Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Топтық жұмыс арқылы бірлескен оқу үдерісін ұйымдастыру
Коучинг-сессияның жоспары
Тақырыбы Топтық жұмыс арқылы бірлескен оқу үдерісін ұйымдастыру.
Мақсаты Ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін құру. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету.
Күтілетін нәтиже Қатысушылар
- кіші топтарды құру және жұмыс істеу тәсілдерін біледі;
- оқыту мен білім беруде ынтымақтастық оқу әдісінің маңызын түсінеді;
- өз тәжірибесінде сабақ тақырыбына байланысты топтық жұмыстардың тиімді түрлерін жоспарлау дағдылары қалыптасады.
Түйінді идеялар Қарым-қатынас дегеніміз өзіңді басқаларға бейімдеу. Әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бірлесе көтерген жүк жеңіл. Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас.
Ұстаным Көне қытай нақылы «Аш адамға балық берме, қармақ бер!» принципі бойынша жұмыс жасау.

Ресурстар Интерактивті тақта, үлестірме материалдар және тапсырманы орындауға арналған постер, маркер, стикер, А4 форматты түрлі-түсті қағаздар.

Коучинг барысындағы коуч пен қатысушылардың іс-әрекеті
Сабақ кезеңдері Коучтың іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеті
Сәлемдесу Коучингтің тақырыбын, мақсатын түсіндіреді. Сабақта ынтымақтастық ортасын қалай қалыптастыруға болады? Бірлескен оқудың тиімді жолдары қандай? Оқушылардың кіші топтардағы жұмысын қалай ұйымдастыруға болады? Топтық жұмыстың тиімділігі неде? Оқушылардың сабаққа қызығушылығын қалай көтеруге болады? Осы және басқа да заманауи сабақты ұйымдастыруға байланысты сұрақтар төңірегінде ой өрбітеді. Коучтың сөзін мұқият тыңдап отырады.
Жағымды психологиялық ахуал Таңертеңгілік сергіту. «Қамажай» биі. Коучингке қатысушылар интерактивті тақтадан «Қамажай» әніне билеп жатқан аңдардың қимылдарын қайталап, таңертеңгілік жаттығу жасайды.
Танысу ойсергегі Танысу «Қар көшкіні» ойсергегі арқылы жүзеге асырылады. Коуч ойсергектің ережесін түсіндіреді. Қатысушылар шеңбер құрап тұрады да, әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есім (эпитет) қосады. Келесі қатысушы да осылай өз есімін атайды, оған сын есім қосады да, алдында тұрған барлық қатысушылардың есімдері мен теңеулерін қайталап шығуы керек.
«Ой қоғау» немесе «Ми шабуылы» тәсілі Сіздер қалай ойлайсыздар, тақтадағы терминдердің бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар? Бұл терминдерді сіздер қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіздер? Өз тәжірибеңізде осы терминді қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба? Осы сабақта бұл терминдер қандай қолданыста болады деп ойлайсыз? Қатысушылар өз ойлары мен пікірлерін айтады.
Жұптық жұмыс
Бұл жұмыс түрін жүзеге асыру үшін коуч «Жұбыңды тап!» тәсілін қолданады. Бұдан кейін бірлескен топтық жұмыс тақырыбы бойынша дайындалған үлестірме материалдарды әр қатысушыға таратып, алдымен жеке оқып танысуға, содан кейін жұпта талқылауға 5-8 минут уақыт береді. Әр қатысушы қағаз қиындыларында жазылған әдеби кейіпкерлердің сыңарларын тауып, олармен бір партаға отырады. Үлестірме материалды оқып, жұпта талқылайды.
Шағын топтардағы жұмыс Коуч қатысушыларды ән арқылы шағын топтарға бөліп, үлестірме материалдарды таратады. Берілген тақырыптарды ұлы ғұламалардың ой-толғамдарымен түйіндеуді сұрайды. Әннің сөздері жазылған қиықшалар арқылы 3 топқа бөлініп отырады. Шығармашылық тапсырмаларды орындап, қорғайды.
Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» Өткізілген сабақ бойынша ұсыныстары мен тілектерін стикерлерге жазу арқылы білдіреді.
Сабақты позитивті (жағымды) нотада аяқтау «Сүйікті адамыңызға тілегенді – өзгелерге тілеңіз!» Қатысушылар сүйікті адамдарын көз алдына елестетіп, оған бір ізгі тілек тілейді. Содан кейін осы тілегін қасындағы әріптесіне тілейді.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: kulyash1971 (2015-01-28) | Автор: Куляш Саргелтаева E W
Просмотров: 1955 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 8:01 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru