Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Ар намысым, мақтанышым, қасиетті - желтоқсан!»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «СЕМЕЙ» КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
Р.Б.Оралова -қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Тақырыбы: «Ар намысым, мақтанышым, қасиетті - желтоқсан!» Мақсаты:
Білімділік: Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан туралы ақындарымыздың жазған өлеңдерін мәнерлеп, түсіне оқуға жаттықтыру. Сөздік қорын, тілін байыту. Елінің тарихын білу, оны құрметтеуге, Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Еліміздің 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі туралы, 1991 жылы Тәуелсіздік алғаннан бергі тарихына шолу жасау және оны жан дүниелерімен сезіну, тарихымызды біліп өсуге бейімдеу.
Тәрбиелік: Егеменді еліміздің тұғырының мықты болуын қалаған аға-ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, еркін сөйлеуге баулу.
Көрнекілігі: ҚР Президентінің Жолдауы, ұлағатты сөздер, мультимедия, экран (слайд шоу), Қазақстан жайлы өлең шумақтары, теңеулер.
Ашық тәрбие сағатының құрылымы:
«Ар намысым, мақтанышым, қасіретті - желтоқсан!»
атты ашық тәрбие сағаты
1-жүргізуші:
Мақсаты:
Еліміздің 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі туралы, 1991 жылы Тәуелсіздік алғаннан бергі тарихына шолу жасау және оны жан дүниелерімен сезіну, тарихымызды біліп өсуге бейімдеу.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан туралы ақындарымыздың жазған өлеңдерін мәнерлеп, түсіне оқуға жаттықтыру. Сөздік қорын, тілін байыту. Елінің тарихын білу, оны құрметтеуге, Отанының патриоты болуга тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Еліміздің тәуелсіздігіне арналған «Ар намысым, мақтанышым қасіретті - желтоқсан.» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Республикам менің, күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан.
Менің байтақ Республикам таулары,
Менің көгім - мөлдіреген сол аспан,- дей отырып, Қазақстанымызға арналған өлең шумақтарына жол берейік.
1-оқушы: Жастардың шындық жолын бұрмалаған,
Кенеттен соққы болды бұл да жаман.
Алаңда жүрген жасты , ұл-қыздарды,
Қысымға ап, қанға бояп қудалаған,
Күндерін айналдырып түнектерге,
Өмірден ерте кеткен түлектерге,
От кешіп, жалын құшқан ерендердің,
Аттары қалды мәңгі жүректерде.
Қайратжан өшпейді атың, мәңгі есте,
Ойылды мәрмәр тасқа сәнді кесте,
Бөленіп гүл шоғына ескерткішің,
Өріліп, алау оты жанды кеште.
Халқымыз қасіреттің ішпей уын,
Биікке көтерілсін бейбіт туым.
Бірлік пен әділеттік мәңгі жасар,
Жалғайды аға жолын келер буын.

2-оқушы: Қызғалдағы еркін өскен даланың,
Ұға білген тәрбиесін ананың.
Желтоқсанда суық ұрған бәйшешек,
Кете бардың құрбаны боп жаланың.
Әсем едің, ашық еді қабағың,
Биіктерден көрінгендей талабың.
Әділетсіз жандар барын білмеп пе ең?
Айтшы, жаным, неге өлімді қаладың?
Алай жүрек, намыс оты қайнаған,
Тәуелсіздік болған еді ізгі арман.
Сенсіз міне өтіп жатыр тіршілік,
Бүлдіршін қыз ғұмырыңды жалғаған.
Сүйе білген тілін, елін-бесігін,
Қияметін надандардың кешіргін.
Қайдасыңдар Желтоқсанның батыры?
Мәңгі өшпес жүректерден есімің.
Би: ТПк-11 тобының оқушысы Сабина Қарагазинованың орындауында қазақ биі.
2-жүргізуші: Бүгінгі сабағымызда мына тақырыптарда сөз қозғаймыз:
1- « Ғасырға бергісіз жиырма үш жыл » - тарих беттеріне шолу
2- « Тәуелсіздікті жырлаймын »
3- Туған ел туралы өлеңдер
4- Ана тілі пәнімен біргеміз
5- Қорытынды
Бүгінгі күні еліміздің тарихындағы екі бірдей елеулі оқиғаны еске аламыз. Біріншісі - еліміздің тәуелсіздігіне 23 жыл, екіншісі - сол Тәуелсіздіктің бастауы болған желтоқсан көтерілісіне 28 жыл. Бұл бір-бірімен біте қайнасып кеткен оқиғалар.
1-жүргізуші: Олай болса, тарих беттеріне шолу жасайық.
3-оқушы: Тәуелсіздік. Азаттық. Бостандық. Қазақ баласы үшін осы сөздерден асқан қасиетті, қастерлі үғым болған емес, болмайды да!
Халқымыз азаттықты ғасырлар бойы аңсады. Сол ұлы мақсатқа жету үшін күресіп, қан төкті. Бар-жоғы жиырма үш жыл ішінде атқарылған жұмыстар бір ғасырда жүзеге асатын істерге бергісіз. 1991 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялап, тас бұғаудан босап, қайта түлегенін төрткіл дүниеге танытты. Төл тарихымыздың жаңа кезеңі - жаңғыру кезеңі басталды. Ұлы көштің басында еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұрды.
1- 1988 ж. Қазақ компартиясының 1920-1950 жылдары қуғын- сүргінге ұшырап, жазықсыз атылып кеткен қайраткерлерді ақтау туралы қаулы қабылданды. Оларға Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, М. Тынышбаев сынды қоғам қайраткерлері кіреді.
2- 1989жылы Қазақстан республикасының «Тіл туралы» заңы қабылданды.
3- 1990жылы 25 қазанда Қазақстан жоғарғы кеңесі « Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылдады.
4- 1991жылы 29 тамызда ҚР Президенті Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды.
5- 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Қазақстан Президентін сайлау болып, сайлауда Н.Ә. Назарбаев жеңіске жетті.
6- 1991жылы16 желтоқсанда ҚР тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы қабылданды.
7- 1991 жылы 21 желтоқсанында Алматы қаласында бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы 11 тәуелсіз мемлекет арасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісім хаттамасына қол қойылды.
8- 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ның толық құқықтық мүшесі болды.
9- 1992 жылы 4 маусымда Мемлекет рәміздері Елтаңба, Ту, Әнұран қабылданды.
Елтаңба авторы - Ж.Мәлібеков Ш.Уәлиханов.
Ту авторы - Ш.Ниязбеков.
Әнұран - М.Төлебаев, Е.Брусиловский, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Дәрібаева.
2006 жылы қаңтарда ҚР-ның жаңа әнұраны қабылданды. «Менің Қазақстаным» әні .Авторлары : сөзі - Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. Әні - Ш.Қалдаяқов.
10- 1995жылы 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
11- 1997 жылы Ақмола ҚР астанасы болып, кейіннен Астанаға ауыстырылды.
12- 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда «Азиядағы бірлескен іс- қимыл және өзара сенім » ұғымының мүшесі болған мемлекеттердің сыртқы саяси мекемелерінің басшыларының бірінші кездесуі болды.
1-жүргізуші: 20жыл ішінде мемлекетіміз аяғынан тік тұрып, еңсесін түзеп қана қоймай, көршілес елдерге үлгі болуда.
2-жүргізуші: Бір кездері арман болған тәуелсіздікке біздердің қолымыз жетіп отыр. Бұрындары қазақ баласы Мәскеуде, Петерборда оқыса, таң қалушы еді. Бүгінде жылына неше мыңға жуық жастар білім қуып, әлемнің әр түкпіріне жол тартуда.
1-жүргізуші: Бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның жүрегі Арқа төсіндегі ару қала, елордамыз - Астанада соғады. Ақорданың төбесінде қасиетті көк байрақ желбірейді. Мемлекетіміздің - Елтаңбасы, Әнұраны, Туы, Астанасы, Ата заңы, мемлекеттік шекарасы, мемлекеттік тілі бар. Осыған байланысты елімізге арналған өлең шумақтарына жол берсек.
4-оқушы: Жазықсыз желтоқсанда, Қайрат жаным,
Құрбаны болғаныңа қайнап қаным,
Өртеніп өкініштен өзек бүгін,
Атпады сені ойласам жайлап таңым.
Сойылмен соғып сені жайратқаны-
Қанымды сол емес па қайнатқаны,
Көргенде ыза кернеп өн бойымды,
Тісімді қаршылдап қайнатқаны.
Әлдекім аңдап ағат басқаныңды,
Қинады-ау, отқа қарып жас жаныңды,
Шындықтың туын жығып желтоқсанда,
Жоныңнан қайыс алып, таста тілді.
5-оқушы: Алматы- абат астаналық облыс,
Ақтөбе - өлке, ақ торысы - мол ырыс,
Атырау - мол Қазақстан мұнайы,
Тараз — жайлау қазыналы, шырайлы,
Жезқазған - кең, бұзылмаған қаймағы,
Көкшетау — көп көгілдір көл аймағы,
Қарағанды - қара алтынның қоймасы,
Қостанай - құт, қызыл бидай қалбасы,
Қызылорда - күрішті сыр сағасы,
Орал - көне Ақ жайықтың жағасы,
Өскемен - өр, шығыста Алтай аясы,
Павлодар - Қара Ертістің саясы,
Петропавл - солтүстігім орманды,
Семей -аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды,
Талдықорған - жер жанатты көл бағы,
Астана - Арқада астық алқабы
Шымкент — ыстық оңтүстігім мақталы.
1-жүргізуші: Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болар,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
2-жүргізуші: Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін,
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!
Би: ТПк-11 тобында оқитын Қожаев Елдостың, Әміров Жарқынның және Қамза Нұртастың орындауында- Қара жорға биі
2-жүргізуші: Қазақстан Еуразия құрлығында жатыр. Еліміз Еуропадағы ең беделді ұйым ЕҚЫҰ-ға (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына) төрағалық етуді қабыл алды. Қаңтардың алғашқы күнінен бастап, жұмысын бастады. Еліміз жарты әлемнің қауіпсіздігіне жауапты. Бұл еліміз үшін өте үлкен бедел, жоғары деңгей.
1-жүргізуші: Бұл - тәуелсіздік дәуірі. Тәуелсіздік ұлттық сананы оятты.
Баршаны ата-баба жолына үңілдірді. Тәуелсіздік жолы - ерлік жолы. Тәуелсіздік- құдіретті, ардақты ұғым. Ата- баба ерлігі - халық мұрасы, оның тарихы, оның мақтанышы.
6-оқушы: Терезесі теңелген өзгелермен,
Ұшты қазақ қыран боп,қырды сүйіп,
Еркіндіктің көк туы тұрды биік,
Арман құспен жарысып кете бардым,
Таңнан түскен үстіме нұрды киіп,
Қайта ұлттық ескінің көне іздерін,
Көрейін деп көнені көп іздедім,
Өзімдікі тауларым, өзендерім
Өзімдікі көлдерім, теңіздерім.
Жая берді жақын кеп күн құшағын,
Гүл аялап, кеудеммен нұр құшамын,
Өзімдікі қалалар өшірмейтін,
Жолаушылар жүрсін деп, түнде шамын.
Келешегін көретін өзі алыстан,
Өзі - қыран, өзі- от,өзі – арыстан,
Терезесі теңелген өзгелермен,
Өзімдікі, тәуелсіз Қазақстан!
7-оқушы: Сен де арманда едің-ау, мен де арманда,
Сол арманға қол жетті, арман бар ма!
Өзімізді- өзіміз таба алмастан,
Адасқанбыз сан тарап ормандарда.
Аспан түсті туымыз желбіреді,
Шықты және теңгеміз ел біледі.
Әнұран да, Елтаңба - өзімдікі,
Қара аспанды қай саяқ төндіреді?!
Тәуелсіздік болмаса ұғар ма едік,
Тоқтар менен Талғаттар шығар ма еді?
Абай әнін ғарыштан қазақ айтып,
Әлем шырқап, қосылып тұрар ме еді!
Тәуелсіз ел қанатын жая алар ма ед,
Бұратана бұтамды саялар ма ед?
Тұрарлары тіріліп, Сұлтанбектей,
Ардақтылар архивтен оянар ма ед?
Тарихтың белгілі енді алдамасы,
Оңтүстік - достық, бірлік жалғамасы.
Үш жүздің басын бұрын қосқан болса,
Тұранды қосты бүгін - Ордабасы!
Қантөгіссіз дербестік алған едік,
Тәуелсіздік жемісін сау көрелік.
Ауыр боп тұр, мұнан да қиын болған,
Қынжылмайық, халайық, тәубе дейік!!!
2-жүргізуші: Ақындар бізбен бірге.
Ш. Сариев: « Тәуелсіз ел - қазағым»
Тәуелсіз боп артты халқым сенімі,
Мұз боп қатқан қайғы - мұңым еріді.
Ақ шыңдары тауларымның биіктеп,
Кең тыныстап, ұлы далам кеңіді.
Еламан: Сайлаубай Тойлыбаев. « Қазақстан - Республикам менің»
Бойымда жігер тұрғанда сенім,
Жалындап өтем жолыңда сенің.
Өзіңсің мәңгі бақытым, барым,
Аяулы - Отан, ардақты елім!
1-жүргізуші: Сағынғали Сейітов. « Тәуелсіздік тізгіні берік қолда» Таңғажайып атың да дәл табылды,
Табылды да талай жұртқа танылды.
Қазақ елі, көкке жетті көк туың,
Сен - тәуелсіз мемлекетсің бүгінгі.
2-жүргізуші: Мұхтар Шаханов.
Әр дәуірде нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын, алтын әні, жас өркені халқымның,
Желтоқсанда шындық жырын,
Шырқаймын деп шарқ ұрдың...
Ортада Жұмаханов Алишер «Жаса, Қазақстан» әні, қабыл алыңыздар.
Қорытынды: «Ар-намысым, мақтанышым қасіретті - желтоқсан!» атты ашық тәрбие сабағымыз өз мәресіне жетті. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай, ағайын! Келесі жүздескенше қош-сау болыңыздар!

Хаттама.
«Ар-намысым, мақтанышым қасіретті-желтоқсан!» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатының талқыламасы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Р.Б.Оралова, ТПк-11 тобы.
Қатысқан оқытушылар: К.А.Корженгулова, Ж.С.Жылгелді, И.К.Шакирова, Қ.А.Солтанбаева, Г.Б.Рамазанова,
Р.Б.Оралова:
Бүгінгі ашық тәрбие сағатында алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Топ ашық тәрбие сағатына белсене қатысты. Әрбір азамат туған елінің тарихын білуі, оны құрметтеуі, Отанының патриоты болуы керек. Егеменді еліміздің тұғырының мықты болуын қалаған аға-ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйренуге, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге үлесін қосу керек.
К.А.Корженгулова:
Ашық тәрбие сағаты маған ұнады. Топ оқушылары белсенді қатысты.Оқушылар өте жақсы дайындалған.
Ж.С.Жылгелді:
Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті. Көп рахмет!
И.К.Шакирова:
Тәрбие сағаты маған ұнады. Оқушылар Қазақстан туралы өлең-жырларын жатқа айтты. Бұл топта өнерлі оқушылар өте көп екен.
А.Б. Байжуманова:
Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті. Оқушылар өте тыңғылықты дайындалған. Қазақ елінің тарихына шолу жасауы (слайд шоу) маған өте ұнады.
Г.Б.Рамазанова:
Ашық тәрбие сағаты өз мақсатына жетті. Топ оқушылары белсене қатысты. Роза Болатбекқызы тәрбие сағатына көп дайындалғаны көрініп тұр. Көп рахмет!
Ұсыныс: колледжде ашық тәрбие сағаттары жиі өткізіліп тұрса, деген ұсыныстар айтылды.

1. К.А. Корженгулова __________
2. Ж.С. Жылгелді __________
3. И.К. Шакирова __________
4. А.Б. Байжуманова __________
5. Г.Б. Рамазанова __________
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: гульнараж (2015-03-18)
Просмотров: 1233 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 11:49 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru