Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінде ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде ақпараттық –
коммуникативтік технологияларды қолдану
Қазіргі уақытта орыс тілді аудиторияда қазақ тілін үйренуде қойылып жүрген ортақ міндет - тілді коммуникативті бағытта оқыту. Ол үшін тиімділігі жоғары түрлі оқыту технологиялары қолданылады. Олардың ішінде проблемалық оқыту, интерактивті оқыту, ойындық технологиялық оқыту, коммуникативтік оқыту, т.б. технологиялар қазақ тілін екінші тіл ретінде оқушылардың белсенділігін арттыруда қолайлы болып табылады.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны, яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Ақпараттық –коммуникативтік технология ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Өз жұмысымда ақпараттық – коммуникативтік технологияны қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына енгізіп, қолданамын. Маған ақпараттық технологиялар бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі, олар:
- білім деңгейін арттыруға,
- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятуға,
- уақытты үнемдеуге,
- оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер беруге.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында материалды ұсынудың ең тиімді түрі - мультимедиялық презентациялар. Сабақтарда Power Point бағдарламасы арқылы жасалынған презентацияларды пайдаланамын. Мысалы, бірінші курс оқушыларымен сөйлем түрлерін бекіту үшін интерактивті тақтаны қолданып, сабақты өткіздім. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғызып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырды.
Қайталау кезеңінде мынадай слайдтарды жасап, оқушыларға тапсырмаларды орындаттым: 1.Тірек-сызбаны толтыру(слайд № 2) 2.Сөйлем түрлерінің анықтамасы (слайд №3)
3.Тыныс белгілері( слайд №4)
4.Сөйлемдерді айтылуына байланысты анықтау (слайд №5)
5.Тыныс белгілерін дұрыс қою (слайд №6)
6. «Адасқан сөздер» (слайд №7)
7.Синтаксистік талдау(слайд №8)
8.Сөйлемдерді сұраулы сөйлем түрінде жазу(слайд №9)
«Кондитер» мамандығы бойынша оқып жүрген топта интерактивті тақтаны қолданып, мынадай тақырыбы бойынша « Лексикалық тақырып: “Ғылым жолында“ Грамматикалық тақырып: “Жай септелу, тәуелдік септелу “» сабақты өткіздім. Сабақтың барлық кезеңдері слайдтар арқылы жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты, барлық тапсырмаларды қызығушлықпен орындады. Сабақта аймақтық компоненті енгізу мақсатымен оқушыларға «Менің туған өлкем», «Біздің колледж», «Менің мамандығым» т.б. тақырыптар бойынша презентацияларды жасатамын. Осындай тапсырмалар оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға, тапқырлыққа, ізденушілікке тәрбиелейді, тілдерін дамытады, білім қорын молайтады, белсенділігін арттырады, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді.
Заман талабына сай кәсіптік және техникалық білім саласында дуалдық оқыту жүйесінің элементтерін енгізуге аса зор коңіл бөлінеді. Оқу орының студенттері теориалық білімдерін практикамен ұштастырып отырады. Өндірісте үлкен қызметкерлерімен нан өнімдерін барлық технологиялық процесстеріне қатысады. Осыған орай студенттердің сөйлеу мәдениеттері, қарым-қатынастары кәсіптік және адамгершілік деңгейде дамыған болу керек. Қазақ тілі сабағында тіл дамытуға сөйлеу білу дағдыларын дамытуға көп коңіл бөлінеді. Келесі тақырыптарда «Менің өндірістік практикам», «Менің жұмыс орным», «Менің өндірістік тәлімгерім» сұхбаттар, презентациялар дайындап, өткіземіз.
Қазақ әдебиеті сабағында студенттердің өз бетімен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту мақсатымен, үйге алдын-ала тапсырмалар беріліп, ақын-жазушылардың оқу бағдарламасында өтілмейтін, беймәлім ақпараттар дайындап, тапсырмаларын танымды ақпараттармен толықтырып, қызықты презентациялар дайындайды.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ақпараттық – коммуникативтік технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады. Ақпараттық – коммуникативтік технология оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ж.Адамбаева, К.Оналбаева, С.Баймуканова, Г.Толыкбаева «Қазақ тілі» дидактикалық материалдар – Алматы, 2006 ж
2. Интернет ресурстары
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: жак (2015-01-26) | Автор: Алмагуль E
Просмотров: 863 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 1:50 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru