Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

О казахском языке
Құрметті қауым!
Өзге ұлт өкілдері үшін қазақ тілінде сөйлей білу, сауатты жаза білу қажеттілігі күннен күнге артып келеді. Сол себепті мемлекеттік тілді оқытатын әр мұғалім үнемі ізденіс үстінде болып, тілді жеделдете үйретудің ең тиімді әдіс - тәсілдерін ойлап тауып, олардың тиімділігін іс - тәжірбиесінде дәлелдеп, әріптестерімен алмаса отыруы керек.
Туған жерім қазақ ауылы, сондықтан ауылдағы балалармен қарым – қатынасқа түсе отырып, қазақ тілін үйрендім. Отаныма жанкүйер болып сезінгенімді қазір қызыметім арқылы көрсетіп жүрмін.
Мен 1993 жылы мектеп қабырғасынан шығып Солтүстік - Қазақстан университетіндегі қазақ филологиясына өзге ұлт өкілдерінің арасынан ең бірінші болып, оқуға түстім. 1998 жылы студенттік өмірім аяқталып, қазақ тілі пәнінің мұғалімі мамандығын алдым. Содан бері мектеп мұғалімінің қызыметіне әбден сіңіп, шығармашылық ізденісте еңбек етіп жатырмын. Мектептің ел болашағын айқындаудағы рөлі туралы жерлес ақиық ақынымыз Мағжан Жұмабаев былай деген екен; «Әрбір ел келешегі - мектебіне байланысты» - бұл ескірмейтін сөз, өзгермейтін бір шындық. Білім моделінің негізін қалайтын міндеттердің бірі: халықты, соның ішінде жастарды Егемен Қазақстан Республикасының азаматы, патриоты етіп сомдау; екіншісі интеллектуалды, мәдени ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыру; үшіншісі этнопедагогика негізінде тәрбиелеу. Бүгінгі таңда мектеп оқушыларының, ата - аналардың сапалы білімге деген талабы артып отыр, бұл білім беру саласына көп міндет жүктейді.
Заман талабына сай, сабақты мазмұнды да, қызықтыра отырып оқыту, терең білім беруге мүмкіндік тудырады. Сондықтан, қазіргідей мемлекеттік тілге жаппай бет бұрған кезде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін кіріктіре /интеграция / оқыту әдісі баланың жан-жақты ойлау қабілетін дамытып, танымын арттырады.
Осыған орай өзім қызмет атқарып жүрген мекемеде мектеп әкімшілігімен бірігіп, «Қазақ тілін пәнаралық байланыс арқылы тереңдетіп оқыту» деп аталған өз бағдарламамызды іске асырып жатырмыз. Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап, біздің №26 орта мектепте «қазақ тілін кіріктіре оқытып, бастауыш сыныптарда математика және айналамен танысу сабақтарын қос тілде өткізу» эксперименттік алаңы ашылды. Бұл жаңа істің мәні- тек қана сабақ беріп, оқушылармен жұмыс істеп қоймай, ата - аналарды және әріптестерді ұйымдастру. Бұл қосымша дайындықты, уақытты қажет етеді. Өз ісімнің алға басуы үшін, біліктілігімді жоғарлатуға күш салып тырысып отырмын.
Қазақ тілін тереңдете оқыту және балаларға меңгерту халықтың мәдениеті мен әдет – ғұрыпын танытусыз мүмкін емес. Сондықтан эксперименттік алаң жұмысының келесі қадамы – бұл ән, еңбекке баулу, сурет сабақтарының да пәндік терминдерін қазақ тілінде жүргізу. Біздің болжамымыз бойынша, осындай бағдарламамен білім алған оқушы қос тілді жақсы меңгереді. Ал бұндай оқушылар Қазақстанның болашағы.
Тіл үйренуші өзін - өзі дамытып, ізденіп, тер төгіп еңбектену арқылы әулеметтік ортасына, кәсібіне, тұрмысына қатысты кез - келген тақырыпта жан - жақты пікір алмасып, еркін қарым - қатынасқа түсе алатындай қазақ тілін жоғары дәрежеде меңгеруге болатынына көзім анық жетеді. Мемлекеттік тілдің тағдыры Қазақстанның дербес егемен мемлекет ретінде қалыптасу процесімен тығыз байланысты және тек мемлекеттің ғана емес, жалпы қоғамның , қоғамды құрастырушы әрбір жеке адамның күш – жігерімен, қажеттілігімен айқындалады. Өмірдегі өзінің орнын ұғынатын және соған сәйкес еңбек етіп, өмір сүретін адам ғана бақытты. Ал маған өмірден өз орнымды табуға қазақ тілі көмектесті. Сонымен бақытты адам болып, бәсекеге қабілетті қоғам орнатуға қадам баса берейік.

Источник: http://О казахском языка
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Люда (2010-02-08) | Автор: Людмила E
Просмотров: 1949 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-04-29, 12:08 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru