Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

доклад по поэзии Абая, разработка урока по каз.языку
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
№ 20 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ

Баяндама: «Мектепте Абай өлеңдерін оқытудың тәрбиелік мәні»

Баяндамашы: № 20 орта мектебінің мұғалімі Жауғашарова К.М.

Қарағанды қаласы 2010 ж.

Поэзия әр дәуірдің өзіндік шындығын, даму беталысы, адамдардың тіршілік тынысын, көркемдік-эстетикалық деңгейін жырлайды. Жеке адамның сезім күйлерін психологиялық әрекеті мен ондағы өзгерістерді танытуда лирикалық поэзияның алатын орны ерекше.
Поэзия- қоғамдық істер атқарушысы. Ол қоғамды танудың, оның дамуының адам тәрбиелеу үрдісінің әдеби шежіресі. Поэзияда ой да, образ да, мол сезім де бар. Өмір заңы және оның қызығы - өсіп - өрбуде. Қай халық болмасын, өзінен кейінгі ұрпақтың өз заманына лайықазамат болуына, жан-жақты тәрбие алуына қамқорлық жасаған. Осы тәрбиенің басты құралы етіп әдебиетті пайдаланған. Ал әдебиеттің түпкі негізі халықтық педагогикамен тығыз байланысты. Лирика туралы пікірлер өте көп, ол туралы көптеген ойлар айтуға болады, бірақ біздің қарастыратын негізгі мәселеміз «Мектептегі Абай поэзиясын оқытудың тәрбиелік мәні» болғандықтан сол мәселеге тоқталмақпын.
Абай ақындықты сирек кездесетін асыл өнер, елді тәрбиелеп, мінін түзеудің құралы деген ойға келеді. Сөйтіп, «Сөз түзелді, тыңдаушым сен де түзел!»,- деп қазақ поэзиясында ақындықтың жаңа соқпағын ашқанын жариялады. Шынында да, ол өзіне дейінгі қазақ ақындары айтпаған жаңа ойларды жаңа өлең өрнектерімен әсерлі етіп айтып берді. Өлең жолдарын өзі айтқандай , бөтен, басы артық сөздерден тазартып, түрі келісті, мазмұны терең, яғни «іші алтын, сырты күміс», «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» сөз жақсысын жасайды.
Абай поэзиясындағы ең тұтас, ең жақын, барынша толық образ- ақынның, лирикалық қаһарманның бейнесі. Бұл образ – ақынның өз бойына бүкіл дәуір сипатын, халық тағдырын, соның арманын, талабын сыйғызған. Абай ғибратшы болып та, үкімші болып та, кесапат атаулыны айыптап, заман мен қоғамды, адамды айықтырушы, сауықтырушы болып та сөйлейді. Ол қашанда шын ақын боп тебіренеді, шын суреткер боп жырлайды. Мысалы:
«Қалың елім...» атты өлеңінде ақын:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың»,-
деп өз халқының сол кездегі тарихи трагедиясын айта келіп, дерттенеді. Жоғын жоқтап, мұңын мұңдап отырғаны – «қалың елі, қазағы». Оны «қайран жұртым»,- деп, бар жанымен ынтыға сүю арқылы оқушыларды елін, халқын сүюге тәрбиелейді. Әлеуметтік, рухани құндылықтарды қабылдап, өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелейді.
Жақсыменен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың,-
деп екіжүзділіктен сақтандырады, адамға адамгершілікпен қарауға тәрбиелейді.
Халықтық ойдың жақтаушысы, халық мәдениетінің күрескері және «соқпақты, соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан» ұлы Абайдың тек қазақ халқының тарихында емес, бүкіл шығыс әдебиетінде алатын орны бөлек. Халықтың жүрегінде ұлы ақын шығармаларының терең де жарқын орны алуы, ел-қауым санасын оятуға талаптануы – дана ақынның, кемеңгер ойшылдың тарихи рөлі:
Мен жазбайм ын өлеңді ермек үшін,
Жоқ – барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-
деп алдына ізгі мұрат қояды.
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.
Осы қалың елі бар да, оның елдігін кетіретін, араға ірткі салатын қулар мен сұмдар барын айтып, сақтандырады.
Ұлы ақын өлең-жырға, поэзияға қоғамдық мән берген. Сондықтан өзінің ақындық өнерін, өлең жырларын халық мүдделері үшін қызмет етуге арнаған. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген өлеңінде жастарға үлгі өнеге беруді өзіне мақсат етеді.
«Ғылым таппай мақтанба», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Интернатта оқып жүр...» өлеңдерінде ақын жастарды ерінбей-жалықпай өнер-білімді үйрене беруге шақырумен бірге ақылдылық, ойлылық, қайраттылық, тұрактылық, әділдік, мейірбандық сияқты адамшылыққа лайық асыл мінезді азамат болуға, қоғамға пайдалы адам болуға насихаттайды.
«Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңінде данышпан ақын жас ұрпаққа ертеңгі дүниенің кем-кетігін бүтіндеуші, жаңа өмір сарайының құрылысшысы деп қарайды. Сондықтан оған:
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан,-
деп аталық әмір беріп, адамдық ұлы міндет жүктейді.Ол үшін қайырымдылық, қайрат пен ақыл керек екенін қатты ескертеді.
Табиғат лирикасында ақын өзінің айнала төңірегіндегі табиғатты, табиғат құбылыстарын байқап, көңіліне түйіп, сонан алған әсерін өзі сезгендей, өзгелерге де сездіре, таныта суреттейді. Ақынның табиғат туралы өлеңдері, алдымен табиғат байлығын танудан, оны адам өмірімен, тіршілік тірегімен байланыстыра суреттеуден басталады.
Адамды есейтетін, қуантатын, бақытқа жеткізетін- еңбек,- деген Ежелгі қағида ұлы ақынның шығармашылығындағы өзекті мәселе. Сол себепті Абай жылдың төрт мезгілін де еңбек үрдісінде, қимыл әрекетке, байланыстыра суреттеген. Ол пейзаждық көркем көрініс қана емес, адам өмірі тіршілігімен тығыз байланысты түрде сүйкімді, нәрлі, нанымды суреттеледі.
Табиғаттың әсем көріністерін суреттеуде қолданған ақынның шешен тілі, сөздік құрамы, әсем теңеулері оқушыларды таң-тамаша етеді. Олар оған сүйсінеді, сүйсінерлік істен үлгі алады. Ақынның пейзажы қимылға, адаммен қарым-қатынасқа, мағыналыққа, әсерлікке толы.
Қыс түссе, алып денелі, ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Көктем келсе, Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аласың. Жаз шықса, Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боласың. Күз болса, Абайдың дымқыл бу бүріккен тұманына шомылғандай әсерленесің.
Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбыры, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Сонымен қатар Абайдың табиғат лирикасында халықтың әдет-ғұрпы, салт- сана, кәсіпшілік мәселесі, әлеуметтік теңсіздік мәселелері де терең суреттеледі.
Абай табиғат туралы өлеңдерінде өзінің айнала төңірегіндегі табиғатты, табиғат құбылыстарын байқап, көңіліне түйіп, сонан алған әсерін өзі сезгендей оқушыларға да сездіре, таныта суреттейді. Ақынның жылдың төрт мезгілі туралы өлеңдері табиғат құбылысымен қатар, сол құбылысты ел тұрмысымен салыстыра отырып бейнелейді. Қыстың ызғары, адам өміріндегі қатыгездікпен салыстырылынады.
Данышпан ақынның өлеңдерінде жылдың қай мезгілі суреттелсе де ол тектен-тек айтыла салған жай емес, жас өспірімдерді өмірмен, жаратылыстың ішкі сырымен, әр мезгілдегі еңбек түрлерімен таныстыру мақсатын көздеу.
Абай «Бойы бұлғаң», «Дүтбайға» өлеңдерінде ақын ел билеуші әкімдердің, байлардың, оларды қостайтын ұры-қары, қу-сұмдардың арам пейіл мінез-құлықтары, содырлы қылықтары, ащы тіл, өткір мысқылымен әшкереленіп, оқушыларды осындай қылықтардан аулақ болуға тәрбиелейді.
Абай өмірге, шындыққа қыранша шырқап биіктен қарады. Оның көрген көзі еш нәрсені мүлт жіберген жоқ, оның үлкен жүрегі бәріне де сергек үн қатты. Ақын ұлы ойлар мен ілгерішіл идеяларға, ғажайып көркемдікке толы тұтас әлем тудырды, халық жыршылары айта алмаған, бірақ халық бұқарасының санасында жүрген ойларды айтты. Бұл үшін өз бойына жинаған нәрді пайдаланады. Абайдың ақындық, азаматтық үні, жаңа ойлары кең далаға шыққан жеке дыбыс, дара сәуле іспетті еді. Бірақ сол жалғыз үннің өзі - әсері мол, қуатты үн. Сол Дара сәуленің ұшқыны кеңінен таралайын деп тұр. Бақыт, өнер биігі, Сәулетті болашақ тек сол сәуленің ар жағында тұрғандай.
«Абайдың өмірді аңсаған, өмірді баяндаған поэзиясы, өмір сүйгіш жүректің арманын білдірген. Оның табиғат, жыл мезгілі, сұлу қыз, құс салу, ат, достық пен махаббат туралы тамаша өлеңдері эстетикалық ләззаттың сарқылмас бұлағы»,- деп сыншы М.Қаратаев айтқандай, жас өспірімдер де Абайдың өмірлі өлеңдерінен эстетикалық лаззат, рухани азық алады.
Абай –қазақ халқының көрегені, қол бастаушысы, қамқоры, ақылгөйі, мақтанышы. Қилы-қилы қызметімен, еселі еңбегімен Абай шексіз ұзақ жасамақ, жастарға үлгі болмақ. Абай ұрпақ жаңарған сайын жаңа қырынан танылып, жаңғыра беретін, «артына өлмейтұғын сөз қалдырған» ардақты жан.

2.Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер. Екі шешеннің айтысы. 10 сынып

Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ халқының шешендік өнерімен таныстыру. Шешендер айтысын салыстырып, би шешендердің өнерін көрсету.
2. Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым-қатынастық біліктілігін дамыту. Оқушыларды қазақша сөйлей білуге дағдыландыру.
3. Тапқырлыққа, көркем тілмен сөйлей білуге, шешендердің өнеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Эпиграф: Өнер алды – қызыл тіл.
Сабақтың түрі: аралас.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, «Қазақтың би шешендері» атты бейнекөрініс, сызба, жеке сөздер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Ауа райы қандай?

Сендер теледидардан қандай жаңалық естідіңдер?

Хабар жүргізушілердің сөйлеу әдеті сендерге ұнады ма?

Көркем тілмен өз ойын, тұжырымын тапқырлықпен айта алу үшін адам не істеу керек?

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Интерактивті тақтада үйге берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау.
Сөздік жұмысы.
ІІІ. Жаңа сабақ түсірдіру:
Жақсы, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Шешендік өнер. Екі шешеннің айтысы»

Шешендік өнер дегеніміз белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және жұртшылық қабылдайтын, елге тараған белгілі, үлгілі ойлар, тұжырымдар.
а). Шешендік өнер туралы, қазақ шешендері Майқы би,Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, Сырым, Досбол туралы интерактивті тақтадан бейнематериал көрсетіп, олар туралы мағлұмат беру.
б). Сұрақ-жауап:
- Сендер жаңа интерактивті тақтадағы бейнематериалдан кімдерді көрдіңдер?
- Оларды халық неге «шешен» деп атаған?
- Қазыбек би туралы қандай аңыз-әңгімелер білесіңдер?
Жақсы, сендер енді кітаптарыңды ашыңдар өздерің кітаптағы жаттығулардан Қазыбек би туралы әңгімені тауып оқыңдар. Қане кім тапты?
Жақсы, біз 2 тапсырманы рөлге бөліп оқимыз, мәтінді оқымас бұрын сөздердің аудармасын қайталап жіберейік.
Сөздікпен жұмыс (мәтіндегі шешен, шешендік, дау, дарынды, ұтымды) сөздерін интерактивті тақтадан оқып,есту арқылы қайталау.

Сұрақ-жауап:
-Осы оқығандарыңнан не түсіндіңдер?
-Қазыбек би қандай әділ шешімге келді?
Осы екі сұраққа қысқаша жазбаша жауап беру.
Сынып оқушыларын бірнеше топқа бөліп деңгейлік тапсырма беру.
1-деңгей.
Мақал-мәтелдегі сұрақтардың орнына керекті сөздерді қойып жаз.
1. Кітап – (қандай?) қазына.
2. Отансыз адам – ормансыз (не?)
3. (Не?) отбасынан басталады.
4. (Неше?) рет өлшеп, бір рет кес.
5. Айтылған сөз (не?).
6. Өлімнен (не?) күшті.
7. Кітап – (не?) айнасы.
Таңдаған мақалдарыңа синтаксистік талдау жасаңдар.
2-деңгей.
Қазір сендер кітаптан екі шешеннің айтысын оқып, салыстырыңдар.
Өз ойларыңды жазыңдар.
3-деңгей.
Интерактивті тақтадан Майқы би,Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидің сөздерін тыңдатып, олардың сөздерін тақтаға жазып, қай сөз кімдікі екенін айтқызып есте сақтау қабілетін тексеру.
3 тапсырма. Мақал-мәтел сайысы.

ІҮ. Сабақты қорыту.
- Не білдім?
- Оқушылардың сабақта білген білімін тиянақтау.Берілген сызбаға тірек сөздер жазу.

Оқушылардың жазған жұмыстарын тексеру, қорыту.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма. Екі шешеннің айтысын жаттап келу. Шешендік өнер туралы 2 сөйлем құрап, синтаксистік талдау жасап келу.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Gulya (2010-03-03) | Автор: Кулшара Макеновна E
Просмотров: 5153 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-01, 4:20 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru