Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Қазақ әдебиеті 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме» Сабақтың мақсаты: Шығарманың идеялық-тақырыптық мәнін ашу, оқушыларға мәтіндегі түйінді мағлұматтар мен тарихи деректерді меңгерту; -Оқушылар бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарып, мәтіннің мазмұнын меңгереді, біріге қорытынды жасайды. -Білім ордасының, ұстаздардың адам өміріндегі өнегелі орнын мысалдар арқылы ұғынады. - Өзгелердің пікірін тыңдай отырып, шығармашылықпен жұмыстанады,тіл байлығын арттырады. Сабақтың нақылы: Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан… болады. (Абай) Сабақтың түрі:Жаңа сабақты меңгерту Қолданылатын стратегиялар: СТО стратегияларын қолдану. Сабақтың жүрісі: І. Қызығушылықты ояту. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қорытындылау; 2. Мағынаны тану. - Мазмұн меңгерту Тапсырмалар: 1.Мәтіннің бөлігін оқу, ат қою. 2.Жоспарлау 3.Мазмұндау 4.Басты мәселеге назар аударту 5.Түсінбегенін белгілеу - Мазмұн бойынша кейіпкер талдау Тапсырма: Бала Ғабиттің өмірдерегін кестеге толтыру. -Қаламгер Ғ.Мүсіреповпен таныстыру Топтастыру. Көркем әңгіме шебері, драматург, прозаик, қоғам қайраткері - З.Қабдоловтың сөзіне тоқталу «Ғабит Мүсірепов – ардақты ат! Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Мүсіреповпен мақтану керек.» 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. -Ұстазы Б.Өтетілеуов (1883-1949) туралы мағлұмат беру. Бекет Өтетілеуов — ақын, ағартушы, аудармашы. - Тарихпен байланыс. 1916 жылдың тарихи сипаты: Ресей империясының қарқынды жүргізілген отаршылдық саясатына қарсылық. Басталу себебі: 1916 ж 25 маусымда патша үкіметінің “Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 000 адамды қара жұмысқа алу туралы жарлығының” шығуы. А.Байтұрсынов :“Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды” Мұғалім қорытындысы. 3. Ой-толғаныс. 1) «РАФТ» стратегиясы бойынша жұмыс жүргізу. Р-оқушы,автор,ұстаз А- ұстаз,мектеп,оқушы Ф- хат,арнау,өлең Т- алғыс,ризалық,өсиет - әңгіме идеясына сай өзіндік ой -толғаныс жазу. 5. Бағалау . 6.Үй тапсырмасын беру.Мүсірепов “Автобиографиялық әңгіме” мазмұндау | |
Просмотров: 1440 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|