Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
9 сынып. Қазақ әдебиеті. Сабақтың тақырыбы- Абай Құнанбайұлы. «Ескендір» поэмасы. Сабақтың мақсаты-1) А.Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру.Шығармаларының тақырыбы, поэманың идеясы. 2)Тіл дамыту,лексикалық қорларын байыту, ойлау қабілеттерін дамыту. 3)Ұлы ақынға құрмет,мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу,шығармалары арқылы балалар бойында адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу. Сабақтың түрі- аралас сабақ. Қолданылатын әдіс-тәсілдер- мәнерлеп оқу,сұрақ-жауап,көрнекілік,баяндау. Пәнаралық байланыс- қазақ тілі, тарих. Сабақтың барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз.Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,-деген Н.Назарбаевтың сөзін эпиграф ретінде алу.Оқушыларға ой тастау. (Бұл сөздерді қалай түсіндіңдер,Абай туралы не білесіңдер,қандай шығармаларын білесіңдер) 3.Оқулықпен жұмыс Абай туралы мәтінді түсініп оқу, сұрақтарға жауап беру. Сөздік –дәріптеу,көзі тірісінде,рухани қазына,ғажайып құбылыс,райынан қайту,игі ықпал. 4.Жұппен жұмыс Мәтін бойынша тірек сызба құрастыру. Сызба бойынша бір-бірімен әңгімелесу. -Е.П.Михаэлиспен кездесуі. 1845жыл- - қара сөздері өлеңдері- ф Абай -1904жыл аудармалары- -Ахмет-Риза медресесі - әжесі Зере,анасы Ұлжан. 5 «Ескендір»-а)Поэманы мәнерлеп оқу ә-поэма мазмұны бойынша тапсырмаларды орындау(Ескендір мен Аристотельді салыстырып,сипаттау) б-поэма мәтіні бойынша грамматикалық тапсырма (жалқы,жалпы зат есімдерді теріп жазу) 6.сөздік жұмысы- шаһар,ер көңілді, қызғаншақ,антұрған,бодан,қанішер,таразы,аран,тоя ма адам көзі, ар. 7.Сабақты бекіту- өздеріне ұнаған үзіндісін тауып оқып беру, қандай адамның қасиеттері көрсетілген. 8.Сабақты қорыту- «Ескендір» поэмасында қандай ғибрат айтылған. 9.Үй тапсырмасы-Өз беттерімен ізденіп,А.Македонскии туралы мәлімет дайындау,поэманың түйінді сөздерін тауып алу. | |
Просмотров: 9591 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|