Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Астана - бас қалам
Сабақтың тақырыбы: Астана - бас қала.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Білімдері мен түсініктерін кеңейту, Менің Отаным Қазақстан модуліндегі алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру; өзара сұхбаттасуда ақпарат алу үшін сұрақтар қоюға үйрету.
Тәрбиелік: Туған жеріне деген сүйіспеншілігін, туған қаламызға деген патриоттық мақтаныш сезімін туғызу, бір-біріне көмек беруге, ұйымшылдыққа, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, презентациялар,
Сабақтың әдіс-тәсілдері:мәтінмен жұмыс,суретпен жұмыс,сұрақ-жауап, сөздік жұмысы,топпен жұмыс.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. А) Сәлемдесу . Ә) Оқушылар назарын сабаққа аудару. Ал, қазір сендермен өткен тақырыпты қайталайық. Сендер бір- біріңе сұрақ қойып сұраққа жауап беріңдер. Мысалы мынандай сұрақтар:
Сенің Отаның қай ел?
Менің Отаным Қазақстан.
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстан тәуелсіз мемлекет.
Қазақстанның астанасы болған қалаларды аташы.
Қазақстанның астанасы болған қалалар:Орынбор,Қызылорда,Алматы,Астана.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері ту,елтаңба,әнұран.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы кім?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қазақстанмен шекарлас мемлекеттердің астаналарын жазып келу. Астана қаласындағы « Бәйтерек», «Президент сарайы», «Интерконтиненталь қонақүйі», «Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті», «Жастар сарайы» ғимараттары бойынша хабарлама дайындау.
Қытайдың астанасы Пекин. Ресейдің астанасы Мәскеу. Қырғыстанның астанасы Бішкек. Өзбекстанның астанасы Ташкент.Түркіменстанның астанасы Ашхабат.Үй тапсырмасын оқып, даярланған астана атауларын ілулі тұрған Қазақстан картасына Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердің астаналарының атауын жапсырады.
Бағалау парағына өздеріне баға қояды.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ал қазір мына бейне клипті көрейік. Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттерінен презинтация)
Кім айтады бейне клип қай қала туралы?
Астана қаласы туралы.
-Ендеше балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сонда қандай болды?
-Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Астана қаласы туралы.
-Дұрыс айтасыңдар біздің бүгінгі сабағымыздың тықырыбы «Астана бас қала»
-Астана қаласында кім болды?
-Біз Астана қаласы туралы не білеміз?
Ал қане айтып отырып мына класстерді толтырайық.
Ендеше бүгін сабағымызда не істейміз, не үйренеміз, кім айтады? (Оқушылар сабақтың мақсатын өздері анықтауы керек)
Онда оқулықтарыңның 42 бетін ашыңдар.
Сөздік жұмыс. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым.
Мәтінмен жұмыс істемес бұрын жаңа сөздермен танысайық. Жаңа сөздерді оқу, аудару, сөздік дәптерге жазып алу.
Өзенінің бойында - на берегу реки
Сарайы - дворец
Қонақ үй- гостиница
Жастар - молодежь
Танымастай өзгерді - изменилась до не узнаваемости
Тұрғын үйлер - жилые дома
Ескерткіштері қойылған - поставлены памятники
Ұлт өкілдері тұрады – живут представители нации
Тұрғындарының саны – численность населения
Болашағы - будущее
Гүлденеді - процветает
Өзгерді - изменилась
Салынды - построили
ә) Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.
Мәтінмен жұмыс. Оқылым.
Жұппен жұмыс. Жұмысын бірінші орындаған оқушылар мәтін бойынша сұрақтар дайындайды . Астана –бас қала.
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. 1997 жылы астана Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан . Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы,Парламент үйі, “Интерконтиненталь” қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер салынды. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам. Астана – болашағы үлкен қала.
А) Мәтінді оқып. Бейтаныс сөздері бар сөйлемдерді аударып, мағынасын түсіну.
Ә) Мәтін бойынша сұрақ дайындап, сұрақтарға жауап беру.
1.Астана қаласы Қазақстанның қай жерінді орналасқан?
2.Есіл өзеннің бойында қандай ғимараттар бар?
3.Парламент үйінің алдында кімдерге арналған ескерткіш бар?
4.Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады?
Мәтінмен жұмыстан соң оқушылар бағалау парақтарына бағаларын қояды.
Б) Еліміздің бас қаласы – Астана туралы оқушыларға әңгімелеу. Мұғалім оқушы жауаптарын қорытындылап, мынадай қосымша мәлімет беруіне болады:
Суретпен жұмыс. Айтылым.
«Саяхат» оқыта үйрету ойынын ұйымдастыру. Бұл үшін оқушыларға алдын ала берген тапсырма бойынша мәтіндегі Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттерінен слайдтар дайындалып оқушылар белгілі слайд бойынша қосымша хабарлама жасайды. Оқушылар бұл ғимараттың (ескерткіштің, бұрқақтың, т.с.с.) Астанада орналасқаны туралы, оның қандай екені туралы сөйлем құрастырып айтады.
Астана қаласы туралы кім қосымша тапсырма дайындап келді. Үйде дайындап келген шығармашылық тапсырмаларымен жұмыс. Кел,Таня тақтаға шыға қой.
Үлгі:« Бәйтерек» туралы Мынау – «Бәйтерек». Бұл – Астана қаласының символы. Бәйтеректің биіктігі 97 метр. 97 метр болу себебі Астана қаласы Қазақстанның астанасы болып 1997 жылы атанды.
Президент сарайы «Ақорда» Есілдің сол жағалауында орналасқан.Ақорда ғимараты 2004(екі мың төртінші) жылы салынып біткен.Ғимараттың биіктігі 80(сексен) метр.Ол 7(жеті) қабаттан тұрады.
Ал мыныу Парламент ғимараты. Ол жаңа астанамыздың бірінші ғимараттарының бірі. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.
«Интерконтиненталь қонақүйі» Астана қаласының бес жұлдызды қонақ үйі. Ол 1998 жылы салынған.Ол қаланың ортасында Абай даңғылында орналасқан.
«Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті» 1996 жылы 23 мамырда ашылған.Ол Н.Ә. Назарбаевтің қаулысымен ашылған. Мен өскенде осы университетте оқығым келеді.
Астана қаласындағы «Жастар сарайы» 1973 жылы ашылған.Ол қаланың ортасында орналасқан. Жастар сарайы 4 қабатты ғимарат. Онда бассейн, тренажер залы және төрт би залы бар.
Өте жақсы жарайсыңдар балалар.
Сонымен Астана қаласында қандай ғимараттар бар екен?
Бәйтеректің биіктігі неше метр?
Не себепті ол 97 метр?
Дилназдың өскенде қай университетте оқығысы келеді?
Сергіту сәті.
Дәптерлеріңді ашыңдар. Бүгінгі күнді жазыңдар.
Қазір қай ай нешесі?
Аптаның қай күні?
Қазір біз сендермен жаттығу орындаймыз. Мына сөйлемдердің жалғасын екінші бағаннан алып толықтырыңдар.Жаттығудан көптік жалғауларын тауып белгілеңдер.
Бәйтеректің биіктігі 518 мың адам.
Астана 97 метр
Астана-Қазақстан ескерткіштер бар.
Астанада көп бас қаласы
Қала тұрғындарының саны тарихындағы төртінші астана.
Жарайсыңдар балалар.
Келесі тапсырмамыз топпен жұмыс. Астана тақырыбына коллаж жасау . Сол коллаждың ішіне бес жол өлең құрастырып жазасыңдар.Сонан сон әр топтың көшбасшысы шығып қорғайды.
Синквейн. Бес жол өлең
Синквейн құру тәртібі:
Бірінші тармақ – негізгі ойға байланысты зат есім;
Екінші тармақ – негізгі ойға байланысты сын есім;
Үшінші тармақ – негізгі ойға байланысты қимылды білдіретін етістік;
Төртінші тармақ – тақырыпқа байланысты сөз тіркесі;
Бесінші тармақ – бірінші тармақтағы сөзбен мағыналас сөз.
1. Астана
2. Көрікті,әсем
3. Орналасқан, тұр,гүлденген.
4. Астана- Сарыарқа жерінде орналасқан.
5.Елорда
Бағалау парағына жазба жұмыстарының бағаларын қоюды ұмытпау.
Үйге тапсырма беру. Күнделіктерімізді ашамыз үй тапсырмасын жазамыз.
Жаңа сөздерді жаттап келу. 43 беттегі 2 жаттығуды орындау. Ал Астана өлеңін өз еркімен жаттағысы келген оқушыларға жаттау.
IV. Сабақты қорытындылау. Рефлексия
Сонымен балалар біз бүгінгі сабағымызда не үйрендік?
Сабақ басында толтыра бастаған кластерімізді толықтырайық.


Рефлексия
Бағалау парақтары байынша оқушыларға баға қою.
Мынау тапсырма уақыт қалып бара жатса отындауға. Мына сөзжұмбақтың жауаптары бар. Сендер сөзжұмбаққа сұрақтар даярлаңдар.
А Л М А Т Ы
Б Е С Б А Р М А Қ
Т У
Қ Ы Р А Н
О Т А Н
Н А З А Р Б А Е В

Мысалы:1.Қазақстанның оңтүстік астанасы.
2.Қазақ халқының ұлттық тағамы.
3. ҚР Мемлекеттік рәмізі.
4.Мемлекеттік туда бейнеленген құс.
5. Родина сөзінің қазақша аудармасы.
6. ҚР президенті.


Тест.
1.Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан.
а) Сарыарқа б) шығыс в) батыс с )оңтүстік
2.Астана қаласының символы:
а)ту б)елтаңба в)әнұран с)Бәйтерек
3.Астана .... қала:
а)көне б)ескі в)бас с)таза
4.Астана – Қазақстан Республикасының нешінші астанасы
а) бірінші б) алтыншы в) екінші с) төртінші
5.Астана қаласының тұсаукесер тойы:
а)1998 б)1991 в)1997 с)1995
6.Астананың бұрынғы аты:
а)Ақтобе б)Алматы в)Ақмола с)Орал
7.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
а)Еділ б)Есіл в)Қарасу с)Жайық
8.Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады?
а )100 –ден астам б) 130-дан астам в). 200-ден астам с.) 50-ден астам
9.»Астана-столица Казахстана» аудармасын тап:
а)Астана күшті қала б)Астана-Қазақстанның астанасы в)Астана-Қазақстан қаласы с)Астана жас қала
10.Астананың туған күні:
а)6 шілде б)10 шілде в)10 маусым с) 6 маусым

Жауабы:1.а 2.с 3.в 4. С 5.а 6.в 7.б 8.а 9.б 10.а
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Алма0374 (2015-02-17) | Автор: Ахмадиева Бибигуль Жумагазиевна E
Просмотров: 1150 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 5:59 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru