Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев
Молдахметова М. С
ШҚО, Семей қаласы
№30 Орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, Нұрғиса Тілендиевтің музыка саласына сіңірген еңбегі жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Өнерді сүюге,кұрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, оқулық, үнтаспалар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Сабақтың кіріспе бөлімі: Балалар сендерге үйге тапсырма, қазақ музыкасындағы танымал тұлғалар жайлы ойларыңды жинақтап келу берілген.
Соған орай «Тұлғаны танып біл» ойынын ойнап жіберейік.
«Тұлғаны танып біл» ойыны.
Экраннан музыка өнерінің танымал тұлғаларының бейне суреттері кезектесіп шығып отырады.Оқушылар олар туралы білімдерін ортаға салады.
Мысалы: Қорқыт ата.
Құрманғазы Сағырбайұлы.
Дина Нүрпейісова.
Күләш Бәйсейітова.
Әміре Қашаубаев.
Шәмші Қалдаяқов.
Роза Рымбаева.
Ең соңынан Нұрғиса Тілендиевтің бейнесі шығады.

Оқушылар білгенін ортаға салады.
Мұғалім: Балалар біз сендермен бүгін танымал сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиев жайлы толық ақпарат алып,сазгердің шығармаларымен танысамыз.
Экранда Нұрғиса Тілендиевтің суреті және «Ата толғауы» күйі ойналады.
Мұғалім: Оқушылар, бізге бүгін сабақта мына сөздерді игеріп алуымыз керек.
Жаңа сөздер экранда шығады.
Дәулескер-
Сазгер-
Қаһарман-
Оқушылар алдарындағы сөздіктерден осы сөздердің аудармаларын тауып ,сөздік дәптерлеріне жазып алады.
Экранда аударманың дұрыс нұсқасы шығады.
Қаһарман сөзіне синонимдік қатар құру
Оқушылар жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырып айтады.
Мәтінмен жұмыс.
Нұрғиса Тілендиев қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Ол 1925 жылы Алматы облысының Іле ауданында Шилікемер ауылында туған. Нұрғиса Тілендиев П.И. Чайковский атындағы консерваторияның дирижерлік факультетін бітірген. 1953-1961 жылдары Қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестінде дирижер болды. 1968 жылы “Қазақфильм” киностудиясында музыканың редакциясының бас редакторы болып істеді. 1981 жылы “Отырар сазы” халық аспаптар оркестірін ұйымдастырды.
Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса»,
«Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлерін және «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» өлеңдерін халық сүйіп тыңдайды. Нұрғиса Тілендиевке Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО-ның халық әртісі, Қазақстан Республикасының президентінің жарлығымен Мемлекетіміздің ең жоғары марапаты «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Танымал сазгер Нұрғиса Тілендиев 1998 жылы қайтыс болды.
Экранда мәтін шығады.
Мәтінді бір – екі оқушы мәнерлеп оқиды.
Мәтін бойынша сұрақтар құрайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Мұғалім: «Халық қаһарманы»-деген атақ қандай еңбегі үшін беріледі?
Оқушылар өз ойларын айтады.
Жаттығу жұмысы:
Экраннан сызба шығады.Сол сызба бойынша Нұрғиса Тілендиев жайлы бірнеше сөйлемдер құрап,жазу дәптерлеріне жазу.
1 – жаттығу
Берілген сұлба бойынша сөйлем құрастырыңдар.
1. “Төл сөз”, - автор сөзі.
2. Автор сөзі: “ Төл сөз”, - автор сөзі.
3. Автор сөзі: “Төл сөз”.
Жазған сөйлемдерін оқыту.
2-жаттығу
Сөйлемге синтоксистік талдау жасау.
Шіркін,сазгердің « Аққу » күйін тыңдаса ғой.
Мұғалім: Балалар,сендер « Аққу» күйін тыңдаса ғой дедіңдер. Кәне, «Аққу» күйін тыңдайық.
Сазгердің «Аққу» күйі тыңдалады.
Күй ойналып жатқанда сазгердің өмірінен түсірілген бірнеше слайдтар көрсетіледі.
Сабақтың соңында экранда сазгердің бейнесімен Абайдың мына сөздері шығады.

Өлді деуге сыйа ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артында із қалдырған.
Оқушылар Нұрғиса Тілендиев жайлы өз ойларын қорытып айтады.
Сабақты қорыту
Сұрақтарға жауап бер.
1. Нұрғиса Тілендиев кім?
2. Танымал сазгер қай жерде, қашан туған?
3. Ол қайда оқыған?
4. Нұрғиса Тілендиевтің қандай шығармаларын тыңдадыңдар?
5. Нұрғиса Тілендиевтің музыка өнерін дамытудағы еңбегін халқымыз қалай бағалаған?
Сабақты Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әнімен аяқтау.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: саулешка (2010-04-13) | Автор: Молдахметова Майра Сагандыковна E
Просмотров: 5203 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-05-02, 9:24 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru