Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Түркістан қаласы 9-сынып
Солтүстік Қазақстан облысы
«№ 8 орта мектеп жалпы білім беретін мектеп-кешені» ММ

9 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Түркістан қаласы Есімдік

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, танымдық саяхат сабағы

Сабақтың типі: аралас сабақ, өткен сабақты қайталау
және жаңа сабақты өту

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мағжанова Шынарлы Темірханқызы

Сабақтың эпиграфы: Түркістан – екі дүние есігі ғой.
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңір берген несібі ғой.
М.Жұмабаев.
Сабақтың мақсаты: Түркістан қаласымен, Қожа Ахмет Йасауи кесенесімен, Қазақстанның астаналарымен танысу, есімдіктің түрлерін ажырату.
Сабақтың міндеттері:
1) білімділік: өлең жолдары арқылы жаңа сабақтың тақырыбын өздеріне анықтату, танымдық саяхат жасай отырып, Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Қазақстанның астаналары туралы мәліметтер беру, сол мәліметтерді пайдалана отырып, суреттеу, зерттеу, салыстыру, іздену, шығармашылық, талқылау сияқты жұмыстарды жүргізу, оқушылардың білімдерін кеңейтіп, тереңдету, жаңа сөздерді меңгерту, есімдіктердің түрлерін анықтай білу.
2) дамытушылық: ауызша-жазбаша жұмыстар арқылы сын тұрғысынан
ойлау технологиясы негізінде көру, есте сақтау, тыңдау, танымдық қабілеттерін арттыру, ізденімпаздық, шығармашылық, зерттеушілік, салыстыра білу, қорытынды жасай алу, ойын дәлелдей білу дағдыларын қалыптастыру, ауызша-жазбаша сөйлеу мәдениетін дамыту, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, өлең жолдары, Бес жолды өлең, «Кубизм» стратегиялары арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын, білімге деген құштарлығын, белсенділігін арттыру.
3) тәрбиелік: оқушылардың туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдері оянады, еліміздің тарихын, қасиетті жерлерін, ескерткіштерін танып-білуге, оны қастерлеп, сақтауға, өркендетуге тәрбиеленеді.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, баяндау, оқушының хабарламасы, танымдық әдіс, сөздікпен, кітаппен жұмыс, топпен, жеке оқушымен жұмыс, суреттеу, салыстырмалы әдіс, практикалық жұмыс, өз беттерімен іздену, көрнекілік әдісі, суретпен жұмыс, иллюстративті-түсіндіру әдісі немесе репродуктивтік әдіс, «Кубизм» стратегиясы, Венн диаграммасы, эссе жазу, Бес жолды өлең жазу, ән тыңдау.
Сабақтың көрнекілігі: М.Жұмабаевтың портреті, көне және жаңа Қазақстан қалаларының, Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің, Меккенің, Тайқазанның, Әмір Темірдің, Қожа Ахмет Йасауидің суреттері, оқулық, қалаларға жолдамалар.
Пәнаралық байланыс: 1.Қазақ әдебиеті: М.Жұмабаевтың өлең жолы,
2.Орыс тілі: аудармалар. 3.География: ҚР картасы, 4.Музыка: Р.Рымбаеваның орындауындағы «Түркістан» өлеңі. 5.ТОҚ: компьютер, интерактивті тақта, магнитофон, кассета.

Сабақтың барысы:
1-дидактикалық кезең: I. Ұйымдастыру кезеңі
Міндеті: амандасу, оқушыларды тәртіпке баулу
а) сәлемдесу
ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2-дидактикалық кезең: II. Ой қозғау. Сабақтың тақырыбын шығару
Міндеті: ой қозғау арқылы оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, жаңа сабақтың тақырыбын өздеріне анықтату.
Слайд: Отырар қаласының суреті
- Балалар, мына суретте қай қаланы көріп тұрсыңдар? (Бұл суретте Отырар
қаласын көріп тұрмыз).
- Отырарда нелер болған? (Отырарда медресе, мешіт, базар болған).
Слайд: Тараз қаласының суреті
- Ал мынау қандай қала? (Бұл – Тараз қаласы).
- Таразда нелер болған? (Таразда Айша бибі мен Бабажы қатын кесенелері,
Тараз моншасы болған).
- Бұл қалалар қандай қалаларға жатады? (Бұл қалалар ежелгі қалаларға
жатады).
Слайд: Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи
кесенесінің суреті
- Ал мына суретте нені көріп тұрсыңдар? (Қожа Ахмет Йасауидің
кесенесін көріп тұрмыз).
- Ол кесене қайда орналасқан? (Түркістанда орналасқан).
Түркістан да ежелгі қалалардың біріне жатады.
Енді балалар, Мағжан Жұмабаевтың мына өлең жолдарына назар аударайықшы: Слайд: М.Жұмабаевтың өлеңінен үзінді
Түркістан – екі дүние есігі ғой.
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңір берген несібі ғой.
М.Жұмабаев.
- Ақынның осы өлең жолдарында не туралы айтылады?
- Сонда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай қала туралы деп ойлайсыңдар?
Ақынның осы өлең жолдары біздің сабағымыздың эпиграфы болады.
III. Мағынаны ажырату. (Жаңа сабақты өту)
1. Сабақтың мақсатымен таныстыру
Бүгінгі сабағымыз – дәстүрлі емес танымдық саяхат сабағы. Мен сендерге үйге Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Қазақстанның астаналары туралы қосымша мәліметтер біліп келуге тапсырған болатынмын. Сабақта біз Түркістан қаласына саяхат жасап, осы мәліметтерді пайдалана отырып, білімдерімізді шыңдаймыз.
Қазір жұмыс дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын, эпиграфын жазып қойыңдар.
3-дидактикалық кезең: 2. Түркістан қаласымен таныстыру.
Зерттеушілер тобының хабарламасы
Міндеті: Түркістан қаласы туралы мәлімет беру, оқушылардың білімін кеңейтіп, тереңдету, танымдық қабілеттерін арттыру.
Енді біз Түркістан қаласына саяхатқа шығайық. Ол үшін 3 топқа бөлініп алайық: 1-топ – Археологтар тобы,
2-топ – Зерттеушілер тобы,
3-топ – Тарихшылар тобы.
Сонымен біз міне, көздің жауын алып тұрған әдемі, сұлу да сырлы Түркістан қаласына да келіп жеттік. Бізді осы ежелгі, қасиетті қаламен Зерттеушілер тобы таныстырады.
Слайд: Түркістанның картасы, Түркістан мен
Меккенің суреттері
Хабарлама: Түркістан шаһары Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ол 18 ғасырда Оңтүстік Қазақстанның астанасы болған. Түркістан ертеде Шам, Тұран, Шабғар, Йасы деп аталған. «Түркістан» сөзі «Түріктер мекені» немесе «Батырлар елі» деген мағынаны білдіреді.
Түркістан – қасиетті рухани қала. Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған. Оны Меккемен салыстырады. Мекке Сауыт Аравиясында орналасқан. Адамдар Меккеге қажылыққа барып, тілек тілейді. Егер Түркістанға 3 рет барсаң, Меккеге 1 рет барғанмен тең болады.

- Сонымен осы хабарламадан не түсіндіңдер?
- Ал балалар, сендердің араларыңда Түркістанға барғандарың бар ма? Ол қандай қала екен?
4-дидактикалық кезең: 3. Жаңа сөздерді меңгерту
Міндеті: жаңа ұғымды хабарлауға дайындау, сөздік қорын молайту.
Балалар, біз оқулықтағы мәтінмен таныспас бұрын, алдымен жаңа сөздермен танысып алайық.
Қала, шаһар – город
кесене – мавзолей
шақырым – километр
гүлдену – процветать
5-дидактикалық кезең: 4. Оқулықтағы мәтінмен таныстыру
Міндеті: жаңа білімді меңгертіп, оқушылырдың білімін толықтыру, олардың тыңдау, есту, ойлау қабілеттерін арттыру.
Қазір біз оқулықтағы «Түркістан» мәтінімен танысамыз, мәнерлеп оқимыз, аударамыз.
6-дидактикалық кезең: IV. Жаңа сабақты бекіту.
Енді осы мәтін бойынша грамматикалық тапсырмаларды орындаймыз. Ол үшін алдымен есімдік туралы есімізге түсіріп алайық.
- Есімдік дегеніміз не?
- Есімдік құрамына қарай қандай болады?
- Есімдік тұлғасына қарай қандай болады?
- Есімдік мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
1. Грамматикалық тапсырмалар
Міндеті: оқушылардың грамматика бойынша алған білімдерін бекіту.
1) топ бойынша мәтіндегі сөйлемдерге есімдіктерді қою.
Енді топ бойынша мәтіндегі сөйлемдерге осы есімдіктерді қойып, жазамыз.
1-топ – Археологтар тобы: 1-сөйлемге өздік есімдігін қойып, түрін анықтаңдар.
Қазақ жеріндегі ежелгі қалалардың бірі – Түркістан қаласы.
2-топ – Зерттеушілер тобы: 3-сөйлемге сұрау есімдігін қойып, түрін анықтаңдар.
Бұл қаланың орнында IV – X ғасырларда Шабғар деген үлкен қала болған.
3-топ – Тарихшылар тобы: 3-сөйлемнен сілтеу есімдігін тауып, түрін анықтаңдар.
IX – X ғасырларда бұл қала ерекше гүлденіп, Йаса деп аталады.

2) Жеке оқушыға кеспемен жұмыс
1. Жітеу есімдіктерін қойып жаз.
2. Жіктеу есімдіктерін қазақшаға аудар.
2. Кубизмдік тапсырмалар:
Міндеті: оқушылардың суреттей білу, зерттеушілік, ізденімпаздық, танымдық, логикалық ойлау, шығармашылық, өз ойын дәлелдей білу, салыстыра білу, қорытынды шығара білу сияқты қабілеттерін арттыру.
Қазір «Кубизм» стратегиясы бойынша топтармен мынадай тапсырмаларды орындаймыз.
«Кубизм» стратегиясы
1-қыры – Суреттеңіз
1-топ – Археологтар тобы
Қожа Ахмет Йасауи кесенесін суреттеңіз.
2-қыры – Салыстырыңыз
2-топ – Зерттеушілер тобы
Түркістан қаласы мен Астана қаласының ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстырыңыз.
Түркістан Ортақ Астана
1. Қандай қала?
Ежелгі, қасиетті. 1. Қала. 1. Қандай қала?
Жаңа, әдемі
2. Орналасқан:
Оңтүстік Қазақстан
Облысында. 2. Орналасқан:
Қазақстанда. 2. Орналасқан:
Ақмола облысында.
3. Бұрынғы атаулары:
Шам, Тұран, Шабғар,
Йасы. 3. Астана болған. 3. Бұрынғы атаулары:
Целиноград, Ақмола.
4. Қандай ғимаратпен
әйгілі? Қожа Ахмет Йасауи кесенесімен. 4. Әйгілі ғимараттар
бар. 4. Қандай ғимаратпен
әйгілі?
Бәйтерекпен.
(Осы кезде музыка жүріп тұрады).
3-қыры – Байланыстырыңыз (ассоциация)
3-топ – Тарихшылар тобы
Қазақ жеріндегі ежелгі қалаларды атаңыз.
Семей

Түркістан Ежелгі Тараз
қалалар

Отырар Сайрам

(Осы кезде музыка жүріп тұрады).
__________________________________________________________________
Кубтың қырларын айналдыра отырып, келесі тапсырмалармен таныстыру.
4- қыры – Қолданыңыз
1-топ – Археологтар тобы
Қала сөзіне Бес жолды өлең жазыңыз.
Қала
Көне, сұлу
Салынған, орналасқан, тұрамын
Мен сұлу қалада тұрамын
Шаһар
V. Ой толғаныс. Жаңа сабақты қорыту.
5-қыры – Талқылаңыз
2-топ – Зерттеушілер тобы
Неге Түркістан қаласы екінші Мекке деп аталады? Өз ойыңызды 3 минуттік эссе түрінде жазыңыз.
Балалар, Қазақстанда астана болған тек Алматы мен Астана ғана емес, сонымен қатар басқа да қалалар еліміздің астаналалары болған.
Енді саяхатымызды жалғастыра отырып, Қазақстанның астана болған қалаларын көрейік. Бізді олармен тарихшылар тобы таныстырады.
6-қыры – Зерттеңіз
3-топ – Тарихшылар тобы
Қазақстанда астана болған қалаларға кластер жасаңыз.
Слайд: Қазақстанның астаналары
Астана
Алматы 1998 ж. Отырар
1929 ж. Ақмола 6 ғ.
1997 ж.

Қызылорда Қазақстанның Испиджаб
1925 ж. астаналары 8 ғ.

Орынбор Түркістан
1920 ж. 18 ғ.

Сұрақтарға жауап беріңдер
Сонымен біздің бүгінгі саяхатымыз аяқталды.
1. Осы саяхатта не туралы білдік?
2. Түркістан қандай қала екен?
3. Онда әйгілі қандай ғимарат бар
4. Қожа Ахмет Йасауи кім?
5. Қазақстанның астаналары қандай қалалар?
VI. Үйге тапсырма
Жалпысыныптық жұмыс: «Менің сүйікті қалам» атты шығармаға дайындалу.
1-топ – Археологтар тобы: «Қазақстанның астаналары» тақырыбына
тұсаукесер жасау.
2-топ – Зерттеушілер тобы: «Қазақстанның ежелгі қалалары» тақырыбына
реферат жазу.
3-топ – Тарихшылар тобы: «Түркістан» тақырыбына диалог құрастыру.

VII. Оқушылардың білімін бағалау
Осымен сабағымыз аяқталды. Келген қонақтарға да, белсене қатысқан оқушыларға да көп рақмет! Сау болыңыздар!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Шынарлы (2013-12-26) | Автор: Магжанова Шынарлы Темирхановна
Просмотров: 4028 | Комментарии: 3 | Теги: Қазақ тілі, 9-сынып | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-01, 10:05 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru