Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Оқыту үшін бағалау туралы рефлексивтік есеп
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қоскөл ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Беспаева Айсұлу Оразқызы
Оқыту үшін бағалау туралы рефлексивтік есеп

Александер бағалауға мұғалімдер қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік және күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады деп есептейді. Бағалау одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин (Нұсқаулық, 56 бет). Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру мүмкіндіктерінанықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. (Нұсқаулық, 56 бет). «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққан. Бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін, немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін неемесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
Бағалаудың барлық түрлері төменгілерді қамтиды:
1. бақылау;
2. алынған мәліметтердің интерпретациясы;
3. бұдан арғы іс әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. (Нұсқаулық, 57 бет)
Мектептегі тәжірибе кезінде сабақтың жоспарына оқушылардың өздерін дұрыс бағалай білу дәрежесін көтеру мақсатында оқыту үшін бағалаудың бірнеше түрін қолдандым.
«Қыз Жібек» жыры тақырыбына өткен сабағымды ұйымдастыру кезінде айтарлықтай қиындықтарға тап болған жоқпын. Тек қана оқушылардың бір-бірін бағалау кезінде мен берген критерийлерге сүйенбей, өздерін көтермелеп бағалағаны қиындық туғызды. Олар өз пікірлерінде тұрып, менің дәлелдемелерімді тыңдағылары келмеді. Мен оқу үшін бағалауды дұрыс ұйымдастырмағаныма көзім жетті. Бұл қателігімді түзету үшін келесі сабақтан бастап оқушыларыммен бірлесіп, бағалау критерийлерін жасауды жоспарладым. Бұл әрекетім өз жемісін берді. Келесі сабақтардан бастап оқушылар өздерін бірігіп құрған бағалау критерийлерге сүйеніп, бағалай бастады.
«Шешендік сөздер» тақырыбы бойынша оқушылардың бағалануы келесі критерийлер арқылы іске асты:
• Оқушының сабақтағы белсенділігі,
• Оқушының топтағы жұмысы;
• Деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындағаны;
• Шығармашылық жұмыстарды орындағаны.
Аталған критерийлер бойынша оқушылар бір - біріне бағалау парағын толтырып формативті баға қойды. Олар қойған бағаға сүйеніп, мен жиынтық баға қойдым. Жиынтық баға қоюда мен де бағалау парағын толтырдым.
«Төле бидің өмірі мен шығармашылығы» тақырыыбын өту сабағында оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындады. Бұл сабақта мен бағалаудың жұптық, топтық түрлерін қолдандым. Сабақ соңында жест арқылы саусақпен бағалауды сұрадым. Оқушылар сабақ ұнағандығын саусақтарын жоғары көтеріп көрсетті.
«Қазыбек бидің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбындағы сабақтың бағалау кезеңіне әр топ қарсылас топ мүшелеріне формативтік баға қойып бағалады. Әр оқушыға топ басшылары жиынтық баға қойды. Топ басшылары топ мүшелерінің бағаларын нақты дәлелдермен критерийлер арқылы қойды. Мен менің қойған жиынтық бағам топ басшысының бағасымен сәйкес келді. Соңында оқушылар стикерлер арқылы сабақты қорытындылады. Әр тапсырма орындаған сайын мен мадақтау айтып, қолпаштау көрсетіп отырдым.
Мен оқушыны сұрақтарыма берген жауаптарының негізінде де бағалай алдым. Әр оқушының топта бірлескен жұмысынан соң, қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарымды қойып, жауаптар алдым. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылды. Мысалы:
─ Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
─ Төле бидің қандай сөзі сені қызықтырды?
─ Қазыбек бидің қалмақ ханына айтқан сөзін сен қалай бағалайсың? т.б. түрінде.
Топтық жұмыс жүргізу арқылы байқағаным: оқушылар сабақты өз еріктерімен қажеттілік ретінде қабылдады.
Қиындықтар: Оқушылардың топта бір - бірін бағалауы субъективті түрде болуы.
Топ басшыларының топ мүшелеріне формативті бағаны дұрыс
қоймауы
Шешу жолдары: Сабақ барысында оқушыларға дұрыс бағалауды үйретуді жалғастыра беру.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ajsbespaeva (2015-03-03) | Автор: Беспаева Айсұлу Оразқызы E
Просмотров: 2073 | Теги: айс, бага, оценивание | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 7:31 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru