Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ұлт және оның елдік негіздері
ҰЛТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕЛДІК НЕГІЗДЕРІ
Сағындықұлы Б. ПМПИ профессоры
Негманова Қ.Қ. ИнЕУ магистранты

Әр ұлттың, әр халықтың өзіне тән ерекшелігін, елдік негіздерін айқындайтын болмысы, дәстүрі, ұлттық мінезі, ұлттық танымы мен сипаты, ұлттық намысы, ұлттық мүддесі, ұлттық психологиясы мен өзіндік санасы, ұлттық рухы сол халық пайда болғаннан бастап қалыптасады. Кез-келген оқушының кез-келген энциклопедиялық немесе философиялық сөздіктерден «ұлт» сөзіне берілген анықтаманы оқып білу мүмкіндігі баршылық. Сол берілген анықтамалардан ұлтқа тарихи жағдайларға байланысты белгілі бір аумақты тұрақты мекендеп иеленуі арқылы тілдің, діннің, мәдениеттің, дәстүрдің, әдет-ғұрыптың ортақтастығы негізінде қалыптасып, елдік мүддесі біріккен халықтардың жиынтығы деген тұжырым айтуға болады. Жалпы өз ұлтыңа деген құрметтің белгісі – ол адамның ұлттың сана-сезімінің қалыптасуына тікелей байланысты.
Қ. Салғараұлы өзінің еңбегінде осы ұлт ұғымына байланысты біршама ойлар жазған, соның ішінде ұлт, ұлттық сана, ұлттық мүдде, ұлттық намыс, ұлттық мінез т.б. Осы ұғымдардың әрқайсысына анықтама беріп көрсеткен.
Ұлттық сана – ұлттық дүниетанымға негізделеді. Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным-түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр арқылы өзінің болмысын танытады. Ұлттық сана абстрактілі ұғым емес дейді автор, ол ұлт тірлігінің тұрмыстық көрінісі, былайша айтқанда сол ұлтты құрайтын халықтың бүкіл ғұмырнамасының, әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің тарихын білу дәрежесі, яғни халықтың өзін-өзі жете танып, түсінуі деген пікірін жазды.
Әрі қарай ұлттық мүдде ұғымына көңіл бөлсек автор «ұлттық мүдде дегеніміз – сол ұлттың құрамындағы халықтардың, яғни адамдардың өздеріне тән халықтық рухани-мәдени және материалдық құдылықтарын сақтай отырып, ұлттың ілгері дамуын, өмір сүруін қамтамасыз етуді көздейтін негізгі нысаналы ортақ мақсат» [1,100] дейді. Сонымен қатар ұлттық мүдде өмірдің барлық саласында ең алдыңғы кезекте тұруы керек. Автор ұлттық мүдденің қорғаушысы – намыс дейді. Ал егер ұлттық намыс болмаған жерде ездік үстемдік алып, ұлтқа қатысты құндылықтарға немқұрайлы көзқарастар пайда болады деп есептейді.
Енді ұлттық намыс дегеніміз не дейді автор. Ол сол ұлтты құрайтын халықтың әр адамының ұлтқа қатысты айтылған кез-келген кемсітушілікті, ұлтқа қарсы жасалған іс-әрекетті бейне өзіне бағытталғандай қабылдап, соған қарсы жан дүниесінде пайда болған сезімнің серпілісі дейді. Ұлттық намыс – азаттықтың жаршысы, құлдықтың қас жауы. Ұлттық намыс бар жерде құлдыққа орын болмайды. Қазақ ұлтының тарихына ой жүгіртсек жоңғар шапқыншылығы, орыс патшалығының бодандығы, ұлы отан соғысы жағдайларында талай қазақтың ұлттық намысты қолдан бермей өз өмірлерін қиған батырларымыз болды. Ұлт адамдардан құралатындықтан, сол ұлтты құраушы адамның болмысына тән дүниенің бәрі ұлттың болмысына ортақ болуы заңды құбылыс. Автор ұлттық мінезге мынадай анықтама береді: «ұлттық мінез – ұлттық дәстүр негізінде тәрбиеленген ұлт адамы мінезініің белгілі бір түрінің ұлт мүшелерінің бәріне бірдей, болмаса басым көпшілігіне тән ортақ деңгейге көтеріліп, жалпылық сипат алуы» [1, 104].
Ұлттық мінезге берілген тұжырымдар аз емес, соған байланысты Т.Бекниязов көркем шығармадағы ерекшелігі жайлы пікірі «Ұлттық характер – әдеби шығармадағы кейіпкердің ұлттық сипатымен ерекшеленген мінез-бітімі, оның белгілі бір халықтың өкілі екендігін танытатын психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгещелігі. Ұлттық характер – тарихи категория. Ол қоғамдық, рухани, экономикалық және саяси жағдайларға сәйкес қалыптасады.» [2, 360].
Қ.Салғараұлы ұлттық дәстүр ұғымы жайында былай дейді: «дәстүр дегеніміз, біздің таным-түсінігіміз бойынша, белгілі бір ұлтты құрайтын халықтың ата-бабаларының халық болып қалыптасу жолындағы бүкіл түршілік тәжірибесінен сан ғасырлар бойы тірнектеп жинап, сұрыптау тезінене өткізіп, бір жүйеге келтіріп, қалыпқа түсірген өмір сүру заңы, яғни бүгінгі түсінікпен айтсақ, қатал тірліктің қағидаларынан қорытып, уақыттың өзі бекітіп берген Конституциясы» [1,109-110]. Белгілі бір ұлттың адамзат өркениетінің биігіне шығып, өсіп жетілуі, немесе құлдырауы осы ұлт дәстүрінің сақталуы мен бұзылуына байланысты. Сондай-ақ ұлттың ұлт болып қалыптасуына тікелей байланысты әрі маңызды рөл атқаратын елдік негіздің басты нышаны ұлттық тіл деп айтуға болады. Ұлттық тіл жойылса ұлт болып өмір сүрудің қажеті шамалы. Тіл – адамның ақыл-ой қабілетінің негізінде қалыптасқан күрделі құбылыс дейміз. Бүкіл тіршіліктің, өркениет, мәдениет, ғылымның негізі – тіл. Адамзат тарихында тілдің маңызы өлшеусіз. Қазақ үшін – қазақтың тілі ұлттық рухани мәдениеттің байлығы.
Мыңдаған ғасырлардан біздің осы күнімізге дейін, алдағы келер ғасырларға жететін қазақтың тарихы, өз ұлтының тілімен жетеді. Ұлттық тілді жетік біліп, қадірлеу сол ұлт азаматының әр қайсысының парызы.
Этнопсихология халықтың немесе ұлттың психологиясын зерттейтін ғылым саласы. «Этнос» гректің [ethnos] – тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі – «тайпа», «ұлыс», «ұлт» ұғымдарын түгел қамтиды. Этнопсихология ғылымы «этнос» және «мәдениет» деген терминдердің мәнін ашуға көмектеседі. Көптеген ғалымдар этнопсихологияның маңыздылығына байланысты оны «халықтар психологиясы», «психологиялық антропология», «салыстырмалы мәдениет психологиясы» деп атайды. [4.563]
Ұлтқа байланысты қарастыратын тағы да негізгі мәселелердің бірі ұлт психологиясы болып табылады. Ұлт психологиясы – этнопсихологияның басты нысаны. Этнос – ұлт, ұлыс, халық, ұлттық сана, ұлттық мінез, ұлттық психология ұғымдарын қамтитын болғандықтан ұлтқа назар аударсақ. Ұлттық психология – бүкіл халық ұстанатын тәлім-тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау – ғылыми этнопсихологияны бастауы болып табылатын халықтық психологияның зерттеу нысаны болып табылады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан-ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық еңбек, тәрбие түрлеріне қатысты нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың жалпы мінез-құлқы, іс-әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психололгия – психика мен мінез-құлықтың қанға сіңген, тез өзгеріп, не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірлер жемісі. [3.31]
Этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде пайда болды. Қазақ жерінде бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов. Оның еңбектерінде «халық рухы» дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны «халықтық психология» ұғымының синонимі деуге болады. Халықтық психология - адамдардың қоғамдық және жекек тәрбиесінен, өмірдегі тұжыоымдарынана туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Ал, ұлттық өзіндік санаға тоқталар болсақ ұлттық қоғамның шындықты өзінше қабылдап, салт-дәстүр, ұлт тілі, ұлттық өнер арқылы білдіруі. Ұлттық өзіндік сана – ұлттық идеологиямен объекьтивті дүниені және өзінің жеке болмысын ой елегінен өткізуге белсене қатысатын адамның психикалық процестерінің бірлігін көрсетеді. Ұлттық өзіндік сана жалпы ұлттық сананың ықпалымен қалыптасады. [3.33]


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Салғараұлы Қ. Ойлан, қазақ! – Астана: Фолиант, 2009. – 184 б.
2. Ахметов З., Шаңбай Т. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. – Семей-Новосибирск: Талер-Пресс, 2006. – 398 б.
3. Әліпбек А.З. Этнопсихологиядағы этнос және ұлт мәселелерін зерттеудің кейбір жолдары. // Білім-Оразование. 2011. №4
4. Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: 2011. – 624 б.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: kymbat_negmanova (2015-06-13) | Автор: негманова кымбат каиргельдиевна E
Просмотров: 902 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 9:12 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru