Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Оқытудағы ойын технологиялары
Оқыту мен дамыту бағытындағы ойын технологиясы.
Ойын – бұл қоғамдық тәсілді меңгерту мақсатында, ситуациялық жағдайда, бағытты түрде іскерлігін көрсететін, өзін – өзі басқаруын жетілдіретін іс-әрекет.
Ойын құрылымы білгілі бір мақсатқа оқу бағдарламасындағы тараулар бойынша, көрініске, мазмұнына және т,б, байланысты өтіледі. Сонымен қоса жаттығулар мен бірізділік ойындары пән ерекшелігін көрсетіп, оны салыстыруға, негізгісін алуға, жасанды немесе табиғи құбылыстарға деген көзқарасын тудырып, өзін-өзі ұстауға, жылдамдыққа үйретеді. Ойын сюжеттері сабақтың негізгісін алуға, оқу барысын жандандыруға түрлді білім элементтерін қабылдауға әсері мол. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту –бастауыш сыныптан бастап халқымыздың мәдениетін тани білуге, тілді үйренуге қызығушылықтарын қалыптастыруға бағытталадыы. Қазақ тілін оқытудың ұлттық дәстүрмен сабақтастығы тіл үйренушіні өз мемлекетін сүюге, оның дәстүр- салтын құрметтей білуге игі ықпал жасайды.
Халықтың ұлттық ойындары – көп салалы, көп қырлы құбылыс. Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі. Олар көңіл көтерудің, ойын-саауықтың, дене тәрбиесінің дамуына ғасырлар бойы игілікті әсер етіп келеді. Тек ойындық сала ғана емес, тәрбиелік мәні жағынан да дәл осындай сипатқа ие. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл – ой тәрбиесі болмайды» деген.
Қазақ тілін оқытуда ұлттық ойын түрлерін мынандай мақсаттарда қолданудың тиімділігі мол.
1. Алфавитті ұлттық ойындар арқылы дұрыс меңгерту.
2. Орфографияны ұлттық ойындар арқылы дұрыс оқыту.
3. Дұрыс оқыту дағдысын ұлттық ойындар арқылы қалыптастыру.
4. Лексиканы ұлттық ойындар арқылы меңгерту.
5. Грамматикалық құрылымды ұлттық ойындар арқылы меңгерту.
Оқушыларға оқу материалын жан-жақты терең ұғындыру үшін сабақта түрлі әдістер пайдалана білу қажет. Дұрыс қолданылған әдіс-тәсіл, ойын оқушылардың назарын аударумен қатар қызығушылығын, ынтасын да арттырады. Сондықтан тілдерді оқыту кезінде оқушыларға тақырыпты меңгерту үшін сабақты түрлендіріп, қызықты өткізуге қажет. «Сабақ қызықты өту үшін не істеу керек?» деген сұрақ туындайды. Ол үшін ойын тәсілдерін қолданамыз. Соның ішінде қазақ ойындарының алатын орны ерекше. Ойын ойната отырып біріншіден, оқушылар тілді үйренеді, екіншіден, қазақ халқының салт-дәстүрін, тұрмысын, мәдениетін тани баастайды. Ойын технологиясында жекелей ойындар немесе тек ойын элементтерін еңгізу мұғалімнің міндеті.
Ойынның атқаратын функциясы:
- Көңіл аулау (негізгі атқаратын міндеті – көңіл көтеру, жандандыру, қызығушылығын арттыру).
- Коммуникативтік: сөйлеу тілін ұстарту.
- Ойын терапиясы: өмірде кездесер түрлі қиындықты жеңу жолдарын көрсетеді.
- Диагностикалық: қалыпты тәртіптен ауытқуды табу, ойында өзін-өзі тануға көмектесу.
- Әлеуметтік: адамдарды қарым-қатынас нормаларына бейімдеу.
Ойындардың өзіне тән төрт басты ерекшелігі бар. Бұл іскерліктің шығармашылық жағы, көңіл-күйдің жоғарлауы.
Ойын мазмұнындағы тікелей және жанама шарттар бойынша уақытша болса да оны логикалық бірізділікпен дамыту.
Педагогикалық ұйымдастыру үрдісі кезінде әр түрлі ойындар өткізу арқылы «Педагогикалық ойын технологиясы» туралы түсінік кіргізіліп, жеткілікті және кең түрде, түрлі топтың әдістері мен тәсілдері қалыптасқаны белгілі.
Жалпы ойындарға қарағанда педагогикалық ойындарда өзіндік ерекшелігі басым болғандықтан, оқу жүйесінде нақты мақсат қойылғандықтан, педагогикалық нәтижесінің негізі қаланып оқудың танымдық бағыты айқындалады. Оқыту барысында ойын түріндегі сабақтыөткізу үшін түрлі тәсілдердің көмегімен ситуациялық жағдай туғызу қажет, бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, іскерлігін жандандырады. Сабақ үстінде ойын тәсілдерін пайдалануда мынандай негізгі бағыттар ұсынылады:
1. Дидактикалық мақсат – тапсырма оқушылар алдына ойын түрінде беріледі.
2. Оқу барысы ойын шартына бағынады.
3. Оқу материалы оның негізгі қажеттілігіне: сабақтағы іскерлік, ойындағы жарыс элементіне кіріп, дидактикалық жүктемені айналдырады.
Дидактикалық тапсырманың табысты орындалуы ойын нәтижесіне байланысты. Оқыту барысында бұл сабақтардағы ойынның техникалық орны мен рөлі, ондағы ойын элементтерінің сәйкес, қабысып келуі көбінде мұғалімнің педагогикалық ойындарға деген өзіндік түсінігі мен біліктілігіне байланысты.
Ең бірінші ойын түрлерін атқаратын қызметіне байланысты физикалық (қозғаушы), интелектуалды (ойландыратын), еңбектендіруші, әлеуметтік және психологиялық деп бөлуіміз қажет. Педагогикалық үрдісте өзіндік қасиетімен ойындар келесі топтарға бөлініп, ерекшеленеді:
а) үйретуші, жаттықтырушы, бақылаушы, тіл дамытушы;
ә) танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;
б) шығармашылық, нәтижелі;
д) коммуникативтік, диагностикалық, психотехникалық анықтаушы;
педагогикалық ойындардың өзіне тән әдістері өте көп. Біз пайдаланып жүрген негізгі түріне мыналар жатады: пәндік, сюжеттік, рөлдік, иммитациялық, драмалық – ойын болып табылады. Пәнге байланысты ойындар мектеп тәртібіне лайықтылығымен ерекшеленеді. Сонымен бірге ойын технологиясы белгілі бір ортада өзіне тән ерекшелігімен көрініп, ойынды түрлі затпен, затсыз, бөлмедк, сыныпта, көшеде, компьютериен т.б. түрлі қозғалыс жүйелерінде айқындайды. Ойынды өткізуде оны жалпы, топтық, жекелей немесе жекеше деген түрлерге бөледі. Орыс мектептерінде «фонетика, графика, айту немеесе дұрыс жазу» тарауларында пайдалануға болатын ойын түрлеріне тоқталып өтейік:
1. Иммитативтік және жүргізушіге еліктеу ойындары.
2. Фонетикалық ойындар.
3. Орфографиялық ойындар.
4. Лексикалық ойындар.
5. Грамматикалық ойындар.
6. Рөлдік ойындар.
Иммитативтік және жүргізушіге еліктеу ойындары.
Бұл қарапайым ойында мұғалімнің сөйлесуіне еліктеу арқылы дыбыс, буын, сөздерді айту. Дұрыс сөйлету мақсатында ойнатылатын бұл ойыннның негізгі тәсілі мақал, мәтел, жаңылтпаш, өлең жаттау. Ойынның бұл түрінің негізгі мақсаты: мәтін бойынша немесе дұрыс айту мәнерін байланыстыра сөйлеу кезінде қалыптастыру.
Ойын барысы: тақтаға өлең немесе жаңылтпаш т.б. жазылады. Оқытушы өзі оқиды. Содан кейін әр сөздің мағынасына түсінік береді, айтылуы қиын дыбыстарға ерекше назар аударылады. Балаларға бірнеше рет оқыту. Тақтадағы мәтінді жауып, оқушыларға есте қалғандарын айтқызу. Қатесіз айтқан оқушыға ұпай , ал қатесі бар оқушылардан бір ұпай алынып отырады.
Фонетикалық ойындар.
Қазақ тілінде сауаташу жұмысы дыбыстық жүйемен, яғни қазақ тіліндегі дыбыстарды сапалы түрде меңгерту, жаңа сөздерді буынға бөліп оқуға негізделіп, дұрыс оқумен ұштастыра жүргізіледі. Оқу басқа тілде жүргізілетін мектептердің оқушыларнына қазақ тіліндегі дыбыстарды таныстыру ауызекі тілде сөйлесу сабағынан басталады. Оқушыларға негізінен қазақ тілі дыбыстарының айтылуы, жасалуы, жазылу ерекшеліктері баяндалады. Қазақ тіліндегі дыбыстарды оқыту аналитикалық жолмен жүргізіледі. Жаңа дыбысты, әріпті оқыту, үйретуанализден синтезге яғни жалқыдан жалпыға, дыбыстан сөзге ауысып, сатылап отырады. Жалпы сауат ашуда дыбыстық жүйенің басқа әдіс-тәсілдерге қарағанда әлдеқайда ұтымды екендігі тәжірибеде дәлелденген. Сондықтан қазақ тілі дыбыстарын үйрету үшін де осы дыбыстық әдісті қолдану тиімді. бұл әдісті іске асыру үшін мына қағидаларды басшылыққа алған жөн:
1. Оқушылардың көзі мен қолын әріп элементтерінің жазылуына үйрету;
2. Балалардың есту қабілетін сөздегі жеке дыбыстарды ажырата білуге баулу;
Мақсаты: балалрды сөздердегі бірінші немесе соңғы дыбыстарды анықтауға, берлген дыбыстардан сөздер құруға, үш-төрт дыбыстардан құралған сөздерді оқытуға жаттықтыру. Ойыннның барысы: берілген сөздегі ең бірінші , екіншщі, үшінші т.с.с дыбыстарын анықтау қажет.осы дыбыстар арқылы жаңа сөздер құрастырады. Сөздер дұрыс құрылған жағдайда, заттың бейнесі (суреті) шығады.
«Пирамида тұрғызу» ойыны
Мақсаты: балаларды сөздерде неше буын бар екенін анықтауға жаттықтыру.
Ойын барысы: суреттер бойынша пирамида тұрғызу. Пирамиданың төменгі жағына төрт буыннан тұратын суретті қоюымыз керек, екінші қатарға үш буыннан тұратын сөз, ал үстінгі қатарға бір буыннан тұратын сөзі бар суретті орналастыру қажет.
Орфографиялық ойындар
Орфографиялық ойындарды лексикалыық материалды өтуде орфографиялық заңдылықтар туралы түсініктерін дамыту және тексеру үшін өткізуге болады. Орфографиялық ойындарға мынандай ойындар жатады: «Шашылаған әріптер», «Әріпті қой», «Сиқырлы алма» т.б. осф ойындарды ң негізгі мақсаты: сөздердегі дыбыс сәйкестігін таба білуге үйрету,оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту.
Лексикалық ойындар.
Лексикалық ойындар лексикалық тақырыпты өту және бекіту кезінде қолданылады. Бұл ойындардың негізгі мақсаты: сөз таптарын қайталау.
Рөлдік ойындар.
Соңғы жылдары тіл үйренушінің мамандығына қарай бейімдеп оқытуға талап та, сұраныс та көбейіп келеді. Осыны ескере отырып, тілді үйрету үрдісіндегі ең белсенді әдістемелік тәсілдердің бірі – рөлдік ойын екенін айтқымыз келеді. Рөлдік ойындар белгілі талаптарға жауап беруі қажет. Ол талаптардың ескірмейінше табысқа жетуі мүмкін емес. Негізгілерін атап шығайық:
1. Рөлдік ойындар оқушылар үшін пайдалы, қызықты болуы қажет, тапсырманы жақсы орындау үшін қызығушылық пен ынта тудыруы тиіс;
2. Рөлдік ойындар шынайы кәсіби қатынастық жағдайлар негізінде өтілуі тиіс;
3. Рөлдік ойын мазмұны мен құрылысы жағынан жақсы дайындалуы, нақты ұйымдастырылуы қажет. Оқушылардың өздері рөлді қабылдаудың қажеттігіне сенімді болуы қажет. Өздері рөлге кірісіп кеткенде ғана ойыннан әсер пайда болады.
4. Рөлдік ойын жұмыстың қажетті, қызықты және тиімді түрі ретінде бүкіл топ арқылы қабылдануы тиіс;
5. Рөлдік ойындар жақсы шығармашылық қарым-қатынаста өткізіліп, қатысушылардың қуаныш, қанағаттану сезімдерін ояту тиіс. Рөлдік ойын барысында оқушылар өздерін еркін сезінген сайын қатынаста ынталы бола түседі және уақыт өте келе оның бойында берілген рөлге шыға алатындығына, өз күшіне сену сезімі пайда болады, яғни рөлдік ойынға қатыса отырып, оқушылар бірте-бірте өзінің болашақ мамандығының негізін шеберлікпен игере бастайды.
6. Ойынды белсенді тілдік қатынаста оқушылар өтілген тілдік мәліметті барынша тиімді пайдалана алатындай дәрежеде құрғаны жөн;
7. Рөлдік ойында оқытушы биік тұлға болмауы қажет:
Ойын әдістері мен тәсілдері арқылы оқушыларға жан-жақты білім бере отырып, оларды тәрбиелейміз. А.С.Макаренко еңбек пен ойынның ұқсас жақтары бар деп айтқан. «Әр жақсы ойында жұмыс әрекеті сонымен қатар ой әрекеті де бар. Іс-әрекетсіз ойналған ойын ойын емес» деген А.С.Макаренко.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Sakiaqul (2015-01-27) | Автор: Оқыту мен дамыту бағытындағы ойын т E
Просмотров: 2326 | Комментарии: 9 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 8:55 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru