Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Публицистикалық стиль.
Бурабай ауданы
Щучинск қаласы
№8 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі
Балтабаева Сымбат Төлеуқызы

Сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стиль.
Сабақтың мақсаты: ауызша, жазбаша тіл дамыту жұмыстары арқылы оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау.
Дамытушылық мақсаты: оқушы алған білімдерін тереңдете отыра ойлау, сын тұрғысынан айту және жазу қабілеттерін дамыту, оқушының таным мүмкіндігін талдау, бақылау, салыстыру, жинақтау арқылы анықтау білетін ақпараттарын жаңа мәліметпен толықтыру.
Қолданылатын әдіс–тәсіл: әңгімелесу, сұрақ–жауап, кітаппен жұмыс, жұптасып оқу стратегиясы.
Қолданылатын көрнекілік: сызба, кесте
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіңдер ме, бьалалар!
Отырыңдар.
Амандық тілеп баршамызға
Саулығын берсін деп жандарға
Таза көңіл, ақ пейілмен
«Қайырлы таң!» деймін мен.
Бүгінігі атқан таңға, шыққан күнге, мына отырған баршамызға қуанып, шаттанып ақ пейіл ниетпен тағы бір амандасайықшы.
Балалар: Алдымыздан кезіккен.
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен,
Қайырлы таң! Қайырлы күн! – деп
Ұл – қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз
Мұғалім:
Үйге не бергенін айтып, жеткізер.
Ақыл, сана біліммен.
Мақсаттарына жетер.
Мен сыныбыма сенемін
Кәне, балалар, үйге не берілді?
Балалар: 1.Іс - қағаздар стилінің ерекшеліктерін тірек сызбаның көмегімен түсіндіру.
2. Іс – қағаздар стилінің бір түріне мысал келтіру.
Сабақты одан әрі жалғастырмас бұрын, тақтадағы мына ережеге көңіл аударайық.
Алтын ереже: «Бір ауыз сөз болса да, дауыстап айт үнсіз қалма»
Ал, нені дауыстап айтамыз, неге үнсіз қалмаймыз оны сабақ тақырыбын сандар мен тыныс белгілерді дұрыс атау арқылы анықтаймыз.
Мұғалім:
Ойлайық, ойнайық.
Ойлауға ешбір жалықпайық.
Тауып дұрыс шешімін,
Тапқыр, алғыр болайық.

п у 1 ! и ц и 8 90 и к 6 ! ы 40
80 9 и ! ь

Сонымен, сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стиль.
Ендеше, дәптерімізді ашып, бүгінгі күн мен тақырыптың атын жазыңдар.
Желтоқсанның жиырма төрті.
Сынып жұмысы.
Публицистикалық стиль.
Ал, сабағымыздың ұраны:
Ана тілі – бар білімнің қайнары.
Аталардың өсиеті пайдалы.
Ал, осы бар білімнің қайнары тілдің қамал екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан осы қамалды алу үшін әр түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалану керек.
Ал, бірінші әдіс – тәсіліміз мынадай сұрақ. Публицистикалық стиль жайлы естігеніміз бар ма, ол жайлы не білеміз? Сұрақ түсінікті болса, ойланып білгенімізді дәптерге жазайық.
Ал, жауап берем дегендер қол көтереміз.
Жақсы, азды – көпті мағлұмат беріңдер. Бірақ, бұнымен біз шектелмейміз
«Білсем, өссем, мақсатыма толық жетсем» дейміз деп жұмысымызды одан әрі жалғастырамыз. Жұмыс қандай тәртіппен жүретінін мына сызбаның көмегімен түсіндіремін.
«Жұптасып оқу» стратегиясы.


А Б



1. Сынып 4 оқушыдан тұратын 4 топқа бөлінеді. 1- топ. «Көпшілік». 2- топ. «Әлеумет». 3- топ «Жамағат». 4- топ. «Қоғам».
2. Әр топтағы 1-2 оқушы “А” жұбы болып, 3-4 оқушы “Б” жұбы деп аталады.
3. Осы аталған жұп оқушыларына жаңа тақырыпқа байланысты бір мәтін төртке бөлініп беріледі.
4. Бөлініп берген мәтінді әр оқушы жеке-жеке меңгеріп, алдымен өз жұптарында бір-бірімен бөлісіп, сосын 2 жұп бір-біріне түсіндіреді.
5. Қажетті жерлерін дәптерлеріне түсіріп, ойларын ортаға салуға дайындалып отырады.
Түсініктеме. Олай болса бастайық.
Дайынбыз ба?
Әр топ оқушылары өз ойларын (тақырып бойынша) кезекпен ортаға салады.
Келесі жұмыс кезеңіне көшпес бұрын жаңа топ құрып алсақ.
Әр топтағы төрт оқушыны атап, біркелкі топ аттарын бір үстел басына жинаймын. Мына үстелге «Көпшілік» атанған балалар, ал мынау үстелге «Әлеумет», үшінші үстелге «Жамағат» тобынын балалары, соңғы үстелге «Қоғам», топтарының мүшелері келіп жайғасады.
Бәріміз өз орынымызды тауып жақсылап орналастық.
Енді демімізді басып, келесі жұмыс түрлерін орындауға күш жинап алсақ.
Ол үшін «Қайда менің орным» атты ойын ойнаймыз.
Мақсаты: мақал жолдарындағы сөздерді байланысына қарай өз орнына қою.
Әрі оқу, әрі ойын.
1.Айтады сыпайы сызып.
Қызып шешен айтады.
Шорқақ айтады үзіп.
Бұзып жаман айтады.

2.Адам ақылсыз айқай келеді,
Келеді жан-жағын жайпай.
Ақылды адам келеді жай-жай.
Келеді жан-жағын байқай.

Жақсы. Мұндай қызықты ойынан кейін бәріміздін көңіл күйіміз көтерілді деп ойлаймын.
Олай болса келесі тапсырмаларды тыңдайық.
1-тапсырма. «Көпшілік» тобына: сөздер мен сөз тіркестеріне көңіл аударып, іс-қағаздарының қай түріне жататынын тауып топтап жазыңдар.
Күн тәртібі, әңгәмемізге рахмет, міндеттенемін, сұхбат жүргізді, шешімін қабылдау, осындай сұраққа, келісілген мерзімде, дауыс беру, оқырмандарға тілек, кіммен бөлісер едіңіз?
2-тапсырма. «Әлеумет» тобына мәтіндегі сөйлемдердің орын тәртібін сақтай отырып, сөйлемдерді дұрыс құруға үйрету, емле ережелерінің нормаларын меңгерту.
3-тапсырма. «Жамағат» тобына. Өздеріңді газет қызметкері деп есептеңдер де, мектептің бір үздік оқушысынан сұхбат алу керек деп ойлаңдар.
Қандай сұрақтар беру керек?
Осының төңірегінде ой қозғаңдар.
4-тапсырма. «Қоғам» тобына: сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар.

№ Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс
1 Публицистикалық стильде жазылған шығарма қоғамдық өмірімен тығыз байланыста болып, қоғамдық өмірдегі өзгерістер мен жаңалықтардан хабардар етеді
2 Публицистикалық стильдің қолданылу аясы көркем шығарма.
3 Публицистикалық стиль өздеріңе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жақсы таныс.
4 Публицистикалық стильдің сипаты ым-ишара қолдану.

Белгілі уақыттан кейін, әр топтың бір мүшесі тапсырмалары бойынша ойларын ортаға салады.
«Күш-білімде,
Білім - кітапта» дегендей бүгінгі сабақта біз алуан түрлі тапсырмаларды орындап, әртүрлі білім кезеңдерінен өттік. Олай болса, «Кітап – білім бұлағынан» қандай өмір шырағын алғанымызды мына кубиктің көмегімен анықтайық.
Жаңа сабақты бекіту: «Кубизм» стратегиясы: Жаңа тақырыпты алты қырынан қарау.(пайдасы, зертте, сипатта, зияны...)
Жаңа сабақты қорыту: Балалар, кезінде Баласағұни:
Білімі бардың аты өседі,
Білімі жоқтың аты өшеді дегендей бүгінгі таңда ендігі алдағы мақсат азға қанағат етпей, көпке ұмтылу білімімізді одан әрі жетілдіру, дамыту, бүгінгідей әрқашан жақсы жұмыс істеу.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Публицистикалық стиль тақырыбына сұрақ-жауап атты сызба құру, тест.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: СымбатБ (2013-12-10) | Автор: Балтабаева Сымбат Төлеуқызы E
Просмотров: 4333 | Комментарии: 2 | Теги: публицистикалық стиль, Қазақ тілі | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-18, 8:09 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru