Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сабақ жоспары, 5-сынып, Астана қаласы
Сабақтың тақырыбы: Астана қаласы
Сабақтың мақсаты:
а)Оқушыларға Астана қаласы туралы мәлімет бере отырып,жаңа сөздер арқылы өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
б) Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой- өрісін, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
в) ҚР орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанжы азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, "Астанаға саяхат" видеоклип, мәтіндер, қима қағаздар.
Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, ой қозғау, сезімнен туған өлеңдер, эссе жазу. жеке, жұптық, топтық, сын тұрғысынан ойлану.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен амандасу;
- Сыныптағы оқушыларды түгендеу;
- Оқушылардың назарын өзіне аудару;
- Сыныпты смайлинктер арқылы топқа бөлу, топ басшысын тағайындау;
Психологиялық ахуал: Екі топ бір -біріне сәттілік тілейді.
ІІ. Үй жұмысын тексеру: «Бинго» ойыны арқылы сөздік жұмысын тексеру.
Тәуелсіз,ел,нағыз,теңеу,ұлттық, тарих, шексіз, саяхат, биіктен, бағалау сөздерінің орысша баламасын айтып отырады. Мұғалім «бинго» дегенде оқушылар жұмысты аяқтайды.
ІІІ. Қызығушылығын ояту:
Тыңдалым: Оқушыларға А.Жорабаеваның орындауындағы "Елімнің жүрегі -Астана" әнін тыңдата отырып, Астана қаласы туралы слайд шоу көрсету.
Сұрақтар:
- Қандай қала туралы слайд шоу көрдіңдер?
- А. Жорабаеваның орындаған әні не туралы?
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын болжайды, өз ойларын айтады, мұғалім сабақтың мақсатын толықтырады.Дәптерлерін ашып, күнді, сабақтың тақырыбын жазады.
Мұғалім: Оқушыларға "Астана" деген сөз арқылы ассоциация жасауға жеке жұмыс береді. Оқушылар жазған ассоциацияларын оқиды.

Сөздікпен жұмыс:
Қадірлеу – уважать,ценить
Сүйікті-любимый
Байтақ - обширный
Тұсау кесу – воздвинуть
Қаланған – воздвигнут, построин
Өркендеу – процветать
Таңба - знак

1.Оқушылар жеке- жеке мәтінді іштей оқиды.
2.Қарамен жазылған сөздерге көңіл аударады.
1. Оқушылар іштей оқиды;
2. Мұғалімнен кейін хормен қайталайды;
3.Кезекпен оқиды;
4. Жаңа сөздердің синонимдерін АКТ арқылы жазбаша табу.
5. Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады;
Екі түрлі мәтінмен жұмыс істеуде, оқушыларға 2 түлі стикер тарату. Бірінші топтан үш оқушыны екінші топқа, екінші топтан үш оқушыны бірінші топқа мәлімет жинап әкелуге жіберіледі. Оқушылар қайтып оралады. Жинақтаған ақпаратты постерге түсіреді. Әркім өз ойын айтады, дәлелдейді, салыстырады. Бірінші топтан барлығы шығып, бірге өорғайды, екінші топтан екі бала шығып, бір- біріне сұрақ қоя отырып, постерлерін қорғайды.
ІV. Мағынаны тану: Мәтінмен жұмыс. Оқылым
Астана қаласының тарихы
Әр елдің баласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білу керек. Астана -еліміздің бас қаласы. Тәуелсіз Қазақстан - байтақ еліміздің астанасы. Астана- Есіл өзенінің бойында орналасқан. Қаланың Астана ретінде тұсауы кесілген күн- 1998 жылдың 10 маусымы. Қаланың негізі 1932 жылы қаланған. Ол Ақмола деп аталған. 1968 жылы Целиноград болып өзгертілді. Астана - Қазақстанның жаңа қаласы. Оның шекарасы 710 шаршы шақырым. Астана күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп келеді.
Астана қаласы туралы
Есіл өзенінің сол жағында жаңа Астананың символын алып, "Бәйтерек" монументі орналасқан. Оның биіктігі 97 метр. Бәйтерек -Астананы биіктен көрсетеді. ардың ішінде елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оң қолының таңбасы бар. Ал "Думан" ойын сауық орталығының ішінде акула, сегіз аяқ, жайын, скат, қылышбалық, ибекіре сияқты неше түрлі балықтар жүзіп жүрген мұхиттық аквариум. Кешенде "Джунгли" аттракционы, интерактивті ойындар зонасы, аквапарк бар. Қалада Ұлттық академиялық оқу орындары, Елбасы отыратын Ақ Орда, Тәуелсіздік сарайы бар. Сүйікті Елордамыз Астана қаласы болашақтың қаласы.

Сергіту сәті: "Қара жорға" биі
Тілдесім: Сурет бойынша диалог құру.
Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс:
Жазылым:
1. Берілген суретке септік жалғауларын дұрыс қойып жазыңдар.
2. Интербелсенді тақтада сөздерге септік жалғауларын дұрыс қою.
VІ. Сабақты қорытындылау: Алған ақпаратты тест арқылы қорытындылау
IV. Бағалау кезеңі: Топ басшысы бағалау критерийлері бойынша оқушыларды бағалайды.

Үй жұмысы:

І деңгей Шағын шығарма «Келешекте мен аңсайтын Астана» (5-6 сөйлем)
ІІ деңгей Астана қаласы туралы қосымша мәлімет жинастырып келу
ІІІ деңгей Диалог құрастыру ( 5-6 сұрақ- жауап)

VIІ. Рефлексия: Бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы ойларын стикерге жазып, тақтаға ілу.

Берілген суреттерге септік жалғауларын жалғап жазыңдар.
+ табыс септігінің жалағауы
+ шығыс септігінің жалғауы
+ барыс септігінің жалғауы
+ ілік септігінің жалғауы
+ жатыс септігінің жалғауы
+ көмектес септігінің жалғауы
Тест
1. Қазақстанның бас қаласы қай қала?
А) Алматы в) Атырау с) Астана
2. Астана қаласының тұсауы нешінші жылы кесілді?
а) 1999 жылдың 1 маусымы в) 1998 жылдың 10 маусымы
с) 1997 жылдың 10 тамызы
3. Астана қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан?
А) Есіл өзенінің жағасында в) Ертіс өзенінің жағасында
с) Әмудария өзенінің жағасында
4. Қаланың негізі қай жылы қаланған?
А) 1933 ж в) 1932ж с) 1934ж
5. Целиноград қаласы болып нешінші жылы өзгертілді?
А) 1968ж в) 1969ж с) 1970ж
6. Астананың символын ата.
А) Думан в) Ханшатыр с) Бәйтерек
7. Бәйтеректің биіктігі неше метр?
А) 99метр в) 97 метр с) 100 метр
8. Бәйтеректің ішінде кімнің қолтаңбасы бар?
А) Мұғалімнің в) Елбасының с) Депутаттың
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: КБС (2014-01-25) | Автор: Кибашева Бакыт E
Просмотров: 9647 | Комментарии: 2 | Теги: 5-сынып, Астана қаласы, сабақ жоспары | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-18, 1:52 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru