Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Қазақ әдебиетінен күнтізбелік-сабақ жоспары
Қазақ әдебиеті 11 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қазақ ақыны, біртуар тұлғаларының бірі-Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылығымен таныстырып, жас буынды поэзияға, қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілдерін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, ізденушілік қабілеттерін дамыту, ғылыми ізденіске жол ашу.
Тәрбиелік:Отанын, туған жерін сүюге, ақын жырланынан үлгі алуға, поэзияға сүйене отырып сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, көрме.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мазмұндау, әңгімелеу, түсіндіру, іздендіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабақтың мақсатына сай ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру, жаңа сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Үйге берілген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық өмір жолы бойынша оқушылардың білімдерін мазмұндау арқылы тексеру.
ІІІ. Негізгі бөлім:
Оқушылар не білуі керек:
Мұқағалидың өмірімен таныса отырып, шығармашылығын білу.
Оқушылар не игеруі керек:
Шығарманы талдай отырып, өлеңнің незігі ойын анықтау. Ақынның өлеңін мәнерлеп оқи білу, шығармаларындағы тәрбиелік мәнін ашу.
Міндеті:Жаңа білімді пайдалана отырып, тапсырмалар орындау, іздену.
1) Қызығушылықтарын ояту. Бұрынғы білімдері мен жаңа білімді ұштастыру.
2) Тақырыпты түсіне білу. Жаңа мәліметпен танысу, тақырып бойынша жұмыс жүргізу.
3) Түсінген білімін қолдана білу.
Оқушыларға «Мұқағали Мақатаев-ғасыр ақыны» атты жобаның төмендегідей жұмыс нысандары берілді:
Тақырыбы:
• Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық өмір жолы.
• Ақын поэзиясының ерекшелігі.
• Мұқағали өлең сөздің құдіретін Абайша сезіне білген ақын.
1 топ. Тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық өмір жолы.
Мақсаты: ұлы қаламгердің өміріне терең үңіле отырып, маңызды ақпараттар жинау.
1 оқушы:
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Сонда орта мектепте білім алады. Алматы шет тілі институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып, және Мәскеудегі Максим Горький атындағы Әлем әдебиеті институында білім алды.
Ол үнемі әдебиет пен өнерге қатысты салаларда қызмет етті. Ақын 1976 жылы дүниеден өтті.
Ақынның көзі тірісінде жарық көрген 1969жылы «Армысыңдар достарым» , «Қарлығашым», «Мавр», 1972 жылы «Дариға жүрек», 1974 жылы «Аққулар ұйықтағанда», 1975 жылы «Шуағым менің» атты жыр жинақтары оны қазақ халқының көрнекті ақыны ретінде танытты. Соңғы жинағы «Өмір-дастан» деп аталады.
1991 жылы үш томдық таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді. Алматы қаласының үлкен бір көшесіне Мұқағали Мақатаев есімі берілді, ескерткіш орнатылды. Ақынның ақындық мұрасына Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы берілді.
2 оқушы: Ақын өзі туралы «Менің анкетам» атты өлең жазған екен. Осы өлең арқылы өзін баршаға таныстырады.
- Туған жерің?
- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Шыққан тегің?
- Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой. Алайда өзім жоғарыға балаймын.
- Ана тілің?
- Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.
- Қайда істедің?
- Мынау «Еңбек кітапшамнан» тауып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
- Міндеттісің бе әскерге?
- Міндеттімін. Бізде әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой
Жанын қиғаг Мәскеуде.
- Мекен- жайың?
- Мекен-жайым жер менің,
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.
3 оқушы:
Қарасаз облыстағы іргелі өңір саналатын Райымбек ауданына қарасты көпке белгілі ауыл. Ауылдың атын шығарған, дүйім елге әйгілі еткен осы топырақтың төл перзенті – Мұқағали.
Қарасаз. Мұқағали жырға қосқан, Мұқағалиды тебіренткен, еміренткен киелі мекен.
Мұқағали үшін жалғанда Қарасаздан артық, Қарасаздан қасиетті жер жоқ шығар. Сондықтан да оны «жер біткеннің бал-қаймағына» теңейді.

Мен туған жер Қарасаз, баурайдағы
Жалғанда жер біткеннің бал-қаймағы
Есім кетіп жүргенде ес білдірген
Жаралған жұлдызым ғой маңдайдағы.

Бақытым ғой «Қарасаз» келіп қонған,
Кисем – киім, ішсем – ас, көлік болған.
Мендей ұлдың осы жер мыңын туып,
Әлі күнге мыңына жерік болған – деп келетін көркем жыр жолдары шынайы сүйіспеншіліктен, ақ-адал махаббаттан туса керек.
2 топ. Тақырыбы: Ақын поэзиясының ерекшелігі.
Мақсаты:Ақын үшін оның өмірінде поэзияның ерекше орын алатынын дәлелдеу.
1 оқушы: Азамат ақын тек поэзия үшін жаралған жан еді. Ол өлең үшін өмір сүрді. Жеңіс үшін шаттанбай, жеңіліс үшін тапталмай, өзімен «егіз» жаралған поэзиядан ғана жанына дауа іздеді. Айналасынан «мұңдасар бір жан таппаған» сәтте, туған табиғатына табынап, оның тау-тасына, бәйшешек, қызғалдағына, мөлдір бұлағына аққайыңына мұңын шақты.
Сіздердің назарларыңызға «Жас қайың» әні
Мұнда ақын жанын өртеген ащы күйік-мұң бар. Әділетсіз өмірден түңілген ақын бір сәт қайың боп өмір сүргісі кеп, осынау дүниеге қайың көзімен келеді.
2 оқушы. Поэзия құдіретін бүкіл болмысымен ұғынған Мұқағали өнердің адамзат өмірінен алар орнын айрықша бағалаған. Оның өнер тақырыбына арналған «Махамбет», «Абайлар-ай», «Жырлар жазам», «Музаға», «Қасым солай болмаса», «Қара өлең» атты өлең жырлары өнер құдіретін айқындауға бағытталған.
3 топ. Тақырыбы: Мұқағали өлең сөздің құдіретін Абайша сезіне білген ақын.
Мақсаты: ақын өлеңдерінің басты ерекшеліктерін анықтау.
1 оқушы:
Ақын өз шығармашылығында әр-түрлі тақырыптарда жаза білген. Біз Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, олардың кейбіреуін мынандай етіп жіктедік:
1. Махаббат туралы: «Махаббатым өзімде», «Махаббат диалогы», «Ғашықпын», «Махаббат»
2. Табиғат туралы: «Қыстың күні», «Көктем», «Күзгі таң», «Түнгі табиғат»
3. Достық туралы: «Достарға», «Менің бір досым», «Досым менің», «Досыма хат»
4. Ана туралы: «Анама», «Анашым», «Сәби ана», «Жас ана»
5. Отан туралы: «Сүйемін, өскен отаным», «Отаным», «Туған жерім»
Келесі кезек естеліктерге беріледі
2 оқушы:
Қорыта келе айтарымыз. «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің рухани дүниесін, тұрмыс-күйін, арман-мүддесін, тарихи тұрғыдағы ұлттық портретін шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті. «Жүрегінің түбіне кір жасырмай» айтып кетті, армансыз ақтарылып кетті.
3 оқушы:
Мұқағали Мақатаев- қазақтың қарапайым тілінің нәрі мен мәнін Абай, Қасымдардан кейін түсініп жазып, түсіндіріп өткен ақын. Сөз өнерін дертпен тең көрген парасатты қаламгер. Ақынның әр өлеңінде,әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті. Мұқағали шығармашылығы әлі де терең зерттеу қажет деп ойлаймыз.
ІІІ.Жаңа тақырыпқа дайындық кезеңі.
1. «Бақыт» сөзін қалай түсінесіңдер?
2. Жаңа сөздермен жұмыс
Қымбатырақ-дороже
Түңілсем-разочаруюсь
Қасиетті-священный
Сөнген-погасший
Жадыңда ұста-храни в памяти
Алақанда- в ладони
ІV. Жаңа тақырып.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Оқушылар өлеңді тыңдайды (жаңды дауыс).
Поэзия Пайғамбары атанған Мұқағали Мақатаевқа өлең жазудан артық бақыт жоқ еді. «Өлең менің тынысым, адал досым, жұбанышым»- деген екен ақын. Ендеше, біз сіздермен бүгін ақынның «Үш бақытым» атты өлеңімен танысамыз.
Жүргізілетін жұмыс түрлері.
1. Әр шумаққа тоқталып өлеңнің мазмұнын түсіндіру.
2. Өлеңді оқушыларға оқыту.
3. Өлеңнің шумақ, тармағын анықтау.
Тапсырмалар.
4. Сонымен ақынның үш бақыты не екен?
Халық. Тіл. Отан.
Мұғалім:- Балалар, ақын Халқын, Тілін, Отанын қандай көркем сөздерге теңейді?
Қымбаттырақ алтыннан. Қасиетті тіл. Отан-Оттан да ыстық.
5. Халық, Тіл, Отан сөздерінің синонимін тауып көрейік.
Халық – ел, жұрт. Отан – туған жер, атамекен.
6. Мұғалім: Балалар, осы Халық, Тіл, Отан сөздеріне түсінік бере кетейікші.
Халық
1. Халық дегеніміз – Қазақстанда тұратын адамдар.
2. Елімізде 17 миллион халық тұрады.
3. 130-дай ұлт өкілдері тұрады.
4. Біз - халқымыздың үміт артарымыз, өлкемізді көркейтіп жасартатын да біз-жастар.
Тіл.
1. Тіл дегеніміз адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы.
2. Қазақстанда 130-дай тіл бар.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
4.«Адамға екі нәрсе тіректегі, бірі-тіл, бірі-ділің жүректегі»-деп, Жүсіп Баласағұн айтқандай, қазақ тілінің көсегесін көгерту алдымен өзін қазақпын деп санайтындар ғана емес, Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік тіл - қазақ тілін өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.
5. Елбасы айтқандай, «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» екенін ұмытпау керек.
6. Бүгінгі күні қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады.
Отан
1.Отан. Бұл сөз-әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. 2.«Құс-ұясыз болмайтындай, адам-Отансыз болмайды». Ал біздің Отанымыз-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке - Қазақстан.
3. Отан – әр адамның туып өскен жері.
4. Отан – сенің отбасың
Рефлексия:
Бүгінгі сабағымызды қорыта келе ақын өлеңіне сатылай кешенді талдау жасайық
1. Авторы: М.Мақатаев.
2. Тақырыбы: «Үш бақытым.»
3. Жанр түрі: Өлең.
4. Шумақ: 3
5. Тармақ: 12
6. Әр шумақтың мәнін ашатын көркем, бейнелі сөздер:
1-шумақ: Қымбаттырақ алтыннан, алтын кен.
2-шумақ: Қасиетті тіл.
3-шумақ: «Отан оттан да ыстық.»
7. Өлеңнің идеясы: ақынның туған жеріне, халқына, тіліне деген шексіз махаббаты айтылады.
Эссе жазу.
Тақырыбы: «Бақыт туралы ой»
V.Қорытындылау.
Кезеңнің мақсаты: оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылау.
«Үш бақытым» өлеңінің идеялық мәнін түсіндіріңдер
Ақын әрқашан өз елін, туған жерін, ана тілін құрметтеді. «Үш бақытым» атты өлеңінде сол үш бақытты ақын «Халқым, Тілім, Отаным» деп нақтылай айқындайды. «Осы үш бақыт барда, өмірдің сәттік мұң-шері түкке тұрмайды» деген тұжырым жасайды.
Мұқағали Мақатаевтың «Бақыт туралы» шығармасын тыңдау арқылы қорытындылау.
Мұғалім: Мұқағалидай ақыны бар халық-бақытты халық. Қазіргі таңда Мұқағали ең көп оқылатын ақынның бірі. Оның жырлары адамға күш-қуат беріп, елімізді, жерімізді сүюге, оларға қашанда қамқор бола білуге тәрбиелейді.
VI.Үйге тапсырма:
1. «Үш бақытым» өлеңін жаттау.
2. Ақынның аудармалары туралы мәліметтер жинақтау.
VII.Бағалу.
Сабақта белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Кенжахметовна (2015-01-29) | Автор: Байдилдина Асель Кенжахметовна E
Просмотров: 4848 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 3:04 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru