Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Тараз қаласы 8 - сынып
Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Щучинск қаласы
№8 мектеп-гимназиясы
Мұғалім: Ахмеджанова Ардак Маратовна
Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып: 8"В"
Сабақтың тақырыбы: "Тараз қаласы"
1.Білімділік:Тараз қаласы, көрікті жерлері туралы мәлімет беру, жаңа сөздерді меңгеру, түрліграмматикалық тапсырмаларды орындау арқылы пысықтау.
2. Дамытушылық: сөздік қорын дамыту, ауызша сөйлеу мәдениетін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, жетілдіру, грамматикалық ережені практикалық жолмен меңгерту.
3.Тәрбиелік: оқушыларды өз Отанын,елін, туған жерін құрметтеуге, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: СТО – ның элементтері, әңгімелеу, өзіндік бағалау.
Сабақтың түрі: проектор көмегімен, тақтамен аралас сабағы,
Сабақтың көрнекілігі: Алматы қаласының суреттері, итерактивті тақта, карта, кестелер, карточкалар, бағалау парақтары, суреттер.
Пәнаралық байланыс: тарих, ағылшын тілі
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Бүгін сыныпта кім жоқ? Жақсы, алдымен сендердің көңіл – күйлерінді көрейік. Кімде қандай көңіл – күй болса, мына парақшаларға смайликтардың суреттерін салыңдар. Көңіл күйлерің тамаша екен.
- Қане, сабаққа дайындалайық:
Мен қазақша жақсы білемін
Мен қазақша жақсы түсінемін
Мен қазақша жақсы сөйлеймін
Мен қазақша сауатты жазамын.
-Ал енді үй жұмысын тексерейік. Үйге қандай тапсырма берілді?
-Күрделі сөздердің емлесін қайталау.
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
Берілген карточкалар арқылы сөздерге күрделі сөздердің түріне қарай ажырату.
ІІІ.Жаңа сабақ
Ал бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін мына мақалдардың жалғасын табу арқылы жаңа тақырыбымызды шешейік:
1. Отан оттан да -ыстық.
2. Туған жердей жер болмас - туған елдей ел болмас.
3. Отан отбасынан- басталады.
4. Отансыз адам -ормасыз бұлбұл.
Дұрыс сабағымыздың тақырыбы: Тараз. (1 слайд)
Сабағымыздың мақсаты: (2 слайд)
Тараз қаласы, сәулетті ескерткіштер туралы мәлімет алу, жаңа сөздерді меңгеру, өткен сабақта өткен грамматикалық тақырыптарды пысықтау.
-Жаңа сабағымызды бастамас бұрын тақтаға қараңдар, мынау бағалау парақтары бар. Кім дұрыс әрі толық жауап беріп, сабаққа белсене қатысып өзіне сабақтың соңында «5» – бағасын қояды, кім дұрыс бірақ белсенділігін танытпай тұрса «4» бағасын қояды, кімнің жауаптары қате және сабаққа белсене қатыспаса «3» деген бағаға ие болсын.
Сендер топ – топпен отырсыңдар. 1 – топ "Әулиеата", 2 – топ «Тараз»,
3 –топ«Жамбыл». Себебі қаланың атауы үш рет өзгертілген.
- Яғни сабағымызда біз не істейміз?
(3 слайд) 1. Қайталау (өткен тақырыпты)
2. танысу (жаңа сөздер, мәтін)
3. үйрену (сөйлеу, жазу,әңгімелесу)
- Дұрыс айтасыңдар. Балалар жаңа тақырыпты меңгеру үшін біз не білуіміз керек?
1.Сөздік:
Әрине жаңа сөздерді. Қане тақтаға назар аударайық:
Әйгілі - известен
қайтарылды - вернули
мерейтой - юбилей
қайта өркендеу- возродиться
ортағасырлық - средневековой
(жаңа сөздерді хормен, жеке айту, "Бестік" диктант жазу)
2.Мәтінмен жұмыс:
«Тараз» 147-148 бет, мәтінді оқу, аудару. (Джик-со) әдісі бойынша мәтінді үш бөлікке бөліп аудару.
Тараз
Тараз-Жамбыл облысының орталығы. 1938-1997 жылдар арасында Жамбыл деп аталған, одан бұрын Әулиеата деп аталған. Орта ғасырда Тараз деген атауымен әйгілі болды. 1997 жылдан бастап қалаға тарихи атауы қайтарылды. 2002 жылы Тараз өзінің құрылғанына 2000 жыл толған мерейтойын қарсы алды. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалалардың бірі еді.
Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Тараз қаласы қайта өркендеуде. Қалада фосфор зауыты, темірқұрастырушы зауыты, автожөндеу зауыты, "Автобөлшектер" зауыты, т.б. өндіріс орындары жұмыс істейті.
Тараз қаласында Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, ортағасырлық монша орналасқан. Қалаға келген туристер осы кесенелерді көруге асығады.
Тараз қаласының халық санының 70% -ы - қазақтар. Қалада орыстар, өзбектер, кәрістер, татарлар, түріктер, немістер, күрдтер, дүнгендер, қырғыздар, гректер, әзірбайжандар, ұйғырлар, шешендер тұрады. Қалада "Достық үйі" бар.
-Енді әр топқа сұрақтар беремін сол сұрақтарға жауап беріңдер:
1 – топ: Тараз қандай қала?
Ол қайда орналасқан?
2 – топ: Тараз қандай мерейтойын қарсы алды?
Тараз ненің бойында орналасқан?
3 – топ: Қалада қандай кесенелер бар?
Таразда қандай халықтар тұрады ?
3.Грамматикалық тапсырма: 148 бет
1. Берілген сөздерге синонимдер жазыңдар
Көне - ежелгі, атамекен - отан, туған ел, қала - шаһар, ұлы - данышпан, атақты, бірлік - татулық,
2. Төмендегі сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, сөйлемдер құраңдар.
Батыр, бір, тату, тәуелсіз, жыл, өндіріс ( - лық; -лік; -дық; -дік; -тық; -тік;)
Сергіту сәті: шырша клипі
4.Тапсырмалар
Енді тақырыбымызды бекіту үшін жаттығуларды орындайық.
1.Тапсырма . Әр топқа сөйлемдерді толықтыруға беріледі. 149 бет 2-жазылым.
Тараз қаласы бұрын ..... және ...... аталған. Қалаға ..... жылы өзінің тарихи атауы қайтарылды. тараз қаласында ....., ....., ....., кесенелері орналасқан. Қалада......., ......,......,......., тұрады. Таразда ..., ....., ....., зауыттары бар.
ІV.Тақырыпты бекіту:
- Балалар тақырыбымызды бекіту үшін алған білімдерін бойынша Венн диаграммасы арқылы тексерейік. Әр топқа ватман бар. Сол ватманға Тараз бен Түркістан туралы ұқсастығы мен айырмашылықтарын көрсетіңдер.
Үйге: мына сілтеме бойынша: KAZTUBE.KZ. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ КӨНЕ ШАҺАРЛАРЫ. Тараз қаласы бойынша қосымша деректерді қарау.
V.Бағалау
Енді мына стикерлерге аттарыңды жазып, кім қандай бағаларға ие болғанын көрсетіңдер.
Рефлексия. Ал бүгінгі сабағымыздан алған әсерлеріңді арқылы көрсетіңдер.
Көкшалғын суы бал, жермен – аспан,
Екі ортада Тараз тұр даңқы асқан,
Шеткеріде таласып Талас жатыр,
Жер жәнаты бар ма екен сенен асқан.
Бәрі-бәрі болғандай қас-қағымда,
Тура жол тек шындыққа бастады да,
Таразым тамырымсың бастау алған.
Өшпестей боп, мәңгіге таңба салған.
- деген өлең шумақтарымен сабақты аяқтаймын! келгендеріңе көп рахмет! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Ardakmarat (2015-04-08) | Автор: Ашық сабақ Тараз қаласы
Просмотров: 2690 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-03-19, 2:55 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru