Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сөз асылы – шешендік
Семей қаласының КММ
№47 жалпы орта білім беретін
мектептің қазақ тілі мен
әдебиет пәні мұғалімі
Жұмабаева Б.Н.

Күні 17.10.2013 ж. 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз асылы – шешендік

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік – Шешендік өнердің алуан сипаттары, шешендік сөздің түрлері мен ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру; қазақ халқының шешендік сөз өнерін, тәлім-тәрбиелік сипаттарын таныту; қазақтың би- шешендерінің өмір жолы, шығармашылығымен кеңінен таныстыру; өсиет-нақыл, даналық, аталы сөздердің, шешендік толғау, арнау, даулардың мазмұнын меңгерту, мәнін ашу; Шешендік сөз тарихынан алған білімдерін ғылыми түрде тереңдету, сөз асылы – шешендік туралы ой- танымдарын қорытындылау.
ә) дамытушылық – Шешендік өнер туралы білімдерін тереңдете отырып , ой белсенділігін дамыту,шығармашылық ізденіске бағыттау,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сезімтал, шешен бола білуге ұмтылдыру, оқушының тіл байлығын, сөздік қорын байыту; тапқырлыққа, шешен сөйлей білуге баулу.
б) тәрбиелік – Оқушыларды халықтық мұра – шешендік сөздерді айтып үйренуге, тәлім-тәрбие алуға және халықтық салт-дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу болып табылады. Халықтың баға жетпес рухани байлығын, ауызша жасалып, ауызша таралып, заманнан-заманға, бүгінгі күнге жеткен шешендік сөз өнерін меңгерген, шешендік сөздерді өз заманына, ортасына лайық қолдана білетін, сөз құдіретін бағалайтын, сөз сөйлеуде үлкен жауапкершілікті сезінетін, тіл байлығы мол, жан-жақты білімді, саналы азамат қалыптастыру.
Сабақтың түрі: қалыптан тыс – саяхат сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, жарыс сөз, топпен жұмыс, сахналық көрініс т.б.
Сабақтың көрнекілігі: графопроектор, үнтаспа, қанатты сөздер, тірек сызбалар, электрондық оқулық, кітап көрмесі, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, интернет материалдары.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақ тілі, Қазақстан тарихы,халықтық педагогика.
Сабақтың барысы:
Жаңа сабақ
Мұғалім: – Балалар, Өткірдің жүзі
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан
Білмеске арзан
Надандар баһра ала алмас.
Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сөйлеймін десең , өзің біл, – деген Абайдың бұл өлең жолдары не туралы деп ойлайсыңдар?
(Сөз өнері, шешендік туралы)
– Ендеше, бүгінгі сабағымыз осыған дейін өтілген шешендік сөздерді қаншалықты меңгергенімізді анықтауға бағытталмақ. Яғни, саяхат сабағын өткіземіз.
Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген, кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған халық. Қазақ халқында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Қазақ халқы – қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай өнеге - үлгі ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан, басынан сөз асырмаған, ешкімге есе бермеген, бір ауыз сөзге тоқтаған данышпан халық. Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар – тәрбие құралы . Қазақ елі қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін, өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап, жаттап айта жүруді, одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер мен билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге көп мағына сыйғызып, халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі қасиеті – айтылған ойға тапқыр, әрі жедел жауап қайтару.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту.
Жиренше, Асанқайғы, Саққұлақ шешен, Ақтайлақ шешен, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер – қазақ шешендік өнерінің майталман өкілдері.
І.Сабағымыздың барысымен танысар болсақ
І кезең Зулайды жылдар
ІІ кезең Бұл қай тұлға?
ІІІ кезең Нақтырақ ойлан
ІҮ кезең Сахналық крініс
Ү. кезең Шешендерше сөйлеймін
І кезең Зулайды жылдар
Бұл кезеңде сұрақ жауабы тек қана сандармен, яғни жылдармен беріледі.
ІІ.кезең. Бұл қай тұлға?
ІІІ кезең.Нақтырақ ойлан.
Ұяшық астында жасырынған өлеңнің авторын тауып, жалғастырады.
ІҮ. Кезең. Билер ауылына саяхат.
Зерттеуші-ғалымдар қазақ шешендік өнерін неше кезеңге бөліп қарастырған? (үш кезең).Бұл бізде үй тапсырмасы болатын.
Үй тапсырмасын тексеру
1. Шешендік сөздің І, ІІ кезеңдері — ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығы. Майқы би мен Аяз биден басталады.
2.Шешендік сөздің ІІ кезеңі — ХІҮ-ХҮІ ғасырларды қамтиды. Оған Асанқайғы, Жиренше шешендер жатады.
3. Шешендік сөздің ІІІ кезеңі — ХҮІІІ ғасырда өркендей түсті. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шашқақұлы Жәнібек, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
Шешендік сөздің ІҮ және Ү кезені — 2-ге бөлінеді. «Хан-сұлтандарға қарсы шешендер», Байдалы би, Ер Жәнібек, Тіленші би, Мөңке би Т.б.
Сахналық көрініс
а) Қазақтың шешендік өнерін тарихта, тарихи аңыздарда есімдері, сөздері сақталған Майқы би мен Аяз биден бастаймыз. Абай мен Мәшһүр Жүсіп растаған «Түгел сөздің түбі – бір, түп атасы – Майқы би» дейтін нақыл да оны қазақ шешендерінің басы деуге дәлел бола алады. – Ендеше қазақ шешендік өнерінің бастауы болған, Алаша ханның тұсындағы өмір сүрген Майқы би айтыпты дейтін, ел есінде сақталған нақыл сөздерін тыңдап көрейік.
ә) Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңі Асан қайғы мен Жиренше шешен есімдерімен байланысты. Жиреншенің Әз Жәнібектің сұрақтарына берген ұтымды жауаптары және Қарашаш сұлумен әзілдесетін тапқырлық сөздері – нағыз шешендік сөздердің үлгілері.
– Келесі кезекте Әз Жәнібек ханның заманына, Жиренше шешеннің ауылына саяхат жасайық.
б) Қазақ шешендік өнердің үшінші даму кезеңі – үш жүздің басын қосып бірегей хандық құрған Қасым,Тәуке хандарымен тұстас өмір сүрген Төле, Қазыбек, Әйтеке билер заманына саяхат жасайық.Қазыбектің Қалмаққа елші болып баруы
Ү. кезең.Шешендерше сөйлеймін....
Үш тақырып беріледі, өз қалағандарын бойынша ойтолғау жазу.
1.Не қымбат? Алтын ұяң-Отан қымбат.
2.Тату болса, ағайын жақын......
3.Ашу деген ағын су.............
Қорытынды
– Мінеки, балалар, біз бүгін би-шешендер ауылына саяхат жасай отырып, шешендік сөздер туралы ойымызды дамытып, қиынынан қиыстырып, төтеннен төге сөйлейтін олардың аталы да баталы сөздерінен мол ғибрат алдық. «Аталы сөзге арсыз тоқтамайды» дегендей сөз қадірін түсініп, орынды қолдана білуге, ана тіліміздің асыл құндылықтарын еркін қолдана білуге үйрендік. Ерлікке, бірлікке шақырған осындай халықтың көңіліне ұнаған, жадында сақталған сөзі мәңгі өмір сүретіні сөзсіз.
Үй тапсырмасын беру. «Шешендік көзі – шындық» атты шығарма жазып келу.
Бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Гульнурик (2013-11-18)
Просмотров: 6392 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-15, 7:15 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru