ерекшеліктерімен таныстыру.
2 Қазақ халқының салт-дәстүрлері («Құда түсу». «Асар») Салт-дәстүрлердің мәнін ашу, жөн-жоралғыларын айту,
оларға байланысты өлең -жырларды, ырымдар мен
тыйымдар, мақал-мәтелдермен таныстыру
3 Музыкалық өнері («Күй». «Терме». «Жыр») Музыкалық өнерінің ерекшелігін, түрлерін, мәні мен
маңызын ашып көрсету, айтылу ерекшеліктеріне тоқталу
арқылы балаларды музыкалық өнерге баулу
4 Қазақ елінің тарихы, тілі, географиялық орналасуы,
табиғат байлығы Ел тарихын, ұлттық ерекшелігін дәріптеу, оқушыларда
патриоттық сезімді тәрбиелеу
5 Ұлттық нан тағамдары («Нан». «Бауырсақ».
«Тоқаш». «Шелпек». «Бесбармақ» т.б.) Ұлттық нан тағамдарының жасалу жолдары, ажырата
білу, сөздік қорын дамыту, коррекциялық жұмыстарды
жүргізу
6 Аңшылық өнері («Атпен аң аулау». «Бүркіт салу») Аңшылықтың қазақ халқының тұрмыс –тіршілігіндегі
алатын орны, оған байланысты шыққан өлең-жырлармен
таныстыру
7 Қазақ батырлары («Б.Момышұлы». «Қажымұқан») Қазақ батырларының өмір тарихымен жасаған істерімен
таныстыру, оларға байланысты аңыз-әңгімелерді айту

III тоқсан
№ р/с Тақырыбы Мақсаты Сағат саны Мезгілі
1 Қазақ хандары («Абылай хан». «Әбілхайыр хан») Хандардың қазақ халқының ел болып қалыптасуындағы
жасаған істері, айтқан сөздері, оларға байланысты ел
аузындағы аңыз –әңгімелер
2 Салт-дәстүрі («Базарлық». «Қасиетті сандар») Салт-дәстүрлерді білуге, ажыратуға, қолданылатын
орындарымен, сандардың қасиетімен таныстыру
3 Музыкалық аспаптар («Қобыз». «Қылқобыз». «Жетіген») Музыкалық аспаптардың жасалу жолдары. «Қорқыт
ата» қобызы, олар туралы аңыз-әңгімелермен
таныстыру
4 Ұлттық ет тағамдары Еттен жасалған тағамдармен таныстыру. Қонақ келген
кездегі мүше тарту, қазан көтерудің мәні, ұлттық
ерекшелігімізді дәріптеу
5 Қазақтардың ұлттық қару-жарақтары Қару-жарақтармен таныстыру, қолдану ерекшеліктерін
білу
6 Халық әдебиеті («Абай») Қазақ халқының ұлы ақыны Абай өмірімен таныстыру,
өлеңдері мен мысалдарының мәнін түсіндіру және
сахналық қойылым жасау
7 Қазақ халқының қолөнері («Сырмақ». «Алаша».
«Текемет». «Киім тігу») Ұлттық қолөнерді дәріптеу, жасау жолдарын айту,
оларға байланысты сөздік қорды молайту, ежелге
тұрмыспен таныстыру

IV тоқсан
№ р/с Тақырыбы Мақсаты Сағат саны Мезгілі
1 «Жеті жарғы» («Қазыбек би». «Төле би».
«Әйтеке би». «Абай») Билердің айтқан сөздерімен таныстыру, биліктің
маңызы, тарихымен таныстыру. Билерді сахналық
сомдау
2 Салт-дәстүрлері («Бала асырап алу») Бала тәрбиесінің маңызы, ата-текті білу, ұрпақ
жалғастыруға байланысты аңыздар, мақал-мәтелдер,
әңгімелермен таныстыру
3 Қазақтардың зергерлік өнері («Шолпы». «Сақина».
«Сырға». «Тұмар». «Білезік». «Белдік») Қазақ халқының ұсталық өнерімен таныстыру, жасалу
жолдарын, ерекшелігін және кию әдебімен таныстыру
4 Жеті ата Жеті атаны білу, руға, жүзге бөліну ерекшеліктері мен
өзіндік жолын білу
5 М.Әуезов шығармаларын сахналау («Жетім») М. Әуезовтың өмірімен, шығармаларымен таныстыру,
шығармаларын сахналауға дайындау
6 Халық емшілік өнері Емшіліктің пайдасы мен емдеу жолдары, бақсылық
өнері, өсімдікті пайдалана отырып емдеу, тіл-көзден
сақтау сияқты қарапайым емдеу жолдарын көрсету
7 Заманауи салт-дәстүрлер («Тілашар») Қазіргі балаларды мектепте дайындау, мектепке бару
мерекесі
8 Қазақтың күйші-композиторлары , әншілері мен ақын
жыраулары («Н.Тлендиев». «Б.Төлегенова». «Ә.Өмірұзақова») Қазіргі қазақ ақын-жырауларының, термешілерінің,
әншілерінің өнерілерін насихаттау, қазіргі ән-жырлармен
таныстыру

Әдебиет
1.Қазақ халқының салт-дәстурлері «Білім» 1991
2.Хрестоматия «Кітап» 2008 ж
3.С.Қалиұлы Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы Алматы «Білім» 2003 ж
4.Этнопедагогика 2005 №5
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Nurziya (2013-10-19) E
Просмотров: 13891 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 2.7/7
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-18, 8:51 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru