Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Абай шығармалары – ұрпақ аузында»
Сабақтың тақырыбы: «Абай шығармалары – ұрпақ аузында» (сайыс сабақ)
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы насихаттау.
Міндеті: 1. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру.
2. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.

Сабақтың барысы:

Фанфар ойнатылады

Жүргізуші:
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,
-деп ақынның өзі айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де, ел мұңдарын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай туралы сайыс сабағымызды жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмын.
Абайдың суретін көрген ол:
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?-деп айтқан екен (-слайд көрсетіледі) .
Құрметті ұстаздар және оқушылар, «Абай шығармалары – ұрпақ аузында» атты сайыс сабаққа қош келдіңіздер!

Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаңда ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Олай болса бүгінгі сайыс сабағына қатысатын топтарды қошеметпен ортаға шақырайық.
«Желсіз түнде жарық ай» әнімен жарысқа қатысушыларды қарсы алу.

1 топ: «Жас талап» тобы
2 топ: «Поэзия әлемі» тобы
3 топ: «Сөз маржаны» тобы

Ал құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер
Жарысымызды бастамас бұрын сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1._______________________
2 __________________________
3.__________________________

Әр кезең сайысы 5 баллдық жүйемен бағаланады .
Сайыстың жоспары:
І. Таныстыру (топ басшысы топты,топ мүшелерін, ұранымен)
ІІ. Абай – поэзия шебері (әр топ Абайдың поэмаларын жатқа оқиды)
ІІІ. Абай-аудармашы (әр топ аудармаларын оқиды)
IV. Абай –қарасөз шебері (әр топ бір қарасөздерін жатқа айтады)
V. Сахналық қойылым («Абай жолы» романынан әр топ үзінді көрсету)
Әділ-қазы мүшелері әр топтың мәнерлеп оқуына, сахнада жүруі, өзін-өзі ұстауы, сахналық қойылымдарды образға кіре отырып орындауы бағаланады.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй – демекші Абайдың «Айттым, сәлем Қаламқас» әнін тыңдайық.
Ән: «Айттым, сәлем Қаламқас» (Эльмира)

1 тур. Таныстыру.
I топ: «Жас талап» тобы
II топ: «Поэзия әлемі» тобы
III топ: «Сөз маржаны» тобы
Әр турдың бағасын әділқазылар алқасы береді

ІІ. Абай – поэзия шебері

Жүргізуші: «Масғүт» - Абайдың 1887 ж. жазған дастаны. Әрқайсысы 4 тармақты 44 шумақтан тұрады. Бұл поэма туралы Абайдың өзі атап көрсеткен деректері жоқ. Бірақ шығарманың ішіндегі кейбір белгілерге қарағанда, бүның оқиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады.
Ең әуелгі геройдың аты - Масғүт. Оның тіршілік еткен шәһәрі - Бағдат. Заманы - Һарон-Рашид халифтың тұсы. Кейін Масғұтқа кездесетін қария мүсылмандардың дін аңыздарыңда жүретін Қызыр, қазақша Қыдыр аталады. Ол сол айтылған аңыздар бойынша өлмейтін, мәңгі жасайтын жалғыз жан. Әр замаңда, әр ортаның адамына оқта текте бақ дәулет әкелетін, ырыс үлестіруші болады. Міне, сөйтіп, осы аталған белгі, деректердің бәріне қарап, біз Абай поэмасының негізі шығыс аңызынан алынған дейміз.

1 топ: «Масғұт» поэмасы (Абдухамит Каусар)

Жүргізуші: Ескендір поэмасы . Поэма Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайындағы аңызга құрылған. Ескендірді Еуропа акындары да, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. Абай бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шап-қыншылық саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болтан ұлы философ-гуманист Аристотельді кіргізеді. Әңгімеде жауыздыкка жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды.
.
2 топ: «Ескендір» поэмасы (Бекет Еңлік)

Жүргізуші: «Әзім әңгімесі»Абай жинағына алғаш рет 1933 жылы енгізілген. Оған дейін ол Абайдың туысы және ақын шығармаларын жинақтаушы Ырсаев Ысқақ деген адамның қолында сақталған. Бұл шығарма Абайдың 1909 жылы Санк - Петербургта шыққан тұңғыш жинағына да енбей қалған. Мүрсейіт қолжазбаларының ішінде де жоқ.
Сондықтан кейбір зерттеушілер поэманың идеялық мазмұнына қарап, көркемдік анализге сүйене отырып, «Әзім әңгімесі» Абайдың шығармасы емес деседі. Бұлай болмаса поэма Абайдың тіпті ерте кездерде, өзінің ақындық күшін алғашқы тәжірибе ретінде, әр тақырыпты байқастап жүрген кезінде туған, алғашқы черновик есепті бір нұсқа болуы керек. Қалай да «Әзім» поэмасы ең әуелі бітпеген шығарма болғандықтан, екінші көркемдік, шеберлік жағынан көңілдегідей қалыптаспаған дастан болғандықтан, бұл поэма жөніндегі түсінік сөздерді осы жоғарыдағы айтылған жайлармен аяқтаймыз» -дейді. «Әзім әңгімесі» туралы Әуезовтің пікіріне тоқталған ғалымдардың бірі─Қайым Мұхаметханұлы. Сөйтсе де «Әзім әңгімесі» 1933 жылдан бастап, қазақ және орыс тілінде шыққан Абайдың толық жинағына енді. «Әзім әңгімесі» ─ қазақ әдебиеті тарихынан өз орнын толық алмаған шығарма.
3 топ: «Әзім әңгімесі» поэмасы (Бауыржанқызы Назым)

ІІI. Абай-аудармашы.
Әуезов Абайдың Крыловтан аударған 5 мысалын ерекше жоғары бағалаған. Олар: «Есек пен бұлбұл», «Қарға мен бүркіт», «Шегіртке мен кұмырсқа», «Піл мен канден», «Түлкі мен қарға». Абай орыс тілін тамаша меңгерді. Мұның өзі оның орыс ақыны М. Лермонтовтың біркатар өлеңін қазақ тіліне аударуына мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Абай М.Ю. Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз жалау жалтылдап»), «Теректің сыйы» («Асау Терек долданып, буырқанып») сияқты өлендерін аударды.

1 топ: «Шегіртке мен құмырсқа» (Тұрсынәлі Қалдықыз)
2 топ: «Есек пен бұлбұл» (Дүйсенова Зиба)
3 топ: «Емен мен шілік» (Сүндеттегі Аякөз)

ІV.Абай –қарасөз шебері.
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
Абайдың қара сөзін оқып көрші,
Беріліп жан тәніңмен көңіл бөлші.
Әрбір сөзінде терең ой бар,
Тереңін сен бақылап ,байқап көрші.

1оқушы: 20 қарасөзі (Елеуов Әлімхан)
2 оқушы: 21 қарасөзі (Көпейсінов Ықылас)
3 оқушы: 6 қарасөзі (Жәдігеров Бауыржан)

V. «Абай жолы» романынан үзінді көрсету
«Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақтың тұңғыш эпопеясы. «Абай жолының» бас кейіпкері - Абай. Біз ақын өмірінің елу жылына айғақ боламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын... бәр-бәрін түгел шарлап өтеміз. «Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұр.
1 топ: «Жас талап» тобы (Абайдың балалық шағы)
Билік, зорлық деп Абайдың өзі айтпақшы көп жыл бойы патша өкіметінің сенімді өкілі, әкімі болып билікте жүріп айналасындағы рубасыларға тізесі батқан Құнанбайдың ел ішіндегі дұшпандары да осал емес-ті. Олардың ішіндегі Құнанбаймен бет жыртысып, ірге ажыратып, бірде қату, бірде тату болып жүрген Бөжей, Байсал сияқты аталас жақындары да бар еді.
2 топ: «Поэзия әлемі» тобы (Абай мен Тоғжан)
Абай оңаша қалғанда, әуелде қатты қысылды. Бірақ байқап қараса, Тоғжан, тіпті, ұялшақ. Тіпті, нәзік, жазықсыз бала тәрізді. Өзі де басында не дерін білмей, сөз таба алмай, аса қиналған. Енді ойласа, бұл қалыпта екеуі рақат кешті зая қып өткізетін тәрізді.

3 топ: «Сөз маржаны» тобы (Абайдың мұңы)
Өмірінің соңына дейін ақын трагедиясы ұлғая түсті.1904 жылы Абайдың болашағынан мол үміт күттірген баласы Мағауия ауыр науқастан қайтыс болды. Көктемде Абайдың өмірлік серік екі арысындай екі үлкен досы Ербол мен Базаралы да қаза болған еді.

Осылайша 1904 жылы Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңіне Абай да қаза тапты. Ұлы кеуденің ыстық демі тоқталды. Өмірден Абай кетті.

Ән:«Көзімнің қарасы»

Жүргізуші:
Сайысымыздың әділ бағасын беріп,бүгінгі сайыскерлерімізді бірін тұлпар,бірін қыран деп айтатын сәтке де келіп жеттік.
Бойларыңда от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,-
деген ізгі тілекпен сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды сөз эксперимент ісі әдіскері Қошқарбаева Гүлбакира Тортайқызына, әділ-қазы мүшелеріне сөз беріледі.

Н.Ә.Назарбаев:«Абай-қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес ,ел болуына ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер. Абай -әлемдік денгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға»деген болатын. Бұл екінің біріне беріле салатын баға емес, олай болса,біз де Елбасының айтқан сөзіне қосыла отырып, «Абай шығармалары – ұрпақ аузында» атты сайысымызды жабық деп жариялаймыз.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Қош сау болыңыздар.

Источник: http://Мөлдір
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Моти (2014-12-23) | Автор: Тұрсынбаева Мөлдір
Просмотров: 2653 | Комментарии: 4 | Теги: Абай | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-05-20, 9:53 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru