Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Абай - дана, Абай - дара қазақта»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «СЕМЕЙ» КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
Р.Б.Оралова -қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
«Абай - дана, Абай - дара қазақта»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздер мен поэмаларын терең меңгерту,мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру. Халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылық: Өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, өз бетімең іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Түрі: Қазына сабақ.
Көрнекіліктер: Кітаптар, буклеттер, папка, плакаттар, қосымша материалдар, суреттер, т.б.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, панорамалық көріністер т.б.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, бейнелеу, саз өнері
Ашық сабақтың құрылымы:
Жоспары:
І. Абайды қарсы алу.
ІІ. Жас Абай.
ІІІ. Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез.
IV. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.»
V. Абай - халық баласы.
VI. Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
VІІ. Абайтану білім сайысы
VІІІ. Өлмейтүғын артында сөз қалдырған.
І-бөлім: «Ұлы Абайды қарсы алу»
1-жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажон, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
2-жүргізуші: Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Сахнаға Абай шығады.
Абай: Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Үш оқушы сахнага шыгып, Абайға және көрермендерге шашу шашады. Көрермендер ортасына шыққан ақын жігіт арнау өлеңін айтып, халықты дүр сілкіндіреді.

Абай дана
Болғамыз жоқ әлі өзіңді ұғынып,
Ғұламасы ғасырдың.
Жырларыңда жабырқау жоқ, жасың мұң,
Өлең болып бізге жетті өнегең,
Сәулесі боп,
Өнер деген асылдың.
Жырларыңыз тұнып тұрған ұлылық,
Жабырқасам жанға құяр жылылық,
Абай деген жұмбақ әлем, биік шың.
1-жүргізуші: Қазақтың ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абай біреу-ақ. Абайы бар елдің мерейі үстем.
2-жүргізуші: Абай ата, өзіңіз еткен шөберелеріңіз Сіз туралы толғап, Сіз туралы сыр шертпек, қабыл алыңыз.

ІІ-бөлім: «Жас Абай»
1-жүргізуші: Дана Абай 1845 жылы, жылан жылында Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау тауында туған. Абайдың әкесі Қарқаралы уезінде аға сұлтан болған.
Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары:
Физули, Шәмси, Сәйхали,
Хожа Хафиз-бу һаммәси,
Мәдіт бер я шағри фарияд! -
Шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.
2-жүргізуші: Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқиды, соңғы жылдары өз бетімен «Приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді. Осы 13 жасында Абай ең алғаш ауылына қонаққа келген Барлас пен Байкөкшеден бата алады.
Көрініс: «Ананың ақылы»
1-жүргізуші: Абай 17-18 жастан 28-29 жасқа дейнгі өз бетімен іздену, ел өмірін зерттеу, батыс, шығыс әдебиетін әкесінің көзіне түспей жүріп оқитын. Әкесінің жұмсауымен Абай ел ішіндегі әртүрлі мәселелерге араласады. Бірақ бұл істерден Абай жалыға бастайды, көбіне үйде отырып кітап оқып, өз ойларын жазып, оқығандарын халық арасында әңгімелеп айтып, өз қалауымен жүріп, іздене түседі.Осыны байқаған әкесі үнсіз қалмайды. Бұл кезде Абайдың жасы 24-те, үш балалы болған кезі.
ІІІ-бөлім: «Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез»
1-жүргізуші: Абай тек отыз жастан асқан соң ғана өз көңіл қалауымен қызмет етеді. Кейде молдаларға, жаман байларға, оның әйелдеріне келеке етіп ұшқыр сөз, өлең шығарып айтып та жүрді.
Абай 35-40 жастар шамасында өзінің ақындық талантын таныта бастайды. Абай ақындық жолға бет бұрған кездегі алғашқы сөзі білім туралы болды. 1885жылы жазған өлеңі «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» тұңғыш шығармасы болуымен қатар жаңа үлгідегі шығармасы еді.
1. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», 1885жыл
2. «Ғылым таппай мақтанба», 1886 жыл
3. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»,1886жыл
4. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»,1887 жыл
5. « Қыс», 1888жыл
6. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», 1889жыл
7. «Құлақтан кіріп бойды алар»,1897жыл.
1-жүргізуші: Абай аға, ол дәндеріңіз өлген жоқ, жойылған жоқ. Мәуелі бақ болды. Нәрін сіздің сап алтындай таза бұлағыңыздан сусындап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.
1. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
2. «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?»
ІV-бөлім: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста»
1-жүргізуші: Ел қамын ойлап, «Жүрегі қырық жамау болған» ұлы ойшылдың өмір жолында «моласындай бақсының» жалғыз қалып, у ішкен кездері де болды.
Көшбикеде өткен сайлауда басына тиген соққы, етіне түскен дақ, жанына удай жара салды. Балаларынан, достарынан айырылған Абай егіліп, еңіреп, бойын жия алмай, көк аспанға тіл қатты
2-жүргізуші: Абай XIX ғасырдың 90-жылдары өзінің ой толғаныстарын қара сөздермен жазған. Абайдың қара сөздері - көркем әңгіме емес, дана сөздер. Қара сөздерін жатқа айту.
1. Он сегізінші қара сөзі
2. Он тоғызыншы қара сөзі.
3. Жиырма төртінші қара сөзі
4. Отыз бірінші қара сөзі т.б.

V- бөлім: «Абай-халық баласы»
1-оқушы: «Абай суреті»
Мынау тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең - сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?
Ақын атын таратқан әрбір тұсқа,
Өлеңменен өлмейтін алған нұсқа.
Арғын, Найман сөзіне таңырқаған –
Қандай арман бар дейсің бұл тұста!
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле кеп қарасаң көңіл ұғар.
Сол тереңге сүйсініп жан үңілмей,
Есіл сабаз ызамен өткен шығар!...
2-оқушы: «Асыл Абай»
Мен сенің мектебіңнен білім алдым,
Санамды қара сөзбен жолға салдың.
Өсірер өренім өсиетіңмен,
Жыр болып жер бетінде мәңгі қалдың.
Асыл Абай,
Рухыңа басымды иіп,
Жаттадым өлеңіңді;
Жаным сүйіп.
Сен мұзарт
Биіктердің биігісің
Бауырыңа бүкіл қазақ
Тұрған сыйып.

VІ-бөлім: «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?»
1-жүргізуші: Сонымен қатар Абай поэма да жазған. Оның үш поэмасы бар: «Масғүт», «Ескендір», «Әзімнің әңгімесі».
Көрініс: «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?»

VІІ-бөлім: «Абайтану» білім сайысы
1. Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды? (Көкбай Жанатаев)
2. Абай болыс болды ма? Болса қашан,қайда?
3. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған)
4. Абайдың шын аты кім? Абай деп атаған кім? (Шын аты Ибраһим, Абай деп ең алғаш шешесі Ұлжан айтқан)
5. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата, (Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», «Абайдың желдірмесі»)
6. Абайдың аяқталмаған поэмасы. («Әзімнің әңгімесі»)
7. Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шығарма аударған)
8. Абайдың «Қыс» өлеңіндегі кедей ауылдарының аты. (Қондыбай)
9. Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата (Зере, Ұлжан)
10. Ділдәдан туған балаларын ата. (Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия)
11. «Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев» деп айтқан кім? (Ахмет Байтұрсынов)
12. Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата. (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман)
13. Абайдың өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада? (1909 жылы Петербургта)
14. «Абай жолы» романын жазған кім? (Мұхтар Әуезов)
15. Аристотель Абайдың қай шығармасында кездеседі? («Ескендір»)
16. Абай ескірткіші алғаш рет қай қалада қойылды? Кім жасады? (Алматы қаласында, мүсінші - Х.Наурызбай)
17. Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ,
Абайдың қай өлеңінен алынған? («Сегіз аяқ» өлеңінен)
18. Абайдың қанша қара сөзі бар? Бір қара сөзін жатқа айт. (45 қара сөзі бар)

19. Абайдың жастарды өнер-білімге, адамгершілік қасиеттерге шақырған өлеңдерін ата, біреуін жатқа айт. («Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба»)
20.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
21.Абай қай жылы қайтыс болды? (1904жылы)
22.Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындығы болды? (Абайдың ағасының баласы)
VІІІ-бөлім: «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған!!!»
1-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтындаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.
Осы кезде Абай орнынан тұрып, ортаға шығып: «Дүние үлкен көл, замана соққан жел, алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер, кезегімен бөлінер, баяғыдай көрінер. Алдымда күн...өзгеше жарық, нұрлы күн. Тап жаңа анадан туып көзімді ашып алғаш көргендей болған нұрлы күн. Иә, елім мендік емес пе?!»

Ән: «Көзімнің қарасы»

Хаттама.

«Абай - дана, Абай - дара қазақта» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатының талқыламасы, ОГк-11 тобы.
ОГк -11 тобының жетекшісі: Р.Б.Оралова
Қатысқан оқытушылар: К.А.Корженгулова, Ж.С.Жылгелді, С.С.Асқарова, И.К.Шакирова, Қ.А.Солтанбаева, Г.Б.Рамазанова, Е.К.Жанұзақов.
Р.Б.Оралова:
Бүгінгі өткізіліп отырған ашық тәрбие сағатында алдыма қойылған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Көркем сөз оқу, актерлік шеберліктерін арттыру арқылы іскерліктерін, ойлау қабілеттерін дамытты. Ашық тәрбие сағаты жоспар бойынша өткізілді. ОГк-11 тобы тәрбие сағатқа белсене қатысты, өз өнерлерін ортаға салды.
К.А.Корженгулова:
Барлық ашық сабақтар осылай өтсе деп ойлаймын. Оқушылар өте жақсы дайындалған, көп ізденген.
Ж.С.Жылгелді:
Оқушьшар тыңғылықты дайьшдалған, көп ізденіс жұмыстары жүргізілгені көрініп тұр. Оқытушы оқушылармен жақса қарым-қатынаста болды. Тәрбие сағаты өте сәтті өтті деп ойлаймын.
А.Б. Байжуманова:
Тәрбие сағаты маған ұнады. Ұлы Абай шығармаларын мазмұндап, өлеңдерін мәнерлеп оқу, табиғат лирикасына байланысты туған өлеңдерін жатқа айту, қара сөздерін жаттауда оқушылар керемет белсенділік танытты. Рахмет. Тәрбие сағаты жиі болса деген ұсынысым бар.
И.К.Шакирова:
Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті. Мультимедия қолданылды. «Абай - дана, Абай - дара қазақта» сабағына көп дайындық жасағаны көрініп тұр. Көп рахмет!
М.С. Тургумбаева:
Мультимедия қолданганда, оқушылардың қызығушылығын оятады,- деп ойлаймын. Тәрбие сағаты маған ұнады.
Г.Б.Рамазанова:
Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Абай өлеңдерін жатқа айтып, ойлау қабілеттерін дамытты.
Е.К.Жанұзақов:
Топ тәрбие сағатына тыңғылықты дайындалған. Абай шығармаларын білу - әрбір қазақ баласының міндеті. Өлеңдерін жаттап, қара сөздерін зер сала оқу арқылы, іскерліктерін дамыта білді.Оқушылар өте жақсы дайындалғаны көрініп-ақ тұр.
Ұсыныс: Осындай тәрбие сағаттары барлық орыс, қазақ топтарында жиі өткізіліп тұрса екен.

1. А.К. Корженгулова:____________
2. Ж.С. Жылгелді: ____________
3. А.Б. Байжуманова____________
4. И.К. Шакирова: ____________
5. М.С. Тургумбаева:____________
6. Г.Б. Рамазанова: ____________
7. Е.К. Жанұзақов ____________
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: гульнараж (2015-03-18)
Просмотров: 1704 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 6:02 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru