Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Бірлескен оқу дарынды және талантты оқушылар
Әр мұғалім балаға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Балалар бір пәннен ғана емес бірнеше пәндерден жоғарғы көрсеткіш көрсетуі мүмкін, мысалы, әртістік, спорттық және де басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Ал кейбір оқушылар бір салада дарындылық қабілеттерін танытса, басқа салада қиыншылықтарға тап болуы мүмкін. Балалардың қабілеттіліктерін, біліктіліктерін және де мүмкіндіктерін көрсету үшін біз оларға жағдай туғызуымыз керек.
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы алғашқы сабақ «Менің мектебім» тақырыбында шаттық шеңберіндегі іс- әрекеттерден бастап бақылауға алған оқушыларыды назарда ұстадым. Тұсаукесер бөлімінде «Миға шабуыл» әдісі қолданылды. Мұндағы мақсат түрткі сұрақ арқылы тақырыптың мазмұнын ашу көзделді.
Шынымен де күрделенген тапсырмалар оқушылардың өз-өзіне деген сенімсіздігін арттырып, белгілі бір пәнге деген қызығушылығын кемітеді. Сондықтан да, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың мектепте білім алуына арнайы жағдайлар жасағанда ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болады.
Заман талабына сай мұғалім үнемі ізденісте болу керек. Мұғалім қандай болу керек? Мұғалім ең алдымен, бала жанын түсінетін жақын досы болу керек. Бала жүрегіне жол тауып, оның не қалайтынын білу оңай іс емес. Дарынды оқушының дарындылығының дамуы, белгілі қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, шеберлігіне және оның адами қасиетіне байланысты екені айдан анық. Курсқа барғанға дейін менде «Дарынды оқушы-бұл жақсы, тек 5 деген бағаға ғана оқитын оқушы» деген пікір болды. Талант- бұл бала маңдайына туа біткен қасиет. Баланың дарынды екенін мұғалім ерте байқаса, онда бұл қасиет мұғалімнің жетелеуімен ашылуы мүмкін.
Мектептегі тәжірибе кезінде менің зерттеуге алынған 6-ншы сыныпта Алексей мен Сергей дарынды оқушыларым болды. Аталған оқушылар берілген тапсырмаларды жылдам, тез орындап шығатын. Олар басқа оқушыларға қарағанда қазақ тілінде жақсы сөйлейді. Сабақ барысында өзіме осы оқушыларды зерттеу туралы жоспар құрдым. Топқа бөлінген кезде балалар үнемі үшеуі үш топқа бөлініп кететін. Әр тапсырманы орындау барысында бұл оқушыларым үнемі белсенділік танытатын. Алексей сондай сабырлы, тиянақты оқушылардың бірі. Бірақ белгілі бір сұрақтарға жауап берген кезде, қазақ тілінің төл дыбыстарын анық айтады. Сергей болса үнемі жанында отырған сыныптастарына көмек беріп, олар түсінбеген жағдайда түсіндіріп отырды. Ол топ алдында өзінің жауапкершілігін сезініп, әр тапсырманың топпен орындау керек екендігін түсініп, соңында нәтижелі жұмыс болу керек екендігін біліп отырды. Ал Ангелина туралы айтатын болсам, бұрынғыдай емес тұйық емес, оның мінезі ашылып, топ ішінде кейде өзін еркін ұстайды. Өзін белсенді қырынан көрсете отырып, басқа топ мүшелерімен өз ойымен бөлісіп, қате кеткен жерлерге түзетулер енгізіп отырды. Топтық жұмыстарда Сергей тапсырмаға сондай жауапкершілікпен қарап, Ангелинаны сөйлетуге тырысқанын байқадым. Алексей мен Сергей бір топқа түсіп қалғанда қызу әңгімеге кірісіп, белсенді қарым-қатынасқа түсті. Берілген тапсырманы осы жұп өздерінің білім деңгейлерінің арқасында тез орындап шықты. Нәтижесінде өте қызықты, әрі мағыналы диалог шықты. Тапсырманы олар өмірмен байланыстырып, өз армандарын қоса айтып өтті.
Әр берілген тапсырманы олар сын тұрғысынан талдап, өте белсенділікпен, қызығушылықпен орындады.
Өзіме түйгенім: білім деңгейі жоғары оқушылармен жеке дара жұмыс түрін жүргізсек, тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне сай құрып, оларды бірте-бірте күрделендіріп, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын жоғалтып алмайтындай етіп әр–түрлі тапсырмаларды даярлап отырсақ, біз, білім деңгейі жоғары, белсенді және бәсекеге қабілетті таланттарды даярлаймыз.

Источник: http://Ратаева Раушан
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: r1 (2015-04-11) | Автор: Ратаева Раушан Толеухановна E
Просмотров: 1219 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 11:41 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru