Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сың тұрғысынан ойлау методикасын қазақ тілі сабағында қолдану
Қазақ тілі сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Сыни тұрғыдан ойлау - бұл үнемі өзгеріп тұратын дүниеде тұлғаның бейімделу үдерісінің іргетасы болып табылады. Қазіргі күні бұл өзгерістер өзге жылдамдыққа ие. Тұлғаның осыған жауап бере алуы маңызды.
Сыни ойлау – түптеп келгенде кеңес ғылымы үшін де жаңалық емес еді, бірақ оның маңызы жете бағаланбады.
Сынау көбіне жоққа шығару деген мәнге ие болды. Осы үдерісте «бізбен болмағандар, - бізге қарсы» деген қағида ұстанды. Әлеуметтік өмірді ұйымдастыруға, оған өз үлесін қосуға, табысты үлестіруге жоғары талап қоймайтын адамдар қоғамда қолдау көрді. Кеңестік педагогикада, яғни мұғалімдердің, оқушылардың білім беру тәжірибесінде сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жүйелі түрде қолданылмады, себебі оған қажеттілік болмаған. Қатаң бәсекелестіктің болмауы, қоғамдағы әлеуметтік рөлдердің болжамдығымен орны толтырылғандықтан, жеке тұлға ретінде адамға көңіл бөлу, нақты уақыттағы және кеңістіктегі мәнмәтінде оның бейімделуі төмен деңгейде болды. Соңғы 20 жыл ішіндегі қазақстандық қоғамдағы өзгерістер ұлан-ғайыр. Жеке меншіктің пайда болуы, біздің мемлекетіміздің ашықтығы, бір жағынан, біздің өміріміздегі жағдайларды қиындатады, екінші жағынан, жеке тұлғаны дамыту үшін ең үздік әлемдік ЖОО-нда білім алуға, екі жақты топ адамдардың: жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы байыпты, серіктестікті қарым-қатынасқа бай мәдениетті шетел фирмаларында қызмет етуге үлкен мүмкіндіктер туғызды.
Бүгінгі ғасыр – ақпарат ғасыры деген қайшы сөзде терең мағына бар. Ақпарат пікір қалыптастырады, халықты, адам және ел тағдырын өзгерте алады. Ақпарат ағымының мағынасын тану, оны талдау – өзінің жеке тағдырын, өз елінің тағдырын басқару. Сыни тұрғысынан ойланатын адам біреудің айласына түсе алмайды. Осыдан оқушыларды осындай дағдыларға үйрету қажеттілігі туындайды.
Оқытуда сыни тұрғыдан ойлауқазіргі дидактиканың негіз қалаушы принципіне айналды. Сыни тұрғыдан ойлаудың өз заңдылықтары бар, бұрын бұл ойлау құралы ғылыми зерттеудің негізгісі болып табылды. Ғылыми зерттеудің тәжірибесінде сыни тұрғыдан ойлаудың өзіндік әрекет ету алгоритмі бар. Оған қажетті ақпарат жинау, фактілерді міндетті бағалау, сонан соң жанр заңдылығы бойынша жалпылау жатады, бірақ қайшылықтар табылып жатса, басқа альтернативалар мойындалады.Сыни тұрғыдан ойлауды меңгеру, сұрақ қоя білудімеңгеруді білдіреді және керісінше.
Қазіргі мектептік дидактика ақыл-ой операцияларының жоғары және төмен деңгейде әрекет етуіне қарай анық бөлінеді. Осыдан келесідей сұрақ туындайды,баланыңжоғары деңгейдегіойлауынқалай қалыптастыруға, бақылаудан талдауға,түйін жасауға дейін қалай үйретуге болады?А.А.Бизяева өз зерттеулерінде «басқа адамға әсерін ескере отырып,өз іс-әрекетін жоспарлаудағы мұғалімнің рефлексивтік қабілеті оның психологиялық кілті болып болып табылады»деп айтып, қазіргі педагог тұлғасының іргетасын «өз серіктесінің дамуына - ақылды, мейірімді, батыл болуына, түрткі болатындай кез келген қазіргі жағдайды өзгерте алу» тұжырымдайды. Осы жағдайда ең тиімді анықталған экспериментті әдіс – Блум таксономиясы. Блум таксономиясы оңайдан қиынға дейін деген принципіне сүйенеді. Нақты фактілерді, білімдерді қажет ететін сұрақтар күрделі ақыл-ой процестерін талап етпейді. Педагогикада ол репродуктивті ойлау түріне жатқызылады. Дәстүрлі мектепте білім берудің бұл түрі басым болды.
Диалог негізінде сұрақ қоя білу білігі жатады. Осы дағдыны қалыптастыру процесінде әрекетті өздігінен басқару аймағына өте қарапайым түрде «дұрыс» немесе «бұрыс»деп бағаланатын фактілік сұрақтарды қоя білу білігі жатқызылады. Алисон Кинг сөзімен айтқандай «ойлай білетіндер – сұрақ та қоя біледі», осыдан сұрақ қоя білу білігі – ойлауды дамытатын құрал, демек бұл жақын арадағы даму аймағы деп аталатын объекті, яғни ересектердің көмегін қажет ететін оқушылар аймағыболып табылады. Егер психолог зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, сұрақ қоя білу дағдысына үйрету кезінде ойлауды дамытатын дидактикалық мүмкіндіктердің көп жиынтығы ашылады. ПсихологВ.М.Снетков сұрақты «ол сұраққа жауап бере алатын баламаларының жиынтығы» деп сипаттайды. Л.В.Веккер пікірінше «Сұрақ – бұл бүкіл келесі ойлау процесінің анықтауына бағытталған заттық қарым-қатынастың ашыла алмауының, келістірілмеуініңпсихикалық бейнеленуі болып табылады».
Мұғалім шеберлігі – бүкіл ойлау процесін әлі ашыла қоймаған, келістірілмеген, бірақ қажетті заттық қарым-қатынасты анықтауға бағыттай білу.Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің тәжірибе жүзінде осындай мақұлданып қабылданған әдістердің бірі БББ стратегиясы / білемін, білгім келеді, біліпалдым/ болып табылады. Осы әдістің артықшылығы - стратегия композициясының құрамында танымдық әрекет кезеңдерінің негізі қаланғандығы: білмегендік, ынта білдіру, жаңалық ашу.
Білімді жетілдіру процесін көрнекі түрде көру не үшін қажет?Біріншіден, әр сабақтың алдындаосыне өзге ұғым немесе тақырыпбойынша білімін тексеру жүргізіледі, яғни өз білімінің бастапқы нүктесі анықталады. Сонан соң бүкіл ойлау процесі осы түсініктің, жағдай немесе тақырыптыңзаттық қарым-қатынасын анықтауға бағытталған.Мысалы, «Қазақстан Қалалары»модулінің тақырыбы бойынша 4-сыныпта келесі тақырыптар өткізіледі: «Астана- Қазақстанның бас қаласы»,Алматы- Қазақстанның оңтүстік астанасы», «Тараз», «Отырар», «Түркістан».Бірінші сабақта жаңа тақырып жөнінде алдын-ала мағлұматы жазылатын бағанадағы мәліметтер мардымсыз, себебі оқушылар зерттеушілік дағдыларды меңгермеген, сөздік қор мүмкіндігі шектелген.Екінші бағанада, ұсынылатын тақырып бойынша жаңа мәліметтерге қатысты сұрақ түрінде сауал салынады да, ашық тақырыптағы сирек сұрақтар кездеседі: Қандай қала? Қайда орналасқан? Ол жерде не бар? Бұның өзі де ілгерілеу (прогресс), себебі оқушылар, біріншіден, бірлесе отырып білім жинауға күштемей ерікті түрде қатыстырылады, екіншіден, олар бұны өздігімен жасайды. Олардың өздерімен құрастырылған сұрақтарға жауап іздеу сабақтың операциялық кезеңінің мазмұны болып табылады.Осы стратегияны қолдану сыни тұрғыдан ойлаудың келесі дағдыларын дамытады:осы тақырыпқа сипатты белгілерді, осы қалаларға ортақ ерекшеліктердібөле көрсету процесінде салыстыру дағдыларын жинау және топтастыру. Бұл дағдылар оқушылардың ойлау деңгейін жетілдіреді және сөйлеу дағдысындамытады. Бірінші сабақта қиынға соққан сұрақтарды,үшінші сабақта олар оп-оңай құрастыра бастайды.Оқушылар осы модуль бойынша алгоритмге өздігімен жетеді: қаланың өзінің орналасқан орны, салынған жылы, пайда болу тарихы, көрікті жерлері, танымбелгісі, бүгінгі күнгі жетістіктерібар. Сұрақтардың ауқымы кеңейеді. Осы құбылыстың заттық қарым-қатынасы анықталған кезде, бұл мәліметтерді жеткізу үшін қажет сөздер тобы жеңіл есте де сақталады және осы мәнмәтінде мағыналы түрде диалог немесе монолог формасында қолданылады. Әрі қарай балаларды осы тақырыпты өздігімен игеруге бағыттау қиынға соқпайды. Білім бұлағы болып оқулық қана емес, ғаламтор да болуы мүмкін.
Мұғалімнің мақсаты орындалған жұмыс сапасына оқушылардың назарын аудару. Бұл мақсатпен оқушыларды өлшемдік бағалауға бағындыру қажет.
Критерий мазмұны жіберген қателіктер мен қиыншылықтарды талдау негізінде, балалардың өздерімен толықтырылып отырады. Осы модуль шеңберінде келесі өлшемдер (критерии) туындады: сауаттылық, сұрау есімдігін дұрыс таңдау, сөйлем құрамындағы сөз тәртібі, жылдамдық.Өзінің немесе өзгенің орындалған жұмысын белгілі бір өлшем бойынша бағалау – бұл оқушылардың өз білім алуында жауапкершілігін сезінуге көмектесетін тәсілдердің бірден бірі.
Оқушылардың көпшілігі үшін жабық сұрақтарды құрастыра бастаубілім алудың белгілі бір кезеңінде «өздігінен басқару әрекеттерінің аймағына» айналады. Кез келген тілді үйрену барысында түпкі мақсат болып, сол тілде ойлау, пайымдау болып табылады.Осы мәнмәтіндегі «Жақын арадағы даму аймағы»- интерактивті оқытудың мазмұнын құрайтын ашық сұрақтарды құрастыру. Бастапқыда бұл тапсырманы мықты балалар ғана орындай алады. Бұл жағдай да мұғалім-менеджер рөлі қолдау жасау - «тіреу орнату». «Тіреу орнату» түсінігін ауыспалы қолдану, басшының оқушыларды тапсырманы орындауды аяқтауға итермелеу кезінде, біртіндеп үдемелі қолдау көрсетуді тұспалдауы мүмкін».
Жоғары деңгейлі сұрақтарды қоя білу білігі қанша мүмкіндіктерге жол ашатынына мен бұрын білмеппін. Әдетте мен сабағыма бір күрделі сұрақты жоспарлайтынмын. Блум Түймедағыкүрделі немесе ашық сұрақтар жөніндегі түсініктерімді кеңейтті, және де өзім мен менің оқушыларымның ой өрісін кеңейтуге көмектеседі. Бұл оқушылардың ақыл-парасатын дамыту мен бағалауға арналған жүйелі құрал болып табылады. Қазақ тілі сабағында негізгі мақсат сөйлеуді дамыту болып табылады. Бұл процесс өзара байланысты, өзара тәуелді болып шықты. Мен әншейін бұл мақсатты бөле-жара қараған емеспін, осы мақсат шешімі өзінен өзі туындап отырды. Жоғары деңгейлі сұрақтардың қойылуы белгілі бір сөздік құрылымды білдіреді. Мысал : «Егер мен дұрыс түсінсем, онда…?», «Сіз ... орнында қалай істер едіңіз?» Жоғары тәртіпті сұрақтарды қою дағдылары әр түрлі деңгейлі сұхбаттарды жүргізуге мүмкіндік береді: шоғырландырылмалы, пікірталас, зерттеу типті. Сөздік қормен байланысты бөгеулерді шешу маңызды. Айту түрлері күрделене түсті, алынған фактілерді талқылаудың, дәлел келтірудің қажеттілігі туындады, демек сөздік құрылымдардың күрделене түсуі, яғни сөйлеу қабілеті мен ойлау процестерінің дамуы.
Осы күнге дейін оқыту дидактикасындабізбен ескерілмей келген және мағынасынатерең бойлай қоймағансияқты екі нәрсені атап кеткім келеді. Балалық шақ, ересектік және жастық шақ – бұл уақыттың орасан зор бір бөлігі.Мектеп қабырғасында өткізген уақытымыз – бұл өмірге қадам басуымызға деген дайындық қана емес, бұл біздің өміріміздегі ең сезілетін әсерлі кезең. Сондықтан да, өміріміздегі көп нәрсе біздің уақытымызды қаншалықты толыққанды, әрі тиімді пайдалануымызбен байланысты. Және екіншіден – психологиялық ерекшеліктер, балалар қоғамының жазылмаған заңдылығы. Нақ осы жасөспірім қоғамда құрдастарының пікірі басыңқы болады, яғни олар үшін, мұғалімнің ол жайында не ойлайтыны емес, құрдасының ой-пікірі маңызды. Бір-бірімен қатынасу арқылы, бірлесіп жасалатын істерде жасөспірім мен жеткіншектер әртүрлі мінез-құлық ережелері мен формаларын, белгілі бір өмірлік құндылықтарды бойына сіңіріп алады. Біздің міндетіміз – бұл әлеуетті тәрбиелік және білім беру мақсаттарын шешуде қолдану.Оқытудағы жаңа тәсілдемелер бұл сәттерді біздің дидактикалық әдістер мен мақсаттарымыздың құрамына енгізуіге мүмкіндік береді. Ал «Н.И.Гуткинамен өткізілген ерте жасөспірім рефлексиясының ерекшеліктерін танып білу(Жеке тұлғаның қалыптасуы …,1989), сауалнама жүргізу кезінде 9-10 сынып оқушыларының 80% жуығында жеке тұлға тұрғысының рефлексиясы белгіленгендігін көрсетті.»
Осы сәттің бірегейлігін, жас ерекшелігін жете түсіне отырып, мұғалім барынша мүмкіндікке жету үшін басты міндет қою тиіс. Қазақ халқының мақалы бар: «Тісі шыққан балаға, шайналған тамақ ас болмайды.».Бейнелі сөзбен айтқанда, баланың өзі ас шайнап үйренуі тиіс. Бұл үдерістегі сауалнама жүргізудің, мәйселе қойылуының рөлі зор. Ересектермен және құрдастармен диалогарқылы оқу мақсаттарына, когнитивтік дамуға және ең соңында дербестікке жетеміз.
9-сынып оқушылары өмірге деген өз пікірін қалыптастыру үшін алдағы буынның өмірлік тәжірибелерін қолдана алады. Мысалы, қазақ суретшісі Ә.Қастеев шығармашылығын зерделеу барысында оқушылыр танымал суретшінің«Қалыңдықтың ұзатылуы» суретімен танысады.
Тапсырма қазақ тілі ана тілі емес оқушыларға қиынға соғады. Бірден орындау мүмкін болмайды. Бұл кедергіден өту үшін келесі стратегиялар таңдап алынды: «Сюжеттік кесте», «Бес ереже».«Оқытудың дамып отыруына қарай ойға түсіре айту аз қажет етіледі,себебі оқыту процесінің дамуы және оның мәні түсінікті бола бастайды: оқыту еркін жүргізіледі және өздігінен реттеле бастайды.». «Сюжеттік кесте» стратегиясы келесі кедергілерден өту үшін өте қолайлы: тапсырмаға қатыстырылудың жоғары деңгейі, тапсырманың күрделілік дәрежесін өз бетімен таңдау.
Сюжеттік кесте.
Кім? Қандай? Қайда? Не істеп жатыр? Неде? Егер де бұл қыздың орнында сіздің қарындасыңыз немесе ер адамның орнында сіздің әкеңіз болса,не болушы еді? Сіз бұлсуретті қалай атар едіңіз?


Оқушылардың көпшілігі, өздерінің толық сөздік қорын пайдалана отырып бірінші бес сұраққа оп-оңай жауап береді. Суретте бейнеленген жағдайды нақты бағалау үшін, біршама қиыншылықтардан өту қажет.Бұл дүниенің мықтыларының озбырлығы мен жүгенсіздігі, әйелдерді қорлау –сол кездегі қазақтың күнделікті өміріндегі әдетті нәрсе.Қазіргі заман балалар үшін бұндай сәттер түсініксіз болуы мүмкін, және де әртүрлі ұлт оқушыларының ділінде де (менталитетінде) үлкен айырмашылық бар, бұл тек біздің ситуацияны түсінуімізді байытады, біздің тәжірибемізді кеңейтуге көмектеседі.

Джордано Бруноның: «Тірі ақыл-ойдың ерекшелігі болып, кейіннен ұзақ ойлану және көп нәрсені түсіну үшін біраз нәрсені көру және есту қажет»деп айтқан сөзін,мен Ә.Қастеевтің «Қалыңдықтың ұзатылуы» суретін салу жұмысына арналған сабақта зерделеу атмосферасын жасау амалы ретінде қолдандым».
Алғашқы қарағанда сурет сюжеті бойынша қарапайым секілді: Алатаудың тамаша көрінісінің аясында үш салт атты бейнеленген: жақсы киінген егде тартқан ер және әйел жынысты кісілердің қасына ерген бойжеткен қыз. Сурет Ә.Қастеев шығармашылығында ерекше орын алады, осы күні ол Эрмитажда сақталған, оның әлеуметтік мәні тереңде жатыр- көшпендінің өміріндегі қайшылықтарды көрсету. Осы сынып оқушыларымен алдын-ала сұхбаттасу барысында анықтағаным, қазақ халқының салт-дәстүрінен бейхабар адам үшін бұны бір көргеннен түсіну қиын екендігін, ал балалар үшін мүлде мүмкін еместігін. Сыни тұрғысынан ойлауды қосу үшін рефлексияға ену қажет. Д.Дьюипікірі бойынша: «Ойлау өздігінен туындаған жағдаят емес, ол "жалпы принциптер" негізінде пайда болмайды.Оның шығаратын және қозғайтын бір ерекше күші бар... ойлаудың басы бір қиындықта, қысылуда, күмәндануда.»( Дьюи, 1997,с.27).Балалардың қиын жағдайға келуіне түрткі болған, сұрақ-жұмбақ еді: бұл суретке автор қандай екінші атау берді?
Рефлексия деңгейінің әлі дами қоймағандығын ескере отырып,мен өзіме келесі «тіреуге» ерік бердім – үйлену тойының жол-жоралары тақырыбында оқушылардың ой өрісін кеңейтуді шештім. Шешім дайындық кезеңінде қабылданды. Ал сабақта қазақ әйелінің үйлену тойына киетін бас киімінің пайда болу тарихы әңгімеленді, үйлену тойының қонысы, қалыңдықтың жасауы толығымен сипатталды.
Сурет бойынша жұмыс істеу барысында оқушылар, жетелеуші сұрақтар қою арқылы Ә.Қастеевтің «Қалыңдықтың ұзатылуы» суретінде бейнеленгеннің «дұрыс нұсқасын» анықтай бастады. Олардың өздері нені көріп және не ойлап тұрғандығы жайлы жазуы керектігін айтып, өз пікірін дәлелдей алу керектігін түсіндіріп, мен оларды тыныштандыруға асықтым. Менің ойымша, осы жерде мен ақиқат пен мән-мағынаны дайын күйінде беруге болатын нәрсе емес екендігін, олар адамның өзімен ашылатынын және жаратылатынын насихаттайтын конструктивтік тәсілдемеге лайықәрекет жасадым. Бұл сабақты байыта түсті, үш көзқарас тыңдалды.Сыни тұрғысынан ойлау түсінігінде негізі салынған басты ақиқатты оқушылар түсінулері қажет –кез келген мәселенің, сұрақтың бірнеше альтернативті жауабы бар.
Ойлаудың ой өрісін қалай кеңейтуге болатындығына көрнекі мысал.Бір топтың пікірі бойынша, қалыңдық өз білгенінше бақытты, бірақ өте сабырлы және шығарып салушыата-анасыменболашақ күйеуіне бет алып
келе жатыр. Бұл пікірдің дәлелі ретінде, суретте бейнеленген адамдардың жас ерекшелігі, және де осы суреттің атауы болды.Басқа топ, осы суреттің сюжетін шешу үшін, алдын ала өткізілген сұхбаттан қажетті ақпаратты ала білді:қалыңдықтың, біріншіден, кедей екендігін, себебі суретте сәукеленің, қалыңдық жасауының, толып жатқан шығарып салушылардың жоқ екендігі көрінеді. Оны шығарып салушы егде адамның күйеуі екендігі, себебі қыздың туысы емес екендігі киген бай киімінен белгілі болып тұр. Ол оны оп-оңай сатып алды – деп, балалар тұжырым жасады. Үшінші топ бірініші топтың көзқарасын қайталады, дегенмен, қалыңдық жасауының, толып жатқан шығарып салушылардың жоқ екендігі, оның кедей екендігін аңғартып тұрғандығын, бірақ ол бай адамға тұрмысқа шыққандығын, ал жақсы киінген егде тартқан адамдар – бұл күйеу жігіттің ата-анасы екендігін атап өтті.Әрбір нұсқаны дәлелдеу, дәйектеу қажет еді.Бұл оқушыларды суреттің егжей-тегжейіне жете қарауға, үйлену салты жөніндегі өз білімдерін көкейтесті етуге мәжбүрледі.Талқылаудың соңында оқушылар сабақтың басында қойылған сұраққа жауап бере алды және Ә.Қастеев суретінің екінші атауының «Сатылған қалыңдық» екендігін таба білді.Сонымен балалар, ұсынылған нұсқалардың қайсысы дұрыс екендігінің қорытындысына өздері жетті.
Оқушылардың сөйлеуін және ойлау қабілетін дамытуда сюжеттік кестеде ескерілген ашық сұрақтарға жауаптардың рөлі орасан зор. Бұл тапсырманы тек дарынды балалар ғана орындай алады. Олар өздерінің жауаптарымен осыны көрсете алды.
Жиынтықтау дағдыларын қалыптастыру, бағалау мақсатында мұғалім тарапынан рефлексия кезеңінде«Бес ереже» стратегиясы ұсынылды.Оқушылар, олармен ұсынылған сюжетке сүйене отырып, өздері үшін бес ереже құрастыру тиіс еді. Бұл тапсырманы үш топтың екеуі ғана орындай алды.Екінші топтың пікірі бойынша:
• Тұрмысқа текқана сүйіп шығу қажет.
• Оның байлығы үшін емес, адамның өзіне тұрмысқа шығу қажет.
• Сенің ата-анаң таңдаған адамға емес, өзің таңдаған адамыңа тұрмысқа шығу қажет.
• Әйелдің бай екендігі, оның бақытты екендігін білдірмейді.
• Қалыңдықтың жасауы көп болса, ол оның жақсы әйел болатындығын білдірмейді.
Үшінші топ өздері үшін ережелер ретінде келесі ой-пікірді ұсынды.
• Ата-ана өз балаларына қамқорлық жасауы тиіс және жасауын алдын ала дайындауы тиіс.
• Жасауың жақсы болса, бастапқы кезде бөтен ортада өзіңді еркін сезінуге көмектеседі
• Ұлттық дәстүрлерді ұстану қажет, себебі бұл көмектеседі.
Топтық жұмыс қатысушылардың, оқушылар тарапынан, және де мұғалім тарапынан келісілген іс-қимылды қажет етеді, өзара қатынасу тәжірибесі сабақ үстіндеқалыптасады, ал А.А. Бизяеваның пікірінше «егер жұмыстың нәтижесі ойдағыдай болмай жатса және оны бірнеше адам орындайтын болса, тек өзіңнің сана-сезіміңді бұл жұмыс ситуациясынан «тыс» немесе «жоғары» шығара білу қабілетің ғана және оған сыни талдау жасай алу, ортақ тапсырманы шешу жолындағы серіктестер әрекетін анық үйлестіруге және келістіруге, оның сәтті орындалуына қол жеткізуге мүмкіндік береді».
Осы тақырыпта жұмыс істеу барысында өз әрекеттеріңе талдау жасауға уақыт бөлу маңызды, өз сәтсіздіктеріңнің себебін айқындау. Оқушылардың пікірі бойынша, бұл ситуацияда мақсатқа жету жолында кедергі болған: өз ойларын білдіру үшін сөздік қорларының жеткіліксіз болуы, топ арасында тапсырманы бөліп үлестіре алмайтындығы, уақытты тиімді пайдалана алмайтындығы, сонымен қатар мұғалім сөзін мұқият тыңдамағандығы.
Сөйтіп, оқушы осы стратегияларды қолдана отырып, келесі дағдыларды иеленеді:
• Білмегендік аясын айқындау
• Өзіндік уәждемеге қол жеткізу
• Ұзақ уақытты есті қалыптастыру
• Өз білімін жүйелендіру
• Танып білетін заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың ортақтығы мен айырмашылығын таба білу
• Сұрақтардың қойылу техникасын оқып үйрену
• Жаңа тақырыпты меңгеруде дербестік таныту
• Өз қателеріне, қиындықтарына талдау жасау
• «оқушы- оқушы» ситуациясында қатынас жасау қажеттілігін қанағаттандыру
• Оқу процесін құрылымдау
• Оқитын тақырып бойынша қорытынды шығару
• Өмірге деген өзіндік көзқарас қалыптастыруды үйренеді
«БББ /білгенмін, білгім келеді, біліп алдым/», «Сюжеттік кесте», «Бес ереже» стратегиялары мұғалімнің, енді оның мұғалім-менеджер ретінде қажет дағдыларды игеруіне көмектеседі.
• Әр оқушының «өздігінен басқаруәрекетінің» деңгейін анықтау
• Жеке баланың «жақын арадағы даму аймағы» анықтау
• Әр оқушының/ мүмкіндігін/ оның дарындылығы мен таланттылығын ескере отырып/ сабақты модельдеу
• Көшбасшы қадыр-қасиетін таныту үшін жағдай жасау
• Білім беру және оқыту үдерісін даралау
• Жұмыс процесіне мақсатқа жету жүйесін енгізу
«Ойлампаз мұғалімнің психологиясы» кітабының авторы А.А. Бизяеваның пікірі бойынша, рефлексияның бірнеше функциясын бөліп көрсетуге болады: әлеуметтік, зияткерлік, дамытпалы, өздігінен танып білу және өздігінен ұйымдастыру.Егер оқушы саналы түрде рефлексияның бұл әдістерін меңгеруге тырысса, онда осымен оның жетістігі және ақыр соңында жеке тұлғалық дамуы қамтамасыз етіледі.Мұндағы мұғалімнің рөлі, оқушылардың өз әрекеттерін ұғынуын ұйымдастыру болып табылады.
Осындағы «рефлекторлық доға» ақыл-парасаттың дамуы негізінде жатыр және тұлғаның белгілі бір мақсатта білім алу, болжау, шешім қабылдау қабілетінен байқалады.
Сөйтіп, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының, диалогтық қатынас жасаудың қарапайым әдістері арқылы балаларды сөйлеуге, пайымдауға, дәлелдеуге, өзінше түсіндіруге, қорытынды шығаруға үйретуге болады. Бұл
жоғары дәрежелі ойлаудың әдістері. Балаларға шынымен қажет пе? Бұл табысқа жетуді, өзінің үздіксіз дамып отыруын армандайтындардың бәріне қажет.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Darkower (2015-03-25)
Просмотров: 1078 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 5:46 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru