Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көлдері. Нуруллина Рауфа Рафқызы Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Модуль бойынша оқушылардың алған білімдерін бақылау.Оқылым,тындалым,айтылым,жазылым әрекеттерінің меңгерілуін тексеру. 2. Тәрбиелік. Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндіктер беру және бақылау. 3. Дамытушылық. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытуды жалғастыру.Сөздік қорын толықтыру. Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, сөйлемдер құрастыру,мәнерлеп оқу. Көрнекілігі: суреттер,сөзжұмбақ САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ. 1. Ұйымдастыру кезеңі. -Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу. -Кезекшімен сөйлесу: - Бүгін күннің нешесі? - Аптаның қай күні? - Үйге қандай тапсырма берілді? 2. Үй жұмысын тексеру. - Біздің Отанымыз қалай аталады? - Қазақстанның елордасы қалай аталады? - Қазақстанның елбасы кім? - Қазақстанның жері қандай? - Қазақстанның табиғаты қандай? 3. Жаңа сабақ. - Балалар, бүгін біз Қазақстанның көлдерімен танысамыз. 4. Аудирование Қазақстанда көлдер көп. Олар Балқаш көлі, Зайсан көлі, Есік көлі, Алакөл, Марқакөл, Сасықкөл. Қазақстанда ең үлкен, ірі көл – Балқаш көлі. Көлдің ұзындығы 614 шақырым. Шығыс Қазақстан облысында Алакөл, Марқакөл, Зайсан көлі бар. 5. Оқушылардың мәнерлеп оқу. 6. Сұрақтарға жауап: - Қазақстанда нелер көп? - Қандай көлдерді білесің? - Ең үлкен, ірі көл қалай аталады? - Балқаш көлінің ұзындығы қанша? - Шығыс Қазақстанда қандай көлдер бар? 7.Тапсырмалармен жұмыс. - 2 тапсырма: берілген сөздермен сөйлем құрастыру: Алакөл. Балқаш. Алакөлге бардым. Балқашқа бардым. Мен Алакөлге бардым. Мен Балқашқа бардым. Мен әкеммен Алакөлге бардым. Мен Балқашқа әкеммен бардым. - Үш топқа бөлініп, керекті сөздермен пайдаланып,Шығыс Қазақстан көлдері туралы әңгімелесу. Керекті сөздер: -Алакөл,әдемі, суы пайдалы, түсі ала -Зайсан,үлкен,әдемі,балық көп -Марқакөл,салқын,суы тұщы,әдемі. 8. Дәптермен жұмыс. -4-110 б. – қазақ тіліне аудару. Болшое озеро.Крупное озеро.Глубокое озеро.Какое озеро? 9. Сөзжұмбақты шешу. ОООкОО 1. Көлдің аты. ООООООөО 2. Көлдің аты. ОО л О 3. Көлдің аты. ООО д ОО 4. "Озеро" сөздің аудармасы. е ООО 5. Көлдің аты. ОО р ООООО 6.Көлдің аты. 10. Бекіту. - Балалар, бүгін сабақта біз Қазақстанның көлдерімен таныстық. - Қандай көлдерді білесіңдер? 11. Бағалау 12. Үйге тапсырма. Жаңа сөздерді жаттау. | |
Просмотров: 2494 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|