Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ОҚУШЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ...оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге. Жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді. Әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.
Орыс тілді мектептерде қазақ тілін үйрету үшін оқушылардың сол тілде сөйлесем деген талпынысын тудыру керек және сол мақсатта сан алуан әдістерді қолдана білу қажет. Ал оқушы бойына терең біліммен қатар жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда оқытушының атқарар қызметі зор. Әр ұстаз шәкіртінің сабаққа деген қызығуын, белсенділігін арттыру мақсатында жаңа технология элементтерін пайдалану арқылы сабақ мазмұнын түрлендіріп отырады.
Тіл-мәдениет айнасы. Тіл арқылы тек қана адам және оның қоршаған ортасы, өмірінің әлеуметтік жағдайы емес, сонымен қатар, халықтың қоғамдық танымы, діні, ұлттық мінезі, өмір сүру тәсілдері, дәстүрі, әдет-ғұрпы,адами құндылықтар жүйесі мен дүниетанымы көрінеді.
Негізінен, қазақ тілін орыс тілді аудиторияда оқытудағы басты мақсат-коммуникативтік дағдыны қалыптастыру болып табылады. Ал коммуникативтік дағдыны қалыптастыру үшін төмендегідей жұмыс түрлерін жүргіземіз:
- жаңа сөзді меңгерту
- жаттығумен жұмыс істеу
- мәтінді талдау
- әңгімелеу
- бейнефильм көрсету және үнтаспа тыңдату
- шығармашылық жұмыс істеу
- бақылау және тексеру.
Оқу үрдісі тиімді өту үшін, біріншіден, оқытуды ұйымдастыру түрлерін дұрыс таңдай біліуіміз керек. Бала оқыту үрдісінде тек субъект қана емес, объект болған кезде ғана қалыптасады.
Дамыта оқыту технологиясы. «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім сол ақиқатқа оқушының өзін жеткізуге жетелейді», - деген қағиданы еске түсіреді. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңару процесі, жаңанын өмірге келіп ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Дамыта оқыту сабақтарындағы ерекше ахуал – мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас.
Дәстүрлі оқыту мен «дамыта оқыту» технологиясын салыстырсақ, дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің міндеттері ұшан-теңіз. Ол тыңдайды, сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған оқушы тыныш отырып тыңдауы керек. Бұл әдіс оқушы бойындағы табиғи қабілеттерін ашпайды, бала құштарлығын, іскерлігін көрсетуге мүмкіндік бермейді. Ал дамыта оқыту жүйесінде мұғалім тек мәселе қояды, іс-әрекетке бағдар береді, жетелейді. Яғни оқушы белсенді субъектіге айналады, ал мұғалім көмек беруші, ұйымдастырушының рөлін атқарады. Бұл әдіс оқушы бойындағы табиғи қабілеттерді ашуға негізделген.
Сонымен, дамыта оқыту:
- оқушы байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамытуға ықпал етеді;
- заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ереже-анықтамаларды өзі ізденіп оқу арқылы қорытады;
- бірлескен ұжымдық іс-әрекетке үйренеді;
- проблемалық ситуация туады, оны өзі шешуге ұмтылыды;
- зерттеушілік қабілеті оянады, белсендігі артады;
- өзін-өзі бақылау, бағалау қасиеттері туады;
- өзіне жүктелген жауапкершілікті сезінеді, міндеттер қойылады, мақсатқа өзі жетуге ұмтылады.
Сабақта оқушылардың өздігінен әрекеттенуі міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Өзіндік іс-әрекетті ұйымдастыруда оқушыларды жұмыстың алдағы нәтижесіне ынталандыру қажет. Ынтамен, белсенділікпен жасалған жұмыс оқушыны нақты нәтижеге жету жолында іскерлікке, шығармашылық ізденіске бағыттайды.
Инновациялық технологияны, өзге де ақпараттық құралдарды оқыту үрдісінде белсенді пайдалану арқылы біз шәкірттерімізге заманға лайықты білім береміз. Инновация сапасының артуына жағдай туғызып, оқушы құзырлылығын дамытуға жол ашады. Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану нәтижесінде:
- оқушының танымдық әрекеті, іскерлігі дамиды;
- өз бетінше әрекеттенуге үйренеді;
- шығармашылық ізденіспен жұмыс жасауға дағдыланады;
- оқушы мен мұғалім қарым-қатынасы ізгіленеді;
- еркін ойлауға жағдай жасалады;
- оқушының өзіндік көзқарасын, пікірін айтуға мүмкіндік туады;
- игерілген білімді қолдануға үйренеді;
- оқушының жеке қабілеті дамиды және өзін тануына жағдай жасалады;
- мақсатқа жету жауапкершілігін сезінеді.
Сабақ – тәрбие жұмысының негізгі баспалдағы, әліппесі. Оны шеберлікпен ұйымдастыру арқылы ғана табысқа жетуге болады. Кез келген тақырыпта мұғалім өзінің шеберлігі арқылы оқушыға түсіндіре білуі шарт.
Қазақ тілі сабағында мақал – мәтелдер пайдаланып, сабақ үрдісін түрлендіру оқушының белсенділігін арттыруға мол мүмкіндік туғызады. Екі тілде де мақал – мәтелдерді салыстыра отырып, біз екі елдің бай ауыз әдебиет қорын, ел тарихын, географиясын танып білуге мүмкіндік аламыз.
Сабақты дебат технологиясына құрған тиімді. Оқушылардың өзіндік ой қорытындылары қисынды негізделген деректер, мәліметтер, ғалымдар пікірімен тұжырымдалады. Шығармадағы қарама – қайшылықтарды өздерінің таңдаған позициялары бойынша дәлелдеп, ұтымды пікір айтуға, өз бетінше ізденуге дағдыланады. Пікірсайыс белсенді, құзіретті тұлғаның дамуына ықпал етеді.
Мен өз сабағымда әр түрлі әдістермен жұмыс істегенді ұнатамын.
Оқылымға қатысты әдіс – тәсілдер:
1. Тоқта да сұра. Мұғалім әңгімені оқып келе жатып, белгілі бір жерге тоқтайды да, ”Бұдан әрі не болады?” деп сұрап отырады. Бұл тәсіл оқушының сөйлеу қабілетін жетілдірумен қатар мәтінді мұқият тыңдауға көмектеседі.
2. Бұл туралы не ойлайсың? Мұғалім бір әңгімені оқып жатқанда, белгілі бір жерлерде оқушыларға бір – бірлеп «______»- тың орнында болсаң, сен не істер едің? Немесе «______»-тың орнында болсаң не сезінетін едің сияқты сұрақтар қойып, оқушыларды сөйлеткізеді. Бұл оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады.
3. Тірек сөз. Мұғалім сыныпты 3-4 топқа бөледі. Тақтаны да топ санына бөледі. Топ мүшелері тақтаға кезекпен шығып, оқылған мәтіннің тірек сөздерін жазады. Белгіленген уақытта ең көп сөз жазған топ жеңеді.
Жазбаша жұмыстың әдіс – тәсілдері :
1. Мәтінді қайтадан жаз. Мұғалім оқылған немесе түсіндірілген мәтінді оқушыларға таратады және асты сызылған сөздердің орнына басқа сөздерді қойып, мәтінді қайтадан жазуды тапсырады. Бұл жұмыста асты сызылған есімдердің немесе үстеулердің орнына синоним немесе антонимдерін жаздыруға болады.
2. Алғаш рет қашан? Мұғалім сыныпты екіге бөледі (А/В). Оқушылар қолдарындағы қағаздағы сұрақтарды (кестеге қараңыз) достарына қойып, кестені толтырады. Қосымша сұрақтарды пайдаланып, кеңірек мәлімет жинайды.

1. А оқушы:

Алғаш рет қашан? Жауап Косымша сұрақтар:
Кіммен? Қашан? Не үшін? Қайда? Қалай?
Қайыққа міндің?
Хат жаздың?
Шай іштің?
Ағылшынша сөйлестің?
Ауруханаға бардың?
2.B оқушы:
Алғаш рет қашан? Жауап Косымша сұрақтар:
Кіммен? Қашан? Не үшін? Қайда? Қалай?
Роман оқыдың?
Машина жүргіздің?
Тамақ пісірдің?
Тойға бардың?
Ән айттың?

Қорытындылай келе, оқушы белсенділігін арттырудағы жаңа технологияларды тиімді пайдалану оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Жангуль (2015-01-21) | Автор: Кабдиева Жангуль Смагуловна
Просмотров: 962 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 2:21 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru