Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Жүсіпбек Аймаутовтың шығармаларындағы ортақ етіс тұлғаларының стильдік сипаты
Жүсіпбек Аймаутовтың шығармаларындағы ортақ етіс тұлғаларының стильдік сипаты

Х.В.Бекбосынова, Павлодар қ.

Етіс категориясын мүмкіншілігімізше жан-жақты зерттеуіміз қажет. Етіс категориясын етістіктің тұлғалық ерешеліктерінің негізгі етістіктің негізгі бір саласы екендігін айқындап жүйеге салумен ғана тыңбай, оның беретін мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметтінің ерекшеліктеріне де кеңінен тоқталумыз керек.
Осы мақсатпен біз өз мүмкіншілігімізге қарай ортақ етіс тұлғалардың Ж.Аймауытовтың шығармалары арқылы ерекшеліктеріне және стильдік сипатына көңіл бөлдік.
Шағын нәрседен бастау керек. Қазақ филологиясында Ж.Аймауытовтың шығармаларының тілі аз зерттелген, әсіресе ортақ етістің қызметі.
Зерттеудің негізгі мақсатына көшейік.
Ж. Аймауытовтың шығармаларында жазушы не үшін ортақ етісті қолданғаның қарайық және жасалу жолдарына тоқтайық. Ш. Бектуров , М. Серғалиева ортақ етіске өз еңбектерінде анықтама береді . Істі істеуші нақты айтылмай , біреу емес, бірнеше адам істегенін көрсететін етістікті ортақ етіс дейміз. Мысалы: төгісті, алысты, санасты, күресті т. б.
С. Исаев өз еңбегінде ортақ етістің ерекшелігіне тоқтайды:" Ортақ етіс қимыл , іс-әрекеттің бір-емес бірнеше субъекті арқылы іске асатының білдіріп , -ыс,-іс-с қосымшасы арқылы жасалады. Біріншіден , ортақ етісті қимал, іс-әрекеттің субъектлері қималға ортақтығы бірдей де , бірдей де емес болуы мүмкін( субъект көптік тұлғадағы бір зат атауы немесе біріңғай бастуыштар , немесе біреуі грамматикалық субъект те, екіншісі-грамматикалық жанама объекті болуы мүмкін т. б, екіншіден, ортақ етіс қосымшылары салт етіске де , жасай береді: олар хат жазыс - ып тұрады, қонақтар жайғасып отыр - ыс -ты , ол бізге үй сал-ыс -ты т. б.
Сөйтіп, ортақ етіс мағынасы мен қосымшылары етістің басқа түрлерінен сабақтылық салтылық сипатқа бейтарап болуы негізінде де ерекшеленеді. Ортақ етістің тағы бір ерекшелігі - қимыл атауын білдіруге бейім тұрады да, кейбіреулері сол арқылы заттық ұғымның пайда болуымен зат есім болып кеткен: соғыс, айтыс, жүріс, байланыс т. б.
Зерттеу барысында Ж. Аймауытовтың "Қартқожа" романынан алпыс сегіз сөйлем тауып, сол сөйлемдердің ішінен алпыс тоғыз ортақ етіс шығарылды . Оның арасында бірнеше рет қолданған және сөйлемдерде қайталанып отырған ортақ етіс бар. Мысалы, айтысып, айтысты деген ортақ етістерді, - ыс жұрнақ арқылы құралған романда жазушы жеті рет қолданады. Ал сөйлесті, сөйлесіп деген ортақ етістерді он бес рет қайталайды. Бұл етістің формалары -с жұрнақ арқылы жасалған. Десті деген ортақ етіс - с -жұрнағы бар бес рет қайтаналады , кірісті - төрт рет (іс- жұрнағы бар). Сөйлесті деген ортақ етістің синонимдері жиі кездеседі . Мысалы, әңгімелісті, сырласты . Айтыс деген ортақ етіс бірнеше рет кездеседі. Етіс мағынасында бұл сөз жектеледі, септеледі, рай түрленеді, ал есім мағынасында септеледі, тәуелденеді. Соғыс деген ортақ етіс формасы жиі кездеседі, бұл сөз есім сөз болып қалыптасып кеткен. Жазушы неге осылай жиі ортақ етістерді қолданған деген сұрақ туады. Ортақ етіс жазушыға ойын жеткізу үшін керек. Ортақ етіс көпшілік оқиғалар , көпшілік мәселелдерді көрсеткенде ең қолайлы, ұтымды форма , тұрақтылық-ыс/іс/с жұрнақтары арқылы көренеді.
Ортақ етіс жазушының идеясын жеткізуге қызмет етеді деп айтуға болады.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның 1917 жылы февраль революциясына ұласуы, қазақтардың ел ішіндегі әлеуметтік күрестерге аралысуы, "Алаш орданың" құрылуы мен ақ әскерлерінің большевиктерге қарсы күресі, Октябрь революциясы мен азамат соғысының жеңісті оқиғалары роман сюжетіне негізгі желі боп кіреді. Шығарма каһарманы Қартқожа да, оның елі, жұрты да осы оқиғалар фонындағы тартыста есейіп, есін жинап, ілгері басады, болашаққа қарайды.
Автор кедейлер ортасынан шыққан жас Қартқожаны , елі үшін күйген, еңбекті сүйген, ер жүректі, жұртшылық көсемі - жалынды жастырдың (автордың арнау сөзінен) қатарынан көргісі келеді. Оның халықтық ойлары Қартқожа бейнесі арқылы өрбіп дамиды. Бұл "Қартқожаның" жалпы қазақ романның тарихындағы маңызды оған қоса тақырыптық , идеялық жаңалығында көрсетеді./ 12-10/
Сонымен, ортақ етіс арқылы жазушы ойын, шығарманың идеясын жеткізу үшін қолданып, ортақ етіс бірлікті қолдайтының топшылауды жақсы көретінін көрсетеді.
Болашақта адамдардың үлкен істі атқару үшін бір ауздықты қолдау керектігін автор мездейді. Қорыта айтқанда: бірлік бар жерде тірлік бар.
Осы сөздерді дәлелдеу үшін "Қартқожа" романнынан мысалдар келтіруге болады: Біреу шын ұрысып жатыр екен деп ойлар./20-26/
Былай таман шықан соң Қартқожа шәкіртпен әңгімеге кірісті /20-31/
Құбыла жағына келіп тізіліп ақсақалдар да отырысты /20-47/
Шеткері отырған жамау, жаман тымақтылар сәлем берісті. /20-47/
Оларды кимелеп , қамшысын білеп ұмырлауы жігіттер ақырысты /20-49/
Осы не білуші еді…-десті жұрт /20-50/
Дереу жігіттер алқа -қотан отырысты /20-51/
-Тіпә-тіпә деп , азан-қазан болып , түкірісті/20-51/
-Шу , қара құйрық ! Кеткенен келме ! -деп тағы шуласты көп . /20-51/
-Енді Нығманды әкел ! Басқаңмен күреспейді /20-61/
Жүген іздесіп атқа жүгірісті /20-66/
Бәрі де бір адамның баласындай, біріне-бірі сүйеніскен, айқансқан, құшақтасқан /20-67/
Біреу жылқы баққанын, біреу сасқанын, біреу ұялғанын айтысты /20-69/
-Ұмтыл! Шап ! деген жаң-жұң, қарбалас , жанталас , жүгіріс./20-87/
Баратын үйіне ауылдың кісілері жүгірісіп кіріп жатыр /20-92/
Дәретсіз алақанын топыраққа соғып , дембі қағысты. /20-95/
Қартқожа башқұртпен әңгімелесіп жүріп, оқытатын бір орыс тауып алды. /20-99/
-Қайтарды , патша түскен соң соғыс бола ма?/20-100/
-Әжеммен ақылдасам ба, ақылдаспайым ба?/20-105/
-Әйтсе де сөйлесейін деп, өшетілге барды /20-108/
Балалар үйлерінен жаялығын ала келуді ұйғарысты ./20-114/
Касен олармен сырласатын /20-116/
-Бүгін түні ар жаққа шығып, жастар соғысамыз деп сөз байладық /20-117/
Қатқожамен жампайдап, амандасып кетті /20-117/
Айтыс болғалы жатыр- деседі /20-117/
Қазақ азаматтары қырдан қайта келіп, қызметке кірісіпті /20-118/
Ақтар қашып келеді… деп гулесті /20-119/
Айғай-ұйғай жүгіріс /20-120/
Жастар жұмысқа кірісіпті /20-122/
-Олар бұ күнде ұсталды. Бірақ көп алыстық. /20-121/
Қартқожа соларға ілесіп кетті /20-127/
Тұрмыс-күнкөріс тартысы /20-133/
"Нар жолында жүк қалмайды" десіп , жолдастары Қартқожанын жүгін сиістырып таратып алды. /20-136/
Жүрісі шабан, митын аяң . /20-136/
Қатын әуелде көнбесе де,артынан еркегімен ақылдасып,қызып Қартқожаға берді./20-137/
Бір сабынға сөйлесіп, келісе алмады ./20-138/
Ал енді ортақ етістің сөйледегі қызметіне тоқтасақ, бұл тұлға сөйлемдерде бастауыш ролін атқаратын мысалдарды келтруге болады:
Атыс болғалы жатыр - деседі ./20-117/
-Бұл сөйлемде атыс -бастауыш ролін атқарып отыр , атыс-бұл есім мағыналы ортақ етіс , - ыс жұрнақ арқылы жасалған .
-Қайтарады, патша түскен соң, соғыс бола ма? /20-100/-бұл сөйлемде де соғыс - ортақ етіс, бастауыш қызметін атқарып тұр.
Ортақ етіс романда көбінесе баяндауыш қызметін атқаратын мысалдар өте көп :
Тұрмыс - күнкөріс тартысы./20-133/-бұл сөйлемде тартысы есім мағыналы етіс , бірақ сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұр.
Балалар үйлерінен жаялығын ала келуді ұйғарысты./20-114/- бұл сөйлемде де ортақ етіс баяндауыш ролінде .
Касен олармен сырласатын-/20-116/- бұл сөйлемде ортақ етіс сырласатын дара + баяндауыш қызметіде.
Сонымен романнан алған мысалдар арқылы осындай қорытынды жасауға болады:
Ортақ етіс "Қартқожа" романнында бастауыш, көбінесе баяндауыш қызметін атқарып жүреді.
"Қартқожа" романы - көркем шығарма , бұл романда жалпы халықтың тілдегі қарапайым, тұрпайы және жергілікті ерекшеліктерін көреміз.
Ж. Аймауытов - шығарма тілдің шебері, осы романда тілінің байлығын, кереметтілігін, көркемділігін көруге болады.
Ортақ етіс - грамматикалық форма, ал грамматикада стилистиканың объектісі, ортақ етіс арқылы жазушы ойды мәнерлі жеткізу үшін қолданғанын мүмкіншілігіміз келгенше дәлелдедік.
Енді Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романдағы ортақ етіс тұлғалардың стильдік сипатына тоқтайық.
Зерттеу барысында жазушының "Ақбілек" романынан жүз отыз сөйлем тауып, сол сөйлемдердің ішінен жүз елу ортақ етіс шығарылды. Арасында бірнеше рет сөйлемдерде қолданған ортақ етістер қайталанады.
Мысалы, ең жиі қайталанатын ортақ етіс тұлғалары - сөйлесіп, сөйлесті. Олар шығармада жиырма төрт рет кездеседі.
Романда кейіпкерлер ішкі монолог, диалог арқылы көп сөйлеседі .
А. Зейнуллинаның айтуынша: Ішкі монолог көбіне үшінші жақтан, яғни әңгімелеуші тарапынан баяндалады. Кейіпкер ойы мен жазушы сөзі бір-бірін толықтырып, сезімдері бір арнаға түскендей болады. Ж. Аймауытұлы ішкі монологты орнымен ұтымды пайдаланады /13-26/
Тағы жиі кездескен ортақ етіс тұлғасы - айтысқан (он рет қайталанады), мағынасы жағынан үстеңгі сөзге жақын , тек ол ішкі монологта кездесе, айтқан деген сөз көбінесе диалогта , үнсіз диалогта кездеседі.
Ортақ етіс диалог тәсіліне көмек беріп тұрғандай . Демек ол көпшілік оқиғалар , көпшілік мәселелерді көрсетуге лайық форма.
А.Зейнуллинаның пікірі бойынша: "Диалог тәсілі арқылы жазушы шығармаларында кейіпкердің арманы , мақсаты белгі береді"/13-30/
Соғыс, соғысты деген ортақ етіс тұлғалары жиі кездеседі (8 рет). Бұл сөздердің қолданғаны романның тақырыбымен байланысты.
С. Қирабаевтың айтуынша: "Ақбілек" тақырыбы жағынан "Қартқожа" романымен үндес. Егер "Қартқожада" жазушы ескі қоғамдық құрылыс жағдайында теңсіздікте күн кешкен қазақ кедейінің Социалистік революциядан соң құлдықтан құтылып, азаттық күрес жолына шыққанын сүретесе, "Ақбілекте" де осы идеяны жалғастырады . Мұнда феодалдық - рушылдық ортада жікшілдік тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының жаңа шындығын пайдаланып, өз бақытын табуы тең праволы азамат болуы бейнеленеді./14-10/
Тағы да романда кірісіп, көрісіп, ұстасып , құшақтасып, сүйісетін деген ортақ етіс тұлғалары бірнеше рет кездеседі. Бұл сөздер шығарманың идеясын ашуға көмектеседі деп айтуға болады: алай - түлей қаранғы қара күндер барса келмеске біржола кеткендей, анау-алыста, етекте біржола қарасы өшкендей көренеді. Ақбілек бейнеттен, қорлықтан, күнәдан тазарып сонау жетіқат көктегі ғарышқа барып жүрегін алтын легенге салып тұрғандай, анадан жаңадан туғандай тазарады. /20-339/
Қорта келгенде - бұл романда жазушы қазақ ауылының жаңаруын көрсету үшін ортақ етіс тұлғаларын шеберлікпен қолданады. Жаңа ауылдың өмірі тек қана көпшіліктің арқасында өзгереді.
Осыны дәлілдеу үшін мысалдар келтірейік:
Қашанғы өзді -өзіміз боқтасып , керісіп, төбелесе берейік./21-155/
Тіршілік - деген арпалысып күнелту деген сөз. /21-155/
-Орыспен де қазақпен де сөйлесе кетем. /21-157/
-Алыс-жұлыс, ауыр күйік, аттың соққысымен Ақбілектің сілесі қатып, аттан түсіргенде өлген адамша сылқ ете түскен. /21-159/
Өзге орыстар жирен орысты мазақтағандай қарқ-қарқ күлісті . /21-160/
-Жасасын Совет өкіметі ! -деп әр кімнің стаканына бір шағылыстырды./21-229/
Бұл айтысты естіп отырған Бекболаттың кімдікі дұрыс, кімдікі теріс екеніне ақылы жете алмады./21-233/
Ертеңінде шайдан кейін ақсақал қораның бұрышында Әлдекей екеуі отырып, бір қыдыру сөйлесті. /21-261/
Әйнек алдында бастары түйісе жаздап, шүңкілдесіп екі жас әйел іс тігеді./21-262/
-Емен бе , қарағым ? - деп әуелі Ақберген амандасты./21-271/
"Құр, жауарым, құр!" - деп атқа енсесін салысты /21-287/
Ағаындары қуанысқан болып, "қайырлы болсын" айтысты /21-287/
Ас ішіп тараған соң , қатындар төрге төсек салуға кірісті /21-287/
Жар дегенде Өрік, Ұрқиямен ұстасты. /21-294/
Күлян күнде еке үш серіктесімен сенекте қолтықтасып, сөйлесіп, сұңқылдасып, жүруші еді./21-321/
Енді ортақ етіс тұлғалардың сөйлемдегі қызметіне тоқталайық.
Зерттеу барысында шығарманың ішенен ортақ етіс тек қана бастауыш пен баяндауыштың қызметін атқарған сөйлемдер ғана кездейспей, тұрлаусыз мүшелері де болған сөйлемдер жиі кездесті.
Мысалы:
1. Көріп , мауқын басқансоң, екі жас әйел бірне-бірі таянасып, аяқтырын айқастырып, телмендеп отырып әңгімеге кірісті /21-311/- бұл сөйлемде баяндауыш - кірісті (-іс жұрнақ арқылы жасалған ортақ етіс), ал ортақ етістер пысықтауыш қызметін атқарады.
2. Мен қайтып кележатқанда Күлян мен Жаңыл сөйлесіп, күлісіп келе жатты/21-320/- бұл сөйлемде де ортақ етістер сөйлесіп, күлісіп, пысықтауыш ролін атқарады(қалай келе жатыр?)
3. Біз соғысқа барамыз, сен қайтесің?/21-176/- бұл сөйлемде соғысқа
мекен пысықтауыш ролін атқарады. Соғыс- есім сөз болып қалыптасып кеткен сөздердің бірі.
Қорыта келгенде "Ақбілек" романының тілі таңқылдырады, сүйсендіреді, әсересе табиғатты суреттеу үстінде қандай өрнекті бейнелі, көркем сөздер табылған!
Жазушы өз ойын жеткізу үшін ортақ етіс тұлғаларын шеберлікпен қолданады, өйткені ортақ етіс көпшілік қатысы арқылы жүзеге асатын амалды ғана білдіреді.
Бұл зерттеудің негізі мақсаты Ж.Аймауытовтың шығармалары арқылы ортақ етістің жасалу жолдарын көрсету, жалпы морфологиялық, синтаксистік мағынасын, стильдәк сипатын көрсету. Осы міндеттерді орындау үшін 1988 жылы ақталған.
Қажетті теориялық негіздер А.Байтұрсынов, С.Аманжолов,
А.Аманжолов, А.Қалыбаева, С.Исаев, А.Ысқақов, С.Қирабаев, Ш.Бектуров, М.Серғалина, Қ.Бітібаева, А.Зейнулинна, Ғ.Имамбаевалардың еңбектерінен алынып, көркем әдебиет тілі мен жекелеген ақын-жазушылар шығармаларының тілі боыйнша жазылған зерттеу жұмыстарының ғылыми тұжырымдамалары басшылыққа алында.
Жұмыс барысында тарихи – саластырмалы, бақылау объективті – аналитикалық сипаттау, статистикалық әдіс – тәсілдері қолданылды. Бұл жұмыста жерлес ақын жазушының шығармаларындағы ортақ етіс тұлғаларының стильдік сипатына тұжырымдар жасалды.
Жұмысты орындау барысында онда шешілуге тиісті төмендегідей тұжырымдар ұсынылып отыр:
- Роман жанрының ауқымды мәселері.
- Ж.Аймауытовтың романдарындағы ортақ етістің лексика-симантикалық құрылымы.
- Шығармалардағы ортақ етіс тұлғалардың стильдік сипаты. Зерттеу нәтижелерін мектептерде факултатив сабақтарында, арнай курс қазақ тілі және әдебиетіе тереңдетіп оқыту сыныптарда, жас ғалымдарға немесе филология факультетіндегі қазақ бөлімі студенттері үшін арнай курстар мен семинарлар жүргізуге қосымша құралы ретінде пайдалануға болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Аймауытов, Ж. Романдар, повесть, әңгімелер, пьесалар // Шығармалар. – Алматы : Жазушы, 1989. – 560 б.
2. Қазақ тілі грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. – 784 б.
3. Шаяхметұлы, Қ. Қазіргі қазақ тілі (Сөзжасам – дериватология, сөзөзгерім – морфология). – Семей-Новосібір : Талер-Пресс, 2007. – 334 б.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Толганай (2015-06-12) | Автор: Бекбосынова Халида Васильевна E
Просмотров: 1407 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 7:06 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru